Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы



жүктеу 350,77 Kb.
Pdf просмотр
Дата23.11.2018
өлшемі350,77 Kb.
#23481


 

Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы 

АҚПАРАТ 

(құжаттарды тапсыру барысында жеке өзі келуі қажет) 

 

 

Қазақстан  Республикасының,  қос  азаматтықты  қарастырмайтын,  ҚР  азаматтығы 



туралы Заңына сәйкес, азаматтықтан шығу туралы шешімді Қазақстан  Республикасының 

Президенті қабылдайды. 

 

ҚР  азаматтығынан  шығу  туралы  қолдаухатты  ресімдеу  үшін  шетелде  тұрақты 



тұратын тұлға жеке өзі (алдын-ала жазылып) келуі қажет және жақын жердегі ҚР ГФР 

консулдық  мекемесіне  (аймақтық  қатыстылығы  бойынша)  келесі  құжаттарды 

көшірмелерімен бірге екі данада тапсыруы керек: 

 

1.  консулдық  тіркеуі  туралы  белгісімен  бірге  паспорттың  көшірмесі  және  түпнұсқасы. 

Егер  паспорт  ауыстырылған  болса,  ауыстыру  барысында  ол  консулдық  бөлімге 

тапсырылмаса, онда Қазақстаннан шыққан кездегі паспортты да тапсыру керек – 2 дана; 



2.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  атына  ҚР  азаматтығынан  шығару  туралы 

(қолдаухат берудің себебін түсіндіре отырып) өтініш; 



3.  толтырылған сауалнама-өтініш - 2 дана;  

4.  өмірбаян - 2 дана; 

5.  туу туралы куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі - 2 дана; 

6.  неке қию туралы куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі. Егер бұл құжатты германдық 

құзыретті мекемелер берген болса, «Apostille» мөрі, сонымен қатар қазақ немесе орыс 

тілінде расталған аудармасы болуы міндетті - 2 дана; 

7.  балалардың  туу  туралы  куәліктерінің  түпнұсқалары  және  көшірмелері.  Егер  бұл 

құжаттарды  германдық  құзыретті  мекемелер  берген  болса,  «Apostille»  мөрі,  сонымен 

қатар қазақ немесе орыс тілінде расталған аудармалары болуы міндетті - 2 дана; 

8.  неміс  азаматтығын  беретін  кепілдіктің  (Einbürgerungszusicherung)  түпнұсқасы  және 

қазақ немесе орыс тілінде расталған аудармалары бар көшірмесі - 2 дана; 



9.  Қазақстан  Республикасы  Бас  Прокурорының  2015  жылғы  27  шілдедегі  №  95 

бұйрығымен

 бекітілген нысан бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы 

туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама; (Ескерту: қылмыстық жазба 

туралы куәлік алу үшін алдымен осы құжатты ҚР-дан сұратуыңыз қажет. Құжаттарды 

ҚР-дан  талап  ету  туралы  ақпарат  Елшіліктің 

www.botschaft-kaz.de

  веб-сайтында 

консулдық сұрақтар/ құжаттарды талап ету тәртібі бөлімінде орналасқан). 

10. өтініш  білдірушінің  Қазақстан  Республикасында  жұбайы  (зайыбы)  немесе  оның 

қамқорлығында біреу (ата-аналары) болған жағдайда, ол адамдардан материалдық және 

басқа да талаптары жоқ екендігі туралы нотариат куәландырған өтініш тапсыру қажет. 

11.  жеке  сәйкестендіру  нөмірі  (ЖСН),  (өзіңіздің  ЖСН  туралы  мәліметті  Сіз 

http://egov.kz/wps/portal/P40.05

  мекенжайы  бойынша  орналасқан  ҚР  үкіметтік 

электрондық порталы арқылы ала аласыз).  



12. фотосурет 3,5х4,5 – 4 дана; 

13. Есепшотқа  220,-  ЕВРО  аударғандығы  туралы  жасалған  төлемді  растайтын  (Kontoauszug) 

түбіршектің түпнұсқасы мен көшірмесі:   

 

ҚР  ГФР  консулдық  мекемелерінің  (Берлин,  Майндағы  Франкфурт,  Бонн,  Мюнхен, 



Ганновер)  есеп  шоттары  Елшіліктің  сайтында  «Консулдық  сұрақтар-Консулдық 

алымдар/Төлемдер» бөлігіне орналастырылған. 

 

Төлем жасау кезінде зейін қойыңыздар – ақшаны ҚР ГФР басқа консулдық мекемесінің есеп 



шотына қателесіп аударған жағдайда немесе артық төленген жағдайда, төленген ақшалар 

кері қайтарылмайды (ҚР Салық кодексінің 554 бабының 7 тармағы).  




 

14. өтініш білдірушінің мекенжайы көрсетілген таңбаланған конверт (0,60 ц.) - 1 дана

 

Сауалнама  мен  өмірбаянның  барлық  даналарына  өтініш  білдіруші,  өтініш 

білдірген күнді көрсете отырып, өзі қол қою керек.  

  

14 жастан бастап 18 жасқа дейінгі балалар ата-аналарының немесе басқа да заңды 



өкілдерінің  (қамқоршыларының)  жазбаша  өтініштеріне  өздерінің  жазбаша  келісімдерін 

тапсырады  (18  жасқа  дейінгі  балалар  ҚР  азаматтығынан  ата-аналарымен  бірге  тегін 

шығады).  Егер  азаматтықтан  шығу  туралы  баламен  бірге  ата-аналарының  біреуі  өтініш 

білдірсе,  екінші  ата-анасының  қазақ  немесе  орыс  тіліндегі  аудармасымен  нотариат 



куәландырған  келісімі  қажет  –  2  дана.  Егер  ата-аналар  азаматтықтан  шығу  туралы 

өтінішті балаларынсыз берсе, онда балалардың туу туралы куәліктерін тапсырудың қажеті 

жоқ. 

 

Консулдық  бөлім  өтініш  білдірушіден  тізімдемеде  көрсетілмеген  құжатты  талап 



етуге құқылы. 

 

Егер өтініш қанағаттандырылмаған жағдайда консулдық алым кері қайтарылмайды. 



 

Өтінішті қарастыру мерзімі 1 жыл және одан да ұзағырақ 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



 

 

 



Қазақстан  Республикасының Президенті 

Н.Ә. Назарбаев мырзаға  

 

______________________________ 

 

______________________________ 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өтініш 

(қолдаухаттың мәнін және себебін көрсетіңіз) 

 

 

____________________________________________________________________________ 

 

_____________________________________________________________________________ 

 

_____________________________________________________________________________ 

 

_____________________________________________________________________________ 

 

_____________________________________________________________________________ 

 

_____________________________________________________________________________ 

 

_____________________________________________________________________________ 

 

_____________________________________________________________________________ 

 

_____________________________________________________________________________ 

 

_____________________________________________________________________________ 

 

_____________________________________________________________________________ 

 

 

 

 

 

 

 

Қолы________________________________ 

 

20____ж.  «______»__________________  

 



 

 

 

Сауалнама - Өтiнiш 

Фото 


      Мені Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға рұқсат беруді сұраймын. 

Сұрақтар 

Жауаптар 

1. Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған 

жағдайда) 

 

2. Бұрын тұрған барлық тектеріңiздi, 



аттарыңызды және әкеңiздiң атын (бар 

болған жағдайда) атап шығыңыз, оларды 

қашан, қайда және қандай себеп бойынша 

өзгерттiңiз 

 

3. Туған күнi, айы, жылы және жерi (ауыл, 



қала, аудан, облыс, егер шетелде туылған 

жағдайда сол елдi көрсетіледі) 

 

4. Ұлты 


 

5. Отбасы жағдайы (үйленбегенмін/тұрмыс 

құрмағанмын, некеде тұрамын, 

ажырасқанмын, жесiрмiн) 

 

6. Шетелге шығудың алдында тұрған 



мекенжайы (Қазақстан Республикасының 

азаматтығын қалпына келтірген кезде 

толтырылады) 

 

7. Соңғы тiркелген орны 



 

8. Соңғы жұмыс, оқу орны 

 

9. Бiлiмi және бiлiмi бойынша мамандығы 



(қайда, қашан және қандай оқу орнын 

аяқтадыңыз) 

 

10. Бұрын басқа мемлекеттердiң 



азаматтығында (бодандығында) болған 

жағдайда, оны қайда, қашан және қандай 

негiзде алғаныңызды көрсетiңiз 

 

11. Сот тәртiбiмен қылмыстық немесе 



әкімшілік жауапкершiлiкке тартылдыңыз 

ба. Егер тартылсаңыз, онда қашан, кiм 

және не үшiн тартты? 

 

12. Қазақстан Республикасының немесе 



жеке және заңды тұлғалардың алдында 

орындалмаған мiндеттемелерiңiз бар ма, 

соның ішінде Қазақстан Республикасының 

 



мемлекеттік құпияларына рұқсатпен 

байланысты міндеттемелер 

            13.  Еңбек  жолыңыздың  басынан  бастап  атқарған  қызметiңiз  (жоғары  және  орта  оқу 

орындарындағы оқуды, әскери қызметтi қоса алғанда). 

            Ескертпе:  Осы  тармақты  толтырған  кезде  мекеменің,  ұйымның  және 

кәсiпорынның  атауын  жұмыс  атқарған  кездегі  атауына  сәйкес  көрсету  қажет.  Әскери 

қызметтi лауазымыңыз бен атағыңызды көрсете отырып толтырыңыз. Шартты атауы бар 

кәсiпорындарды  (пошта  жәшiгi)  осындай  шартты  атауымен  көрсетiңiз.  Әскери  қызметтi 

өткергендiгi әскери билеттегi жазбаларға сәйкес көрсетiледi (бар болған жағдайда). 

Айы мен 

жылы 

Мекемесі, ұйымы көрсетiлген 

лауазымы 

Мекеменiң, ұйымның 

орналасқан жері 

 

 



 

14.Сiздiң жақын туыстарыңыз (ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап 

алынғандар,  ата-анасы  бір  және  ата-анасы  бөлек  ағалы-інілер  мен  апалы-сіңлілер  (аға-

қарындастар), ата, әже, немерелер). 



Ескертпе:  Осы тармақты толтырған кезде Қазақстан Республикасында тұратын және 

шетелде тұратын барлық туыстар көрсетiледi. Егер әйелi күйеуiнiң тегiн алған болса, онда 

оның неке қиғанға дейiнгi тегi де көрсетiледi. 

Туыстық 

деңгейi 

Тегi, аты, әкесінің 

аты (бар болған 

жағдайда) 

Туған 

жылы мен 

жері 

Жұмыс орны, 

лауазымы 

Болу елі, 

тұрғылықты 

мекенжайы 

 

 



 

 

 



15.Жұбайым/зайыбым ______________________________________________________ 

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) 

       

Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға құжаттарды ресiмдеуде. 



      (иә/жоқ). 

 

      16. Егер жұбайыңыз/зайыбыңыз Қазақстан Республикасының азаматы(-шасы) болмаса, 



      онда оның азаматтығын көрсетiңiз 

_____________________________________________________________________________ 

 

      17. Қазақстан Республикасынан шыққан кезде әскери билет тапсырылғаны туралы 



      мәлімет 

_____________________________________________________________________________ 

      18. Сiздiң мекен-жайыңыз, телефон нөмiрiңiз ___________________________________ 

      Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығудың құқықтық салдары түсіндірілді. 

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының азаматында қос азаматтық танылмайтыны туралы 

"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қақастан 

Республикасы Заңының 3-бабының шарты түсіндірілді. 

      Өтініш берушінің қолы __________________ 




 

жүктеу 350,77 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау