Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі



жүктеу 2,71 Mb.
бет2/18
Дата27.11.2017
өлшемі2,71 Mb.
#2040
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
14-бап. Сот ісін жүргізу тілі

1. Азаматтық істер бойынша сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілмен орыс тілі немесе басқа тілдер бірдей қолданылады.

2. Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап арыз (арыз) берілген тілге қарай сот ұйғарымымен белгіленеді. Белгілі бір азаматтық іс бойынша іс жүргізу бастапқы белгіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады.

3. Іс жүргізіліп отырған тілді білмейтін немесе жөнді білмейтін іске қатысушы адамдарға сотта ана тілінде немесе өздері білетін басқа тілде мәлімдеме жасау, түсініктер мен жауап беру, өтініш білдіру, шағым жасау, іс материалдарымен танысу, сотта сөйлеу осы Кодексте белгіленген тәртіппен аудармашының қызметін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі және қамтамасыз етіледі.

4. Азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушы адамдарға басқа тілде жазылған істің заң бойынша қажетті іс материалдарының сот ісін жүргізу тіліне сот тегін аударып беруді қамтамасыз етеді. Сот процесіне қатысушы адамдарға сотта сөйленген сөздің басқа тілде айтылған бөлігін сот ісін жүргізу тіліне тегін аударып беру қамтамасыз етіледі.

5. Сот құжаттары іске қатысушы адамдарға олардың ана тіліне немесе олар білетін басқа тілге аударылып беріледі.

15-бап. Тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы

1. Азаматтық сот ісін жүргізу тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асырылады. Тараптар бірдей іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және бірдей іс жүргізу міндеттерін көтереді.

2. Тараптар азаматтық сот ісін жүргізу барысында өз айқындамасын таңдап алады, оны қорғау әдісі мен амалдарын дербес және соттан, басқа органдар мен адамдардан тәуелсіз түрде таңдап алады. Сот істің нақты мән-жайын анықтау мақсатында өз бастамасымен айғақтар жинаудан босатылған, алайда тараптың дәлелді өтініші бойынша оған осы Кодексте көзделген тәртіппен қажетті материалдарды алуға жәрдемдеседі.

3. Істі қараушы сот объективтілікті және әділдікті сақтай отырып, істің мән-жайын толық және объективті зерттеуге тараптардың құқықтарын іске асыруы үшін қажетті жағдайлар жасайды, іске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, іс жүргізу әрекеттерін жасаудың немесе жасамаудың салдары туралы ескертеді және осы Кодексте көзделген жағдайларда олардың өз құқықтарын жүзеге асыруына жәрдемдеседі. Сот іс жүргізу шешімін зерттеуге қатысу тараптардың әрқайсысына бірдей негізде қамтамасыз етілген дәлелдемелерге ғана негіздейді.

4. Сот тараптарға бірдей және құрметпен қарайды.

16-бап. Дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау

1. Судья істе бар дәлелдемелерді олардың жиынтығымен әділ, жан-жақты және толық қарауға негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды, бұл орайда ол заң мен ар-ұятты басшылыққа алады.

2. Сот үшін ешқандай дәлелдеменің күні бұрын белгіленген күші болмайды.

17-бап. Куәлік жауап беру міндетінен босату

1. Ешкім өзіне, жұбайына (зайыбына) және ауқымы заңмен айқындалған жақын туыстарына қарсы куәлік беруге міндетті емес.

2. Діни қызметшілер тәубаға келіп, өздеріне сенім білдірген адамға қарсы куәлік беруге міндетті емес.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген жағдайларда аталған адамдар жауаптар беруден бас тартуға құқылы және бұл үшін қандай да болсын жауапқа тартылмайды.

18-бап. Білікті заң көмегін алуға құқықты қамтамасыз ету

1. Әр адамның азаматтық процесс барысында осы Кодекстің ережелеріне сәйкес білікті заң көмегін алуға құқығы бар.

2. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі.

19-бап. Сотта істі қараудың жариялылығы

1. Барлық соттар мен барлық сот сатыларында сотта істі қарау ашық жүргізіледі.

2. Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтері бар шешімдерді хабарлауды қоса, сондай-ақ бала асырап алу құпиясын, жеке, отбасылық, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияларды, азаматтар өмірінің ашық айтпайтын сырлары туралы мәліметтерді сақтауды қамтамасыз ету қажет екендігін не істі ашық қарауға кедергі келтіретін өзге де мән-жайларды негізге алған іске қатысушы адамының өтінішін сот қанағаттандырған кезде, сондай-ақ осы Кодекстің 179-бабының алтыншы бөлігінде көзделген жағдайда заңға сәйкес істерді қарау жабық сот отырысында жүзеге асырылады.

3. Азаматтардың жеке хат алысуы және жеке телеграф байланысы ашық сот отырысында арасында осы хат алысу мен телеграф байланысы болған адамдардың келісімімен ғана жария етілуі мүмкін. Бұлай болмаған жағдайда бұл адамдардың жеке хат алысуы мен жеке телеграф байланысы жабық сот отырысында жария етіліп, зерттеледі. Аталған ережелер фото және кино құжаттарын, дыбыс және бейне жазбаларды, сондай-ақ техникалық құралдардың көмегімен алынған жеке сипаттағы мәліметтер бар хабарларды зерттеген кезде де қолданылады.

4. Соттың жабық отырысында істі қарау кезінде іске қатысушы адамдар, олардың өкілдері, ал қажет болған жағдайларда куәлар, сарапшылар, мамандар, аудармашылар да қатысады.

5. Сот істі соттың жабық отырысында қарау туралы дәлелді ұйғарым шығарады.

6. Сот отырысының залына, егер іске қатыспайтын адамдар болса немесе куә болмаса, он алты жасқа толмаған азаматтар жіберілмейді.

7. Жабық сот отырысында істі қарау азаматтық сот ісін жүргізудің барлық ережелері сақтала отырып жүргізіледі.

8. Іске қатысушы адамдар мен ашық сот отырысына қатысушы азаматтардың сотта істі қарау барысын залда отырған орындарынан жазып алуға немесе дыбыс жазуды пайдаланып жазып алуға құқығы бар. Сотта істі қарау барысында киноға және суретке түсіру, бейнетаспаға жазу, тікелей радио және телехабар жүргізу соттың іске қатысушы адамдардың пікірін ескере отырып берген рұқсаты бойынша ғана мүмкін болады. Бұл іс-әрекет сот отырысының қалыпты жүруіне бөгет жасамауға тиіс және оның уақытын сот шектеуі мүмкін.

20-бап. Сотта істі қарау барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Сотта істі қарау соттың қалыпты жұмысын және процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайда жүргізіледі. Судьялар мен сот отырысы залында отырған азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төрағалық етуші істі қарау кезінде қатысқысы келетін адамдарға тексеру жүргізу, оның ішінде олардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, жеке өздерін тексеру және олар алып келген заттарды тексеру туралы өкім бере алады.

21-бап. Сот актілерінің міндеттілігі

1. Сот азаматтық істер бойынша сот актілерін шешімдер, ұйғарымдар, қаулылар мен бұйрықтар нысанында қабылдайды.

2. Заңды күшіне енген сот шешімдері, ұйғарымдары, қаулыларымен бұйрықтары, сондай-ақ соттар мен судьялардың заңды өкімдері, талаптары, тапсырмалары, шақырулары мен басқа да жолданыстары барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық бірлестіктер, басқа да заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін бірдей міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мүлтіксіз орындалуға тиіс.

3. Сот актісінің міндеттілігі іске қатыспаған мүдделі адамдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгіну мүмкіндігінен айырмайды.

4. Сот актілерін орындамау, сол сияқты сотты сыйламаудың өзге де көрінісі заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

22-бап. Іс жүргізу әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану бостандығы

1. Соттың әрекеттері мен шешімдеріне осы кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

2. Іске қатысушы адамдардың осы кодексте белгіленген тәртіппен шешімді жоғары тұрған сотқа қайта қаратуға құқығы бар.

23-бап. Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің мәні

Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерін бұзу оның сипаты мен маңыздылығына қарай, шығарылған сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады.

3-тарау. Ведомстволық бағыныстылық және соттылық

2008.05.07. № 58-IV ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

24-бап. Азаматтық істердің соттарға ведомстволық бағыныстылығы

1. Егер бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтарды және заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау осы Кодекске және басқа заңдарға сәйкес өзгеше сот тәртібімен жүзеге асырылмаса, оларды қорғау туралы істерді соттар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарайды.



2. Соттар азаматтық (корпоративтік дауларды қоса алғанда), отбасылық, еңбек, тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастар мен басқа да құқықтық қатынастардан, оның ішінде бір тараптың екінші тарапты билікпен бағындыруына негізделген қатынастардан туындайтын даулар бойынша талап қоюды қарайды.

Корпоративтік дауларға:

1) заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына байланысты;

2) акционерлердің (қатысушылардың, мүшелердің) мүдделерін қозғайтын заңды тұлға органдарының шешімдеріне әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы заңды тұлға акционерлерінің (қатысушыларының, мүшелерінің) талаптарынан туындайтын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және (немесе) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында белгіленген мәміле жасасу тәртібін бұзуға байланысты;

3) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының акцияларға және өзге де бағалы қағаздарға құқықтарды есепке алуына байланысты қызметінен туындайтын;

4) акциялар шығаруды мемлекеттік тіркеудің, сондай-ақ эмитент акцияларды орналастыру, иемдену, сатып алу процесінде жасаған мәмілелердің жарамсыз деп танылуына байланысты заңды тұлғалар (коммерциялық емес ұйымдардың арасындағы дауларды қоспағанда) арасындағы даулар, сондай-ақ даулардың тарапы заңды тұлға және (немесе) оның акционерлері (қатысушылары, мүшелері) болып табылатын даулар жатады.

3. Мемлекеттік орган немесе оның лауазымды адамы қабылданған актіге сотта дау жасалуы мүмкін.

4. Соттар осы Кодекстің 25-29-тарауларында келтірілген ерекше талап қойылған іс жүргізу істерін қарайды.

5. Соттар осы Кодекстің 289-бабында келтірілген ерекше іс жүргізу істерін қарайды.

6. Егер халықаралық шартта, Қазақстан Республикасының заңдарында немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, соттар шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік ұйымдар, шетелдік заңды тұлғалар, шетел қатысатын ұйымдар, сондай-ақ халықаралық ұйымдар қатысатын істерді де қарайды.

7. Заң бойынша соттың құзыретіне жатқызылған басқа да істер сотқа бағынысты болады.

25-бап. Дауларды аралық соттың шешуіне беру

Сотқа бағынысты мүліктік дау, оған заң актілерінде тыйым салынбаған кезде және осы Кодекстің 170-бабының 4) тармақшасына және 192-бабына сәйкес, тараптардың келісімі бойынша аралық соттың қарауына берілуі мүмкін.

26-бап. Сотқа ведомстволық бағыныстылықтың басымдығы

1. Біреулері - сотқа, ал басқалары сот емес органдарға ведомстволық бағынысты өзара байланысты бірнеше талаптар біріктірілген кезде барлық талаптар сотта қаралуға тиіс.

2. Нақты даудың кімге бағыныстылығына қатысты күмән немесе қолданыстағы заңдарда қиғаштықтар болған жағдайда оны сот қарайды.

27-бап. Аудандық (қалалық) сотта және оған теңестірілген соттың соттауына жататын азаматтық істер

Осы Кодекстің 28-30-баптарында көзделген істерді қоспағанда, азаматтық істер аудандық (қалалық) және оларға теңестірілген соттарда қаралып, шешіледі.

ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 28-бап жаңа редакцияда; ҚР 02.07.03 ж. № 451-II; 09.07.04 ж. № 583-II (бұр.ред. қара); 2005.23.02 № 33-III  ;  2005.08.07 №  67-III  (бұр.ред. қара) ;  2006.05.06 № 146-III  (бұр. ред. қара)   ҚР  Заңдарымен 28-бап өзгертілді



28-бап. Облыстық және оларға теңестірілген соттардың соттауына жататын азаматтық істер

1. Облыстық және оларға теңестірілген соттар бірінші сатыдағы соттар ретінде:

1) 02.07.03 ж. № 451-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2) 2005.30.12  № 111-III    ҚР  Заңымен  алып тасталды  (бұр. ред. қара)  

3) министрліктер, басқа да республикалық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын, есеп беретiн органдардың нормативтік құқықтық актілеріне дау айту туралы;

4) облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) сайлау комиссияларының, сондай-ақ облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) референдум комиссияларының шешiмдерi мен әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) дау айтуы туралы азаматтық iстердi қарайды.

2. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi немесе консулдық мекемелерi лауазымды адамдарының заңға қайшы әрекеттерiне талап қоюы жөнiндегi iстердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, министрлiктер мен басқа да республикалық атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын, есеп беретiн органдардың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, ұйымдардың құқықтарына қатысты нормативтiк емес актiлерiне дау айту туралы, Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді немесе террористік қызметті жүзеге асыратын шетелдiк немесе халықаралық ұйымды экстремистiк немесе террористiк ұйым деп тану туралы iстердi Астана қаласының соты қарайды.

3. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының лауазымды адамдары мен органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдануы туралы істерді, басқа да азаматтық істерді, егер тараптардың біреуі Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы болса, мамандандырылған қаржылық соты қарайды. 

 

ҚР 11.07.01 ж. № 238-II ; 09.07.04 ж. № 583-II (бұр.ред. қара) Заңдарымен 29-бап өзгертілді



29-бап. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында соттауға жататын азаматтық істер

1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты бірінші саты бойынша:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне;

2) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шешiмдерi мен әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ Орталық референдум комиссиясының шешiмдерi мен әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) дау айтуы туралы iстердi қарайды.

3) алынып тасталды

2. Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес басқа да істер Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотында қаралуға жатқызылуы мүмкін.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде аталған даулар туралы істердің Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңға сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің құзыретіне кірмейтін бөлігі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотында қаралуға жатады.

 

ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 30-бап жаңа редакцияда; ҚР 02.07.03 ж. № 451-II  ; 2005.30.12  № 111-III  (бұр. ред. қара) ;  2006.05.06 № 146-III  (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 64-IV (бұр.ред.қара); 2008.05.07. № 58-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 30-бап өзгертілді



30-бап. Азаматтық iстердiң мамандандырылған соттарда соттауға жатқызылуы

1. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар, осы Кодекстiң 28-бабының бiрiншi бөлiгiнiң  3), 4) тармақшаларында, екінші және үшінші бөліктерінде , 29-бапта көзделген iстердi қоспағанда, тараптары заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын азаматтар, заңды тұлғалар болып табылатын мүлiктiк және мүлiктiк емес даулар жөнiндегi, сондай-ақ корпоративтік даулар жөніндегі азаматтық iстердi қарайды.

1-1. Мамандандырылған аудандық және соларға теңестiрілген әкiмшілік соттар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларына дауласу туралы iстердi қарайды.

1-2. Әскери соттар Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерінің, әскери жиындардан өтіп жүрген азаматтардың әскери басқарудың лауазымды адамдары мен органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануы туралы азаматтық істерді қарайды. Әскери соттар, егер тараптардың бірі әскери қызметші, әскери басқару органдары, әскери бөлім болып табылса, басқа да азаматтық істерді қарауға құқылы.

1-3. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы даулар; ата-ана құқықтарынан айыру (шектеу) және оларды қалпына келтіру туралы; бала асырап алу туралы; Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасына сәйкес кәмелетке толмағандарға қорғаншылық пен қамқоршылықтан (патронаттан) туындайтын даулар жөніндегі азаматтық істерді қарайды.

2. Азаматтық iстердiң басқа мамандандырылған соттардың соттауына жатқызылуы осы Кодекспен белгіленедi.



Ескерту. Егер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот құрылмаса, оның соттауына жататын істерді аудандық (қалалық) сот қарауға құқылы.

31-бап. Жауапкердің тұрған жері бойынша талап қою

Талап жауапкердің тұрғылықты жері бойынша сотта қойылады. Заңды тұлғаға талап заңды тұлға органының орналасқан жері бойынша қойылады.

 

32-бап. Талап қоюшының таңдауы бойынша соттың соттауына жатқызу



1. Тұрғылықты жері белгісіз не Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері жоқ жауапкерге талап оның мүлкі орналасқан жер бойынша немесе оның ең соңғы белгілі тұрған жері бойынша қойылуы мүмкін.

2. Заңды тұлғаға да талап оның мүлкі орналасқан жер бойынша қойылуы мүмкін.

3. Заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің қызметінен туындайтын талап та филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жері бойынша қойылуы мүмкін.

4. Алименттер өндіріп алу туралы және әке болуды анықтау туралы талаптарды талап қоюшы өзінің тұрғылықты жері бойынша да қоя алады.

5. Мертігуден немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуынан келген зиянды өтеу туралы талаптарды да талап қоюшы өзінің тұрғылықты жері бойынша немесе зиян келтірілген жер бойынша қоя алады.

6. Орындалу орны көрсетілген шарттардан туындайтын талаптар да шарттың орындалатын жері бойынша қойылуы мүмкін.

7. Некені бұзу туралы талаптар талап қоюшының кәмелетке толмаған балалары тұратын немесе денсаулық жағдайы бойынша талап қоюшының жауапкер тұратын жерге баруы ол үшін қиындық келтіретін жағдайларда да оның тұрғылықты жері бойынша қойылуы мүмкін.

8. Жалақыны, зейнетақы және жәрдемақыны өндіріп алу туралы талаптар, сондай-ақ заңсыз соттаудан, қылмыстық жауапқа заңсыз тартудан, бұлтартпау шараларын заңсыз қолданудан не әкімшілік қамау түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолданудан азаматқа келтірілген зиянды өтеуге байланысты еңбек, зейнеткерлік және тұрғын үй құқықтарын қалпына келтіру туралы талаптар талап қоюшының тұратын жері бойынша қойылуы мүмкін. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыларға дау айту жөніндегі талаптар талап қоюшының тұрғылықты жері бойынша да қойылуы мүмкін.

9. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы талаптар талап қоюшының тұрғылықты жері не шарттың жасалу немесе орындалу жері бойынша қойылуы мүмкін.

10. Кемелердің соқтығысуынан келтірілген залалды өтеу туралы, сондай-ақ теңізде көмек көрсеткені және құтқарғаны үшін сыйақы алу туралы талаптар жауапкер тұрған немесе кеме тіркелген порттың орналасқан жері бойынша қойылуы мүмкін.

11. Осы Кодекстің 33-бабында белгіленген істің соттылығын қоспағанда, талап қоюшы осы бапқа сәйкес іс соттауына жататын бірнеше соттың арасынан біреуін таңдап алады.

 

33-бап. Ерекше соттылық



1. Жер учаскелеріне, үйлерге, үй-жайларға, ғимараттарға, жерге тығыз байланысты басқа объектілерге (жылжымайтын мүлік) құқықтар туралы, мүлікті тыйым салудан босату туралы талаптар осы объектілер немесе тыйым салынған мүлік орналасқан жер бойынша қойылады.

2. Мұра қалдырушыға кредит берушілердің мұраны мұрагерлердің қабылдап алуына дейін қойылған талаптары мұраға қалдырылған мүлік немесе оның негізгі бөлігі орналасқан жердегі соттың соттауына жатады.

3. Тасымалдаушыларға жүктер, жолаушылар немесе теңдеме жүкті тасымалдау шарттарынан туындайтын талаптар көлік ұйымының тұрақты жұмыс істейтін органы орналасқан жер бойынша қойылады.

 

34-бап. Шарттық соттылық



Тараптар өзара келісім бойынша аталған істі қай соттың қарайтынын аумақтық жағынан өзгерте алады. Осы Кодекстің 33-бабында белгіленген істің соттылығын тараптардың келісімімен өзгертуге болмайды.

 

ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 35-бап өзгертілді



35-бап. Өзара байланысты бірнеше істің соттылығы

1. Әр жерде тұратын немесе орналасқан бірнеше жауапкерге талап қоюшының таңдауымен жауапкердің біреуі тұратын немесе орналасқан жер бойынша қойылады.

Бiр арызға бiрiктiрiлген, әртүрлi соттардың соттауына жататын талаптар, егер бұл ретте осы Кодекстiң 171-бабына сәйкес жоғары тұрған соттың судьясы бұл талаптарды бөлу туралы ұйғарым шығармаса, мәлiмделген талаптардың бiрi соттауына жатқызылған жоғары тұрған сотта қаралады.

2. Дербес талабын мәлімдеуші үшінші тұлғаның талабы және қай сотта сотталатындығына қарамастан қарсы талап бастапқы талапты қараған жердегі сотқа беріледі.

3. Қылмыстық істен туындайтын талап, егер ол қылмыстық іс жүргізілген кезде азаматтық талап қою ретінде мәлімделген немесе шешілмеген болса, осы Кодексте белгіленген


жүктеу 2,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау