Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі


заңдарға сәйкес әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін. Осы Кодекстің 120-бабына



жүктеу 2,71 Mb.
бет9/18
Дата27.11.2017
өлшемі2,71 Mb.
#2040
түріКодекс
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
заңдарға сәйкес әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін. Осы Кодекстің 120-бабына сәйкес олар сондай-ақ мәжбүрлеп келтірілуі де мүмкін.

4. Сотта айғақ беруден бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін куә осы Кодекстің 17-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 353-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылықта болады.

189-бап. Істі қарауды кейінге қалдыру

1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, сондай-ақ егер сот процеске қатысушылардың біреуінің келмеуі, қарсы талап қою, қосымша дәлелдемелер ұсыну немесе талап ету, іске қатыстыруға басқа адамдарды тарту қажеттігі, өзге де әлдеқандай іс жүргізу әрекеттерін жасау қажеттігі салдарынан істі осы сот отырысында қарау мүмкін емес деп тапса, істі қарауды кейінге қалдыруға жол беріледі.

2. Іс кейінге қалдырылған кезде істің жаңа сот отырысында шешілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін уақыт ескеріле отырып, жаңа сот отырысының күні белгіленеді, бұл жөнінде келген адамдарға қол қойдырылып хабарланады. Келмеген және процеске қатысуға жаңадан тартылған адамдарға жаңа сот отырысының уақыты мен орны туралы шақыру қағазы (хабар) жіберіледі.

190-бап. Істі қарау кейінге қалдырылған кезде куәлардан жауап алу

Егер сот отырысына тараптар қатысып отырса, істі қарау кейінге қалдырылған кезде сот келген куәлардан жауап алуға құқылы. Бұл куәларды жаңа сот отырысына екінші рет шақыруға қажет болған жағдайларда ғана жол беріледі.

191-бап. Сарапшы мен маманға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру

Төрағалық етуші сарапшы мен маманға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, сарапшыға көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертеді, ол туралы сарапшыдан қолхат алынады. Қолхат сот отырысының хаттамасына қоса тіркеледі.

192-бап. Істі мәні бойынша қараудың басталуы

Істі мәні бойынша қарау төрағалық етушінің талап қоюшының өз талаптарын қолдайтын-қолдамайтыны, жауапкер талап қоюшының талаптарын мойындайтын-мойындамайтыны және тараптардың істі бітімгершілік келісімімен аяқтауды немесе істі аралық сотқа қарауға беруді қалайтын-қаламайтыны туралы мәселелерді анықтауынан басталады.

193-бап. Талап қоюшының талап қоюдан бас тартуы, жауапкердің талап қоюды мойындауы және тараптардың бітімгершілік келісімі

1. Талап қоюшының талап қоюдан бас тартуы туралы арызы, жауапкердің талап қоюды мойындауы немесе тараптардың бітімгершілік келісімінің шарттары сот отырысының хаттамасына енгізіледі және оларға тиісінше талап қоюшы, жауапкер немесе екі тарап та қол қояды. Егер талап қоюдан бас тарту, жауапкердің талап қоюды мойындауы немесе тараптардың бітімгершілік келісімі сотқа жолданған жазбаша арыздарда жазылса, олар іске қоса тіркеледі, бұл туралы сот отырысының хаттамасында көрсетіледі.

2. Талап қоюдан бас тарту қабылданғанға не талап қою мойындалғанға немесе тараптардың бітімгершілік келісімі бекітілгенге дейін сот талап қоюшыға, жауапкерге немесе тараптарға тиісті іс жүргізу әрекеттерінің салдарын түсіндіреді.

3. Талап қоюдан бас тартуды қабылдау немесе тараптардың бітімгершілік келісімін бекіту туралы сот ұйғарым шығарады, сол арқылы осымен бір мезгілде іс бойынша іс жүргізу тоқтатылады. Ұйғарымда тараптардың сот бекітетін бітімгершілік келісімінің шарттары көрсетілуге тиіс.

4. Жауапкер талап қоюды мойындағанда және оны қабылдаған кезде сот мәлімденген талаптарды қанағаттандыру туралы шешім шығарады.

5. Сот талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын, талап қоюды мойындауын қабылдамаған немесе бітімгершілік келісімін бекітпеген жағдайда, сот бұл туралы ұйғарым шығарады және істі мәні бойынша қарауды жалғастырады.

194-бап. Іске қатысушы адамдардың түсініктемелері

1. Сот талап қоюшының және оның тарапынан қатысатын үшінші тұлғаның, жауапкердің және оның тарапынан қатысатын үшінші тұлғаның, сондай-ақ іске қатысушы басқа да адамдардың түсініктемелерін тыңдайды. Прокурор, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың өкілдері, сотқа басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға жүгінген азаматтар бірінші болып түсініктемелер береді. Іске қатысушы адамдар бір-біріне сұрақтар қоюға құқылы.

2. Іске қатысушы адамдардың жазбаша түсіндірмелерін, сондай-ақ сот осы Кодекстің 73 және 76-баптарында көзделген тәртіппен алған түсіндірмелерді төрағалық етуші жария етеді.

195-бап. Дәлелдемелерді зерттеу тәртібін белгілеу

Сот іске қатысушы адамдардың түсініктемелерін тыңдап және олардың пікірлерін ескеріп, өзге дәлелдемелерді зерттеудің тәртібін белгілейді.

196-бап. Жауап беруден бас тартқаны үшін және көрінеу жалған жауап бергені үшін жауапкершілік жөнінде куәға ескерту

2007.29.06. № 270-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



1. Куәдан жауап алынғанға дейін төраға­лық етуші куәнің жеке басын анық­тайды, оның міндеттері мен құқықтарын түсіндіреді және оған айғақтар беруден бас тартқаны үшін және көрінеу жалған айғақтар бергені үшін қылмыстық жауап­тылық туралы ескертеді. Куәға,  сондай-ақ өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы айғақтар беруден, ал діни қызметшілерге тәубе үстінде өздеріне ішкі сырын сеніп ашқан адамдарға да қарсы айғақтар беруден бас тартуға құқылы  екені түсіндіріледі. Куә мынадай мазмұнда ант береді: «Сотқа іс бойынша өзіме белгілі болған барлық мән-жайды, тек қана шындықты, барлық шындықты айтуға және шындықтан басқа ешнәрсе  айтпауға ант етемін.». Куәдан оған өз міндеттері мен жауаптылығының түсіндірілгені туралы қолхат алынады. Қолхат сот отырысының хаттамасына тіркеледі.

2. Он алты жасқа толмаған куәға судья оған іс бойынша мәлім нәрсенің бәрін шынайы айтып беру міндетін түсіндіреді, бірақ оған жауап беруден бас тартқаны үшін және көрінеу жалған жауап бергені үшін қылмыстық жауапкершілік жөнінде ескертілмейді.

197-бап. Куәдан жауап алу тәртібі

1. Әрбір куәдан жауап жеке-жеке алынады. Әлі айғақ бермеген куәлар істі қарау кезінде сот отырысы залында бола алмайды.

2. Төрағалық етуші куәнің іске қатысушы адамдарға қатысын анықтайды және іс бойынша оған өзіне мәлім нәрсенің бәрін сотқа хабарлауды ұсынады.

3. Бұдан кейін куәға сұрақтар қойылуы мүмкін. Бірінші болып арызы бойынша куә мен оның өкілі шақырылған адам, содан соң іске қатысушы басқа адамдар мен өкілдер сұрақ қояды. Судья куәдан жауап алудың кез келген сәтінде оған сұрақ қоюға құқылы.

4. Қажет болған жағдайда сот осы немесе келесі отырыста куәдан екінші рет жауап ала алады, сондай-ақ олардың айғақтарындағы қайшылықтарды айқындау үшін куәлар арасында беттестіру жүргізеді.

5. Егер сот оған ертерек кетуге рұқсат бермесе, жауап алынған куә істі қарау аяқталғанға дейін сот отырысы залында қалады.

198-бап. Куәнің жазбаша материалдарды пайдалануы

1. Жауап әлдеқандай цифрлармен немесе есте сақтау қиын басқа деректермен байланысты болған жағдайларда, куә жауап беру кезінде жазбаша материалдарды пайдалана алады. Бұл материалдар сотқа және іске қатысушы адамдарға көрсетіледі және соттың ұйғарымы бойынша іске қоса тіркелуі мүмкін.

2. Куәға оның айғақтарына қатысты оның қолында бар құжаттарды оқуына рұқсат етіледі. Бұл құжаттар сотқа көрсетіледі және оның ұйғарымы бойынша іске қоса тіркелуі мүмкін.

199-бап. Кәмелетке толмаған куәдан жауап алу

1. Он төрт жасқа толмаған куәдан жауап алу, ал соттың қалауы бойынша он төрт жас пен он алты жас аралығындағы куәдан жауап алу да сотқа шақырылатын педагогтың қатысуымен жасалады. Қажет болған жағдайда кәмелетке толмаған куәнің заңды өкілдері де шақырылады. Аталған адамдар төрағалық етушінің рұқсатымен куәға сұрақ қоя алады, сондай-ақ куәнің жеке басына және оның берген айғақтарының мазмұнына қатысты өз пікірін айта алады.

2. Істің мән-жайын анықтау үшін қажет болатын ерекше жағдайларда, кәмелетке толмаған куәдан жауап алынған уақытта сот ұйғарымы бойынша сот отырысы залынан іске қатысушы қандай да бір адам шығарылуы мүмкін. Бұл адам сот отырысы залына қайта келгенде оған кәмелетке толмаған куәнің айғақтарының мазмұны хабарланып, куәға сұрақтар қою мүмкіндігі берілуге тиіс.

3. Он алты жасқа толмаған куә сот бұл куәні сот отырысы залында болуы қажет деп таныған жағдайларды қоспағанда, куә одан жауап алу аяқталған соң сот отырысы залынан шығарылады.

200-бап. Куәнің жауаптарын жария ету

Куәлардың осы Кодекстің 73, 74, 190-баптарында көзделген тәртіппен жиналған айғақтары сот отырысында жария етіледі, осыдан соң іске қатысушы адамдар осы айғақтарға өз көзқарастарын білдіруге және олар бойынша түсініктемелер беруге құқылы.

201-бап. Құжаттарды зерттеу

Осы Кодекстің 73, 74, 75, 76-баптарында және 170-бабының 9) тармақшасында көзделген тәртіппен жасалған құжаттар немесе оларды қарау хаттамалары сот отырысында жария етіледі және - іске қатысушы адамдарға, өкілдерге, ал қажет болған жағдайларда сарапшыларға, мамандарға және куәларға көрсетіледі. Осыдан соң іске қатысушы адамдар түсініктемелер бере алады.

202-бап. Азаматтардың жеке хат алысуын және телеграфтық хабарларын жария ету және зерттеу

Азаматтардың жеке хат алысу және жеке телеграфтық хабар беру құпиясын қорғау мақсатында хат алысу мен телеграфтық хабарлар ашық сот отырысында тек хат алысқан немесе телеграфтық хабарлар алысқан адамдардың келісімімен ғана жария етілуі және зерттелуі мүмкін. Бұл адамдар келісім бермесе, олардың жеке хат алысулары мен жеке телеграфтық хабарлары жабық сот отырысында жария етіледі және зерттеледі. Осыдан соң іске қатысушы адамдар түсініктемелер бере алады.

203-бап. Заттай дәлелдемелерді зерттеу

1. Заттай дәлелдемелерді сот қарайды және олар - іске қатысушы адамдарға, өкілдерге, ал қажет болған жағдайларда сарапшыларға, мамандарға және куәларға көрсетіледі. Заттай дәлелдемелер көрсетілген адамдар қарап шығуға байланысты қандай да бір мән-жайларға сот назарын аудара алады. Бұл арыздар сот отырысының хаттамасына енгізіледі.

2. Осы Кодекстің 73, 76, 88, 89-баптарында және 170-бабының 9) тармақшасында көзделген тәртіппен жасалған заттай дәлелдемелерді қарау хаттамалары сот отырысында жария етіледі, осыдан соң іске қатысушы адамдар түсініктемелер бере алады.

204-бап. Орналасқан жерінде қарау

1. Сотқа ұсынылуы қиын немесе жеткізуге болмайтын құжаттар мен заттай дәлелдемелер олар орналасқан жерде қаралады және зерттеледі. Орналасқан жерінде қарау туралы сот ұйғарым шығарады.

2. Қарау уақыты мен орны туралы іске қатысушы адамдарға, олардың өкілдеріне хабарланады, алайда олардың келмеуі қарауды жүргізуге кедергі келтірмейді. Қажет болған жағдайларда сарапшылар, мамандар және куәлар шақырылады.

3. Қарау нәтижелері сот отырысының хаттамасына енгізіледі. Хаттамаға қарау кезінде жасалған немесе тексерілген жоспарлар, тәсімдер, сызбалар, есептеулер, құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ қарау кезінде жасалған құжаттардың және заттай дәлелдемелердің фотосуреттері, бейнежазбалар мен киноматериалдар қоса тіркеледі.

205-бап. Дыбыс жазбаларын жария ету, бейнежазбаларды, киноматериалдарды көрсету және оларды зерттеу

1. Жеке сипаттағы дыбыс жазбаларын жария ету, бейнежазбаларды, киноматериалдарды көрсету кезінде, сондай-ақ оларды зерттеу кезінде осы Кодекстің 202-бабында көзделген ережелер қолданылады. Дыбыс жазбаны жария ету, бейнежазбаны, киноматериалдарды көрсету сот отырысы залында не осы мақсат үшін арнайы жабдықталған үй-жайда жүргізіледі, сот отырысының хаттамасында материалдың ерекше белгілері және жария ету уақыты көрсетіледі. Осыдан соң сот іске қатысушы адамдардың түсініктемелерін тыңдайды.

2. Қажет болған жағдайда дыбыс жазбасын жария ету және бейнежазбаны, киноматериалдарды көрсету толығымен немесе олардың әлдеқандай бөліктері қайталануы мүмкін.

3. Дыбыс және бейнежазбалардағы, киноматериалдардағы мәліметтерді анықтау мақсатында сот маманды іске тартуы, сондай-ақ сараптама тағайындауы мүмкін.

206-бап. Сарапшы қорытындысын зерттеу

1. Сарапшы қорытындысы сот отырысында жария етіледі. Қорытындыны түсіндіру және оны толықтыру мақсатында сарапшыға сұрақтар қойылуы мүмкін.

2. Арызы бойынша сараптама тағайындалған адам және оның өкілі бірінші болып, ал содан соң - іске қатысушы басқа адамдар мен өкілдер сұрақтар қояды. Сот тағайындаған сараптама жүргізу тапсырылған сарапшыға бірінші болып талап қоюшы мен оның өкілі сұрақ қояды. Сот сарапшыға одан жауап алудың кез келген сәтінде сұрақтар қоюға құқылы.

3. Осы Кодекстің 98-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда сот қосымша сараптама тағайындай алады.

4. Осы Кодекстің 98-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда сот қайталама сараптама тағайындай алады.

5. Қосымша сараптама тағайындау және жүргізу осы Кодекстің 98-бабының екінші және алтыншы бөліктерінде, қайталама сараптама - осы Кодекстің 98-бабының төртінші, бесінші, алтыншы бөліктерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

2006.04.07. № 151-III ҚР Заңымен 207-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

207-бап. Маманның консультациясы (түсіндірмесі)

1. Арнайы зерттеулер жүргізу талап етілмейтін жағдайларда маман coтқa ауызша немесе жазбаша нысанда консультация (түсіндірме) береді.

Маманның жазбаша нысанда берілген консультациясы сот отырысының (тиісті іс жүргізу әрекетінің) хаттамасына қосымша түрінде тіркеледі және сот отырысында жария етіледі. Ауызша консультация тікелей сот отырысының (ic жүргізу әрекетінің) хаттамасына енгізіледі.

2. Консультацияны түсіндіру және толықтыру мақсатында маманға сұрақтар қойылуы мүмкін. Арызы бойынша маманды тартқан адам және оның өкілі бірінші болып, ал содан соң іске қатысушы басқа адамдар және өкілдер сұрақтар қояды. Сот шақырған маманға бірінші болып талап қоюшы және оның өкілі сұрақ қояды. Сот маманға кез келген сәтте сұрақ қоюға құқылы.

208-бап. Дәлелдеменің жалғандығын мәлімдеу

1. Істегі дәлелдеменің жалған екені мәлімделген жағдайда осы дәлелдемені ұсынған адам соттан оны дәлелдемелер қатарынан алып тастап, істі өзге дәлелдемелердің негізінде шешуді өтіне алады.

2. Дәлелдеменің жалғандығы туралы мәлімдеуді тексеру үшін сот сараптама тағайындай алады, сондай-ақ тараптарға өзге дәлелдемелер беруді ұсына алады.

3. Егер ұсынған дәлелдемесі жалған деп танылған адамның іс-әрекетінде қылмыс белгілері болса, судья материалдарды бұл жөнінде прокурорға хабарлай отырып, қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін тиісті анықтау немесе алдын ала тергеу органына жібереді.

209-бап. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындысы

Осы Кодекстің 57-бабының негізінде сот іске қатысуға жіберген мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындысы сот отырысында жария етіледі. Сот, сондай-ақ іске қатысушы адамдар мен өкілдер қорытындыларды түсіндіру және толықтыру мақсатында осы органдардың уәкілетті өкілдеріне сұрақтар қоя алады.

210-бап. Істі мәні бойынша қарауды аяқтау

Барлық дәлелдемелер қаралғаннан кейін судья іске қатысушы адамдар мен өкілдерден олардың іс материалдарын әлденелермен толықтыруға ниеттерінің бар-жоғын анықтайды. Мұндай мәлімдеулер болмаған жағдайда төрағалық етуші істі зерттеу аяқталды деп жариялап, сот соттағы жарыссөздерге көшеді.

211-бап. Сот жарыссөздері

1. Сот жарыссөздері іске қатысушы адамдар мен өкілдердің сөздерінен тұрады.

2. Алдымен талап қоюшы және оның өкілі, ал содан соң - жауапкер мен оның өкілі сөз сөйлейді. Басталып кеткен процесте даудың нысанасы бойынша дербес талаптар қойған үшінші тұлға мен оның өкілі тараптар мен олардың өкілдерінен кейін сөз сөйлейді. Даудың нысанасы бойынша өз бетінше талаптар қоймаған үшінші тұлға мен оның өкілі талап қоюшыдан немесе үшінші тұлға іске өзі қатысатын жақтағы жауапкерден кейін сөз сөйлейді.

3. Прокурор, мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың өкілдері және басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінген азаматтар сот жарыссөздерінде соңынан сөз сөйлейді.

212-бап. Репликалар

Жарыссөзге қатысушылардың барлығы сөз сөйлеп болған соң олар сөздерінде айтылғандарға байланысты екінші рет сөз сөйлей алады. Соңғы реплика құқығын үнемі жауапкер мен оның өкілі иеленеді.

213-бап. Прокурордың қорытындысы

Іс бойынша тарап болып табылмайтын және осы Кодекстің 55-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен процеске қатысушы прокурор сот жарыссөздерінен кейін жалпы істің мәні бойынша қорытынды береді.

214-бап. Істі мәні бойынша қарауды қайта жалғастыру

1. Егер олар бұл мән-жайлар мен дәлелдемелерді істің мәні бойынша қарау аяқталмай тұрып өз мәлімдемелерінде көрсетпесе, сот жарыссөздеріне қатысушылар өз сөздерінде сот анықтамаған мән-жайларға, сондай-ақ сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге сілтеме жасауға құқығы жоқ.

2. Егер сот сот жарыссөздері кезінде немесе одан кейін іс үшін маңызы бар жаңа мән-жайларды анықтау немесе жаңа дәлелдемелерді зерттеу қажет деп тапса, ол істі мәні бойынша қарауды қайта жалғастыру туралы ұйғарым шығарады. Істі мәні бойынша қарау аяқталғаннан кейін сот жарыссөзі жалпы тәртіппен жүргізіледі.

215-бап. Соттың шешім шығару үшін кетуі

Сот жарыссөздерінен кейін, ал осы Кодекстің 213-бабында көзделген жағдайда прокурор іс бойынша қорытынды бергеннен кейін сот шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетеді, төрағалық етуші, бұл туралы сот отырысы залында отырғандарға хабарлайды.

216-бап. Шешімді жариялау

1. Сот шешімге қол қойылғаннан кейін сот отырысы залына қайтып келіп, сот шешімін жариялайды. Мұнан соң шешімге шағымданудың тәртібі мен мерзімдері түсіндіріледі.

2. Шешімнің шығарылған кезде судья іске қатысушы адамдарға және өкілдерге шешіммен қашан танысуға және оның көшірмесін алуға болатынын жариялауға міндетті.

3. Осы баптың 1 және 2-бөліктерінде көзделген әрекеттер аяқталғаннан кейін төрағалық етуші сот отырысын жабық деп жариялайды.

18-тарау. Сот шешімі және оны атқару тәртібі



217-бап. Шешім шығару

1. Істі мәні бойынша шешетін бірінші сатыдағы сот қаулысы шешім нысанында шығарылады.

2. Шешім кеңесу бөлмесінде шығарылады. Бұл бөлмеде өзге адамдардың болуына жол берілмейді. Жұмыс уақытының аяқталуына қарай, сондай-ақ жұмыс күні ішінде сот (судья) кеңесу бөлмесінен шығып демалу үшін үзіліс жариялауға құқылы.

218-бап. Шешімнің заңдылығы және негізділігі

1. Сот шешімі заңды және негізді болуға тиіс.

2. Сот шешімді сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге ғана негіздейді.

219-бап. Шешім шығарған кезде шешілетін мәселелер

1. Шешім шығарған кезде сот дәлелдемелерге баға береді, іс үшін маңызы бар қандай мән-жайлардың анықталғанын және қандай мән-жайлардың анықталмағанын, тараптардың құқықтық қатынастарының қандай екенін, осы іс бойынша қандай заң қолданылуға тиісті екенін және қойылған талаптың қанағаттандырылуға жататынын-жатпайтынын айқындайды.

2. Сот істі талап қоюшы талаптардың шегінде шешеді. Алайда талап қоюшының келісуімен сот, егер бұл талап қоюшының құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін қажет деп таныса, сондай-ақ көзделген басқа да жағдайларда, талап қоюшы мәлімдеген талаптардың шегінен шығуы мүмкін.

3. Сот іс үшін маңызы бар жаңа мән-жайларды анықтауды немесе дәлелдемелерді қосымша зерттеуді қажет деп тапса, істі мәні бойынша қарауды қайта жалғастыру туралы ұйғарым шығарады. Сот істі мәні бойынша қарау аяқталғаннан кейін сот жарыссөздерін, ал осы Кодекстің 213-бабында көзделген жағдайда прокурордың қорытындысын да қайта тыңдайды.

ҚР 11.07.01 ж. N 238-II Заңымен 220-бап өзгертілді

220-бап. Шешімнің түрлері мен құрылымы

1. Істі мәні бойынша шешкен кезде сот қысқаша (қысқартылған) шешім шығарады, ол кіріспе, дәлелдеу және қарар бөліктерінен тұрады.

2. Шешім заңды күшіне енгенге дейін тараптардың жасаған жазбаша өтінімі бойынша не өз қалауы бойынша сот кіріспе, сипаттама, дәлелдеу және қарар бөліктерінен тұратын шешім шығарады.

221-бап. Шешімнің мазмұны

1. Шешім Қазақстан Республикасының атынан шығарылады.

2. Шешім кіріспе, сипаттау, дәлелдеу және қарар бөліктерінен тұрады.

3. Шешімнің кіріспе бөлігінде шешім шығарылған уақыт пен орын; шешім шығарған соттың атауы; соттың құрамы; сот отырысының хатшысы; сот приставы; тараптар; іске қатысушы басқа адамдар және өкілдер; даудың нысанасы немесе мәлімделген талап көрсетіледі.

4. Шешімнің сипаттау бөлігі талап қоюшының талаптарын, жауапкердің наразылығын және іске қатысушы басқа адамдардың түсініктемелерін қамтуға тиіс.

5. Шешімнің дәлелдеу бөлігінде істің сот анықтаған мән-жайлары, құқықтар мен міндеттер туралы соттың қорытындылары негізделген дәлелдемелері; сот қабылдамай тастаған белгілі бір дәлелдемелердің негіздері, және сот басшылыққа алған заңдар көрсетіледі. Жауапкер талап қоюды мойындаған жағдайда дәлелдеу бөлігінде талап қоюдың танылғаны және оны соттың қабылдағаны ғана көрсетілуі мүмкін.

6. Шешімнің қарар бөлігі талап қоюды қанағаттандыру туралы немесе талап қоюдан толық немесе оның бір бөлігінен бас тарту туралы сот қорытындысын, сот шығындарының бөлінуін, шешімге шағым беру мерзімдері мен тәртібін көрсетуді, сондай-ақ өзге де қорытындыларды қамтуға тиіс.

7. Сот шешімді орындаудың белгілі бір тәртібі мен мерзімін белгілеген немесе шешімді дереу орындауға жіберген немесе оның орындалуын қамтамасыз етуге шаралар қолданған жағдайда, бұл туралы шешімде көрсетіледі.

8. Судья шешімді жазбаша түрде жазады және оған қол қояды. Шешімге түзету судьялардың қол қоюының алдында айтылуға тиіс.

222-бап. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың және лауазымды адамдардың әрекеттері (әрекетсіздіктері) мен шешімдерін заңсыз деп тану туралы шешім

1. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың және лауазымды адамдардың әрекеттері (әрекетсіздіктері) мен шешімдерін заңсыз деп тану туралы талап қоюды қанағаттандыру кезінде сот дауға түсіп отырған әрекетті (әрекетсіздікті) немесе шешімді заңсыз деп таниды, азаматтың талабын қанағаттандыруды міндеттейді, оған қолданылған жауаптылық шараларын жояды не оның нұқсан келтірілген құқықтары мен бостандықтарын өзгедей әдіспен қалпына келтіреді. Нормативтік құқықтық актіні заңсыз деп тану туралы шешімнің қарар бөлігінде ол қабылданған кезден бастап бұл акті қолданылмайды деп есептелетіні көрсетілуі мүмкін.

2. Соттың нормативтік құқықтық актіні заңсыз деп тану туралы шешімі немесе ол туралы хабарлама нормативтік құқықтық акт жарияланған бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс.


жүктеу 2,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау