Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы n 251 Кодексі



жүктеу 0,64 Mb.
Pdf просмотр
бет15/51
Дата16.01.2020
өлшемі0,64 Mb.
#26935
түріКодекс
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   51

де зақым келген кезде қызметкер басқа жұмысқа ауысудан бас тартқан 
жағдайларда тоқтатылуға жатады. 
      2. Қызметкер еңбек қатынастарын жалғастырудан жазбаша түрде бас тартқан 
кезде ғана еңбек шартын тоқтатуға жол беріледі.  
      3. Қызметкердің уақытша еңбекке қабілетсіз болуы (оның ішінде жүктілігі 
және босануы бойынша) және демалысы кезеңінде еңбек шартын тоқтатуға жол 
берілмейді.  
      
60-бап. Қызметкердің сайланбалы жҧмысқа (лауазымға)
 
              ауысуына немесе оның лауазымға тағайындалуына
 
              байланысты еңбек шартын бҧзу
 
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында осындай лауазымдарды 
атқаратын адамдарға ақы тӛленетін ӛзге лауазымдарда істеуге тыйым салу 
белгіленген болса, қызметкердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуына 
немесе лауазымға тағайындалуына байланысты онымен еңбек шарты бұзылады. 
      Қызметкердің жұмыс берушіні хабардар етуі және қызметкердің жұмысқа 
(лауазымға) сайлану немесе тағайындалу актісі негіз болып табылады. 
      
61-бап. Еңбек шартын жасасу талаптарының бҧзылуы
 
              салдарынан еңбек шартын тоқтату
 
      1. Егер еңбек шартын жасасу талаптарын бұзу еңбек қатынастарын 
жалғастыру мүмкіндігін болғызбаса:  
      1) медициналық қорытынды негізінде қызметкердің денсаулық жағдайына 
қайшы келетін жұмысты атқаруға еңбек шарты жасалған; 
      2) адамды белгілі бір лауазымдарды немесе белгілі бір қызметті атқару 
құқығынан айырған заңды күшіне енген сот үкімін немесе шешімін бұза отырып 
жұмысты орындауға еңбек шарты жасалған; 
      3) белгіленген тәртіппен шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алмай 
немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді немесе 
алып тастауларды сақтамай, шетелдік азаматтармен және азаматтығы жоқ 
адамдармен еңбек шарты жасалған; 
      4) Қазақстан Республикасының заңдарында кӛзделген басқа да жағдайларда 
еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы салдарынан еңбек шарты тоқтатылуға 
тиіс. 
      2. Егер қызметкерді оның келісімімен жұмыс берушіде бар басқа, орындау 
үшін қызметкерге шектеу қойылмайтын жұмысқа ауыстыру мүмкіндігі болмаса, осы 
баптың 1-тармағының 1) - 2) тармақшаларында кӛзделген негіздер бойынша еңбек 
шартын тоқтатуға жол беріледі. Қызметкер басқа жұмысқа ауысуға келісім берген 
кезде, онымен еңбек шарты жасалады.  
      3. Еңбек шарты осы баптың 1-тармағының 1), 3) тармақшаларында кӛзделген 
жағдайларда тоқтатылған кезде, жұмыс беруші қызметкерге үш айдағы орташа 
жалақысы мӛлшерінде ӛтемақы тӛлемін жүргізеді. 
      
62-бап. Еңбек шартының тоқтатылуын ресімдеу
 
      1. Жұмыс беруші - жеке тұлға қайтыс болған (сот қайтыс болды деп 
хабарлаған немесе хабарсыз кетті деп таныған) жағдайда еңбек шартының 
тоқтатылуын және үй қызметкерлерімен еңбек шартының тоқтатылуын қоспағанда, 
еңбек шартының тоқтатылуы жұмыс берушінің актісімен ресімделеді. 
      2. Жұмыс берушінің актісінде осы Кодекске сәйкес еңбек шартын 
тоқтатудың негізі кӛрсетілуге тиіс. 


      3. Осы Кодексте кӛзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыстың соңғы күні 
еңбек шартының тоқтатылған күні болып табылады. 
      4. Жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату туралы актісінің кӛшірмесі үш 
күн мерзімде қызметкерге тапсырылады не оған хабарламалы хатпен жіберіледі. 
      
63-бап. Еңбек кітапшасын және еңбек қызметіне
 
              байланысты қҧжаттарды беру
 
      1. Жұмыс беруші еңбек шарты тоқтатылған күні қызметкерге еңбек 
кітапшасын немесе қызметкердің еңбек қызметін растайтын ӛзге де құжатты 
беруге міндетті. 
      2. Жұмыс беруші қызметкердің (оның ішінде бұрынғы қызметкердің) талап 
етуі бойынша ӛтініш берілген кезден бастап бес жұмыс күні ішінде оның 
мамандығын (біліктілігін, лауазымын), жұмыс істеген уақытын және жалақы 
мӛлшерін кӛрсете отырып, анықтаманы, қызметкердің біліктілігі және оның 
жұмысқа кӛзқарасы туралы мәліметтерді қамтитын мінездеме-ұсынымды, сондай-ақ 
осы Кодексте кӛзделген басқа да құжаттарды беруге міндетті. 
      3. Жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған, банкроттыққа ұшыраған, жұмыс 
беруші - жеке тұлға қызметін тоқтатқан кезде жұмыс беруші, қызметкердің 
алдында берешегі болса, жалақы және ӛзге де тӛлемдер бойынша жинақталған 
берешектің мӛлшері туралы тиісті түрде ресімделген анықтама беруге міндетті. 
 
5-тарау. ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРІН ҚОРҒАУ
 
      
64-бап. Қызметкердің жеке деректері, оларды ӛңдеу
 
      Қызметкердің жеке деректері - еңбек қатынастары туындаған, жалғасқан 
және тоқтатылған кезде қажет болатын қызметкер туралы ақпарат. 
      Қызметкердің жеке деректерін ӛңдеу - қызметкердің жеке деректерін алу, 
сақтау, беру. 
      
65-бап. Қызметкердің жеке деректерін ӛңдеуге қойылатын
 
              талаптар
 
      Қызметкердің жеке деректерін ӛңдеу кезінде жұмыс беруші мынадай 
талаптарды сақтауға міндетті: 
      1) қызметкердің жеке деректерін ӛңдеу заңдар мен ӛзге де нормативтік 
құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету, қызметкердің жұмысқа 
орналасуына, оқуына және қызметте жоғарылауына жәрдемдесу, қызметкердің жеке 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады; 
      2) қызметкердің ӛңделетін жеке деректерінің кӛлемі мен мазмұны 
Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Кодекске және Қазақстан 
Республикасының ӛзге де заңдарына сәйкес айқындалады; 
      3) қызметкердің жеке деректерін оның ӛзі табыс етеді; 
      4) жұмыс берушінің қызметкерден оның саяси, діни және ӛзге де сенімдері 
мен жеке ӛмірі туралы ақпарат талап етуге құқығы жоқ; 
      5) жұмыс берушінің қызметкерден оның қоғамдық бірлестіктерге, соның 
ішінде кәсіптік одақтарға мүшелігі немесе олардағы қызметі туралы ақпарат 
талап етуге құқығы жоқ; 
      6) жұмыс берушінің қызметкердің мүдделеріне қатысты шешімдер қабылдаған 
кезде қызметкердің автоматтандырылған ӛңдеу немесе электрондық алу 
нәтижесінде алынған жеке деректерін негізге алуға құқығы жоқ; 
      7) жұмыс беруші қызметкердің жеке деректерін қорғауды Қазақстан 
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етеді. 


жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау