Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы n 251 Кодексі



жүктеу 0,64 Mb.
Pdf просмотр
бет13/51
Дата16.01.2020
өлшемі0,64 Mb.
#26935
түріКодекс
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51

      9) жұмыс берушінің атқарушы органы басшысымен жасалған еңбек шартында 
кӛзделген негіздер еңбек шартын тоқтату негіздері болып табылады. 
      
52-бап. Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бҧзу
 
      1. Еңбек шарты тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін. 
      2. Еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша бұзуға тілек білдіруші 
еңбек шартының бір тарапы екінші тарапына хабарлама жібереді. Хабарлама алған 
тарап үш жұмыс күні ішінде екінші тарапқа қабылданған шешім туралы жазбаша 
нысанда хабарлауға міндетті. 
      3. Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартының бұзылу күні қызметкер 
мен жұмыс берушінің арасындағы келісу бойынша айқындалады. 
      4. Еңбек шартында қызметкермен келісім бойынша, жұмыс берушінің 
қызметкерге бір жылғы орташа жалақысынан кем емес мӛлшерде ӛтемақы тӛлей 
отырып, осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптарды сақтамай-ақ еңбек 
шартын бұзу құқығы кӛзделеді. 
      
53-бап. Мерзімінің аяқталуына байланысты еңбек
 
              шартын тоқтату
 
      1. Белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шарты, мерзімінің аяқталуына 
байланысты тоқтатылады. 
      2. Еңбек шартында келісілген мерзімге сәйкес, қызметкердің соңғы жұмыс 
күні белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шарты мерзімінің аяқталар күні болып 
табылады. 
      3. Жұмыстың аяқталған күні белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына 
жасалған еңбек шарты мерзімінің аяқталар күні болып табылады. 
      4. Жұмыс орны (лауазымы) сақталған қызметкердің жұмысқа шыққан күні 
уақытша болмаған қызметкердің орнын ауыстыру уақытына жасалған еңбек шарты 
мерзімінің аяқталар күні болып табылады.  
      5. Егер еңбек шартының мерзімі аяқталғанда еңбек қатынастары іс жүзінде 
жалғасып, тараптардың ешқайсысы оның тоқтатылуын талап етпесе, шарттың 
қолданылуы белгіленбеген мерзімге ұзартылды деп есептеледі. 
      
54-бап. Жҧмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек
 
              шартын бҧзудың негіздері
 
      1. Қызметкермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша: 
      1) жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші - жеке 
тұлғаның қызметі тоқтатылған; 
      2) қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған; 
      3) біліктілігінің жетіспеуі салдарынан қызметкер атқарып жүрген 
лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген;  
      4) ӛзінің жұмысын жалғастыруына денсаулық жағдайының кедергі келтіруі 
салдарынан қызметкер атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес 
келмеген; 
      5) сынақ мерзімі кезеңінде жұмыс нәтижесі дұрыс болмаған; 


      6) қызметкер бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде дәлелді себепсіз үш 
және одан да кӛп сағат бойы жұмыста болмаған; 
      7) қызметкер жұмыста алкогольдік, нашақорлық, психотроптық, уытқұмарлық 
масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында болған, оның ішінде жұмыс күні ішінде 
алкогольдік, нашақорлық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдай 
туғызатын заттарды пайдаланған; 
      8) қызметкер, жарақаттар мен аварияларды қоса алғанда, ауыр зардаптарға 
әкеп соққан немесе соғуы мүмкін, еңбекті қорғау немесе ӛрт қауіпсіздігі не 
кӛліктегі жүру қауіпсіздігі ережелерін бұзған; 
      9) қызметкердің жұмыс орнында басқаның мүлкін ұрлау (оның ішінде ұсақ 
ұрлық), оны қасақана жою немесе бүлдіру әрекеті заңды күшіне енген сот 
үкімімен немесе қаулысымен анықталған; 
      10) ақшалай немесе тауарлық құндылықтарға қызмет кӛрсететін 
қызметкердің кінәлі әрекеттер жасауы немесе әрекетсіздігі, егер бұл әрекеттер 
немесе әрекетсіздік жұмыс берушінің тарапынан оған деген сенімнің жоғалуына 
негіз болса; 
      11) тәрбиелік функциялар атқаратын қызметкер осы жұмысын жалғастырумен 
сыйыспайтын, адамгершілікке жат қылықтар жасаған; 
      12) қызметкер еңбек міндеттерін атқаруға байланысты ӛзіне мәлім болған 
мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын ӛзге де құпияны құрайтын 
мәліметтерді жария еткен; 
      13) егер тәртіптік жазасы бар қызметкер еңбек міндеттерін дәлелді 
себепсіз қайталап орындамаған немесе тиісінше орындамаған; 
      14) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда 
қызметкердің мемлекеттік құпияларға жіберілу рұқсаты тоқтатылған; 
      15) еңбек шартын жасасу кезінде түпнұсқа құжаттар немесе мәліметтер 
еңбек шартын жасасудан бас тартуға негіз болатын жағдайда, қызметкер жұмыс 
берушіге кӛрінеу жалған құжаттар немесе мәліметтер ұсынған; 
      16) жұмыс берушінің атқарушы органы басшысының, оның орынбасарының не 
жұмыс беруші бӛлімшесі басшысының еңбек міндеттерін бұзуы жұмыс берушіге 
материалдық залал келтіруге әкеп соққан; 
      17) қызметкер жүктілігі және босануы бойынша демалыста болған, сондай-
ақ егер ауру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін еңбекке 
қабілетсіздіктің анағұрлым ұзақ мерзімі белгіленген аурулар тізбесіне 
енгізілген жағдайларды қоспағанда, қызметкер еңбекке уақытша қабілетсіздігі 
салдарынан қатарынан екі айдан астам уақыт жұмысқа шықпаған жағдайларда 
бұзылуы мүмкін. 
      Ӛндірістік жарақат алуына немесе кәсіптік ауруға шалдығуына байланысты 
еңбекке қабілеттілігінен айрылған қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) еңбекке 
қабілеттілігі қалпына келгенге дейін немесе мүгедектік белгіленгенге дейін 
сақталады; 
      18) қызметкер сот актісіне сәйкес одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігін 
жоятын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайларда бұзылуы мүмкін. 
      2. Осы Кодексте қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс 
берушінің бастамасы бойынша еңбек шарттарын бұзудың қосымша негіздері 
кӛзделген. 


жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау