Ќазаќстан Республикасыныѕ 004 жылдыѕ тоќсанында јлеуметтік-экономикалыќ дамуыныѕ ќорытыдылары туралы жјне 2004 жылдыѕ



жүктеу 155,6 Kb.
Дата19.02.2018
өлшемі155,6 Kb.
#10188




«Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 1 тоқсанында әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы»

және 2004 жылдың 2 тоқсанына белгіленген міндеттер туралы

Еңбек рыногындағы жағдай


Еңбек рыногындағы жағдай халықтың жұмыспен қамтылуының өсуімен және жұмыссыздық деңгейінің төмендеуімен сипатталып отыр. Қазақстан Республикасының Статистика бойынша агенттігінің мәліметтері бойынша 2004 жылдың ақпан айында экономикалық белсенді халықтың саны 7,6 млн. адамды құрады. Республиканың экономикасында 6,9 млн. адам немесе өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 5,1 % артық адам жұмыспен қамтылды. Жалдамалы қызметкерлердің саны 2004 жылдың ақпан айында 4,2 млн. адам болды, немесе өткен жылдың осы айымен салыстырғанда 4,0% асты. Жұмыссыздық деңгейі 9,4 % құрап отыр (2003 жылдың ақпан айында – 9,7 %).

Тіркелген жұмыссыздардың үлесі 1 сәуіріне экономикалық белсенді халықтың 1,9% құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда дерлік үштен бір бөлікке азайды.

2004 жылдың 1 сәуіріне жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдардың есебінде тұрған жұмыссыз азаматтардың саны 147,5 мың адам болды, оның ішіндегі ішіндегі 40,3% ауылды жерлерде тұратын азаматтар.

Үстіміздегі жылдың басынан республикада 39,5 мың жұмыс орындары құрылды, оның ішінде ауылды жерлерде 16,5 мың жұмыс орындар (41,8 %) ашылды. Ашылған жұмыс орындарының 32 мыңы тұрақты болса, 7,5 мыңы – уақытша және маусымдық жұмыстар.

Еңбек рыногіне жүргізілген мониторинг ұсынылатын жұмыс күшінің сапасы мен кәсіби-біліктілік құрылымының және халықтың жедел әрекет ету қабілетінің төмен болғанымен, жұмыс күшіне деген сұраныс жеткілікті екенін айқындады. Сонымен бірге жергілікті еңбек рыноктарындағы жұмыс күшіне деген дефицит орын алып отырғаны айқындалды. Жұмыспен қамту органдарының бос жұмыс орындар банкінде айсайын 15-16 мың жұмыс орны тіркеледі. Еңбек рыногының күйі бірқалыпты күйде тұрмайды, орташа алғанда республика бойынша бір бос жұмыс орнына айына 9-10 жұмыссыз азамат үміткер тіркеледі (Қызылорда облысында – 77, Алматы облысында – 60 жұмыссыз адам).

2003-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында Кедейлікті төмендету бағдарламасы аясында еңбек рыногында жұмыспен қамтудың белсенді шаралары (жұмыспен қамту, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, жұмыссыздарды кәсіби оқыту) кеңінен қолданылуда.

Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдардың көмегі арқылы 33,2 адам немесе жұмысқа орналастыру жөнінде өтінішпен келгендердің барлығының 45,3% жұмысқа орналастырылды (2003 жылдың 1 сәуіріне – 28,5 мың). Ауылды мекендерде 9,0 мың адам жұмысқа орналастырылды

(өтініш жасағандардың 38,2 %).

Жұмысқа орналастырылғандардың жоғары үлес салмағы Алматы, Қарағанды, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарына келіп отыр.

Атырау, Батыс Қазақстан және Павлодар облысында жұмысқа орналастыру өтінішімен келген жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру бойынша ең төмен көрсеткіштер тіркелген.

Қолға алынған шаралардың нәтижесінде 2004 жылдың 1 тоқсанында оралмандарды жұмысқа орналастырудың деңгейі 2003 жылмен салыстырғанда дерлік 1,5 есе өсті. Дегенмен, бірқатар облыстарда (Ақмола, Жамбыл, Маңғыстау облыстары) оралмандарды жұмыспен қамту мәселесіне тиісті назар аударылмай келгені салдарынан жұмыссыздар ретінде есепке алынған оралмандардың саны ұлғайып отыр.

2004 жылдың басынан қоғамдық жұмыстарды орындауға кәсіпорындармен және мекемелермен жалпы сомасы 779,5 млн. теңгеге (2003 жылы – 626,5 млн.теңге) келісім-шарттар бекітілді. Жұмыссыз азаматтардың атқарған жұмысының көлемі үшін 477,6 млн. теңге есептелді. Іс жүзінде олардың 431,6 млн. теңгесі (90,4 %) қаржыландырылды. 2004 жылдың 1 сәуіріне қоғамдық жұмыстар үшін төленуі тиіс 1,8 млн. теңге көлеміндегі берешек Қарағанды облысында орын алып отыр.

Сонымен қатар, есеп беріліп отырған кезеңде өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, қоғамдық жұмыстарға қатысқан жұмыссыздардың саны төмендеген (2004 жылдың 1 сәуіріне 41,0 мың адам, 2003 жылдың 1 сәуіріне 44,4 мың адам). Жұмыссыздар санының төмендеуі сондай-ақ, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарда және Алматы қаласында байқалады.

2004 жылдың қаңтар-наурыз айларында 2,0 мың жұмыссыз азамат (яғни, өтінішпен келгендердің 2,8% адам) оқуларын және қайта даярлықтарын аяқтап шықты, осыған орай, бұл көрсеткіш былтырғы жылдың қаңтар-наурыз айларына қарағанда 0,3 мың адамға өскен. Оқуын аяқтап, қайта даярланған жұмыссыздардың саны Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар облыстарында неғұрлым жоғары.

Кәсіби даярлықтан және қайта даярлықтан өткен жұмыссыздардың ішінен 1,3 мың (64,5%) жұмыспен қамту органдарының көмегімен жұмысқа орналастырылды, 57 жұмыссыздар өздерінің шағын кәсібін ашқан.

Жалпы республика бойынша кәсіптік оқытумен қамтылғандар санының ұлғайғанына қарамастан, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай облыстарында және Алматы қаласында оқуға жолданғандардың үлес салмағы, республикалық көрсеткіштер 6,8 % бола тұра, жұмысқа орналастыру жөнінде өтініш жасағандардың 0,4-1,2 % құрап отыр. Жамбыл облысында үстіміздегі жылдың қаңтар-наурыз айларында кәсіби даярлануға бірде бір жұмыссыз адам жолданбаған.

Оқытудан өткен жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру жөніндегі жұмыс жеткілікті жүргізілмейді. Оңтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстарында оқуды аяқтап жұмысқа орналастырылғандардың үлес салмағы 28,7 %-дан аспайды (республика бойынша орташа көрсеткіш – 64,5%), Маңғыстау облысында оқуды аяқтаған 64 жұмыссыз азаматтың тек біреуі ғана жұмысқа орналастырылған. Ішкі еңбек рыногін қорғау мақсатында шетелдік жұмыс күшін тарту процедурасы жетілдірілуде, жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеудің, рұқсат берудің шарттары мен тәртібінің ережесі бекітілді.

2004 жылы квота 0,007 пайыздық тармаққа ұлғайтылып, экономикалық белсенді халықтың 0,21 % мөлшерінде белгіленді. Бұл шекаралас облыстардағы ауыл шаруашылық жұмыстарға тартылатын еңбекші-мигрантарға байланысты.

Республикаға шетелдік жұмыс күшін тартуға мониторинг жүргізіліп отырады. 2004 жылдың 1 сәуіріне Қазақстан Республикасында 8690 шетелдік азамат жұмыс істейді, 5060 жұмыс орындары ашылып, 1332 қазақстандық азамат қайта оқытылды. Есеп беріліп отырған кезеңде неғұрлым көп шетелдік жұмыскерлер Атырау (2199), Батыс Қазақстан (1339)облыстары мен Астана (1451), Алматы (1094) қалаларына тартылған.

Министрлік шетелдік жұмыс күшін тартумен және Қазақстан Республикасынан жұмыс күшін шығарумен байланысты қызметпен айналысуға екі лицензия бөлді.

Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажыратып бөлу және бюджетаралық қарым-қатынастарды жетілдіру тұжырымдамасына сәйкес, тиісті әкімшілік дананың аумағында еңбек қызметін атқару үшін рұқсаттар беру функциялары 2004 жылдың 1 наурызынан бастап жергілікті атқарушы органдарға берілді. Аталмыш бағытта үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастыру жұмыстары атқарылды. Аудандардың әкімде ріне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы №61-б «Квотаны үлестіру туралы» және 2004 жылғы 19 наурыздағы №63-б «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 наурыздағы № 322 қаулысын іске асыру туралы» бұйрықтары жолданды. Қазіргі уақытта Министрлікпен Жұмыс берушілерге аймақта шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссия туралы 9 ереже келісілсі, олардың 7 әлі әзірленуде.

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 5-б өкіміне сәйкес Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне «Мемлекеттік органдар жұмысының Қазақстандағы көлеңкелі экономиканың ауқымын кеміту жөніндегі негізгі бағыттары туралы» ұсыныстары табыс етілді. Осы ұсыныстар бойынша халықтың көлеңкелі экономика аясында жұмыспен қамтылуын заңдастыруды және бақылаудан тыс қалып отырған жасырын экономикалық қызмет аумағынан шығару амалдары қарастырылған.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым, Энергетика және минералды ресурстар, Өндіріс және сауда министрліктерінің, сондай-ақ, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармаларының (департаменттерінің) аймақтарда мемлекеттік және жеке секторлардың қатысуымен жұмысшылар мен техникалық мамандарды кәсіби даярлау, аттестаттау және қайта даярлау мәселелерімен айналысатын Орталықтарды құру жөніндегі ұсыныстарына талдау жасалды.

Жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың дисбалансын жою мақсатында республиканың кәсіпорындарында 2015 жылға дейін және ауылшаруашылық кәсіпорындарында 2006 жылға дейін жұмыс күшіне деген болжамалы сұраныстың талдауы жүргізіледі.

Еңбек ресурстарының сапасын 2005-2007 жылдарға арнап әзірленген Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамту жөніндегі бағдарламаны әзірлеу жөніндегі жұмыс жалғастырылуда.

Еңбек қатынастары

Есеп беріліп отырған кезеңде еңбек туралы заңдарды жетілдіру мәселесіне айрықша көңіл аударылып келді. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің алғашқы нұсқасы әзірленіп, ол жұмыс тобының үстіміздегі жылдың наурыз айында өткен отырысында мақұлданды. Бұл жоба еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің жаңа үлгісінің заң тұрғысынан бекітілуін, еңбек қатынастары тараптар мүдделерінің ұтымды балансына қол жеткізуге қажетті жағдайлар жасауды көздейді. Ол еңбек рыногінің тұрақты әрекет етуіне жағдай жасауға; жұмыс берушінің өндірістің тиімділігін арттыруға деген мүддесін қамтамасыз етуге; жұмысшылардың еңбектік және әлеуметтік құқықтарының нақты қорғалуын күшейтуге; әлеуметтік диалогтың және ұжымдық шарттардың еңбек қатынастарын реттеуде және әлеметтік әділеттілік пен экономикалық тиімділік арасындағы ымыраға жетудегі ролін арртыруға; еңбек қатынастарын заңдастыруға бағытталған.

«Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы» жаңа Заңды іске асыру мақсатында: Мекемелердегі еңбек қаупсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы нұсқаулық; Мекемелердің өндірістік объектілерін еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудың ережесі.

Еңбек заңдарының орындалуына бақылау қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғастырылды.

2004 жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік еңбек инспекторлары мекемелер мен кәсіпорындарда 4489 тексерістер мен зерттеулер өткізді. 2003 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, үстіміздегі жылы тексерістердің саны 18 % ұлғайып отыр. Тексерістердің нәтижесінде республиканың мекемелерінде 32939 заң бұзушылық анықталды.

Неғұрлым көп заң бұзу фактілері Шығыс Қазақстан облысында - 4258, Қарағанды облысында - 3587, Оңтүстік Қазақстан облысында – 2447, Ақмола облысында – 2385 тіркеліп отыр.

Тексерістердің нәтижесінде жұмыс берушілерге заң бұзу фактілерін жою жөнінде 5046 ұйғарым (өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 40,3%-ға көп) және жалпы сомасы 14,4 млн. теңге (2003 жылы 9,5 млн. теңге) әкімшілік заң бұзушылық туралы 1215 қаулы шығарылған. Өндіріліп алынған айыппұлдардың сомасы 9,3 млн. теңгені құрады, ол болса салынған айыппұлдар сомасының 65 % құрайды.

Еңбек инспекциясының құқықтық әсер етуі жұмыс берушілердің 25332 заң бұзу фактілерінің (жалпы заң бұзу фактілерінің 77%) жойылуына септігін тигізді.

Жалпы республика бойынша үстіміздегі жылдың 1 тоқсанындағы өндірістік жарақаттанудың көрсеткіштері 2003 жылғы осындай кезеңдегі көрсеткіштердің деңгейінде сақталып, 652 адам құрады, оның ішінде - 64 адам қаза тапты (өткен жылы 67 адам қаза тапты).

Үстіміздегі жылы зардап шеккендердің саны Ақтөбе облысының кәсіпорындарында ұлғайса, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында керісінше төмендеп отыр.

Мемлекеттік еңбек инспекторларының қызметі негізінен профилактикалық сипатта болып келеді, атап айтқанда, олар өндірістік мақсатта салынған объектілердің іске қосылуына қатысу, консультациялар беру, оқыту) және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы заңдардың бұзылуының алдын алуға бағытталады.


Әлеуметтік әріптестік

Еңбек қатынастарын реттеуде және әлеуметтік саясатты іске асыруда әлеуметтік әріптестік институтын дамыту мәселесі бірінші кезекті міндеттер қатарына жатқызылған. Үшжақты ынтымақтастықтың барлық деңгейлерінде әлеуметтік әріптестермен Тараптар 2003-2004 жылдарға арналған Басты Келісім бойынша қабылдаған міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету жөнінде сындарлы диалог жүргізуде. 2004 жылдың 1 сәуіріне қарай 14 облыстық үшжақты келісім жасалды. Ақмола және Қызылорда облыстарында мұндай келісімдерге қол қойылуда. Қалалық және аудандық деңгейде 195 әкімшілік-аумақтық данадан тұратын 118 үшжақты келісім жасалды.

Үстіміздегі жылдың қаңтар айында Әлеуметтік әріптестік жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның отырысы өткізілді. Онда әлеуметтік-еңбек қатынастарының күйі және Астана мен Алматы қалаларында әлеуметтік әріптестікті дамыту жөніндегі мәселелер, сондай-ақ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» ЖАҚ бөлімшелерінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы заңдардың сақталуы туралы мәселелер қаралды.

Әлеуметтік диалогты кеңейту аясында Министрліктің жанында осы проблемалармен айналысатын Астана қаласының ҮЕҰ өкілдері қатысатын Азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды.



Еңбекақы төлеу. Халықтың табысы

Еңбекақы төлеу жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы №41 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 қаңтардағы №89 қаулысы қабылданды. Осы қаулыға сәйкес еңбекақының мөлшері орташа алғанда 20 % көбейтілді және мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметкерлер болып табылмайтын қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін үстемеақылар мен қосымшаақы есептеу тәртібі ретке келтірілді. Осы қаулы 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.

Мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің және қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі жұмыс Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің «Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметкерлер болып табылмайтын қызметкерлерінің және қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы» 2004 жылғы 18 наурыздағы №71-ө өкімі бойынша құрылған жұмыс тобы аясында жалғасын таппақ.

Есеп беріліп отырған кезеңде ең төмен және орташа айлық жалақының өсімі қамтамасыз етілді. 2004 жылдың 1 қаңтарынан ең төмен жалақының мөлшері 5000-ден 6600 теңгеге дейін немесе 32 % дейін арттырылды. Республика бойынша орта айлық жалақы 2004 жылдың қаңтар айында 24846 теңге құрады және өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 18,5 % , нақты түрде 11,3 % өсті.

2004 жылдың қаңтар айында халықтың бір адамға шаққандағы орташа номиналдық ақшалай шығындары 10922 теңге құрады. Ол өткен жылдың қаңтар айына қарағанда 19,9% артық. Бұл ретте іс жүзіндегі ақшалай табыс осы кезеңде 12,7 % өскен.

2004 жылдың қаңтар айында бір жұмыскердің номиналдық еңбекақысының орташа деңгейі ең төмен күнкөріс мөлшеріне қарағанда 4,7 есе, ең төмен еңбекақы мөлшері 3,8 есе өскен.

Әлеуметтік қамсыздандыру

Министрлік зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмысты атқаруда.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері мөлшерлерін 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап арттыру туралы» 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 1337 қаулыға сәйкес, барлық зейнетақы алушылардың зейнетақы төлемдері орташа жылдық тұтыну бағаларының индексіне, яғни алынатын зейнетақы мөлшерінің 5,4 % арттырылды.

Үстіміздегі жылдың 1 наурызына 6,3 млн. адам жинақтаушы зейнетақы жүйесінің (белсенді және енжар) қатысушысы болды. Бұл тұрғыда халықтың арасында белсенді әрекеттермен көзге түсетін жеке зейнетақы секторын мемлекеттік секторға қарағанда артығырақ көру үрдісі сақталуда. Жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту бөлігінде нормативтік, құқықтық және әдістемелік базалар жетілдірілуде. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жинақтаушы зейнетақы қорларына зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару ережесін бекіту туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Мүгедектердің оңалтылуына және олардың қоғам өміріне кірігуіне қолдау жасау 2002-2005 жылдарға арналған Мүгедектерді оңалту бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта республикада 409 мыңнан астам барлық санаттардағы мүгедек өмір сүріп келеді.

2004 жылдың 1 тоқсаны бойынша алғаш рет мүгедек болып танылған азаматтардың саны 10723 адам, олардың ішіндегі 1603 адам - 16 жасқа дейінгі «мүгедек бала» санатына жататын балалар. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда мүгедек болып танылған азаматтардың саны 18 кісіге азайған.

8037 адам еңбек етуге қабілетті жасында мүгедек болып танылды, ол болса 2003 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 41 адамға артық.

Еңбек етіп жүрген азаматтар ішінде мүгедек болып 2451 адам алғаш рет танылды, ол өткен жылдың көрсеткіштеріне қарағанда 344 адамға артық.

Аурудың нозологиялық түрлері бойынша алғашқы мүгедектіктің құрылымында ересек халықтың арасында бірінші орынды алып отырған аурулар - қан айналымы жүйелерінің сырқаттары, екінші орында - қатерлі ісіктер және үшінші орында - түрлі жарақаттар.

Қайта куәландірілген 38394 мүгедек ішінен толығымен 1764 адам немесе 4,6 % оңалтылды (2003 жылдың 1 тоқсанында тиісінше 1844 немесе 4,7 %).

Қазақстан Республикасының Парламентінде «Қазақстан Республикасында мүгедектерді қорғау туралы» Заңның жобасы қаралу үстінде. Аталмыш заң жобасының негізгі міндеттері ретінде мүгедектерді оңалту жүйесін құру, олардың қоғам өміріне жан-жақты кірігуіне мүмкіншілік беру, тәуелсіз өмір сүрулеріне жағдай жасау, кәсіби даярлау және жұмысқа орналастыру көзделген.

2004 жылға арналған бюджеттің жобасында мүгедектігі бар азаматтардың орталықтандырылған мәліметтер банкін әзірлеп, оны енгізуге 75 846 мың теңге көлеміндегі қаражатты бөлу көзделіп отыр.

Мемлекеттік тапсырысты орындау аясында жыл сайын республикалық бюджеттен мүгедектер мен ардагерлерді сауықтыруға, протездеу-ортопедиялық көмек көрсетуге, сондай-ақ мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық құралдармен қамсыздандыруға қаражат бөлініп отырады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне Ұлы Отан Соғысына қатысушыларды, мүгедектерді және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алушыларды әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленді. Ол қазір Қазақстан Республикасының Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінде келісуден өтуде.

2005 жылы Жолдауда атап көрсетілген әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз етуге арналған қосымша қаражаттардың сомасы бойынша есептер жүргізілді.

Үш деңгейлі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін құру мәселесі маңызды сипатқа ие болып отыр.

Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдету жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған бағдарлама әзірленді. Оның мақсаты - қаржылық тұрақтылық пен жауапкершілікті мемлекет, жұмыс беруші және жұмыскер арасында бөлу негізгі принципі болып табылатын үш деңгейлі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін құру.

Бірінші деңгей (базалық) - мемлекет әрбір азаматқа бірдей әлеуметтік қатерлер төнгенде, еңбек стажы мен жалақысына қарамастан кепіл етілетін жәрдемақылардың ең төмен мөлшері.

Екінші деңгей (міндетті) - еңбек ететін (еңбек еткен) халықты міндетті әлеуметтік сақтандыру есебінен жүргізілетін әлеуметтік төлемдер;

Үшінші деңгей (қосымша) - әлеуметтік төлемдердің ерікті түрде жасалатын аударымдар есебінен жүргізілуін көздейді.

Әлеуметтік сақтандырудың базалық деңгейінің енгізілуі әрбір азаматқа ең шекті тұтыну деңгейін ұсынбақ. Оның құрамына төмендегідей әлеуметтік төлемдер кіреді: кәрілікке байланысты мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі; мүгедектікке байланысты мемлекеттік базалық жәрдемақы; асыраушысынан айырылу жағдайына төленетін жәрдемақы; жерлеуге мемлекеттік жәрдемақы (тек базалық әлеуметтік төлемдерді алушыларға).

Әлеуметтік реформаларды тереңдету бағдарламасының іске асырылуының негізгі нәтижесі ретінде халықтың әлеуметтік қамсыздандырылу деңгейін арттыру көзделуде.

Атаулы әлеуметтік көмек көрсету және кедейлікті төмендету

Аумақтық халықты әлеуметтік қорғау органдарының мәліметтері бойынша 2004 жылдың үш айында атаулы әлеуметтік көмек 468,2 мың аз қамтылған азаматқа тағайындалған, ол болса өткен жылдың дәл осындай мезгілімен салыстырғанда 1,4 есе төмен. Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінде ауыл тұрғындары 298,6 мың адам немесе 63,8% құрайды.

Жалпы атаулы әлеуметтік көмек алушылардың арасындағы балалардың үлесі 63,5% (297,2 мың адам); бала бағумен жүрген азаматар – 13,7% (64,2 мың адам) жұмыссыздар – 12,5% (58ғ5 мың адам); жұмыс істейтіндер – 3,7 (17,3 мың адам); зейнеткерлер мен мүгедектер – 2,1 (9,4 мың адам); өз бетімен жұмыспен қамтылғандар – 2,3 % (11,0 мың адам); студенттер – 1,8 % (8,3 мың адам); азаматтардың өзге санаттары – 0,3 % (1,6 мың адам) құрайды.

Жергілікті бюджет есебінен атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге жолданатын қаражат 1,5 млрд. теңгені құрады. Ол өткен жылдың осындай кезеңінде 2,1 млрд. теңгеге жеткен. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің критерийі ретінде 2004 жылы республика бойынша және облыстар бойынша күнкөріс деңгейінің 40 % мөлшерінде белгіленген кедейлік шегі алынды. Кедейлік деңгейінің құбылуы тоқсан сайын өзгеріп отыратын тұтыну себетінің бағасына тәуелді болып келеді. 2004 жылдың бірінші тоқсанында республика бойынша орташа алғанда кедейлік деңгейі 2046 теңгені құраған.

Табысы кедейлік деңгейінен төмен аз қамтылған халықтың үлесі 2003 жылғы 1 сәуірдегі 4,5 %-тен 2004 жылғы 1 сәуірдегі 3,1 % төмендеген.
Нормативтік құқықтық қамсыздандыру

Қазақстан Республикасының Заңдары :

1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2004 жылғы 27 қаңтардағы № 524-ІІ.

2. «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» 2004 жылғы 28 ақпандағы № 528-ІІ. Қабылдау

Қазақстан Республикасының Қаулылары:

2“Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2004 жылға арналған квотаны белгілеу туралы” 2004 жылғы 12 қаңтардағы № 27;

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы №41 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2004 жылғы 27 қаңтардағы №89;

«Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы №245 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2004 жылғы 16 ақпандағы

№ 185;

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамын құру туралы» 2004 жылғы 27 ақпандағы №237;



«Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны белгілеудің және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 17 наурыздағы

№ 322;


«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 шілдедегі № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2004 жылғы 2 сәуірдегі № 379 қаулылары қабылданды.
жүктеу 155,6 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау