Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
59
•
Аудармашылар КТМАС-та қаралатын істерде ауызша немесе жазбаша аударма қызметтерін ұсына бастағанға
дейін тілді қажетті деңгейде меңгергенін көрсете алуын талап етуге кеңес беріледі. ҚР Жоғарғы Соты ауызша
және жазбаша аудармашылар үшін біліктілік стандартын және сертификаттау жүйесін белгілеу мүмкіндігін
қарастыра алады.
АУДАРМА ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ
ҰСЫНЫМДАР
алдыңыз ба?
Жоқ, сот ісі орыс тілінде қаралғандықтан, балама
барлығын қазақ тілінде түсіндіру керек болды, себебі,
ол орыс тілін түсінбейді.
Сізге не болып жатқанын және не айтылғанын
түсінуге көмектескен адамдар болды ма? Болса, кім
және қалайша?
Аудармашының біліктілігі төмен болды және ол орыс
тілінен қазақ тіліне нақты аударма жасай алмады.
Олар сізге қалай көмектесті?
Нашар»
261
.
Басқа істе ұлттық зерттеуші келесі жайтқа куә болған:
«…баланың ата-анасы бала түсіне алуы үшін сот ісін
қарауды қазақ тілінде өткізуді өтінсе де, судья аудар-
машыдан [кәмелетке толмаған] айыпталушыға орыс
тілінен қазақ тіліне аударуда көмектесуін сұрады.
Сот үдерісі барысында аудармашы өзімен-өзі отыр-
ды, отырысқа мүлдем дерлік қатысқан жоқ, тек судья
тікелей өзінен сұрағанда ғана жауап беріп отырды.
Кәмелетке толмаған айыпталушыға сөздердің аудар-
масын және мағынасын судья немесе айыпталушының
ата-анасы түсіндіріп отырды… Аудармашының
біліктілігі төмен болды – ол бүкіл материалды дұрыс
аудара алмады, күндерді және ай атауларын шатасты-
рып отырды»
262
.
6.9. СОТ МӘЖІЛІСІ ЗАЛЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ
Баланың сот өндірісіне қатысуына септесу үшін,
бәлкім, сот мәжілісі залдарындағы жағдайды, соны-
мен қатар, сот ісін қарау рәсімдерін және тәжірибесін
баланың жасына және даму деңгейіне сай бейімдеу
қажет болатын шығар
263
. Сот тыңдауларын/істерін
қарау барысын бақылау кезінде алынған ақпарат
көрсеткендей, сот мәжілісі залдарындағы жағдай
жалпы алғанда «ересектерге арналған» соттағыдай.
КТМАС-та қатысушыларды жайғастыру тәртібі әдетте
келесідей:
261
Жекелеген сұхбат, кәмелетке толмаған айыпталушының ата-ана-
сы [КТМАС орналасқан жері туралы ақпарат алынып тасталған],
тамыз 2014 ж.
262
Қылмыстық іс бойынша сот тыңдауын бақылау [КТМАС орналасқан
жері туралы ақпарат алынып тасталған], тамыз 2014 ж.
263
46 тармақ, БҰҰ Бала құқықтары комитеті. Жалпы тәртіптегі ескер-
ту № 10 «Кәмелетке толмағандарға қатысты әділ сот жүргізу
шеңберіндегі бала құқықтары».
Әдетте, қылмыстық істер бойынша сот тыңдауында
мантия киген судья сот залының алдыңғы жағында
көтеріңкі тұғырда отырады; оның бір жағында про-
курор, екінші жағында қорғаушы отырады, ал ай-
ыпталушы не судьяның қарсы алдындағы үстел ба-
сында, не сот залындағы жалпы отыратын орындар
аймағында отырады. Кейде кәмелетке толмаған тұлға
ата-анасымен немесе заңды өкілімен бірге отыра
алады, ал кейде ол жалғыз өзі судьяға қарама-қарсы
орындықта немесе тіпті арнайы қоршаудың артында
отырады. Мысалы, бір қорғаушы айтқандай, кәмелетке
толмаған айыпталушылар, әсіресе, ұл балалар,
КТМАС-тағы сот тыңдаулары барысында қоршаудың
артында отыруы мүмкін
264
. Кәмелетке толмаған тұлға,
әдетте, қорғаушысына соншалық жақын отырмайды,
сондықтан, сот мәжілісі кезінде оның қорғаушысымен
сөйлесуге не кеңесуге мүмкіндігі жоқ. Кәмелетке
толмаған тұлғаны немесе оның ата-анасын куәлік
етуге шақырғанда ол, әдетте, сот мәжілісі залында
бар болса, куәгерлер мінберіне шығады. Прокурор-
лар және полиция (қатысса) униформа киіп отырады,
олардың киімінің астынан кейде қару салынған қапты
көруге болады
265
. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған
айыпталушылардың қолына кісен де салынуы
мүмкін
266
.
КТМАС судьялары арасындағы жауап берушілердің
көпшілігі кәмелетке толмағандардың қатысумен
өтетін сот тыңдауларын/сот істерін қарауды өткізуге
бейресми әдістеме қолдануды қалар еді, мұны олар
істердің сол сотта қарау тиімділігін арттыру үшін
«қажетті өзгеріс» деп санайды
267
. Жауап беруші
264
Қорғаушы 3 [КТМАС орналасқан жері туралы ақпарат алынып
тасталған], 18 қыркүйек 2014 ж.
265
Қылмыстық іс бойынша сот тыңдауы, [КТМАС орналасқан жері
туралы ақпарат алынып тасталған], тамыз 2014 ж.
266
Қылмыстық іс бойынша сот тыңдауы, [КТМАС орналасқан жері
туралы ақпарат алынып тасталған], тамыз 2014 ж.
267
Жоғарыдағы 16 кестены қараңыз.
60
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
КТМАС судьялар санының төрттен бірі дерлік,
сондай-ақ, қатысушыларды сот залында орнала-
стыру тәртібін «балаға мейірімдірек» ету қажетті
өзгеріс болады деп санайды. Мұндай орналастыру
тәртібінде кәмелетке толмаған бала ата-анасының
немесе қорғаушысының
268
жанында отырады. Жа-
уап берушілерден алынған мәлімет, сондай-ақ,
«балаға мейірімді» жұмыс әдістерін жетілдіру
маңыздылығына қатысты қосымша тренинг өткізу
қажеттілігін көрсетеді, мұны сұрақ қойылған жауап
берушілер жете ұғына және сезіне бермеген
269
.
БҚК комитеті кәмелетке толмағандар үшін сот
мәжілістері залында қатысушыларды орналасты-
ру тәртібі қандай болу керек екенін түсіндірмейді,
бірақ, «Т. және В. Біріккен корольдікке қарсы»
ісінде сот залының «балаға мейірімді» болуы
құқықтық тұрғыдан біршама түсіндірілген. Онда
Адам құқықтары жөніндегі Еуропа Соты қылмыстық
іс бойынша сот тыңдауындағы сот мәжілісі өткен
залдың материалдық жабдықталуы сот ісін әділ
қарау құқығын бұзған элементтің бірі болды деп са-
нады
270
. Мәжіліс залын «балаға мейірімдірек» ететін
шараларға келесі талаптарды орындау кіреді: судья-
лар, прокурорлар және қорғаушылар ресми мантия
кимеуі керек, барлығы кәмелетке толмаған тұлғамен
бір деңгейде отыруы керек, кәмелетке толмаған
тұлғаға ата-анасының немесе басқа ересек адамның
жанында отыруға рұқсат беру керек. КТМАС-та
қылмыстық іс бойынша тыңдаудағы қатысушылардың
орналасу тәртібі келесідей болған жөн:
6.10. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДЕ СУДЬЯҒА
ДЕРЕУ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҚҰҚЫҒЫ
АСҚХП 9(3) бабы қылмыстық айып бойынша
тұтқындалған немесе ұсталған әрбір тұлға шұғыл
түрде судьяға немесе заң бойынша сот билігін жүзеге
асыру құқығына ие өзге лауазымды тұлғаға жеткізілуі
міндетті деп таниды. БҚК 37(d)бабы да қостайтын
осы талап маңызды болып табылады, себебі ол
қылмыстық іс жасады деп айыпталған тұлғаны
268
Жоғарыдағы 16 кестены қараңыз.
269
Қараңыз, мысалы, Прокурор 1, Алматы қ. КТМАС, қыркүйек 2014
ж.
270
T and V v. United Kingdom (Nos. 24724/94 and 24888/94), ECHR
(Grand Chamber), 16 December 1999.
тұтқынға алу шарасының сот қадағалауында болу-
ын қарастырады. Халықаралық стандарттарға сай
бұл кәмелетке толмағандар ұсталғаннан кейін не-
месе тұтқындалғаннан кейін 24 сағат ішінде оны бас
бостандығынан айырудың заңдылығын (жалғасуын)
тексеру үшін сот органына жеткізуді білдіреді.
271
Қазақстан заңнамасына сай кез-келген тұлға
ұсталғаннан кейін сот мақұлдауынсыз 72 сағаттан
аспайтын мерзімге бас бостандығынан айырыла
алады
272
. Жалпы ереже бойынша осы уақытты атал-
мыш тұлға уақытша ұстау изоляторында өткізеді
273
.
Осыдан кейін тұтқында ұстау (сотқа дейін тұтқында
ұстау) бұлтартпау шарасы ретінде тергеу судьясы-
мен мақұлдануы тиіс
274
. Сотқа дейін тұтқында ұстау
кәмелетке толмаған тұлғаға тек «істегі жайттар бойын-
ша өзге бұлтартпау шаралары қолданыла алмағанда»
275
ғана қолданылады. Заңнамада тұтқында ұстау БҚК
37(b) бабы талап ететіндей тек төтенше шара ретінде
және ең қысқа тиісті мерзімге қолданылуы тиіс екені
айтылмаған. Шынымен, заң «сотқа дейінгі өндіріс»
276
барысында тұтқында ұстау үшін ең ұзақ мерзім
– алты айды белгілейді. «Бірнеше айға» созылатын
сотқа дейін тұтқында ұстау шарасы халықаралық
стандарттар бойынша БҚК 37(b) бабын
277
«өрескел»
бұзу ретінде қарастырылатынын айта кеткен жөн.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 148(1) бабына
сәйкес тұтқында ұстауды мақұлдау құқығы «аудандық
немесе оған теңестірілген соттың тергеу судьясы-
на» тиесілі. Қылмыстық іс жүргізу кодексінде тергеу
судьясына кәмелетке толмағандардың істерімен ай-
налысу үшін КТМАС-та отыруы немесе қандай да бір
дайындықтан өтуі туралы талап қойылмаған.
Іс жүзінде полиция, әдетте, кәмелетке толмаған
тұлғаны сотқа немесе тергеу судьясына жеткізбес
бұрын тұтқында қаншалықты ұзақ ұстайтыны
түсініксіз. КТМАС судьялары берген жауаптардан про-
куратура тергеу аяқталғаннан кейін КТМАС-қа құжат
жібергенде ғана КТМАС қылмыстық іске араласаты-
ны белгілі болды
278
. Оған қоса, сотқа дейін тұтқында
ұстау тәжірибесі туралы өз жауаптарында судьялар
кәмелетке толмаған тұлғаны кепілге босату немесе
оны сотқа дейін тұтқындау шарасын қолдану туралы
шешім қабылдағанда олар, мысалы, баланың жасы
сияқты факторларды ескеретінін жеткізді; алайда,
олар тұтқында ұстаудың тек төтенше шара ретіндегі
және ең қысқа тиісті мерзімге ғана қолданылатыны
271
Бала құқықтары жөніндегі комитет. Жалпы тәртіптегі ескерту №
10 (2007) «Кәмелетке толмағандарға қатысты әділ сот жүргізу
шеңберіндегі бала құқықтары», 83 пункт.
272
Қылмыстық іс жүргізу кодексі, 128 баптың 5 тармағы, 131 баптың
4 тармағы және 133 баптың 2 тармағы.
273
Қылмыстық іс жүргізу кодексі, 134 бап.
274
Қылмыстық іс жүргізу кодексі, 128 баптың 5 тармағы, 131 баптың
4 тармағы, 133 баптың 2 тармағы және 148 бап.
275
Қылмыстық іс жүргізу кодексі, 541 баптың 3 тармағы.
276
Қылмыстық іс жүргізу кодексі, 541 баптың 4 тармағы.
277
Бала құқықтары жөніндегі комитет. Жалпы тәртіптегі ескерту №
10 (2007) «Кәмелетке толмағандарға қатысты әділ сот жүргізу
шеңберіндегі бала құқықтары», 80 тармақ.
278
Судья 2 [КТМАС орналасқан жері туралы ақпарат алынып
тасталған], 2014 ж.