Қазақстан республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылғАН



жүктеу 4,89 Mb.
Pdf просмотр
бет24/39
Дата23.11.2018
өлшемі4,89 Mb.
#24297
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39

52

Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы

 Заңға өз көзқарасын тұжырымдай алатын бала өзіне қатысты барлық мәселелер бойынша сол көзқарасын 



еркін жеткізуге құқылы екені, әрі, бұл ретте, осы көзқарастың баланың жасы мен өсіп-жетілу деңгейіне сай 

болуына тиісінше көңіл бөлінуі туралы ережені енгізуге кеңес беріледі.

 Кәмелетке толмаған тұлғаға сот ісін қарау/тыңдау жүргізілетін уақытта сот залында қалуға рұқсат ету үшін 



кәмелетке толмаған айыпталушыны қылмыстық сот өндірісі барысында сот залынан шығаруға рұқсат беретін 

құқықты қайта қараған жөн. 

  Қылмыстық  іс  бойынша  сотқа  дейінгі  тергеу  жүргізуді  жүзеге  асыратын  тұлғаны  кәмелетке  толмаған 



айыпталушыға  танысып  шығу  үшін  оған  теріс  әсер  тигізетін  іс  материалдарын  көрсетпеу  туралы  қаулы 

шығару құқығынан айыру қажет және кәмелетке толмаған тұлғаны қорғауға дайындалу үшін мүмкіндік беру 

мақсатында кәмелетке толмаған айыпталушыға және оның қорғаушысына дәлелдерді жария ету туралы жалпы 

ережені енгізу қажет.

 БҚК 12 бабында «балаға, атап айтқанда, өзіне қатысты кез-келген сот ісін немесе әкімшілік істі қарау бары-



сында тікелей өзі немесе өкілі не сәйкес орган арқылы тыңдау мүмкіндігі берілетіні» белгіленген. Бала істің 

өзіне тиімді нәтижемен қаралуына қатысты пікірін білдіруі үшін жасы жеткілікті болып, бірақ, ол толығымен 

қатысуға және өз пікірін білдіруге қауқарсыз болса, соттың әлеуметтік қызметкері дәнекер ретінде әрекет етіп, 

кәмелетке толмаған баланың пікірі мен қалауын сотқа жеткізіп отыруы қажет.

  КТМАС-та  жұмыс  жасайтын  судьяларға,  прокурорларға,  қорғаушыларға,  психологтарға  және  әлеуметтік 



қызметкерлерге баланың қатысуына және баланың дамуына ықпал ету мәселелері бойынша міндетті оқыту 

курсын енгізу мүмкіндігін қарастырған жөн.

БАЛАНЫҢ ҚАТЫСУЫНА ҚАТЫСТЫ 

ҰСЫНЫСТАР

туралы  есеп  немесе  осы  іспеттес  есеп  жасау  талап 

етілмесе,  балаға  сот  өндірісіне  қатысуға  көмектесуді 

өз  міндеті  деп  санамайды  (толығырақ  жоғарыдағы 

5.3 «Психологтар, педагог мамандар және әлеуметтік 

қызметкерлер» бөлімінен қараңыз).

Баланың  жасына  немесе  іс-әрекетке  қабілеттілігіне 

байланысты  азаматтық  іс  бойынша  сот  тыңдауына 

қатыса  алмауы  оны  жайсыз  жағдайда  қалдыруы 

мүмкін және аталмыш сот тыңдауы немесе сот қарауы 

әділ деп бағалана алатынына күмән тудырады. 



6.6. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН 

ЖӘБІРЛЕНУШІЛЕР МЕН КУӘГЕРЛЕР 

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР

Кәмелетке  толмаған  жәбірленушілердің  және 

куәгерлердің  қатысуына  ықпал  ету,  әрі,  олардың 

тиісінше  қорғалуын  қамтамасыз  ету  КТМАС  үшін 

ауыр  міндет  болып  табылады.  КТМАС  судьяларынан 

кәмелетке  толмаған  жәбірленушілердің  қатысы  бар 

істерде қолданылатын қағидалардың маңыздылығына 

қарай рет-ретімен орналастыру сұратылды. Олардың 

жауаптары төмендегі 19 кестеде көрнекі көрсетілген.

Кесте  19-дан  көрініп  тұрғандай,  судьялар  өздеріне 

қатысты  қылмыстық  іс  жасаған  тұлғаларға  қарсы 

куәлік ететін кәмелетке толмағандар алдында тұрған 

қиындықтардан  хабардар  екен.  Олар  «кәмелетке 

толмаған жәбірленушіні қорғауды» ең маңызды қағида 

деп бағалаған, оның артынан бірден «жәбірленушінің 

ең биік мүдделерінде әрекет ету» қағидасы ілесіп жүр. 

Алайда, олар «жәбірленушінің сот жүйесімен мейлінше 

аз жанасуын қамтамасыз етуді» «жәбірленушіге сот-

та  сөйлеу  мүмкіндігін  беруге»  қарағанда  біршама 

маңыздырақ  қағида  деп  бағалайды,  бұл  баланың 

қатысу  құқығына  нұқсан  келтіруі  мүмкін.  Осы  жайт 

2014  ж.  Қылмыстық  іс  жүргізу  кодексінің  217  бабы 

тұрғысынан  айрықша  алаңдаушылық  тудырады, 

себебі, аталған бапқа сәйкес прокурор, күдікті неме-

се оның қорғаушысы сотқа дейінгі тергеу барысында 

олардан кейінірек жауап алу объективтік себептермен 

(жәбірленушінің/куәгердің шетелде тұратыны сияқты) 

мүмкін болмай қалуы ықтимал деп санауға негіз бол-

са, сонымен қатар, психикаға зақым келтіруші әсерін 

шектеу үшін кәмелетке толмаған куәгерлерден және 

жәбірленушілерден  кейін  тағы  да  жауап  алынба-

уын  қамтамасыз  ету  мақсатында  жәбірленушіден, 

куәгерден сотқа дейінгі тергеу барысында жауап алу 

туралы өтініш хат беруге құқылы.  Мұндай жағдайда 

кәмелетке 

толмаған 

жәбірленушілерге 

және 

куәгерлерге  сот  мәжілісінде  жауап  берудің  қажеті 



жоқ

236


. Бұл ретте заң қорғаушыға кәмелетке толмаған 

тұлғадан  екі  жақтан  жауап  алу  шарасын  қолдану 

мүмкіндігін бермейді, бұл айыпталушының сот ісінің 

әділ  қаралу  құқығына  қатысты  БҚК  40  бабының  та-

лаптарын орындауға қатысты күмән тудырады.

Кәмелетке  толмаған  жәбірленушінің/куәгердің  не-

месе олардың ата-аналарының сотқа келмеуі себепті 

тоқтатылған  істер  саны  белгісіз  және  бұл  мәселеге 

қатысты  мәлімет  жинау  осы  зерттеу  міндеттеріне 

кірген жоқ. Оған қоса, осы зерттеуде куәгерлерді қорғау 

бағдарламалары  кәмелетке  толмаған  тұлғаларға 

236


 Қылмыстық іс жүргізу кодексі, 371 бап.


Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы

53

КТМАС судьяларының жауаптарына сәйкес, жәбірленуші балалардың қатысуымен өткен 

қылмыстық істер қағидаларының маңыздылық бойынша тізбегі

Кесте 19. 

қолжетімді болды ма, олардың тиімділігі қандай де-

ген сұрақтардың жай-жапсары анықталған жоқ. Алай-

да,  жоғарыдағы  Кесте  16-да  көрсетілгендей,  жауап 

беруші  КТМАС  судьяларының  52%-ы  куәгерлердің 

шақыртылғанда келмеуі сол соттарда істердің тиімді 

қаралуына  айтарлықтай  кедергі  болғанын  айтты. 

Жекелеген  сұхбаттар  кезінде  берілген  жауаптар 

да  осы  жайтты  айтарлықтай  күрделі  мәселе  және 

сот  тыңдауларын  кейінге  қалдыру  немесе  кейінге 

шегерудің басты себебі ретінде айқындады

237

.

237



 Қараңыз, мысалы, Жекелеген сұхбат, судья 1, Ақтау қ. КТМАС, 23 

қыркүйек 2014 ж.; Жекелеген сұхбат, судья 2, Ақтау қ. КТМАС, 23 

қыркүйек 2014 ж.; Жекелеген сұхбат, судья 2, Өскемен қ. КТМАС, 

16  қыркүйек  2014  ж.;  Жекелеген  сұхбат,  судья  1,  Шымкент  қ. 

КТМАС, 17 қыркүйек 2014 ж.; Жекелеген сұхбат, судья 2, Шым-

кент қ. КТМАС, 17 қыркүйек 2014 ж.; Жекелеген сұхбат, судья 1, 

Қызылорда қ. КТМАС [күні көрсетілмеген]; прокурор 2, Алматы қ. 

КТМАС, 20 қыркүйек 2014 ж.; прокурор 1, Қызылорда қ. КТМАС, 9 

Кәмелетке  толмаған  жәбірленушіге/куәгерге  сотқа 

келу  керек  болғанда  заң  кәмелетке  толмағандарға 

бірқатар  маңызды  қорғаныс  құралдарын  ұсынады, 

бірақ олар халықаралық стандарттарға сай күшейтілсе 

де  болар  еді.  Кәмелетке  толмаған  тұлғаның  заңды 

өкілі (атап айтқанда, ата-анасы/қамқоршысысы) және 

педагог маман сол тұлғадан екі жақтан жауап алғанда 

қатысуы тиіс  және  кәмелетке толмаған тұлғадан  сот 

рұқсатымен айыпталушының қатысуынсыз жауап алы-

нуы тиіс деген екі талап бар

238

. Бірақ заң ата-ананың/



қамқоршының және педагог маманның соттағы рөлін 

нақтыламайды,  сонымен  қатар,  олар  төрағалық  етіп 

отырған  судьяның  рұқсатымен  кәмелетке  толмаған 

жәбірленушіге/куәгерге сұрақтар қоя алады. 

қыркүйек 2014 ж.

238


 Қылмыстық іс жүргізу кодексі РК 2014 ж., 371 бап, 3 бөлім.


жүктеу 4,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау