«Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы №1390 Қаулысы


Заңсыз еңбектенуге көшіп келушілерді жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы



жүктеу 1,02 Mb.
бет3/6
Дата18.12.2017
өлшемі1,02 Mb.
#4810
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Заңсыз еңбектенуге көшіп келушілерді жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» Заң, оның негізінде ішкі істер органдарында оларды тіркеу жолымен заңсыз еңбек мигранттарын заңдастыру бойынша біржолғы акция өткізу тетігі құрылды;

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң, онда елден шығарылған шетелдіктерге Қазақстан Республикасына кіруге тыйым салатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлік қызметін шетелдіктердің жүзеге асыру шарттарын айқындайтын нормалар енгізілген;

Ішкі істер органдарының рұқсаты бойынша жарақаттайтын қаруды сатып алуды, сондай-ақ тұрғындардан қаруды сатып алу үшін құқықтық база құруды көздейтін нормалар енгізу мақсатында «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң;

Нысанды киімді жеке және заңды тұлғалардың заңға қайшы пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті белгілеу мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке және заңды тұлғалардың нысанды және арнаулы киімді киіп жүруі (пайдалануы) мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң;

Кәмелетке толмағандардың демалатын және ойын-сауық мекемелерінде болу тәртібін белгілеу мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балалардың қадағалаусыз қалуының профилактикасы және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң;

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заң, онда жеке профилактика шаралары, оларды қолдану негіздері мен тәртібі нақтыланған, «қорғау нұсқамасы» енгізілді.

Барлық орталық және жергілікті атқарушы органдардың құзыретін айқындайтын бірыңғай профилактика жүйесін құру мақсатында «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заң.

Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтарды ұстау тәртібі мен негіздерін бекіту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдардың жобалары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауында жатыр.



Сонымен бірге құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы практика көрсеткендей, оларды заңнамалық деңгейде шешу қажеттігінде бірқатар проблемалар кездеседі.

Осылайша, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымы саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға бақылауды күшейту бөлігіне өзгерістер мен толықтырулар әзірлеуді талап етеді.



Объективті құқықтық статистиканы қалыптастыру мақсатында «қоғамдық орын» және «көше қылмысы» ұғымдарын нақтылау бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру қажеттігі туындады.

Бүгінде ішкі істер органдарында ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша жұмыс жеткіліксіз жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық профилактикасының проблемалық мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізу толық көлемде қолданылмайды.

Соңғы екі жылда тұрғындар арасында 5 акция («Сәлеметсіз бе, мен сіздің учаскелік инспекторыңызбын», «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн», «Танысуға рұқсат етіңіз», «Зорлық-зомбылықсыз отбасы», «Полиция және мектеп») өткізілді, бірақ олар эпизодтық сипатта болып келеді.

ІІМ жүйесінде көбіне бөлек-бөлек жұмыс істейтін автоматтандырылған деректер базасымен жасалған ақпараттардың елеулі массиві қалыптастырылды. Сонымен бірге қазіргі күні қалыптасқан криминогендік жағдайды талдау және болжау үшін осы мәліметтерді кешенді пайдалану қажеттігі туындап отыр. Осыған байланысты Бірыңғай ақпараттық-талдамалық орталық құру мәселесі пысықталуда.

Қылмысқа қарсы күрес саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту қолдағы байланыстарды күшейтуге және шетелдер мен құқық қорғау органдарының практикалық іс-қимыл жасасу тетігін кеңейтуге бағытталуы тиіс.

Қылмыстылыққа қарсы күрестің шартты құқықтық базасын дамыту бойынша жұмысты жалғастыру қажет.

Жан-жақты ынтымақтастықта Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымдары ауқымында құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасасуға назар аудару қажет. Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды жолға қою.

Еліміздің құқық қорғау органдарының БҰҰ-ның жобаларына және бағдарламаларына қатысуын жандандыру, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға және ЕҚЫҰ «Үштігінің» құрамына Қазақстанның төрағалық ету басымдықтарын іске асыру қажет.

Практикалық міндеттерді қоса отырып, екі жақты негізде Ресей Федерациясының, Қытайдың, Орта Азия елдерінің, Еуропа және АҚШ мемлекеттерімен құқық қорғау органдарының динамикалық байланысын жалғастыру.

Ұйымдасқан қылмыстың әртүрлі көріністеріне, терроризм және өзге де экстремизм көріністеріне, есірткі трафигіне, қаруды заңсыз дайындау және айналымына қарсы іс-әрекетте шекаралық ынтымақтастыққа ерекше назар аударылсын.

Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасын әзірлеу шеңберінде орын алған проблемаларды шешу бойынша позитивті халықаралық тәжірибе зерделенген болатын, бұл туралы қорытынды жасау осы қызметке бағдарламалық тәсілдер кеңінен таралған батыс елдерін алуға мүмкіндік береді.

Мақсатты бағдарлама құқық бұзушылыққа халықтың қатысуының негізгі ұйымдастырылған нысаны ретінде алынады. Осындай бағдарламаларда осы сияқты полицияның қызметі ықшамдалған және көбіне ағымдағы мәселелерге бастама жасаумен және оны шешумен шектеледі.

Мысалы, «Очисть и посей» («Weed&Seed») бағдарламасы АҚШ-тың федералдық ведомстволарының бастамасы бойынша жүргізіледі және құқық бұзушылықтар мен қылмыстар профилактикасы, коммунаны1 сауықтыру проблемасын шешуде инновациялық, кешенді, ведомствоаралық тәсіл болып табылады. Бағдарламаның мақсаты қауіпсіз қоршаған ортаны және оның тұрғындарының әлеуметтік дамуын қамтамасыз ете отырып, жекелеген аумақта зорлық-зомбылық қылмыстармен, есірткінің заңсыз айналымымен және қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың басқа да түрлерімен күресуді қамтиды.

Бағдарлама терт іргелі қағидатқа негізделеді: ынтымақтастық, үйлестіру, халықтың күш-жігері және ресурстарды біріктіру.

«Очисть и посей» бағдарламасын пайдалану тиімділігі (полицейлердің басқа да бастамаларының жиынтығымен) туралы Нью-Йорк қаласы бойынша берілген статистика куәландырады, онда оны іске асыру кезеңінде кісі өлтіру орташа есеппен 39%, пәтер ұрлығы 25% және автомобилдерді ұрлау 36% төмендеген.

Федералдық және жергілікті деңгейлерде қылмыстарды ескерту бағдарламасы іске асырылуда. Кейбір штаттарда құқықтық тәртіпті нығайтуға азаматтардың қатысуы көшелердегі тонаудың санын 30% темендетуге мүмкіндік берді.

Бүгінгі күні анағұрлым негізгілердің бірі қылмысты ескертудің виктимологиялық бағыты болып табылады. Ол үлкен материалдық шығынды қажет етпейді және барлық адамдарға тән өзін-өзі қорғауға деген талпынысты іске асырады.

Осылайша, Жапонияда қазіргі уақытта профилактикалық бейіндегі әртүрлі қоғамдық қозғалыстардың тармақталған желілері жұмыс істейді. Олардың ішінде ең белгілісі - Қылмысты ескерту ассоциациясы. Барлық жерлерде полицияның мектептермен және өнеркәсіп корпорацияларымен байланысы жөніндегі комитеттер жұмыс істейді. Осындай алдын алу шараларының нәтижесінде Жапонияда «түрме халқының» көрсеткіші 100 тұрғынға 50 тұтқыннан, бұл әлемдегі ең төмен көрсеткіш.

Жастар мен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шеңберінде мектеп және жоғары оқу орындарына арналған бағдарламалар қызығушылық тудыруда.

Мысалы, Батыс Еуропаның барлық оқу орындарында, бастауыш мектептерден бастап жоғары оқу орындарына дейін, полицейлердің қатысуымен қолданбалы виктимология бойынша дәрістер өткізіледі, оның нәтижелері бойынша ниет білдірушілер өзін-өзі қорғау тәсілдерін игеру және экстремалдық жағдайларда оңтайлы мінез-құлық дағдыларын үйрену мақсатында арнайы тренингтерден өте алады.

Осындай бағдарламалар әртүрлі санаттағы оқушылардың әлеуметке қарсы мінез-құлқының тәуекел факторлары санын төмендетуге бағытталған. Бұл бағдарламаларда ең бастысы оқушылар, ата-аналар мен жергілікті қауым арасында өзара тығыз іс-қимыл жасасуды орнату. Сонымен қатар онда оқу орны қабырғасында оқушылардың теріс мінез-құлқын (оның ішінде алкогольді, марихуананы тұтыну, темекі шегу) барынша төмендету және оқу қызметіне назар аудару көзделеді.

Осылайша, Германияда 2004 жылдан бастап балалар (-10,9%) және жасөспірімдер қылмысы (-4,3%) сияқты құқық бұзушылықтардың түрлері бойынша едәуір төмен көрсеткіштерге қол жеткізілді. Болгарияда кәмелетке толмағандар (14 жастан 17 жасқа дейін) жасаған қылмыстардың саны 100 мың тұрғынға шаққанда төрт жыл ішінде 4286-дан 2930-ға дейін, Румынияда 1958-ден 1379-ға дейін қысқарған.

Израильде осындай жұмыс мектепке дейінгі ұйымдарда «Мен және менің полицейім» жобасын іске асыру арқылы ұйымдастырылған.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұлттық бағдарламасы Австралияда, Австрияда, Болгарияда, Ұлыбританияда, Германияда, Грецияда, Данияда, Испанияда, Италияда, Канадада, Латвияда, Литвада, Малайзияда, Мексикада, Нидерландыда, Жаңа Зеландияда, Норвегияда, Польшада, Португалияда, Корея Республикасында, Ресейде, Сауд Аравиясында, Америка Құрама Штаттарында, Түркияда, Финляндияда, Швецияда, Японияда қолданыста.

Көптеген елдерде (Австралияда, Австрияда, Болгарияда, Италияда, Литвада, Малайзияда, Норвегияда, Корея Республикасында, Ресейде, Түркияда, Финляндияда) олар дара құжат ретінде жүреді.

Кейбір елдерде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұлттық бағдарламасына қосымша арнайы бағдарламалар әзірленеді. Корея Республикасында аварияны төмендетудің жалпы бағдарламасынан басқа қазіргі заманғы жоғары технологиялық навигациялық құралдарды қолдана отырып, «интеллектуалды көлік жүйесін» құру бағдарламасы жұмыс істейді.

Профилактиканың шетелдік тәжірибесін шолу батыс мемлекеттер өздерінің профилактикалық векторын қоғамдық ұйымдармен және халықпен тұрақты ынтымақтастыққа елеулі қайта бағыттағанын, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық мемлекеттік органдардың қызығушылығы мен жауапкершілігі планкасын көтергенін көрсетеді.

Осыған байланысты құқық бұзушылықтар профилактикасының салалық бағдарламасы шеңберінде зерделенген шетелдік жұмыс тәжірибесін қазақстандық полицияның қызметіне бейімдеуге болады деп ұйғарамыз.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасында осы бағытта белгілі бір шаралар қабылдана бастады.

Осылайша, соңғы уақытта қабылданған «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы», «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуын ескерту туралы» заңдарда құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың профилактикасында әрбір мемлекеттік органның құзыреті белгіленген, сондай-ақ осы жұмысқа азаматтық қоғам институттарының, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың қатысуы көзделген.



 

 

4. Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштері



 

Бағдарлама мақсаты:

Құқық бұзушылықтар профилактикасы әдістерін жетілдіру, қылмыстар мен құқық бұзушылықтың деңгейін төмендету, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

Баланың құқықтарын сақтау және олардың заңды мүдделерін қорғау жүйесін күшейту болып табылады.

Көрсетілген мақсаттарға жету үшін мынадай мақсаттарды шешу ұйғарылады:

кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы жөніндегі жұмысты жандандыру;

отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың, маскүнемдік пен алкоголизмнің профилактикасы;

есірткі қылмыс мен нашақорлықтың профилактикасы;

қылмыстың қайталануының профилактикасы;

қоғамдық орындар мен көшелердегі қылмыстың деңгейін төмендету;

жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы;

көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы;

табиғатты қорғау заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы;

мүліктік қылмыстарға қарсы іс-әрекет;

қару айналымы саласындағы қылмыстардың профилактикасы;

этносаралық және конфессияаралық қақтығыстардың профилактикасы мен ерте алдын алудың тиімді жүйесін құру;

жұртшылықпен және азаматтармен серіктестік;

нормативтік құқықтық базаларды жетілдіру;

құқық бұзушылықтар профилактикасын ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

құқық бұзушылықтар профилактикасы мәселесі бойынша кадрларды дайындау және олардың біліктілігін арттыру.

 

 

Салалық бағдарлама индикаторлары мен көрсеткіштерінің жүйесі

 

Міндеттерді орындауды қамтамасыз етуші бағдарламалық іс-шаралар

Іске асырылған бағдарламалық іс-шаралардан күтілетін нәтиже, (заттай мәнде), тиімділік

Индикаторлардың (көрсеткіштердің) маңызы

Базалық жыл

Болжанатын кезең

2011

2012

2013

Мақсат:

Нысаналы индикаторлар

Құқық бұзушылық профилактикасы әдістерін жетілдіру, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың деңгейін кеміту, республика аумағында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

10 мың халыққа шаққанда тіркелген қылмыстар саны

77

80

77

75

Баланың құқықтарын сақтау және олардың заңды мүдделерін қорғау жүйесін күшейту,

Панасыз және қадағалаусыздықтың деңгейі, %-да

9,4

9,0

8,5

8,0

Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстардың саны

4457

4200

4000

3800

Міндеттер:

Нәтижелердің көрсеткіштері

Кәмелетке толмағандар арасындағы панасыз және қадағалаусыз қалғандардың профилактикасы бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының жұмысын жандандыру

Панасыз және қадағалаусыз қалғандардың саны

7639

7300

6950

6600

Қорғау нұсқамалары шығарылды

55

75

95

100

Мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленді

-

50

100

150

Арнайы білім беру ұйымдарына жіберілді

296

300

310

320

Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілді

127

120

115

110

Кәмелетке толмағандар мен жастар арасында құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі жұмысты жандандыру.

Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың үлесі (тіркелген қылмыстардың жалпы санынан), %-да

5,9

5,2

5,0

4,8

Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың, маскүнемдік пен алкоголизмнің профилактикасы.

Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында жасалған қылмыстардың үлесі (тіркелген қылмыстардың жалпы санынан), %-да

0,9

0,7

0,6

0,5

Алкогольге мас күйде жасаған қылмыстардың үлесі (тіркелген қылмыстардың жалпы санынан), %-да

9,9

11,5

11,0

10,5

Қорғау нұсқамалары шығарылды

7986

8150

8500

9000

Есірткі қылмысы мен нашақорлықтың профилактикасы

Есірткіге мас күйде жасалған қылмыстардың үлесі (тіркелген қылмыстардың жалпы санынан), %-да

0,5

0,8

0,6

0,4

Заңсыз айналымынан алынған есірткі заттар көлемінің өсуі, кг-да.

27954

29000

30500

32000

Заңсыз айналымынан алынған опиаттар көлемінің азайуы, кг-да.

903,5

815

730

660

Қайталанатын қылмыстардың профилактикасы.

Бұрын сотталған адамдар жасаған қылмыстардың үлесі (тергелген қылмыстардың жалпы санынан), %

11,5

11,0

10,0

9,0

Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шешімдердің күші жойылды

161

200

220

250

Полицияның бастамасы бойынша әкімшілік қадағалау белгіленді

914

920

925

930

Қоғамдық орындар мен көшелерде қылмыстар деңгейін төмендету

Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың меншікті үлесі (КП желісі бойынша тіркелген қылмыстардың санынан), %-да

17,1

18,0

17,5

17,0

Көшелерде жасалған қылмыстардың меншікті үлесі (КП желісі бойынша тіркелген қылмыстардың жалпы санынан), %-бен

13,2

14,5

14,0

13,5

Жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы.

ЖКО-да қаза болғандардың саны

2898

2800

2650

2463

ЖКО-да зардап шеккендердің саны

12534

12100

11700

11281

Көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы.

Шетелдіктердің Қазақстанға заңсыз келуінің орташа ұзақтығы (күндер)

30

25

20

15

Табиғат қорғау заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы.

Әкімшілік құқық бұзушылықтардың саны (саны)

6204

6250

6300

6350

Қозғалған қылмыстық істер саны

585

595

600

630

Мүліктік қылмыстарға қарсы іс-қимыл.

Меншікке қарсы қылмыстардың меншікті үлесі (тіркелген қылмыстардың жалпы санында), %-да

62,5

66,0

64,0

62,0

Қару айналымы саласындағы қылмыстардың профилактикасы.

Атыс қаруын қолданып жасалған қылмыстар санының кемуі

465

430

400

390

Этносаралық және конфессияаралық қақтығыстардың профилактикасы мен алдын ала ескертудің тиімді жүйесін құру

Этникааралық және конфессияаралық қақтығыстардың туындауына әкеп соғуға қабілетті жолы кесілген қақтығыстардың саны

11

10

9

7

Жұртшылықпен және азаматтармен ынтымақтастық.

Құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдардың саны, оның ішінде:

5863

6300

6600

6900

жалпы білім беру мектептерінде

3902

4100

4300

4500

Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру.

Әзірленген заң жобаларының саны

 

-

2

-

Құқық бұзушылықтар профилактикасын ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді арттыру.

Жүргізілген жалпы республикалық әлеуметтік зерттеулердің саны

-

1

1

1

Жүргізілген жалпы республикалық акциялардың саны

2

4

5

6

ІІМ-нің ақпараттық-аналитикалық орталығын құру үшін техникалық-жұмыс құжаттамасын әзірлеу

-

-

-

1

Құқық бұзушылықтардың профилактикасы мәселелері бойынша кадрларды дайындау және біліктілігін арттыру.

Табиғат қорғау полиция қызметкерлері үшін өткізілген біліктілігін арттыру курстарының саны

-

1

2

2

 

Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері мен мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторларына жетуге жауапты мемлекеттік органдар:

Мемлекеттік органдар мен басқа да бағдарламаның негізгі қатысушыларының қызметін үйлестіруші және бағдарламаның іске асырылуы үшін жалпы жауапкершілікке ие Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі;

Бағдарламада көзделген іс-шараларды орындауды өз құзыреті шеңберінде жүзеге асырушы Қазақстан Республикасы әділет, қаржы, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, көлік және коммуникация, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері, сондай-ақ облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, елорда) атқарушы органдар.

 

 

ҚР Үкіметінің 2011.24.06. № 703


жүктеу 1,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау