«Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы №1390 Қаулысы



жүктеу 1,02 Mb.
бет1/6
Дата18.12.2017
өлшемі1,02 Mb.
#4810
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 11.10.2012 12:43:10
Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 1390 Қаулысы

(2011.01.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)



 

«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі Заңы 5-бабының 2) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2010 жылғы 30 желтоқсанға дейінгі мерзімде мәслихаттардың құқық бұзушылық профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған өңірлік бағдарламаларын қабылдауын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы



Үкіметінің

2010 жылғы 21 желтоқсандағы

1390 қаулысымен



бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған салалық

бағдарламасы

 

1. Паспорты

 

Атауы

 Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасы (бұдан әрі — Бағдарлама)

Әзірлеу үшін негіздеме

 «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2) тармақшасы;

 Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығының 5.8-тармағы

Бағдарламаны әзірлеуге және

іске асыруға жауапты

мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Мақсаты

 Құқық бұзушылық профилактикасының әдістерін жетілдіру, қылмыстардың және құқық бұзушылықтың деңгейін төмендету, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

 Баланың құқықтарын сақтау және олардың заңды мүдделерін қорғау жүйесін күшейту.

Міндеттері

 Кәмелетке толмағандар мен жастар арасында құқық бұзушылықтың профилактикасы бойынша жұмысты жандандыру;

 Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың, маскүнемдік пен алкоголизмнің профилактикасы;

 Есірткі қылмысы мен нашақорлықтың профилактикасы;

 Қылмыстың қайталануының профилактикасы;

 Қоғамдық орындар мен көшелердегі қылмыстың деңгейін төмендету;

 Жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы;

 Көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы;

 Табиғатты қорғау заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы;

 Мүліктік қылмыстарға қарсы іс-әрекет;

 қару айналымы саласындағы қылмыстардың профилактикасы;

 Этносаралық және конфессияаралық қақтығыстардың профилактикасы мен ерте алдын алудың тиімді жүйесін құру;

 Жұртшылықпен және азаматтармен ынтымақтастық;

 нормативтік құқықтық базаларды жетілдіру;

 Құқық бұзушылық профилактикасын ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

 Құқық бұзушылықтар профилактикасы мәселесі бойынша кадрларды дайындау және олардың біліктілігін арттыру.

Іске асыру мерзімдері

(кезеңдері)

2011 - 2013 жылдары

Нысаналы индикаторлары

 Елдегі қылмыстың деңгейі (10 мың тұрғынға);

 Қадағалаусыз және панасыз қалғандардың деңгейі;

 Кәмелетке толмағандар;

 отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында;

 алкогольге мас күйде;

 есірткіге мас күйде;

 бұрын жасалған;

 қоғамдық орындар мен көшелерде жасаған қылмыстардың үлес салмағы Жеке меншікке қарсы жасалған қылмыстардың үлес салмағы;

 ЖКО-да қаза болғандардың саны;

 ЖКО-дан зардап шеккендердің саны.

Қаржыландыру көздері мен көлемі

 Республикалық бюджет қаражаты.

 Қаржыландырудың болжанатын жалпы көлемі 156,295 млн. теңгені құрайды, оның ішінде:

 2012 жылы - 81, 288 млн. теңге,

 2013 жылы - 75,007 млн. теңге.

 2012 - 2013 жылдарға қарастырылатын сома тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.

 

 

2. Кіріспе



 

Әлеуметтік жағымсыз көрініс ретінде қылмыс ұғымы басты бағыты оны тудыратын себептерге ықпал ету болып табылатын алдын алудың тиісті стратегиясын көздейді.

Әлеуметтік басқару саласындағы қызметтің ерекше түрі бола отырып, профилактика қоғамдық қарым-қатынастарды жетілдіруге және құқық бұзушылыққа қарсы іс-әрекеттің кешенді шараларын қамтамасыз етуге бағытталған.

Құқық бұзушылықтың алдын алудың салалық бағдарламасын әзірлеу құқық бұзушылық профилактикасы проблемасын шешуде мемлекеттік деңгейде жүйелі және кешенді тәсілді жасау, сондай-ақ осы саладағы әлеуетті күшейту бойынша алдын ала қабылданып жатқан шараларды қаржылық және техникалық қолдау қажеттігінен туындады.

Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын, «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылықтарды ескерту мәселелері бойынша өзге де заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді іске асыру мақсатында әзірленді.



 

 

2. Ағымдағы жағдайды талдау

 

Мемлекеттің қылмысқа қарсы алдын ала қабылдап жатқан шаралары тек қана тіркелген қылмыстар санының өсуін (1-кесте) тоқтатуға мүмкіндік береді.

 

1-кесте. Тіркелген қылмыстардың саны

 

жылдар

тіркелгені, барлығы

% өскен, төмендеген

10 мың тұрғынға шаққандағы қылмыстылық

2005

146347

-9,3

96

2006

141271

-3,5

92

2007

128064

-9,3

83

2008

127478

-0,6

81

2009

121667

-4,6

77

2010 жылдың 10 айы

110412

10,8

82

 

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ҚСжАЕК

 

Сонымен қатар қылмыстылықтың шынайы көрінісі (оның латенттік бөлігін ескере отырып) барлық криминалдық көріністерді тоқтатуға құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың күшінің анық жетпейтінін көрсетеді. Бұл көп жағдайда құқық бұзушылық пен қылмыстылықты ескерту бойынша жұмысты жүргізудегі кемшіліктерге негізделеді.

Соңғы екі жылдағы жедел жағдайды талдай отырып, Қазақстан Республикасында криминалдық жағдай жалпы күрделі болып отырғанын атап өту қажет. Қылмыстылық мемлекет пен қоғамның барлық тіршілік ету саласына жағымсыз ықпал етіп, елдің әлеуметтік-экономикалық қалыптасуын бәсеңдетіп, оның халықаралық беделіне нұқсан келтіруін жалғастыруда.

2010 жылдың 8 айында 110 мыңнан астам қылмыс тіркелді, бұл 2009 жылдың осыған ұқсас кезеңіне қарағанда 10,8%-ға көп. Бұл ретте 10 мың тұрғынға шаққанда қылмыстылықтың деңгейі 75-тен 82-ге дейін өскен.

Қылмыстылықтың, оның ішінде ауыр және аса ауыр түрлерінің өсу үрдісін азайтуға, кісі өлтірудің, денсаулыққа ауыр зиян келтірудің, қарақшылық шабуылдың санын қысқартуға, топтық және жасөспірімдер қылмысының деңгейін төмендетуге қол жеткеніне қарамастан, 2009 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 2010 жылы:

тонау саны 17,4%-ға көбейді;

бөтеннің мүлкін ұрлау 25,0%-ға, оның ішінде пәтерлерден 39,8%-ға, мал ұрлау 12,5%-ға көбейді;

ұрлық саны 14,9%-ға және автомашиналарды айдап әкету 14,8%-ға көбейді;

қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны 41,5%-ға, оның ішінде көшелерде 37,6%-ға өсті;

қылмыстық жазаланатын бұзақылықтар саны 24,3%-ға өсті;

жалпы білім беретін мектептің оқушылары жасаған қылмыстар саны 12,3%-ға өсті;

бұрын қылмыс жасаған адамдар жасаған қылмыстар саны 3,7%-ға өсті;

алкогольге және есірткіге мас күйде жасаған қылмыстар саны 32,1%-ға өсті;

есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстар 14,8%-ға төмен анықталған.

Мемлекет басшысының 2010 жылғы 1 ақпандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық Даму жоспарымен (бұдан әрі - Стратегиялық жоспар - 2020) белгіленген міндеттердің бірі баланың құқықтарын сақтау және олардың заңды мүдделерін қорғауды күшейту болып табылады.



Жасөспірімдер қылмысының қолда бар үрдісі деңгейінің төмендегеніне қарамастан, кәмелетке толмағандар жасаған анықталған қылмыстардың жалпы санынан жалпы білім беретін мектептерде оқитындардың жоғары үлес салмағы (2-кесте) сол қалпы қалып отыр.

 

2-кесте. Мектепте оқитындар жасаған қылмыстардың үлесі

 

жылдар

Анықталған кәмелетке толмағандар

олардан

Мектепте оқитындар

Үлес салмағы %

2005

8608

4424

51,4

2006

8799

4274

48,6

2007

8344

3937

47,2

2008

7519

3297

43,8

2009

6651

3302

49,6

2010 жылдың 10 айы

4910

2651

54,0

 

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ҚСжАЕК

 

Республика бойынша жалпы әрбір 15-ші ауыр қылмысты, әрбір 20-шы кісі өлтіруді, әрбір 16-шы денсаулыққа ауыз зиян келтіруді, әрбір 8-ші қарақшылықты, әрбір 5-ші тонауды және әрбір 13-ші ұрлықты кәмелетке толмағандар жасайды.

Жыл сайын ішкі істер органдарында әртүрлі құқық бұзушылығы үшін 100 мыңға жуық кәмелетке толмаған жасөспірімдер жеткізіледі, олардың 9 мыңнан астамы немесе жеткізілгендердің жалпы санының 9,4%-ы панасыз және қадағалаусыз қалған балалар.

Соңғы жылдары профилактикалық шаралардың нашарлауының нәтижесінде мас күйде жасаған қылмыстардың (3-кесте) өскені байқалады, оның үлесіне әрбір 10-шы қылмыс, оның ішінде әрбір 2-ші кісі өлтіру кіреді.

 

3-кесте. Mac күйде жасаған қылмыстардың динамикасы

 

жылдар

барлығы

% өскен, төмендеген

үлес салмағы %

2005

7879

-9,2

9,2

2006

6866

-12,9

7,9

2007

6272

-8,7

7,6

2008

6482

3,3

7,8

2009

8314

28,3

10,4

2010 жылдың 10 айы

8165

32,1

12,8

жүктеу 1,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау