Дереккөз: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ҚСжАЕК
Қазақстандағы ресми статистикалық деректер бойынша 51 366 есірткі құралдарын, психотроптық және уыттық заттарды тұтынатын адамдар тіркелген. 2009 жылы олардың саны 56 188 (-8,6%) құраған.
30 жасқа дейінгі жастарға 53,8% есепке алынғандарға сәйкес келген, олардың саны 2009 жылмен салыстырғанда 6,7% (29 572-ден 27 653-ке дейін) төмендеген.
Есірткі құралдары мен психотроптық заттарды тұтынушылар 8,2% (52 516-дан 48 212-ге дейін), оның ішінде «нашақор» диагнозымен 9,2% (36 823-тен 33 436-ға дейін) төмендегені байқалады.
Есепте тұратын әйелдер мен кәмелетке толмағандар санының төмендеу үрдісі қалыпты сақталуда.
Бұл ретте есепте тұрған әйелдер санының төмендеуі: 2006 жылы - 2,9% (4940-тан 4795-ке дейін), 2007 жылы - 1,2% (4737-ге дейін), 2008 жылы -(4743) осы деңгейде қалған, 2009 жылы - 7,7% (4380-ге дейін), ағымдағы жылы - 6,8% (4559-дан 4251-ге дейін) құрады.
Осыған ұқсас кәмелетке толмағандар санының төмендеуі: 2006 жылы -6,8% (4843-тен 4513-ке дейін), 2007 жылы - 9,1% (4104-ке дейін), 2008 жылы -6,5% (3836-ға дейін), 2009 жылы - 4,0% (3681-ге дейін), ағымдағы жылы -19,1% (3939-дан 3188-ге дейін) құрады.
Ағымдағы жылы құқық қорғау органдары 5079 (-8,6%), оның ішінде ішкі істер органдары 4817 (-8,3%), ҰҚК - 180 (+1,1%), Қаржымині КБК - 77 (-33,6%) есірткі қылмысын анықтады.
Тіркелген есірткі қылмысының негізгі үлесі ішкі істер органдарына тиесілі және 94,8% құрайды.
Есірткі сатудағы 1588 (+14,6%) фактісі анықталды, оның негізгі үлесін ІІМ - 1433 немесе 90,2% (+16,1%), ҰҚК - 144 немесе 9,1% (+5,9%), КБК - 9, немесе 0,6% (-25,0%)) анықтады.
Ағымдағы жылдың басынан бастап заңсыз айналымнан 10 т. 968 кг. (2009 - 7 т 799 кг, +40,6%) есірткі алынды:
ІІМ - 8 т 449 кг (53,1%), ҰҚК - 2 т 219 кг (9,2%), КБК - 299,5 кг (28,4%).
Рецидивті (қайта жасалған) қылмыстың қалыпты өсу үрдісі байқалады: егер 2005 жылы төмендеуі 8,9% құраса, 2009 жылы өсуі 9,8%, 2010 жылдың 10 айында 3,7% құраған. Бұл ретте еліміз бойынша жалпы бұрын сотталған адамдар әрбір 9-шы кісі өлтіруді, әрбір 11-ші денсаулыққа ауыр зиян келтіруді, әрбір 5-ші қарақшылық пен әрбір 7-ші тонауды жасайды.
Қоғамдық орындар мен көшелердегі қылмыстылық жағдайы қауырттық күйде қалып отыр, олардың өсуі 2009 жылы 6,4% (2005 жылы - 13%) құрап, үлес салмағы 17,1% (2005 жылы - 12,8%) жетті. 2010 жылдың 10 айында осындай қылмыстар тиісінше 41,5% және 37,6%-ға жетті. Жағдайды түзету үшін қоғамдық тәртіпті сақтауға жұмылдырылған полицияның кешенді күштерін жедел басқарудың тиімділігін арттыру, бағыттарды патрульдеудің жаңа нысандары мен әдістерін дамыту, едәуір криминогенді аумақтарда бейне бақылау жүйесін кеңінен пайдалану, сондай-ақ стационарлық полиция бекеттерін және полицияның жылжымалы пункттері паркін ұтымды пайдалану бойынша кешенді шаралар қабылдау қажет.
Соңғы бес жылда Қазақстанның жолдарында жол-көлік оқиғасынан 18 мыңнан астам адам қаза болып, 87 мыңға жуық адам жарақат алған (4-кесте).
4-кесте
Жылдар
|
ЖКО
|
Қаза болғаны
|
Жарақат алғаны
|
ЖКО салдарының ауыртпалығы
|
Саны
|
+/-, %
|
Саны
|
+/-,%
|
Саны
|
+/-, %
|
2005
|
14517
|
-5,1
|
3 374
|
7,6
|
17 422
|
-7,3
|
16,2
|
2006
|
16 038
|
10,5
|
4 271
|
26,6
|
19 389
|
11,3
|
18,1
|
2007
|
15 942
|
-0,6
|
4 365
|
2,2
|
18 951
|
-2,3
|
18,7
|
2008
|
13 739
|
-13,8
|
3 351
|
-23,2
|
16 400
|
-13,5
|
17,0
|
2009
|
12 534
|
-8,8
|
2 898
|
-13,5
|
14 788
|
-9,8
|
16,4
|
Тек 2009 жылы 12534 ЖКО-да 2898 адам қаза болып, 14788 адам зақымданған.
Елді мекендердің көше-жол желісінде 67,6% немесе 8476 ЖКО жасалып, онда 1070 қаза болып, 9505 адам жарақат алған.
Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында әрбір бесінші (немесе 2634) ЖКО жасалып, онда 1321 адам қаза болып, 3453 адам жарақат алған. Халықаралық және республикалық маңызы бар жолдарда ЖКО салдарының өте жоғары ауыртпалығын сипаттайды, 2009 жылы осы көрсеткіш 100 зардап шегушінің 28-нің қаза болуын құрады, бұл елді мекендердегі (10) ЖКО салдары ауыртпалығының 2,5 есе асады.
2009 жылы жүргізушілердің кінәсінен 10983 ЖКО жасалды, бұл барлық оқиғалардың 87,6% құрайды, онда 2709 адам қаза болып, 13359 жарақат алған.
Қозғалыстың жылдамдық режимін арттырғаннан 3118 ЖКО болған, олардың үлесі барлық оқиғалардың 24,9% құрады. Автомобильдің қозғалыс жылдамдығы — жолда жарақат алу проблемасының шешуші факторы. Ол ЖКО-ның пайда болу қаупіне және оқиғаның салдары болып табылатын жарақаттарға ықпал етеді.
Елімізге қарудың, есірткілердің, қылмыскерлер мен экстремистердің енуіне ықпал ететін криминалдық шиеленіс заңсыз көші-қонды күшейтеді. Заңсыз көші-қон арналарын жабу бойынша құқық қорғау органдарының күші және басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасуы жеткіліксіз болып отыр. Қазіргі уақытта көші-қон жағдайы республикада еңбек көші-қоны көлемінің өсуімен, заңсыз көші-қон ауқымының өсуімен, қаңғыбастардың, сондай-ақ қарқынды ішкі көші-қонның болуымен сипатталады.
2010 жылдың басынан бастап ішкі істер органдарында 865 мың, тиісінше 2009 жылы 813 (+6%) шетелдік тіркелген.
Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 122,5 мың, 2009 жылы - 113,0 мың (+7,7%) шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сот тәртібімен 12873 шетелдік, тиісінше 2009 жылы 11947 (+7,1%) шетелдік елден тыс жерлерге шығарылды.
Шетелдік еңбек күшін заңсыз пайдаланғаны үшін 1576 жұмыс беруші, тиісінше 2009 жылы 1359 (+13,7%) жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 242, 2009 жылы 269 (-10%) қылмыстық іс қозғалған. 254 (221, +12,9%) адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы ҚК-нің 330-2-бабы бойынша заңсыз көші-қонмен байланысты қылмыстарды анықтау бойынша жұмыс нашар жүргізілуде. Ағымдағы жылы барлығы 15 қылмыстық іс, тиісінше 2009 жылы 11 қылмыстық іс қозғалған.
Қалалық және аудандық деңгейдегі ішкі істер органдары Қазақстан Республикасында сыртқы көші-қон ағындарын есепке алуға арналған «Бүркіт» Бірыңғай ақпараттық жүйесінің мүмкіндігін толық пайдаланбайды. Сонымен қатар осы бағыттарда сыртқы көші-қон саласындағы есепке алудың жаңа тетігін әзірлеу қажет.
Республика бойынша жалпы 4 мыңнан астам табиғат қорғау заңнамасын бұзушылық анықталды. Экономикалық қылмыстар (213), сондай-ақ ұрлау, заңсыз сатып алу немесе объектілер мен биологиялық өнімдерді өткізу фактісі бойынша 340 қылмыстық іс қозғалды, 3,5 мың құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 7 млн. теңгеден астам айыппұл өндіріліп алынды.
Орал-Каспий бассейінінің аумағында браконьерлікке қарсы күреске ерекше назар аударылды, онда ішкі істер органдары заңсыз аулау, балықтар мен олардың өнімдерін сатып алу немесе сату фактілері бойынша 184 қылмыстық іс қозғалды, олардың 115-1 сотқа жолданды. Заңсыз ауланған 82 тоннадан астам балық, олардан 4,3 тонна бекіре тұқымдас, сондай-ақ 1,5 мың балық аулау құралы, 26 жүзу құралдары алынды.
Сонымен бірге экология саласында құқық қолдану практикасын зерделеу табиғатты қорғау заңнамасын бұзуды ескерту және анықтау бойынша ішкі істер органдарының жұмысының тиімділігі жеткіліксіз жүргізілуде, экологиялық қылмыстарды ашу және тергеу бойынша тиісті шаралар қабылданбайды. Қозғалған қылмыстық істің жалпы санынан тек үшіншісі ғана сотқа жетеді. Бұл негізінен ішкі істер органдары қызметкерлері біліктілігінің төмендігіне және осы саладағы қылмыстардың жолын кесудің, анықтаудың, ашудың және тергеудің бірыңғай әдіснамасының болмауына байланысты.
Мүліктік қылмыстарға қарсы іс-әрекет бойынша (ұрлық, тонау, қарақшылық және автокөлікті айдап кету) алдын ала шаралар тиімсіз болып қалуда (5-кесте).
5-кесте. Мүліктік қылмыстың жекелеген түрлерінің динамикасы
|
2005 ж.
|
2006 ж.
|
2007 ж.
|
2008 ж.
|
2009 ж.
|
2010 жылдың 10 айы
|
ұрлық
|
63141
|
59322
|
51482
|
52696
|
49004
|
49625
|
тонау
|
13064
|
12607
|
10930
|
11231
|
9274
|
8913
|
қарақшылық
|
3002
|
2474
|
1994
|
1950
|
1623
|
1357
|
айдап кету
|
2054
|
2410
|
2411
|
2134
|
1930
|
1837
|
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ҚСжАЕК
Осы жағдай криминалдық полиция бөліністерінің жедел ұстанымының, сондай-ақ мақсатқа бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде әкімшілік полиция қызметтерімен бірге өзара іс-қимылдың нашарлауына негізделген.
Соңғы жылдары жалпы еліміз бойынша атыс қаруын қолданумен жасалатын қылмыстар санының өскені байқалады, оларды қолданумен кісі өлтіру сияқты аса ауыр қылмыс түрлері, денсаулыққа ауыр зиян келтіру және қарақшылық жасалуда (6-кесте).
6-кесте. Атыс қаруын қолданумен жасалған қылмыстардың динамикасы
|
2005 ж.
|
2006 ж.
|
2007 ж.
|
2008 ж.
|
2009 ж.
|
2010 жылдың 10 айы
|
барлығы
|
474
|
429
|
469
|
379
|
465
|
209
|
кісі өлтіру
|
99
|
71
|
89
|
79
|
111
|
78
|
адам өліміне
|
|
|
|
|
|
|
әкелетін
|
|
|
|
|
|
|
денсаулыққа
|
-
|
2
|
1
|
3
|
5
|
11
|
ауыр зиян
|
|
|
|
|
|
|
келтіру
|
|
|
|
|
|
|
қарақшылық
|
112
|
84
|
107
|
84
|
93
|
83
|
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ҚСжАЕК
Бұл ретте осындай қылмыстың 76%-дан астамы тіркелмеген атыс қаруымен жасалған, бұл заңсыз қару айналымы арналарын анықтау бойынша жұмыстың нашарлығын көрсетеді. Жойылған және ұрланған қаруды (тек қана 2009 жылы осындай 305 факті тіркелген) анықтау бойынша жұмыс тиісті деңгейде ұйымдастырылмаған.
Атыс қаруын есепке алуды тиісті ұйымдастыру үшін республикалық гильзотекаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасына әкелінетін азаматтық және қызметтік қаруға сынақ жүргізуге арналған мамандандырылған зертханалар құруды қажет етеді.
Стратегиялық жоспар - 2020 «Ұлтаралық келісімді, қауіпсіздікті, халықаралық қарым-қатынасты қамтамасыз етудің» басты бағыты шеңберінде этносаралық және конфессияаралық қақтығыстардың профилактикасы мен ерте алдын алудың тиімді жүйесін құру бойынша міндеттер қойылды.
Ішкі істер органдары соңғы жылдары қақтығыс жағдайларға олардың жаппай, оның ішінде ұлтаралық негіздегі тәртіпсіздікте өршуінің ерте алдын алумақсатында мониторинг жүйесін енгізді. Осылайша, 2008 жылы ІІМ-нің Ғылыми-зерттеу институтының жанында Криминогендік жағдайдың мониторингі орталығы құрылды. Осы мәселе бойынша мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ Қазақстан халқы ассамблеясы және кіші ассамблеялары арасында өзара тығыз іс-қимыл жасасу және ақпарат алмасу жолға қойылды.
2009 жылы уақтылы шаралар қабылдаудың нәтижесінде этносаралық және конфессияаралық қақтығысты арандатуы мүмкін криминалдық-тұрмыстық негіздегі 11 қақтығыстың жолы кесілді.
Сонымен бірге жағдайды талдау көрсеткендей әлеуметтік шиеленістің едәуір өршуінің қауіпті ошағы шетелдік капиталдың қатысуымен құрылған кәсіпорынның еңбек ұжымы болып табылады, олардың көбі еліміздің батыс өңірінде жинақталған.
Құқық қорғау органдарының жұртшылық пен азаматтармен жұмысын жандандыруды талап етіледі. Бүгінде еліміз бойынша «Азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуы туралы» Заңға сәйкес құқық қорғауға бағытталған 6 мыңнан астам (2008 ж. - 4154, 2009 ж. - 5863) қоғамдық құрылым қызмет етеді, оған 41 мың адам қатысады. Олардың қатысуымен 2,5 мыңнан астам қылмыс ашылып, 35 мың құқық бұзушылық анықталды.
Сонымен қатар криминогендік жағдайды талдау көрсеткендей, осындай құрылымдардың желісін жалпы білім беретін мектептерде кеңейту қажет.
Ішкі істер министрлігі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының және Орыс православие шіркеуінің басшыларымен маскүнемдік пен алкоголизмнің алдын алу мәселесі бойынша ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.
Азаматтық қоғам институттарымен құқық қорғау органдары ынтымақтастығының әртүрлі нысандарын белгілеу Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығында атап өткендей, құқық бұзушылық профилактикасындағы негізгі басымдықтардың бірі болуы тиіс.
Соңғы жылдары Ішкі істер министрлігі қоғамдық тәртіпті және құқық бұзушылық профилактикасын қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша үлкен жұмыс атқарды. 2006 жылдан бастап 2010 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының мынадай заңдары әзірленіп, қабылданды:
«
Достарыңызбен бөлісу: |