Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы



жүктеу 80,6 Kb.
бет16/16
Дата10.11.2022
өлшемі80,6 Kb.
#40093
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
еңбек туралы заң

104-1-бап. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілеттi мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекторларының міндеттерi
Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекторлары:
1) өз құзыреті шегінде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органды Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының бұзылу фактілері туралы хабардар етуге;
2) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанға сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы талаптарының орындалу жай-күйі туралы ақпаратты жүргізуге және оны тоқсан сайын еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға табыс етуге міндетті.
105-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторлары беретiн ұйғарымдардың түрлерi
1. Еңбек туралы заңдардың талаптары бұзылуының анықталуына қарай бақылаудың нәтижелері бойынша нақты құқықтық ықпал ету шараларын қолдану мақсатында мемлекеттiк еңбек инспекторлары осы Заңда қарастырылған еңбек жағдайларының анықталған бұзылуын жою туралы ұйғарым бередi.
2. Ұйғарымдардың нысандары мен оларды беру тәртібiн еңбек жөнiндегі уәкілетті мемлекеттiк орган белгілейдi.
106-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекторлары берген ұйғарымдарды орындаудың мiндеттiлiгі
Еңбек туралы заңдар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк еңбек инспекторлары берген ұйғарымдар меншiк нысандарына қарамастан барлық ұйымдардың орындауы үшін мiндеттi.
107-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторларының iс-әрекетiне шағым жасау
Мемлекеттiк еңбек инспекторларының іс-әрекетіне заңдарда белгiленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Шағым жасалу берiлген ұйғарымдардың орындалуын тоқтата тұрмайды.
108-бап. Қоғамдық бақылау
Қызметкерлердің өкілдері өздері мүдделерін білдіретін қызметкерлердің жеке еңбек, ұжымдық шарттары талаптарының орындалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.
2004.23.12 N 20-III ҚР Заңымен 109-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
109-бап. Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы бұзылғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев

жүктеу 80,6 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау