Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы


-бап. Ұжымдық шарт жасасу туралы шешiм қабылдау құқығы 2004.23.12 N 20-III ҚР Заңымен



жүктеу 80,6 Kb.
бет8/16
Дата10.11.2022
өлшемі80,6 Kb.
#40093
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
еңбек туралы заң

32-бап. Ұжымдық шарт жасасу туралы шешiм қабылдау құқығы
2004.23.12 N 20-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Бiр немесе бiрнеше жұмыс берушi (олардың өкiлдерi) және бір немесе бiрнеше қызметкерлердiң өкiлдерi ұжымдық шарттар жасасу мақсатымен келiссөздер жүргiзедi.
Ұжымдық шарт жасасу жөнiндегi келiссөздердi бастау туралы ұсыныспен екiншi тараптан хабарлама алған тарап он күн мерзiм iшiнде оны қарауға және келiссөздерге кiрiсуге мiндeттi.
2. Жұмыс берушi ұжымдық шарттар жасасатын тараптардың барлық өкiлдерiмен келiссөздер жүргiзедi.
2004.23.12 N 20-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Ұйымда бiрнеше кәсiптiк одақтар болған кезде олар келіссөздер жүргiзу, ұжымдық шарттың жобасын дайындау және оған қол қою үшiн бiрыңғай өкілдi орган құра алады. Бұл ретте олардың әрқайсысына бірыңғай орган құрамында келіссөздер жүргізу жөнінде өздері аттарынан өкілдік етілетін кәсіптік одаққа мүше қызметкерлер санына тепе-тең өкілдік принципі негізде өкілдік етуге құқық беріледі.
Кәсiптiк одақтың мүшесi болып табылмайтын қызметкерлер жұмыс берушімен өзара қарым-қатынаста өз мүдделерін бiлдiру үшін кәсіподақ ұйымының органына да, сол сияқты өзге де өкiлдерге уәкiлеттік беруге құқылы.
4. Келiссөздер жүргiзiлетiн уақытқа келiссөздер жөнiнде екiжақты комиссия құрылады, оған екi жақтан да тең мөлшерде өкiлдер енедi.
33-бап. Ұжымдық шарттың мазмұны және құрылымы
2004.23.12 N 20-III ҚР Заңымен 1-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
1. Ұжымдық шарттың мазмұнын келiссөздер жөнiндегi екiжақты комиссияда тараптар белгiлейдi.
Ұжымдық шартта бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер қойылатын бiлiктілiк талаптарына сәйкес келген жағдайда оларды жұмысқа қабылдау туралы талап болуы мүмкiн.
2. Ұжымдық шарт:
оның қолданылу мерзiмi туралы;
орындалуын бақылау тәртiбi туралы;
шарт талаптарының орындалмағаны үшiн жауапкершiлiк туралы;
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi туралы ережелердi қамтиды.
3. Ұжымдық шарттардың ережелерi қызметкерлердiң құқығын шектемеуi, еңбек жағдайларын нашарлатпауы және заңдарда белгiленген кепiлдiктердi бұзбауы керек.
2004.23.12 N 20-III ҚР Заңымен 34-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
34-бап. Ұжымдық шартты әзiрлеудiң, жасасудың және мониторингінiң тәртiбi
1. Ұжымдық шарттың жобасын дайындау мен оны комиссияның қарауына енгiзуге тараптардың кез келгенi бастамашы болуы мүмкiн.
Жобаны ұйымның қызметкерлерi мiндеттi түрде талқылауға тиiс. Жобаны талқылау нысанын қызметкерлердiң өздерi анықтайды.
Жобаны комиссия келiп түскен ескертпелер мен ұсыныстарды ескере отырып пысықтайды.
2004.23.12 N 20-III ҚР Заңымен бап 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Ұжымдық келіссөздер тараптары ұжымдық келiссөздер жүргізу үшін қажеттi өздерiнде бар ақпаратты бiр-бiрiне ұсынуға тиіс.
2004.23.12 N 20-III ҚР Заңымен бап 1-2-тармақпен толықтырылды
1-2. Келiссөздерге қатысушылар алынған мәлiметтердi, егер бұл мәлiметтер мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылса, жария етуге құқылы емес.
2004.23.12 N 20-III ҚР Заңымен бап 1-3-тармақпен толықтырылды
1-3. Егер тараптар ұжымдық келiссөздер барысында қаралып отырған кейбір мәселелер бойынша келiсiмге келе алмаса, реттелмеген мәселелер келiспеушiлiктер хаттамасына енгiзіледi және олар бұдан кейiнгi келiссөздердiң нысанасы болуы мүмкін.
2004.23.12 N 20-III ҚР Заңымен бап 1-4-тармақпен толықтырылды
1-4. Тараптар қол қойған ұжымдық шартты мониторинг жүргізу үшін жұмыс берушi бір ай мерзімде еңбек жөнiндегі уәкiлетті мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшесіне беруге мiндетті.
2004.23.12 N 20-III ҚР Заңымен 2-тармақ толықтырылды
2. Тараптардың келiсiмiне қол жеткiзiлген жағдайда ұжымдық шарт кемiнде екi дана етiп жасалады және оларға тараптардың өкiлдерi күнтiзбелiк он күн ішінде қол қояды.
35-бап. Ұжымдық шарттың қолданылу мерзiмдерi мен аясы
1. Ұжымдық шарт тараптар белгiлейтiн мерзiмге жасалады.
2. Егер ұжымдық шарттың ережелерiнде өзгеше көзделмесе, ол қол қойылған кезден бастап күшiне енедi және тараптардың орындауы үшiн мiндеттi болады.
2004.23.12 N 20-III ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Ұжымдық шарттың күші ұжымдық шартқа өз атынан қол қойған қызметкерлерге қолданылады.
3. Ұжымдық шарт ұйымды басқару органының құрылымы, құрамы өзгерген жағдайда күшiнде қалады және қолданыла бередi.
4. Ұжымдық шарт ұйымды қайта ұйымдастыру (бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) кезеңiнде өз күшiн сақтап қалады. Кейiннен ұжымдық шарт тараптардың бiрiнiң бастамасы бойынша қайта қаралуы мүмкiн.
2004.23.12 N 20-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Ұйымның меншiк иесі және мүлкi ауысқан жағдайда ұжымдық шарттың қолданылуы үш ай бойы сақталады. Осы кезеңде тараптар жаңа ұжымдық шарт жасасу немесе қолданылып жүрген шарттың сақталуы, өзгертiлуi және толықтырылуы туралы келiссөздер бастауға құқылы.
6. Ұйым таратылған және ол банкрот деп жарияланған жағдайда тарату немесе банкроттық туралы тиiстi шешiм қабылданған кезден бастап ұжымдық шарттың қолданылуы тоқтатылады.
7. Ұжымдық шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде оған өзгерiстер мен толықтырулар тараптардың өзара келiсуi бойынша ұжымдық шартта белгiленген тәртiппен ғана жүргiзiледi.
8. Тараптардың өкiлдерi қызметкерлердi ұжымдық шартпен таныстырып, оларға орындалу барысы туралы хабарлап отыруға мiндеттi.
2004.23.12 N 20-III ҚР Заңымен 35-1-баппен толықтырылды

жүктеу 80,6 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау