|
Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы
|
бет | 14/16 | Дата | 10.11.2022 | өлшемі | 80,6 Kb. | | #40093 |
| еңбек туралы заң11-тарау. Еңбек даулары
97-бап. Еңбек дауларын қарау тәртiбi
Еңбек даулары тараптардың келісімi бойынша немесе сот тәртiбiмен қаралады.
Еңбек дауларын соттарда қарау тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
98-бап. Еңбек дауларын қарайтын органдар және оларды қарау тәртібі
Тараптардың келісімімен еңбек дауларын келiсiм комиссиясы қарауы мүмкін.
99-бап. Келiсiм комиссиясын ұйымдастыру және оның құзыретi
Келiсім комиссиясы тараптардың бірлескен шешiмi бойынша жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң саны тең өкілдерінен тепе-тең негізде құрылады.
Қызметкерлердің өкілдерi келiсiм комиссиясына ұйымның жалпы жиналысында (конференциясында) сайланады.
Жұмыс берушінiң өкiлдерін ұйым басшысы тағайындайды.
Келiсiм комиссиясын ұйымдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жұмыс берушi жүзеге асырады.
Келiсiм комиссиясы өз құрамынан комиссияның төрағасы мен хатшысын сайлайды.
100-бап. Еңбек дауын қарау тәртiбi, шешiмнiң қабылдануы мен орындалуы
Келiсiм комиссиясы арыз берушiнiң өтiнiшiн ол берiлген күннен бастап үш күн мерзiмде қарайды. Оны қарау нәтижелерi бойынша келiсiм комиссиясының шешiмi қабылданып, арыз берушiге берiледi. Келiсiм комиссиясының арыз берушiнiң талабын қанағаттандырған шешiмiн қарсы тарап үш күн мерзiмде орындайды.
101-бап. Қызметкерлердi еңбек iстерi бойынша сот шығындарын төлеуден босату
Қызметкерлер еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын талаптар бойынша сотқа жүгiнген жағдайда олар мемлекет кiрiсiне сот шығындарын (мемлекеттiк баж бен iстiң қаралуына байланысты шығыстарды) төлеуден босатылады.
12-тарау. Осы заңның сақталуын бақылау
2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен 102- бап толықтырылды
102-бап. Еңбек туралы заңдардың сақталуын бақылау
Осы Заңның және еңбек туралы өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Ережеге сәйкес еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның мемлекеттiк еңбек инспекторлары жүзеге асырады.
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының осы Заңды және еңбек туралы өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауын - бақылауды Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 102-1-баппен толықтырылды
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|