Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы



жүктеу 80,6 Kb.
бет15/16
Дата10.11.2022
өлшемі80,6 Kb.
#40093
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
еңбек туралы заң

102-1-бап. Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасын сақтау жөніндегі тексеру, олардың түрлері мен нысандары
1. Тексерулер жоспарлы және жоспардан тыс болып бөлінеді.
Жоспарлы - алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген уақыт аралықтары ескеріліп жүргізілетін мемлекеттік орган жоспарлаған тексеру.
2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жоспарлы тексеру бір жеке немесе заңды тұлғаға қатысты жылына бір реттен аспайтындай, ал шағын кәсіпкерлік субъектісіне қатысты үш жылда бір реттен жиі болмайтындай етіп жүргізілуі мүмкін.
3. Жоспардан тыс тексерулерді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган немесе оның аумақтық бөлімшесі жеке немесе заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының міндетті талаптарын бұзғаны туралы өтініштер жасаған, сондай-ақ осындай бұзушылық белгілерінің болуы туралы куәландыратын құжаттармен және өзге де дәлелдемелермен расталатын өзге ақпарат алынған жағдайда жүргізеді.
Анонимді өтініштер жоспардан тыс тексеру жүргізуге негіз бола алмайды.
4. Тексеру ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс. Арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған ерекше жағдайларда, сондай-ақ тексеру көлемі ауқымды болған кезде мемлекеттік бақылау органының басшысы (не оны ауыстыратын адам) тексеру жүргізу мерзімін құрылымдық бөлімшесі жоқ заңды тұлғалар үшін күнтізбелік жиырма күнге дейін, ал құрылымдық бөлімшесі бар заңды тұлғалар үшін күнтізбелік отыз күнге дейін ұзартуы мүмкін.
103-бап. Бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік еңбек инспекторларының құзыретi
Осы Заңға сәйкес еңбек жағдайларының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк еңбек инспекторларының құзыретiне:
2004.23.12 N 20-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) жұмыс берушi мен қызметкердiң осы Заңды және еңбек қатынастарын реттейтін өзге де нормативтiк құқықтық актілерді сақтауын тексерулер арқылы бақылауды жүзеге асыру.
2) еңбек туралы заңдардың бұзылу себептерiн анықтау және талдау;
3) осы Заңның 105-бабына сәйкес бақылаудың нәтижелерi бойынша ұйғарымдар беру;
4) еңбек туралы заңдардың сақталуын бақылаудың нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi шараларды әзiрлеу;
5) құқық қорғау органдарымен және басқа да мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасау енедi.
104-бап Бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк еңбек инспекторларының құқықтары
Ұйымдарда еңбек туралы заңдардың сақталуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік еңбек инспекторларының:
1) осы Заңға сәйкес еңбек жағдайларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында тексеру жүргізу туралы белгiленген тәртiппен ресімделген қаулыны көрсеткен жағдайда ұйымдарға баруға;
2) қызметкер мен жұмыс берушіден осы Заңда көзделген құжаттар мен мәлiметтерді алуға;
3) тәртiп бұзушылық туралы актілер жасауға, осы Заңның бұзылуын жою туралы ұйғарымдар беруге, сотқа талап арызын беруге;
4) анықталған еңбек туралы заңдардың бұзылуына арналған құжаттарды ресімдеу кезінде белгiленген үлгідегi фирмалық бланкілерді, мөртаңбаларды пайдалануға құқығы бар.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексі қараңыз
2006.05.06. № 149-III ҚР Заңымен 104-1-баппен толықтырылды

жүктеу 80,6 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау