Ақмола облысы Көкшетау қаласы «№1 орта мектеп-гимназиясы» кмм қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



жүктеу 63,61 Kb.
Дата25.05.2018
өлшемі63,61 Kb.
#17488
түріСабақ

Ақмола облысы Көкшетау қаласы

«№ 1 орта мектеп-гимназиясы» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Ораз Зейнегуль Кудайбергенкызы
Қазақ тілі

Күні: 14.12.16

Сынып: 3 «Б» сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан картасы
Сабақтың мақсаты:
Білімдік мақсаты:
 Картаның солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс жақтарын таба алуға үйрету, қалалардың қайда орналасқанын айта алуға жаттықтыру, жатыс септігін қайталау, өткен сабақты жаңа сабақпен ұштастыру, тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгерту.
Дамытушылық мақсаты:  Ойын арқылы ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелік мақсаты: Отанымыздың қалаларын картадан тауып көрсетуге қызығушылықтарын арттыру, табиғатын, жерін қорғауға баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: «ҚР картасы», презентация, себеттегі кеспе қағаздары, бояма қағаздар, үнтаспа
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сөздік, сұрақ-жауап, жаттығу, сөзжұмбақ, көрнекілік, ойын, кері байланыс

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, география

Сабақ барысы: 
І. Ұйымдастыру бөлімі.

Сәлемдесу 
- Сәлеметсіздер ме, балалар! 
- Біздің сабағымызға қонақтар келіпті, қонақтармен амандасайық. 
- Сәлеметсіздер ме! 
- Отырыңыздар. 
Кезекшінің мәліметі:

- Сыныпта кезекші кім? 
- Сыныпта кімдер жоқ? 
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.

– Біздің Отанымыз қалай аталады?
– Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы.
- Біздің мекен-жайымыз қандай?
– Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы.

Дұрыс айтасыңдар, балалар. Ендеше, «бүгінгі күніміз нұрлы, өміріміз шуақты болсын» деп сабағымызды бастайық.



ІІІ. Жаңа сабақ.

Жаңа сабағымызды бастамас бұрын, ребус шешейік.



  • Ребустың шешуі: Карта.

  • Мынау қай елдің картасы?

  • Қазақстанның картасы.

  • Карта дегеніміз не?

  • Карта —  Жер бетінің  кішірейтіліп, жинақы түрде жазықтықта шартты белгілермен бейнеленуі.

  • Ендеше, біздің сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

  • Қазақстан картасы.

  • Дұрыс айтасыңдар, сабағымыздың тақырыбы – «Қазақстан картасы».

Сабағымыздың мақсаты: картамен жұмыс істей алуға; солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс жақтарын таба алуға, қалалардың қайда орналасқанын айта алуға үйрету; жатыс септігін қайталау; тақырып бойынша сөздік қорды меңгерту.

Балалар, жұмыс дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күн мен тақырыпты жазып қойыңдар.

1-тапсырма. Картамен жұмыс. Қазақстанның жері үлкен. Өзен-көлдері, таулары, ормандары бар. Қазақстанның солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс жақтарын көрсету.

Жаңа сөздер (жаңа сөздерді үнтаспадан тыңдату, сөздіктеріне жазғызу)

Солтүстік – север

Оңтүстік – юг

Батыс – запад

Шығыс – восток

2-тапсырма. Кесте бойынша оқы.

Солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс сөздері Қазақстан сөзімен бірге қолданылса, онда бас әріптен жазылып, қай Қазақстан екенін білдіреді. Мысалы, Солтүстік Қазақстан – Северный Казахстан.

Жатыc септік  (Местный падеж)

Жатыс септік кімде? (у кого?), неде? (у чего?), қайда? (где?), қашан? (ког­да?) деген сұрақтарға жауап береді.



Жатыс септік қимылдың, іс-әрекеттің болу орнын (үйде – дома), мекенін (Астанада — в Астане), кейде мезгілін (қыста-зимой) білдіреді.

Жатыс септік жалғаулары:



  • да,-де дауысты дыбыстардан кейін, үнді және ұяң дауыссыз дыбыстардан кейін жалғанады: қала-да (в горо­де);

  • та,-те қатаң және б, в, г, д ұяң дауыссыз дыбыстардан кейін жалғанады: клуб-та (в клубе), кітап-та (в книге).

Дәптермен жұмыс

3-тапсырма. Себеттен кеспе қағаздарын алып, сөздерге жатыс септігін жалға.

Солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс, Қазақстан, Көкшетау, Астана, Алматы



  • Тағы қандай Қазақстан қалаларын білесіңдер?

Сергіту сәті

4-тапсырма. Сурет бойынша қалалардың орналасуын анықта. Картамен жұмыс.

Астана, Алматы, Атырау, Өскемен қалалары Қазақстанның қай аймақтарында орналасқан?



5-тапсырма бойынша «Қатені жіберме» ойыны. Сөйлемдер оқылады, кей сөйлемдерде қателер жіберіледі. Қате жіберілген сөйлемдерде оқушылар шапалақтап мұғалімді тоқтатып, қатені түзетеді.

Мынау - Қазақстанның картасы. Мынау – Астана ауылы. Астана қаласы Шығыс Қазақстанда орналасқан. Мынау – Алматы қаласы. Ол Оңтүстік Қазақстанда орналасқан. Мынау – Атырау қаласы. Ол Батыс Қазақстанда орналасқан. Мынау – Өскемен көшесі. Өскемен қаласы Солтүстік Қазақстанда орналасқан. Картада өзен, көл, теңіз, мұхиттар ақ түспен беріледі.



ІV. Қорытынды.

Сабағымызды «Домино» ойынымен қорытындылайық.

Ойынның шарты: Әр сұрақ жеке парақшаларға жазылады және олардың жауаптары да жеке парақшаларға жазылады. Жауаптар топтағы барлық оқушыларға бірдей жақсы көрінетіндей столдың орта тұсына орналастырылады. Осыдан кейін оқушылар кезекпен сұрақтарды тартып ашады. Кім бірінші үлгереді, столдың ортасында жатқан жауаптардың ішінен дұрыс жауапты тауып алып, сұрақты жабады. Осылай сұрақтар біткенше жалғаса береді.


  1. Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана)

  2. Картада өзендер, көлдер, теңіздер, мұхиттар қандай түспен белгіленген? (көгілдір)

  3. Астана қаласы қайда орналасқан? (Солүстік Қазақстанда)

  4. «Өзен» сөзінде неше буын бар? (2 буын)

  5. Алматы қаласы қайда орналасқан? (Оңтүстік Қазақстанда)

  6. Атырау қаласы қайда орналасқан? (Батыс Қазақстанда)

  7. «Мұ-хит» сөзінің бірінші буыны қандай? (жуан)

  8. Өскемен қаласы қайда орналасқан? (Шығыс Қазақстанда)

  9. «Те-ңіз» сөзінің екінші буыны қандай? (жіңішке)

  10. Сен қайда тұрасың? (Көкшетау қаласында)

  11. «Көкшетау» сөзінде неше буын бар? (3 буын)

  12. Қазақстан жері қандай? (үлкен)

  13. Жалғастыр: Мен тұрамын. Сен тұрасың. Сіз тұрасыз. Ол ... (тұрады)

  14. «Ас-та-на» сөзінің үшінші буыны қандай? (жуан)

  15. Қазақстан Тәуелсіздігіне неше жыл толды? (25 жыл)

Ү. Кері байланыс

Сабақ ұнаса және тапсырманың бәрін сәтті орындаған болсаң, бәйтеректі жасыл түске; сабақта белгілі бір қиындық кездессе, сары түске; сабақ барысында кейбір тапсырмалар қиын болып, мұғалім көмегі қажет болған жағдайда қызыл түске боя.



ҮІ. Үйге тапсырма: Мәтінге сүйене отырып, Қостанай, Қызылорда, Өскемен, Ақтөбе қалаларының орналасуын жазыңдар.

ҮІІ. Бағалау
жүктеу 63,61 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау