Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі



жүктеу 5,1 Mb.
Pdf просмотр
бет6/83
Дата28.12.2019
өлшемі5,1 Mb.
#25267
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83

15 
 
Сізге  және  бізді  әдеппен  қарсы  алған  Сіздің  қызметкеріңізге  алғыс  білдіреміз. 
Осындай тәрбиелі азаматтардың болғанына қуаныштымын. Біздің отбасымыз, мен, 2-топ 
мүгедегі,  және инсульттан кейін төсек тартып жатқан менің анам Сізге алғыс білдіреміз. 
Көп рахмет! 
Я. 
 
Құрметті Асқар Оразалыұлы! 
Смоленск  облысындағы  Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкіл  Сізге  Ресей  Федерациясы 
азаматының  Қазақстан  Республикасындағы  еңбек  қызметін  растайтын  құжаттар 
бағытында  көрсеткен  көмегіңіз  үшін  шексіз  құрметпен  және  шын  жүректен  алғыс 
білдіреді. 
Адамның  құқықтары  менбостандықтарын  қорғау  саласында  бұдан  әрі  жемісті 
ынтымақтастыққа сенім білдіреміз.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


16 
 
2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің 
құзыреттерін жүзеге асыру, мемлекеттік органдармен, азаматтық 
қоғаммен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттесуі 
 
Ұлттық  құқық  қорғау  мекемелері  адам  құқықтары  мен  бостандықтарын 
қорғау  және  ынталандыру  мәселелерінде,  осы  құқықтар  мен  бостандықтар 
туралы  қоғамның  кең  түсінігін  қалыптастыруда  маңызды  әрі  конструктивтік 
рөлді атқарады. 
Адамның  құқықтары  қорғаумен  және  ынталандырумен  айналысатын 
ұлттық  мекемелердің  мәртебесіне  қатысты  Париж  қағидаларына  сәйкес  (БҰҰ 
Бас  Ассамблеясының  20.12.1993  жылғы  48/134  резолюциясымен  бекітілген), 
ұлттық  құқық  қорғау  мекемелері,  соның  ішінде  шағымдарды  алу,  қарастыру 
және  шешу,  таластарда  делдал  болу  және  мониторингтік  қызмет  арқылы 
адамның  құқықтарын  қорғауға;  сондай-ақ  білім  беру,  ақпараттық-насихаттау 
қызметі,  бұқаралық  ақпарат  құралдары,  жариялымдар,  кәсіби  дайындық  және 
әлеуетті  дамыту,  сондай-ақ  кеңес  беру  және  үкіметке  көмек  көрсету  арқылы 
адам құқықтарына жәрдемдесугеміндетті. 
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мекемесі 
өз  құзыреттерін,  нысандарын  және  жұмыс  тәсілдерінПариж  қағидаларына 
сәйкес максималды жүзеге асыруға талпынады және есептің осы бөлімінде олар 
туралы жалпы ақпарат келтіріледі.  
Есептік  жылы  Омбудсменге  түскен  өтініштер  мен  шағымдарда  көрініс 
тапқан  адам  құқықтарын  бұзу  фактілерін  тексеру  дәстүрлі  түрде  уәкілетті 
мемлекеттік  органдарға  сұрау  салу  арқылы,  үкіметтік  емес  ұйымдардың 
өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды тартумен шағымдар субъектілеріне шығумен 
бастамашылық тексерісті өткізу арқылы, ҮЕШ арнайы бару арқылы өткізілді. 
2018 жылы түскен 1226 шағым мен өтініш бойынша ұлттық құқық қорғау 
мекемесі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға, қоғамдық 
ұйымдарға, басқа елдердің омбудсмендеріне 1303 сұрау жіберді. 
Азаматтардың  құқықтары  бұзу  туралы  шағымдарда  көтерілген 
сұрақтарды талдау Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің лауазымдық тұлғаларға 
ұсыныстар  мен  өтініштерді  жолдауына  негіз  болды,  бұнда  азаматтар 
құқықтарының  бұзылуын  болдырмау  және  әлеуметтік  қанағаттықты 
қамтамасыз  ету  мақсатында  басты  назар  нақты  жағдайларды  реттеу 
қажеттілігіне аударылды.  
Есептік жылы мемлекеттік органдардыңұлттық құқық қорғау мекемесінің 
ұсыныстарын  қарау  бойынша  тиісті  емес  жұмысы  Адам  құқықтары  жөніндегі 
Уәкілдің  ҚР  Премьер-Министріне  жүгінуге  мәжбүр  еткенін  атап  өткен  жөн, 
бұнда мемлекеттік органдардың ұлттық құқық қорғау мекемесінің тиімді өзара 
әрекеттесуін  арттыру  қажеттілігі  аталды.  Бұл  Омбудсменнің  ұсыныстарына 
жекелеген  мемлекеттік  органдардың  жауаптарында  қажетті  және  уақтылы 
реакциясының, сондай-ақ әлеуметтік тұрғыдан аса маңызды және кең қоғамдық 
резонансты  тудыратын  мәселелер  бойынша  негізделген  позицияның 
болмауымен байланысты болды.  


17 
 
Омбудсменнің  жауап  беретін  басым  сұрақтардың  спектрі  азаматтардың 
денсаулығын  сақтау,  тұрғын-үй  құқықтары,  балалар  құқықтарын  және 
қоғамның  басқа  осал  топтарының  құқықтарын  қамтамасыз  ету,  құқық  қорғау 
және сот жүйесін реформалауға басым қатысты болды.  
Мәселелік  сұрақтар  және  жоғарыда  аталған  тақырыптар  бойынша 
ұсыныстар  Қазақстан  Республикасының  Премьер-Министріне,  Жоғарғы  Сот 
Төрағасына,  Бас  прокурорға,  білім  және  ғылым,  денсаулық  сақтау 
министрлеріне жолданған үндеулерде көрініс тапты.  
Елбасыға құқық қорғау мекемесінің 2017 жылғы қызметі туралы есеп хат 
жолданды, бұнда адам құқықтарын қорғау саласындағы маңызды сын-қатерлер 
және бұл бағыттағы жұмыстың негізгі нәтижелері сипатталды. 
ҚР Жоғарғы Сотымен ынтымақтастық туралы қолданыстағы меморандум 
шеңберінде  дәстүрлі  түрде  сот  тәжірибесін  жалпылау  тәртібімен  оның 
төрағасына  түскен  шағымдарды  талдау  бойынша  жүйелі  ақпарат  берілді, 
судьялардың  шешімімен  және  олардың әрекетімен  келіспеу  бойынша  олардың 
үлесі өтініштердің жалпы санынан 26%-дықұрады. 
Жоғарғы  сот  органы  басшысының  назары  азаматтардың  тергеу  және  сот 
процестері  барысында  қылмыстық-процестік  нормаларды  бұзу,  кінәсіздік 
презумпциясының  қағидаларын  сақтамау,  сотқа  дейінгі  тергеу  барысында 
азаптауларды  қолдану,  адвокатсыз  тергеуді  өткізу  фактілері  туралы 
өтініштеріне  аударылды.  Алқаби  институтын  ары  қарай  дамыту,  сондай-ақ 
олардың  судьялармен  құқықтық  қатынастарын  нормативтік  жетілдіру 
қажеттілігіне ерекше назар аударылды. 
Жоғарғы  Сотқа  жолдаған  басқа  үндеуінде  Омбудсмен  кепілдік  мүлікке 
банктік  қарызды  өндіріп  алу  және  аз  қамтылған  отбасылардың  несие  және 
ипотекалық  қарыздарды  төлеу  қабілетсіздігімен  байланысты  мәжбүрлеп 
үйлерінен  шығару  сот  тәжірибесін  жан-жақты  қарастыруды  ұсынды.  Үндеуде 
ипотекалық  қарыз  алушыларды  қолдау  бойынша  мемлекет  қабылдайтын 
шараларды  халықтың  әлеуметтік  тұрғыдан  осал  топтарына  жататын 
азаматтардың  жалғыз  тұрғын-үйін  сақтау  бөлімінде  максималды  түрде  ескеру 
ұсынысы көрініс тапты. 
Есептік жылдың басында емделушілердің аса осал санаты, атап айтқанда, 
онкологиялық  ауруларға,  эпилепсияға,  қант  диабетіне,  гемофилияға  душар 
болған  тұлғалар,  еліміздің  басым  өңірлерінде  емханалар  мен  дәріханаларда 
өмір үшін аса қажетті дәрі-дәрмектердің болмауы мәселесіне тап болды. 
Осыған  байланысты  Омбудсмен  Үкіметтің  және  Бас  прокуратураның 
назарын  «Халық  денсаулығы  және  денсаулық  сақтау  жүйесі  туралы»  ҚР 
Кодексіне  сәйкес  тегін  медициналық  көмектің  кепілдендірілген  көлемі 
шеңберінде 
азаматтарды 
дәрі-дәрмектермен 
үзбей 
қамтамасыз 
ету 
жауапкершілігі  жүктелген  жергілікті  атқарушы  органдардың  рөлін  күшейту 
қажеттілігіне аударды. 
Оңтүстік  Қазақстан  облысы  Сарыағаш  ауданының  Абай  ауылында 
тұратын  балаға  зорлық-зомбылық  жасауға  қатысты,  қоғамдық  резонансты 
тудырған  инцидентпен  байланысты  Омбудсмен  Бас  прокуратураның  назарын 


жүктеу 5,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау