Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі



жүктеу 5,1 Mb.
Pdf просмотр
бет5/83
Дата28.12.2019
өлшемі5,1 Mb.
#25267
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83

13 
 
Әйелдердің  құқықтарын  бұзу  туралы  өтініштер  есептік  жылы  1,4%-ды 
құрады.  Әйелдерге  қатысты  тұрмыстық  зорлық-зомбылықты  қолдану  және 
еңбек саласында кемсіту мәселелері аталды.   
 
Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкілге  «Маңғыстаумұнайагаз»  АҚ  жұмысберушінің 
заңсыз әрекетіне шағыммен Т.Ж. өтініші түсті.  
2018  жылғы  наурыздан  бастап,  өтініш  беруші  жүктілік  демалыста  болғанда,  оған 
кадр  бөлімінің  қызметкерлері  өз  еркімен  жұмыстан  шығу  туралы  өтінішке  қол  қою 
талабымен бірнеше рет қоңырау шалды. Бас тартқан жағдайда, жұмысберуші жұмыстан 
бір  жақты  тәртіпте  шығарамын  деп  қорқытты.  Өтініш  беруші  нәтижесінде  өз  еркімен 
жұмыстан  шығуға  мәжбүр  болғаны  туралы  мәлімдеді.  Бұдан  кейін  Т.Ж.  оған  дейін  қол 
қойған өтінішін қайтаруға және бұрынғы жұмыс орнына қайтуға тырысты.  
ҚР  ЕХӘҚМ  еңбек,  әлеуметтік  қорғау  және  көші-қон  комитеті  АҚУ  сұрауына Т.Ж. 
бұған  дейін  берген  өтінішін  қайтару  туралы  өтінішпен  жұмысберушіге  ескертпе  мерзімі 
өткеннен кейін жүгінгені туралы ақпараттандырды.   
Еңбек  қатынастары  бір  тарабының  еңбек  шартын  тоқтату  ынтасы  бойынша 
келіспеушілігі,  сондай-ақ  қызметкердің  жұмысына  қайту  туралы  мәселелер  кәсіпорында 
бітістіру процедуралары көмегімен (ҚР Еңбек кодексінің 159-161 баптары), реттелмейтін 
сұрақтар  немесе  келісім  комиссиясының  шешімін  орындамау  бойынша  –  сот  тәртібімен 
шешіледі, Т.Ж.-ға сонда жүгінуге кеңес берілді. 
 
Шетелде  азаматтардың  құқықтарын  бұзу  туралы  шағымдар  түскен 
өтініштердің  жалпы  санынан  1,1%-ды  құрады,  негізінен  Ресей  Федерациясы, 
Әзірбайжан  Республикасы  мемлекеттік  мекемелерінің  әрекеттеріне  шағымдар 
түсті.  
Тұтынушылардың  құқықтарын  бұзу  туралы  өтініштердің  саны  бұрынғы 
деңгейде  қалды  (0,9%).  Азаматтар  коммуналдық  қызметтер  үшін  төлемақыны 
негізсіз 
алу, 
коммуналдық-тұрмыстық 
қамтамасыз 
ету 
бойынша 
міндеттемелерді орындамау мәселелерін қозғады.  
Кәсіпкерлердің  құқықтарын  бұзу  туралы  өтініштердің  саны  өтініштердің 
жалпы  санынан  0,6%-ды  құрады.  Уәкілетті  органдардың  салық  салу  бөлігінде 
әрекеттеріне,  сондай-ақ  жергілікті  атқарушы  органдардың  сауда  орындарын 
ауыстыру бөлігіндеәрекеттеріне шағымдар түсті. 
Есептік  кезеңде  Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкілге  ұлттық  және  тіл 
белгісі бойынша кемсітушілікпен байланысты өтініштер түсті (0,5%). 
 
Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкілге  Қызылорда  облысы  бойынша  ҚАЖД  ЗК-169/4 
Мекемесінде  күтілетін  сотталған  В.С.  ұлттық  белгі  бойынша  кемсітушілік  пен  еңбек 
құқықтарын бұзу шағымымен өтініші түсті. Өтініш беруші еңбек шарты, сондай-ақ басқа 
құжаттар  жоғарыда  аталған  мекемеде  сотталған  меңгермеген  тек  мемлекеттік  тілде 
ғана жасалатынын атады.  
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік ұйымдарда қазақ тілімен 
қатар орыс тілін қолдану құқығына кепілдік береді.  
ҚР Еңбек кодексінің 6-бабына сәйкес ешкімді де еңбек құқықтарын іске асыру кезінде 
тегіне, ұлтына, тіліне байланысты ешқандай кемсітуге болмайды.  
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД құқық қорғау мекемесінің сұрауымен қызметтік 
тексеріс  өткізілді,  соның  нәтижесі  бойынша  өтініште  жазылған  фактілер  расталды. 
Осылайша,  «Қазақстан  Республикасындағы  тілдер  туралы»  Заңының  15-бабын  бұзып, 


14 
 
сотталған  мен  «ПСК  Сәулет»  ЖШС  арасындағы  еңбек  шарты  тек  мемлекеттік  тілде 
ғана жасалды. Сонымен қатар, еңбек шартында еңбекақының мөлшері көрсетілмеді.  
Қызметтік  тексерістің  нәтижелері  Қызылорда  облысы  бойынша  Қылмыстық-
атқару жүйесі департаментінің жедел отырысында қарастырылды, соның қорытындысы 
бойынша кінәлі тұлғалар тәртіптік жазаға тартылды.  
 
Кәмелетке  толмағандардың  білім  алуға  құқықтарын  бұзу  өтініштердің 
0,4%-ында 
көтерілді,  бұнда  өтініш  берушілер  діни  атрибутиканың 
элементтерімен  киім  киетін  қыздардың  сабаққа  келуіне  тыйым  салумен 
байланысты 
мектеп 
әкімшілігінің 
әрекетімен 
келіспеуін 
білдірді, 
оқытушылардың  заңсыз  әрекеттері,  білім  беру  ұйымдарында  тамақтану 
нормаларын бұзу мәселелері аталды. 
 
Омбудсменге  Солтүстік  Қазақстан  облысы  Тайыншы  ауданының  Аймақ  орта 
мектебі  әкімшілігінің  оның  кәмелетке  толмаған  ұлының  құқықтарын  бұзу  бөліміндегі 
әрекетіне шағыммен К.А. жүгінді.  
Өтініште  аталған  дәлелдерді  тексеру  мақсатында  Тайыншы  ауданының  білім 
бөлімінің қызметкерлерін тартумен шықпалы комиссия ұйымдастырылды.  
Тексеріс  барысында  жеңілдікпен  тегін  тамақтануға  мұқтаж  кәмелетке  толмаған 
К.К.  онымен  қамтамасыз  етілмегені  анықталды.  Тайыншы  ауданы  білім  бөлімінің 
бұйрығымен мектеп директоры мен әлеуметтік педагогы тәртіптік жазаға тартылды. 
 
Психиатриялық  аурумен  байланысты  кемсітушілік  туралы  өтініштердің 
саны  өтініштердің  жалпы  санынан  0,4%-ды  құрады.  Шағымдарда  анықталған 
диагнозбен,  психиатриялық  стационарға  жайғастырумен  келіспеумәселелері 
көтерілді. 
Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкілге  ағымдық  жылы  қолайлы  қоршаған  
ортаға  құқықты  бұзу,  жеке  өмірге  қол  сұғылмаушылық,  сөз  еркіндігі,  бейбіт 
жиналыстар еркіндігі мәселелері бойынша өтініштердің ең аз саны түсті. 
Сондай-ақ,  есептік  кезең  бойында  Уәкілге  өтініш  берушілердің 
құқықтарын қалпына келтіруде көмек көрсеткені үшін алғысхаттар келді. 
 
Құрметті Асқар Оразалыұлы! 
Сізге  Өскемен  қ.    Үлбі  полиция  бөлімі  екі  қызметкерінің  заңсыз  әрекетінен  менің 
конституциялық  құқытарым  мен  бостандығымды  қорғағаныңыз  үшін  шын  жүректен 
алғыс білдіремін.  
У. 
 
Рахмет!  
Менің  құқығымды  қорғап,  айлығымды,  қалған  ақшаларымды  алуға  көмектескендеріңізге 
көп-көп рахмет!  
М. 
 
Адам  құқықтары  жөніндеші  Уәкілге,  А.О.  Шәкіровке  және  азаматтардың 
өтініштерімен  жұмыс  жөніндегі  басқарманың  қызметкері  А.Б.  Сапарғалиге  алғыс 
білдіргіміз келеді.  
Сіздің және Жоғарғы Соттың арқасында біз өз үйімізге қоныстандық.  


жүктеу 5,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау