Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі



жүктеу 5,1 Mb.
Pdf просмотр
бет3/83
Дата28.12.2019
өлшемі5,1 Mb.
#25267
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83


 
ілгерілетуде  атқарған  жұмысы  туралы  ақпараттандыру  есептің  мақсаты  болып 
табылады. 
Есеп Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Парламенттің 
екі  палатасына,  Үкіметке,  мемлекеттік  органдарға,  сондай-ақ  шет  елдердің 
елшіліктеріне  және  үкіметтік  емес  ұйымдарға  жолданады.  Бұл  құжат  Адам 
құқықтары  жөніндегі  Уәкілдің  ресми  сайтында  қазақ,  орыс  және  ағылшын 
тілдерінде қолжетімді болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



 
1. Түскен өтініштердің жалпы сипаттамасы 
 
2018 жылы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге 1 468, соның ішінде 1 347 
жазбаша және 121 ауызша өтініш түсті.  
 
 
 
 
 
Мемлекеттік  органдармен  өзара  әрекеттесу  жеделділігін  арттыру 
мақсатында  Адам  құқықтары  жөніндегі  Ұлттық  орталықта  Бірыңғай 
электрондық  құжат  айналымы  жүйесі  енгізілді,  ол  арқылы  азаматтар 
электрондық Үкімет порталы арқылы Омбудсменге өтініш жаза алады. 
Есептік  жылы  жеке  қабылдауда  Омбудсмен  және  оның  мекемесінің 
қызметкерлері  121  адамды  қабылдады,  олардың  басым  бөлігі  Астана  және 



 
Алматы  қалаларының,  Ақмола  және  Қарағанды  облыстарының  тұрғындары 
болып  табылады.  Құқық  қорғау  оргадарының  әрекетімен/әрекетсіздігімен,  сот 
актілерімен  келіспеу  мәселелері,  тұрғын-үй,  әлеуметтік,  еңбек  құқықтарының 
бұзылуы  туралы  шағымдар  және  т.б.  жазбаша  өтініштерде  анағұрлым  өзекті 
болды.  
2018  жылы  жазбаша  өтініштер  Қазақстанның  барлық  дерлік  өңірлерінен 
түсті.  Өтініштердің  басым  бөлігі  Астана  (15,7%)  және  Алматы  (14,2%) 
қалаларынан,  Ақмола  облысынан  (10,4%),  Қарағанды  облысынан  (9,5%), 
Қостанай  облысынан  (7,8%),  Солтүстік  Қазақстан  облысынан  (6,2%)  түсті. 
Шағымдардың өңірлер бойынша бөлінісі төмендегі кестеде келтіріледі. 
 
 
 
 
Шетелден өтініштер, атап айтқанда, Ресей Федерациясынан, Украинадан, 
Қырғыз  Республикасынан,  Өзбекстаннан,  Әзірбайжаннан,  Ұлыбританиядан, 
Чех Республикасынан, Нидерланд Корольдігінен түскен болатын. 
Шағымдардың  басым  бөлігі  есептік  жылы  құқық  қорғау  органдары 
қызметкерлерінің  азаматтардың  құқықтарын  бұзумен  байланысты  болды  –
түскен  өтініштердің  жалпы  санынан  28%.  Азаматтар  қылмыстық-процестік 
заңнама  нормаларының  бұзылуын,  қылмыстық  істі  тергеуді  негізсіз  созуды, 
тергеу барысындағы нашар прокурорлық қадағалауды атады. 
 
Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкілге  К.С.  мүддесінде  адвокат  А.Л.  ҚР  ҚК  385-
бабының 1-бөлімі (жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша 
қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеудің негізсіз тоқтатылуына шағымы түсті.  
Шағымды  қарастыру  нәтижелері  бойынша  қылмыстық  іс  қайта  қозғалды.  Тергеу 
тиісті деңгейде орындалмағаны және істі негізсіз тоқтатқаны үшін Астана қаласындағы 
Есіл  ауданының  ІІБ  тергеушісіУ.М.қылмыстық  істерді  тергеумен  байланысты  емес 
қызметке ауыстырылуымен лауазымынан босатылды. 
 



 
Сот  шешімдерімен  келіспеу  туралы  өтініштер  және  сот  органдарының 
әрекетіне/әрекетсіздігіне  шағымдар  (
26
%)көлемі  бойынша  екінші  топ  болып 
табылады,  олардың  басым  бөлігі  сот  ісін  жүргізу  барсында  қылмыстық-
процестік заңнама нормаларын бұзумен байланысты болды. 
Бұндай өтініштер түскенде, өтініш берушілерге түсініктемелер жолданды, 
билік  бөлінісінің  конституциялық  қағидатына  сәйкес  соттар  әділ  сотты  өз 
бетінше  іске  асырады.  ҚР  Конституциясы  және  25.12.2000  жылғы  «Қазақстан 
Республикасының  сот  жүйесі  мен  судьяларының  мәртебесі  туралы»  ҚР 
Конституциялық  заңы  сот  ісін  жүргізуге  лауазымдық  тұлғалардың,  соның 
ішінде Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің араласуына жол бермейді. 
 
 
 
 
 
Құқық  қорғау  органдарының  қызметкерлері  тарапынан  азаптаулар  және 
қатыгездік  жасау  мәселелері  бойынша  өтініштердің  үлестік  салмағы  шамамен 
бұрынғы деңгейде сақталды (2017 жылғы 11%-дан 2018 жылғы 12%-ға дейін).  
Пенитенциарлық  мекемелер  әкімшілігінің  әрекетімен/әрекетсіздігімен 
байланысты  өтініштердің  саны  10,8%-ды  құрады.  Өтініш  берушілер 
сотталғандардың еңбек құқықтарын бұзу, тиісті емес медициналық, әлеуметтік, 
тұрмыстық қамтамасыз ету мәселелерін көтерді. 


10 
 
 
Адам 
құқықтары 
жөніндегі 
ұлттық 
орталыққа 
сотталған 
Т.А. 
қанағаттанарлықсыз  күту  шарттарына  және  оны  тәртіптік  оқшаулағышқа 
отырғызғанда, ЕЦ-166/23 Мекемесі  қызметкерлерінің әрекетіне келіспеуіне шағымданумен 
жүгінді. 
Тексеріс  барысында  сотталғандарды  санитарлық-тұрмыстық  күту  шарттарын 
орындамау  фактісі  расталды.  Камералар  тиісті  емес  санитарлық  жағдайда  болды, 
жылыту  жүйесін,  элеваторлық  түйінді,  жергілікті  телім  камераларын,  режимдік 
корпусты  жөндеу  керек  болды.  Сонымен  қатар,  мекеменің  режимдік  бөлімі  басшысының 
сотталған  Т.А.  санитарлық  және  өртке  қарсы  нормалардың  бұзылуы  туралы  4  өтінішін 
жоғалту фактісі анықталды.  
Ақтөбе облысының прокуратурасы қылмыстық-атқарушы заңнаманың талаптарын 
бұзуды  жою  туралы  ұсыныс  жасады.  Ұсынысты  қарау  нәтижелері  бойынша  режимдік 
корпустың 14 камерасында косметикалық жөндеу жасалды, жабынды ауыстыру бойынша 
жұмыстар жасалды, 7 камерада ағаш еден төселді, қабырғалар сыланып боялды.  
Жіберілген бұзушылықтар үшін режимдік бөлімнің басшысы К.Ж. тәртіптік жазаға 
тартылды.  
 
Денсаулық  сақтау  құқығының  бұзылғаны  туралы  өтініштерде  (7%)  
медициналық  мекемелерде  көрсетілетін  медициналық  көмектің  сапасы  және 
тиісті  емес  жағдайлары  туралы  мәселелер  көтерілді.  Сондай-ақ  түзеу 
мекемелерінде  медициналық  көмекті  уақтылы  көрсетпеу  фактілері  бойынша 
өтініштер де түсті. 
 
Омбудсменге  Т.Э.  түзеу  мекемесі  қызметкерлерінің  заңсыз  әрекеттеріне  және 
сотталған  ағасына  медициналық  көмектің  көрсетілмегеніне,  оның  өлімі  фактісі  бойынша 
тергеудің тоқтатылуына шағымданды. 
Адам  құқықтары  жөніндегі  ұлттық  орталықтың  сұрауына  Алматы  облысының 
Қоғамдық  денсаулық  сақтау  департаменті  жоспардан  тыс  тексерісті  өткізді,  оның 
қорытындысы  бойынша  Т.А.  өлімін  шартты  түрде  алдын  алуға  болатын  еді  деген 
қорытындымен акт жазылды.   
Қапшағай  қ.  прокуратурасы  қылмыстық  істі  тоқтату  туралы  қаулы  жойылды 
және ол Қапшағай қ. ІІБ-не қосымша сотқа дейінгі тергеуді өткізу үшін жолданды.  
 
Алдыңғы есептік кезеңмен салыстырғанда, мемлекеттік органдарда тиісті 
емес  әкімшіліктендіру  мәселелері  бойынша  өтініштердің  саны  екі  есе  азайды 
(орталық  атқарушы  органдарда  әкімшіліктендіруге  27  шағым,  42  –  жергілікті). 
Өтініш берушілер негізінен жергілікті атқарушы органдардың және денсаулық 
сақтау мекемелерінің қанағаттанарлықсыз жұмысын атады.  
Шағымдардың  жекелеген  санаты  (5,5%)  балалардың  құқықтарын  жүзеге 
асырумен байланысты болды. Негізінен, азаматтар баланың тұрғылықты орнын 
анықтау,  алименттік  төлемақы  туралы  сот  шешімімен  келіспеу  мәселелерін 
қозғады.  Балаларға  қатысты  зорлық-зомбылықты  және  қатыгездікті  қолдану 
туралы өтініштер түсті. 
Азаматтардың  тұрғын-үй  құқықтарын  жүзеге  асыру  әлі  де  өзекті  мәселе 
болыр  отыр,  олар  өтініштердің  жалпы  санынан  4,6%-ды  құрады.  Азаматтар 
мемлекеттік  тұрғын-үй  қорынан  тұрғынжай  беру,  оны  жекешелендіру, 


жүктеу 5,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау