21
бойынша шоғырландырылған баяндаманы дайындады, ол превентивтік барулар
мен мемлекеттік органдарға бас бостандығынан айыратын орындарда жағдайды
жақсарту бойынша ұсыныстардың қорытындылары бойынша қорытындыларды
қамтиды.
ҚР Бас прокурорының орынбасары М. Ахметжанов пен ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі
комитетінің төрағасы А. Базылбековтың қатысуымен Омбудсменнің төрағалығымен ҰАТ
Үйлестіру кеңесінің отырысы
Есептік жылы Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың
қызметкерлері парламент Мәжілісінің жұмыс топтарында, заң жобалық қызмет,
халықаралық гуманитарлық құқық, кәмелетке толмағандардың істері және
олардың құқықтарын қорғау жөніндегі мәселелер бойынша ұйымаралық
комиссиялардың, мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы Үйлестіруші
кеңестің, адами өлшем жөніндегі диалогтық алаңның және т.б. жұмысына
жүйелі қатысып отырды.
Конституциялық іс жүргізу шеңберінде Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл
Қарағанды облыстық соттың қарауына Қазақстан Республикасы «Атқарушы іс
жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңы 27-бабының 5-
тармағын конституциялық емес деп тану, Қарағанды облысының кәмелетке
толмағандардың істері бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың
қарауына Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке
(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі 47-бабының 5-тармағын
конституциялық емес деп тану туралықорытындылар берді. Адам құқықтары
22
жөніндегі ұлттық орталық Конституциялық кеңеске Конституциялық кеңестің
қорытынды шешімдері мен Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің қызметімен
байланысты оның жолдауларында қамтылған ұсыныстары туралы ақпаратты
жолдады. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық, Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі мен үкіметтік емес ұйымдардың диалогтық
алаңы шеңберінде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етудің
өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар әзірленді, олар жыл бойында
нормативтік құқықтық актілерге де, тәжірибелік қызметке де енгізілді.
Есептік жылы азаматтық қоғам институттарымен серіктестік едәуір
белсенді дамытылды. ҰПТқатысушылары, Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл
жанындағы Үйлестіруші және Сараптама кеңестерінің мүшелері азаматтық
қоғамның, қоғамдық бірлестіктердің және академиялық ортаның өкілдері
болып табылады.
Омбудсмен мен Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары арасында адам
құқықтарын қорғау және қоғамдық келісімді қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық
туралы Меморандумға қол қою
Есептік жылы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл және оның мекемесінің
қызметкерлері 163 ұлттық және 71 халықаралық іс-шараға қатысты.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл құзыреттерінің шеңберінде адам
құқықтары мен азаптаулардың алдын алу саласындағыұлттық және
халықаралық
сарапшылардың
қатысуымен
ҰПТқатысушыларының
превентивтік келулерді өткізу жөнінде кәсіби дағдыларын арттыру бойынша
Астана қаласында 2 оқу іс-шарасы, сондай-ақ ҰПТФорумы шеңберінде
олардың
қызметінің
негізгі
мәселелік
сұрақтары
бойынша
23
ҰПТқатысушыларына арналған 9 мастер-класс ұйымдастырылды және
өткізілді.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл есебінің презентациясы халықаралық
құқық қорғау ұйымдарының қолдауымен, азаматтық қоғам, ғылыми орта,
мемлекеттік органдар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің
қатысуымен өткізілді.
Есептік жылы ұлттық құқық қорғау мекемесі адам құқықтары саласында
бірқатар халықаралық іс-шараларды өткізуге бастамашылық етті. Осылайша,
2018 жылы Астанада «Азаптаулардың алдын алу, қазақстандық және
халықаралық тәжірибе» Ұлттық превентивтік тетіктің екінші Форумы өткізілді.
Кездесу шеңберінде мемлекеттік басқару органдары, үкіметік емес ұйымдар
өкілдеріне, Еуропа мен Орталық Азияның халықаралық сарапшыларына және
ұлттық құқық қорғау мекемелерінің өкілдеріне бас бостандығынан айыратын
және бостандығын шектейтін орындар мониторингі саласында азаптаулардың
алдын алу институты жұмысының қазақстандық тәжірибесі ұсынылды,
ҰПТқызметін ары қарай жетілдіружолдары, соның ішінде оны заңды реттеу
мәселелері талқыланды.
Есептік
жылғы
қыркүйекте
Женева
қаласында
(Швейцария
Конфедерациясы) Қазақстанда Ұлттық превентивтік тетіктің қызметін
халықаралық қоғамға ұсыну мақсатында БҰҰ сессиясы шеңберінде сайд-ивент
өткізілді.
Адам құқықтарын қорғау саласындағы мәселелерді шешудің субөңірлік
тәсілін ілгерілету мақсатында есептік жылғы ақпанда Женева қаласында
ҰҚҚМЖА іс-шаралары шеңберіндеқазақстандық тарап бастамашылық еткен
Қазақстан,
Қырғызстан,
Тәжікстан,
Түрікменстан
және
Өзбекстан
омбудсмендерінің өзара әрекеттесу платформасы бекітілді (CASI –NHRI). БҰҰ
Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы, БҰҰ Даму
бағдарламасы, Еуропалық одақ бұл форматта серіктестер болды.
24
Орталық Азия және Ресей омбудсмендерінің ҚР Парламенті Сенатының спикері
Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі
Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл және адам құқықтары жөніндегі ұлттық
орталықтың қызметкерлері ҚР-ЕО ынтымақтастығы, БҰҰ Адам құқықтары
жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы, БҰҰ Даму бағдарламасы және
т.б. шеңберінде Ұлттық құқық қорғау мекемелерінің жаһандық альянсы, Азия-
Тынық мұхиты форумы, Еуропа Кеңесі, ОБСЕ, ЮНИСЕФ өткізген
конференцияларға, тренингтерге қатысты.
БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен есептік жылы Қазақстан
«Оңтүстік Шығыс, Оңтүстік және Орталық Азиядағы көші-қон процестерінде
балаларды қорғау» атты еларалық бағдарламаға қосылды, оның мақсаты көші-
қон процестеріне ұшыраған балаларға жан-жақты қолдау көрсету болып
табылады. Бұл жоба заңнамалық базаны жетілдіруге, аталған өңір елдерінің бұл
бағытта өзара әрекеттесуін нығайтуға бағытталған.
Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің мекемесі ASEM
(Азия-Еуропалық мәжіліс) конференциясы форматында Сеул қаласында
Қартаю мәселелері жөніндегі жаһандық орталықты құрудың бірлескен
бастамашысы болып табылады және есептік жылы оның жұмысына қатысты.
Қазіргі уақытта БҰҰ аясында Қарт адамдардың құқықтары туралы
халықаралық конвенцияны әзірлеу бойынша арнайы жұмыс тобы құрылып
жатыр.
Бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде Омбудсмен
мекемесінің жұмысын максималды ашық жариялау есептік кезеңнің ерекшелігі
Достарыңызбен бөлісу: |