25
болды. 2018 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында 66 жариялым, Адам
құқықтары жөніндегі Уәкілдің 2017 жылғы қызметі туралы есеп, ҰПТ
2017 жылғы шоғырландырылмалы баяндамасы, тоқсандық бюллетеньдер
жарияланды, сондай-ақ олардың бәрі www.ombudsman.kz ресми сайтында да
жарияланды, оған бір тәулікте шамамен 500 пайдаланушы кіреді.
Ұлттық құқық қорғау мекемесінің бюджеті 2018 жылы 82 миллион 620
мың теңгені құрады, соның ішінде «Адам мен азаматтың құқықтары мен
бостандықтарын сақтау бойынша қызметтер» бюджеттік бағдарламасы
бойынша – 82 миллион 620 мың теңге. Бюджеттік қаражат толық игерілді.
3. Бостандық және жеке дербес құқықтылық құқығы
Адамның абыройына қол сұғылмаушылық қағидаты, азаптауларды,
зорлық-зомбылықты, басқа қатыгездікті немесе адамның абыройын кемсітетін
сөз айту немесе жаза қолдануға тыйым салу Қазақстан Республикасы
Конституциясының 17-бабында бекітілді. Қазақстан қабылдап жатқан барлық
шаралар қоғамда және мемлекеттік органдарда азаптауларға «нөлдік
шыдамдылық» атмосферасын құруға бағытталған. Бұл қағидат соңғы жылдарда
өткізілген көптеген реформалардың негізін құрады.
Демократиялық қоғамда және мемлекетте бас бостандығынан айыруға,
әдетте, тек сот үкімі бойынша ғана жол беріледі, ал бас бостандығынан
уақытша айыру (қамауға алунемесеұстау) – тек нақты мерзімге және заңмен
белгіленген процедураларды сақтаумен ғана іске асырылады. Осылайша,
Қазақстанда сот санкциясысыз тұлғаны қырық сегіз сағаттан аспайтын, ал
кәмелетке толмағанды жиырма төрт сағаттанаспайтын мерзімде ғана ұстауға
болады.
Бостандыққа және жеке қол сұғылмаушылыққа құқықты жеке тұлғаның
құқықтары мен бостандықтарының іскеасырылуына мүдделі мемлекеттік
институттар қамтамасыз етеді. Құқық қорғау органдары, атап айтқанда полиция
департаменттері сондай институттардың бірі болып табылады.
Осылайша, Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы»
Заңының 16-бабына сәйкес қызметкерлер Қазақстан Республикасының
Конституциясын және Қазақстан Республикасыныңзаңнамасын сақтауға; адам
мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, сондай-ақ жеке және заңды
тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерінің сақталуын мен қорғалуын
қамтамасыз етуге міндетті.
Есептік кезеңде Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасымен
құқық қорғау жүйесін, соның ішінде полицияны, реформалау бойынша шаралар
қабылданды, өйткені ішкі істер органдарының жүйесі заманауи қоғамның сын-
қатерлеріне толық мөлшерде жауап бермеді. Сондықтан халықпен заманауи-
сервистік жұмыс істеу моделіне өту арқылы полицияны реформалауға кірісу
керек болды, соның салдарынан адамдар өз қауіпсіздігі мен мемлекет
тарапынан қорғалғанына сенімді болады.
26
Осы бөлікте Уәкіл поштасы 2018 жылы, алдыңғы жылмен
салыстырғанда, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының лауазымдық
тұлғаларының әрекетіне және әркетсіздігіне шағымдар санының 2,9%-ға өсімін
тіркеді, бұл өтініштердің жалпы санынан 28%-ды құрады.
Сонымен қатар, Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге заңсыз ұстау және
айыптау, ұсталғанға құқықтарын түсіндірмеу, қатыгездік жасау, лауазымдық
және қызметтік өкілеттігін асыра қолдану мен т.б. шағымдар әлі де түсіп
жатыр.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге Өскемен
қаласының тұрғыны У.К., өтініш білдірушінің пікірінше, Өскемен қаласы Үлбі ІІБ полиция
бөлімі қызметкерлерінің, атап айтқанда К.Д. және Ш.В. заңсыз әрекетіне шағымданды.
Өтініш берушінің айтуынша, аталған қызметкерлер оны заңсыз ұстап айыптады,
ұсталғанға құқықтарын түсіндірмеді, қатыгездік жасады, қамауда ұстап, 2,5 сағаттан
астам уақыт бойы қинады, кінәні мойындатқысы келді.
Уәкіл мекемесінің ҚР Ішкі істер министрлігіне жолдаған сұрауы бойынша Шығыс
Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті қызметтік тексеріс өткізді, соның
барысында ШҚО ІІД Өскемен қ. ІІБ қызметкерлері полиция капитаны К.Д. және полиция
майоры Ш.В. тарапынан «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР Заңының, «ҚР мемлекеттік
қызметкердің этикалық кодексінің» нормаларын және ҚР Бас прокуратурасының
19.09.2014 жылғы №89 бұйрығының талаптарын бұзу фактілері анықталды,бұл тәртіпті
қатаң бұзуда, мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылықты
жасауда көрініс тапты.
Жіберілген бұзушылықтар үшін аталған полиция қызметкерлері қатаң тәртіптік
жазаға тартылды.
Полиция қызметкерлерінің әрекетсіздігі, қағазбастылығы, шараларды
уақтылы қабылдамауы тағы бір маңызды фактор болып табылады, бұл құқық
қорғау институттарына жүгінуге мәжбүр болған азаматтар құқықтарының және
заңды мүдделерінің бұзылуына жиі алып келеді.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге Павлодар
қаласының тұрғыны Т.М. «Бұзақылық» фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу кезіндегі
Павлодар ІІБ Солтүстік ПБ қызметкерлері К.А., М.С., Г.М. қағазбастылығына
шағымданды.
ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мекемесінің ҚР Бас прокуратурасына
сұрауымен Павлодар қ. прокуратурасы Павлодар қ. ІІБ Солтүстік ПБ жоғарыда аталған
лауазымдық тұлғаларына қатысты тәртіптік іс қозғалды.
Осылайша, қылмыстық істі дұрыс жүргізбегені үшін Павлодар облысы ІІД
басшысының бұйрығымен анықтаушы М.С. «сөгіс», анықтау бөлімінің басшысы
К.А.«қатаң сөгіс» алды,И.С. лауазымнан босатылды.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге Алматы
қаласының тұрғыны Л.Н. «102» полиция жедел қызметінің уақтылы жауап бермегеніне,
Алматы қ. ІІД мемлекеттік қызметкерлерінің ҚР «Құқық қорғау қызметі туралы»
Заңының, «ҚР мемлекеттік қызметкерлердің этикалық кодексінің» нормаларын
сақтамауына шағымданды.
Уәкіл мекемесінің ҚР Ішкі істер министрлігіне сұрауымен Алматы қ. Ішкі істер
департаменті қызметтік тексерісті өткізді, оның барысында ұйымды және Жедел
Достарыңызбен бөлісу: |