Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі



жүктеу 5,1 Mb.
Pdf просмотр
бет14/83
Дата28.12.2019
өлшемі5,1 Mb.
#25267
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   83

36 
 
Қазіргі  кезеңде  мемлекеттік  қызметтерді  көрсету  саласындағы  мемлекет 
саясаты  озық  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  дамытуға  және 
оларды  барлық  жерде  пайдалануға  бағытталған.  Елімізде  ондаған  әртүрлі 
ақпараттық  жүйелерді,  тіркеушілерді,  мемлекеттік  деректер  қорларын, 
жүздеген  қосымшаларды  және  сервистерді  қамтитын  электрондық  үкімет 
порталы әрекет етіп, сәтті дамып келе жатыр.  
Жалпы  алғанда,  Қазақстанды  сандық  жүйеге  көшіру  мәселесі  едәуір 
жетістіктерге  жетті.  Бұны  БҰҰ  электрондық  үкімет  жөніндегі  шолулары 
шеңберінде еліміздің рейтингі дәлелдейді. Осылайша, 2018 жылы электрондық 
үкіметтің  даму  деңгейі  бойынша  Қазақстан  193  елдің  ішінде  39-орынға  ие 
болды.  Бұл  кезекте,  электрондық  үкіметтің  азаматтар  үшін  қолжетімділігі 
индексі бойынша Қазақстан 193 елдің ішінде 42-орынға иеленді
1
.  
2018 
жылы 
Қазақстанда 
«Цифрлық 
Қазақстан» 
мемлекеттік 
бағдарламасының  іске  қосылғанын  атап  өткен  жөн.Адами  капиталдың  даму 
деңгейін  арттыру  арқылы  еліміздің  цифрлық  түрленуін  қамтамасыз  ету, 
инновациялық  даму  институттарын  құру  және  жалпы  алғанда  цифрлық 
экожүйені дамыту бұл бағдарламаның негізгі даму бағдары болып табылады. 
Бұл  бағдарламаны  жүзеге  асыру  шеңберінде  елімізде  биометриялық 
өлшемшарттарды  пайдалану  арқылы  мемлекеттік  қызметтерді  көрсету 
бойынша  пилоттық  жоба  іске  қосылды.  Биометриялық  деректер  қоры  арқылы 
мемлекеттік  қызметтерді  көрсету  бойынша  тетік  ХҚКО-да  және  электрондық 
үкімет  порталында  мемлекеттік  қызметтерді  алған  кезде,  жеке  құжаттарды 
немесе  электрондық  цифрлық  қолтаңбаны  (ЭЦҚ)  көрсетусіз  қызмет 
алушылардың  беті  мен  саусақтың  ізін  пайдалануды  көздейді.Қазіргі  уақытта 
биометриялық  деректер  арқылы  мекенжай  анықтамасын  алуға  болады, 
кейінірек ақпараттық анықтамалардың тағы 42 түрін алу мүмкін болады
2

Сонымен  қатар,  Қазақстанның  мемлекеттік  қызметтер  секторын 
дамытуда,  әсіресе  электрондық  қызметтерді  көрсету  саласында,  едәуір 
жетістіктерге  қарамастан,  Омбудсмен  мекемесі  қызметінің  тәжірибесі  бұл 
салада  бірқатар  мәселелердің  барын  көрсетеді.  Атап  айтқанда,  электрондық 
үкіметтен тыс қалған салаларды дамытуда едәуір артта қалу байқалады. 
 
Өтініштердің  белгілі  бір  бөлігін  уәкілетті  органдар  қызметкерлерінің 
бұрыс әрі қате ақпаратты ұсыну бөлігінде біліксіздігіне шағымдар құрайды. 
 
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге Пәкістан Ислам Республикасында дүниеге келген, 
соңғы 10 жылда Қазақстан Республикасының аумағында тұратын А.Ш. көші-қон қызметі 
органдарының әрекетіне шағымы түсті. 
Өтінішке  сәйкес  өтініш  беруші  тұрғылықты  жері  бойынша  көші-қон  қызметінің 
органдарына Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы өтініш берді. 
Уәкілетті  орган  өтініш  берушіге  2014  жылы  салық  қызметі  органдары  мен  оның 
лауазымдық тұлғаларының заңды талаптарын орындамағаны үшін оның әкімшілік жауапқа 
тартылғаны  туралы  фактінің  анықталуына  байланысты  оның  ҚР  азаматтығын  алу 
                                                             
1
UN E-Government Knowledgebase // Country Data. Kazakhstan - https://publicadministration.un.org/egovkb/en-
us/Data/Country-Information/id/87-Kazakhstan 
2
Астанада жаңа ХҚКО-да саусақтардың іздерін жинай бастады - https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/sobirat-
otpechatki-paltsev-nachali-v-novom-tsone-v-astane-359533/
 


37 
 
туралы  өтінішін  қарау  тоқтатылғаны  туралы  мәлімдеді.Өтініш  беруші  қарызды  толық 
өтегені мәлім болды.   
Сонымен  бірге,  өтініш  беруші  өз  өтінішінде  бұған  дейін  2017  жылы  құқық  қорғау 
органдарына  бұл  мәселені  түсіндіріп  беруі  үшін  жүгінгенін  атап  өтті.  ҚР  ІІМ  Көші-қон 
қызметі  комитеті  төрағасының  орынбасары  қол  қойған  хатта  оған  салық  қызметі 
органдары  мен  оның  лауазымдық  тұлғаларының  заңды  талаптарын  орындамағаны  үшін 
әкімшілік  жауапқа  тартылу  Қазақстан  Республикасының  азаматтығын  алу  туралы 
өтінішті қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылмайды деп түсіндірілді.  
 
Жергілікті  атқарушы  органдар  тарапынан  жеке  және  заңды  тұлғалардың 
өтініштерін 
қарастыру 
тәртібі 
туралы 
заңнаманы 
бұзу 
бөлігінде 
әкімшіліктендіруге шағымдар орын алды.  
 
Адам  құқықтары жөніндегі Уәкілге А.С. Қызылорда облысы әкімдігінің (бұдан әрі  – 
әкімдік)  өтініш  беруші  25  жыл  бойы  еңбек  қызметін  іске  асыратын  ұйымның  құрылымы 
мен атауының өзгеруіне байланысты қызметтік тұрғын-үйді жекешелендіруден бас тарту 
мәселесі бойынша әрекетімен келіспеу туралы шағымданды. 
Атап айтқанда, 1997 жылдан бері өтініш беруші мемлекеттік кәсіпорында жұмыс 
істеп  келеді,  2016  жылы  кәсіпорынның  атауы  өзгертіліп,  ол  коммерциялық  емес 
акционерлік қоғамның құрамына кірді.  
Бұл  өтінішті  қарау  шеңберінде  ҚР  Индустрия  және  инфрақұрылымдық  даму 
министрлігіне  тиісті  сұрау  жіберілді.  Уәкілетті  органның  жауабынан  өтініш  берушінің 
жұмысберушісі  қызметтік  тұрғын-үйді  жекешелендіру  мәселесі  бойынша  әкімдікке  2016 
жылы ұйымның атауы мен  құрылымы  өзгертілгенге дейін жүгінгені мәлім  болды.  Алайда, 
әкімдік бұл мәселені Мемлекеттік тұрғын-үй қорынан берілетін тұрғынжайды есепке алу, 
жекешелендіру  және  жалға  алу  жөніндегі  тұрғын-үй  комиссияның  қарастыруына 
шығармады және бұл өтініштен тиісті негізделген бас тарту туралы құжатты бермеді.   
 
Омбудсменге  пәтер  иелері  кооперативтерінің  (ПИК)  тарапынан 
қызметтерді  тиісті  деңгейде  көрсетпеуіне  шағыммен  өтініштер  түседі.    Әрине, 
мемлекеттік органдардың ПИК қызметіне араласуына құқықтары жоқ. Алайда, 
«Тұрғын-үй  қатынастары  туралы»  ҚР  Заңына  сәйкес  жергілікті  атқарушы 
органдардың  құзыретіне  тұрғын-үй  қорын  басқару,  тұрғын-үй  инспекциясын 
ұйымдастыру  саласында  мемлекеттік  бақылауды  жүзеге  асыру  міндетінің 
кіретінін атап өткен жөн. 
 
Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкілге  О.А.  және  «Төрлет»  ТК  басқа  тұрғындарының 
«BASTAUORDA» ЖШС ПИК әрекетсіздігіне шағыммен ұжымдық өтініші түсті.  
Өтінішке  сәйкес  «Төрлет»  ТК  үйлерінің  бірінде  1-қабаттан  6-қабатқа  дейін 
электрқалқанда электрлік шоғырсымның жануы нәтижесінде туындаған өрт болды. Үйдің 
6-қабатынан  18-қабатына  дейін  орналасқан  пәтерлерде  «Астанаэнергосбыт»  жедел 
қызметі  электрді  уақытша  электр  энергия  көздері  арқылы  қоса  алғаны  мәлім  болды. 
Алайда,  төменгі  қабаттарда  орналасқан  пәтер  тұрғындары  шоғырсымдардың  бүлінуі 
себебінен электр энергиясысыз қалды. 
Өтініш  берушілер  «BASTAUORDA»  ЖШС  ПИК  төрағасы  О.А.  оларға  ПИК-тің 
қалпына  келтіру  жұмыстарына  қажетті  шығындарды  өтеуге  қаражаты  жоқ  деп 
айтқанын мәлімдеді.  
Өтініш  берушілер  үйдің  электр  жүйесіндегі  күрделі  ақаулар  2012  жылдан  бері 
байқалатынын  атап  өтті.  Аталған  үйде  жарық  жүйелі  түрде  апаттық  сөніп  жатады. 


жүктеу 5,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау