Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі



жүктеу 5,1 Mb.
Pdf просмотр
бет4/83
Дата28.12.2019
өлшемі5,1 Mb.
#25267
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83

11 
 
қанағаттанарлықсыз  тұрмыстық  жағдайлар,  банктердің  әрекетімен,  тұрғын-үй 
таластары бойынша сот актілерімен келіспеу мәселелерін көтерді. 
Еңбек  мәселелері  өтініштердің  3,7%-ында  көтерілді  және  олар 
еңбекақыны  төлемеу,  жұмыстан  шығарумен  келіспеу,  еңбек  қатынастарын 
тиісінше  рәсімдемеу,  өндірісте  денсаулыққа  келтірілген  зиянды  өтеу 
мәселелерін қозғады. 
Есептік  кезеңде  мемлекеттің  қатысуынсыз  заңды  тұлғалардың  әрекетіне 
шағымдар  түсті  (3,4%).  Өтініш  берушілер  жиі  өз  өтініштерінде  екінші 
деңгейлік  банктердің  банктік  қарыздар  бойынша  міндеттемелерді  қамтамасыз 
ету  есебінен  кепілдік  мүлікті  өткізу  бөлігіндегі  әрекетімен  келіспеушілігін 
білдірді.  
 
Уәкілге асырауында кәмелет жасқа толмаған екі баласы бар  жалғыз басты ана А.Д. 
кепілдік  мүлікті  банктік  қарыз  үшін  өткізу  туралы  сот  шешімін  орындауды  тоқтатуда 
көмек көрсету сұрауымен өтініші түсті.  
«Kaspi  Bank»  АҚАймағамбетованың үйін өткізіп  алу туралы сотқа арыз берді. Сот 
шешімімен  банктің  талабы  қанағаттандырылды.  Бұл  арада  бұл  кепілдік  мүлік  аз 
қамтылған отбасы үшін жалғыз тұрғынжай болып табылады. 
Өтініш  берушіге  жоғары  тұрған  сот  инстанцияларының  сот  актісін  қайта  қарау 
тәртібі түсіндірілді.Өтініш мәлімет үшін сондай-ақ ҚР Жоғарғы сотына да жолданды. 
 
Тіркеу,  азаматтық  алу,  тұлғаны  куәландыратын  құжаттарды  рәсімдеу 
мәселелері  бойынша  өтініштер  өтініштердің  жалпы  санынан  3%-ды  құрады. 
Көп  жағдайда  өтініш  берушілер  құжаттауда,  жоғалған  құжаттарды  қалпына 
келтіруде, азаматтық тиестілікті анықтауда көмек сұрады.    
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталыққа П.В. қызы И.Е. мүддесінде Астана қ. 
көші-қон қызметі қызметкерлерінің әрекетсіздігіне шағымымен өтініші түсті. 
И.Е.,  Қазақстан  Республикасының  азаматы,  2000  жылғы  қарашада  Германияға 
тұрақты  тұру үшін кетті.  Төлқұжаттың әрекет ету мерзімі  аяқталғаннан кейін өтініш 
беруші  Қазақстан  Республикасының  Германиядағы  Елшілігіне  төлқұжат  алу  өтінішімен 
жүгінді. Алайда, уәкілетті  орган И.Е. атына төлқұжат беруден бас тартты, өйткені  ол 
ҚР  азаматтығынан  Ресей  Федерациясынан  түскен  өз  өтініші  негізінде  шықты.  Бұл 
кезекте,  өтініш  беруші  атағандай,  оның  қызы  Ресей  Федерациясының  аумағында  бұрын 
сонды тұрмады.  
Бұл  өтінішті  қарау  шеңберінде  тиісті  сұраулар  Қазақстан  Республикасының 
Сыртқы істер министрлігіне және Ішкі істер министрлігіне жолданды. 
Уәкілетті  органдар  өткізген  тексерістердің  нәтижелері  бойынша  И.Е.  ҚР 
азаматтығынан  шығу  туралы  өтініш  бермегені  және  Ресей  Федерациясының 
азаматтығын  алмағаны  анықталды.Қазақстан  Республикасының  Халықты  құжаттау 
қорында  И.Е.  құжаттарын  әрекет  етпейтіндердің  қатарына  ауыстыруға  қатысты 
жіберілген техникалық қате жойылды. 
И.Е.  атына  жаңа  төлқұжат  Қазақстан  Республикасының  Берлиндегі  Елшілігіне 
жіберілді. 
 
 
Есептік  жылы  Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкілге  мүгедектігі  бар 
адамдардың  құқықтары  мәселелері  бойынша  35  өтініш  (2,8%)  түсті,  олар 
тұрғын-үй,  мүліктік  құқықтарды  жүзеге  асыруға,  тиісті  медициналық  көмек 


12 
 
көрсету,  мүгедектік  санатынан  шығарумен  келіспеуге,  арнайы  әлеуметтік 
қызметтерді ұсынуға қатысты болды. 
Білікті  заң  көмегін  алу  мәселелері  бойынша  өтініштердің  саны 
өтініштердің жалпы санынан 2,5%-ды құрады. 
ҚР-дағы Адам  құқықтары жөніндегі Уәкілге талап арызды жазу үшін адвокаттың 
көмегін  алуда  жәрдемді  сұраумен,  сондай-ақ  әлеуметтік  қорғау  органдарының  әрекетімен 
келіспеу туралы К.Г. өтініші түсті. 
Республикалық адвокаттар алқасының өтінішті қарау нәтижелері бойынша Астана 
қ.  адвокаттар  Алқасының  Президиумына  К.Г.-ге  мемлекет  кепілдік  берген  заң  көмегі 
шеңберінде тегін заң көмегін көрсету туралы сұрау жіберілді.  
 
Алдыңғы  есептік  кезеңмен  салыстырғанда,  ар-ождан  бостандығы 
құқығының  бұзылуы  туралы  өтініштердің  саны  екі  есе  артты  (2,3%).  Діни 
бірлестіктердің  өкілдері  заңнама  талаптарын  бұзғаны  үшін  олардың  әкімшілік 
жауапкершілікке 
тартылуымен, 
кемсітушілік 
қарым-қатынас 
ретінде 
қарастырып,  құқық  қорғау  органдарының  олардың  өтініштерін  қарастыру 
бойынша әрекетсіздігімен келіспеушіліктерін білдірді. 
Әлеуметтік  қамсыздандыру,  соның ішінде  зейнетақыны  тағайындау  және 
төлеу,  әлеуметтік  көмек  көрсету  мәселелері  бойынша  өтініштердің  үлесі  2,2%-
ды құрады. Шағымдарда әлеуметтік төлемақыны тағайындау, әлеуметтік көмек 
көрсету, арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсететін орталықтарда тұру жағдайы, 
Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарға қолдау көрсету 
және т.б. мәселелер қозғалды. 
Өтініштердің  2,1%-ы  ақпаратты  алу  құқығын  іске  асыру  мәселесі 
бойынша түсті. 
Омбудсменге  қазіргі  уақытта  Қырғызстанда  тұратын  У.Г.  Жамбыл  облысының 
Қаратау  қаласында  орналасқан  «Қазфосфат»  ЖШС-нде  жұмыс  істеген  мерзімде, 
зейнетақыны  тағайындау  үшін  қажет  болған  еңбекақы  туралы  анықтаманы  алуда  көмек 
көрсету туралы өтінді. 
АҚУ  сұрауына  Жамбыл  облысының  Мемлекеттік  архиві  сұралған  мұрағаттық 
анықтаманы ұсынды. 
 
Есептік  жылы  Уәкілге  сот  шешімдерінің орындалмауы  туралы  өтініштер 
түсті  (2%).  Азаматтар  сот  атқарушыларының  әрекет  етпеу,  сот  шешімдерінің 
ұзақ орындалмау фактілерін атады. 
Сотталғандардың тұрғылықты жері бойынша жазасын өтеу құқығын іске 
асыру  әлі  де  өзекті  мәселе  болып  отыр,  бұндай  өтініштердің  үлесі  1,9%-ды 
құрады. 
Есептік  жылы  Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкілге  жер  мәселелері 
бойынша  22  өтініш  түсті  (1,7%).  Шағымдарында  өтініш  берушілер  жер 
учаскелерінбергенде, құқық белгілеу құжаттарын рәсімдегенде, жер телімдерін 
мемлекет  мұқтажына  алғанда,  жергілікті  атқарушы  органдардың  әрекетімен 
келіспеушілігін,  сондай-ақ  жер  даулары  бойынша  сот  актілерімен 
келіспеушілігін білдірді.  


жүктеу 5,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау