Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі



жүктеу 5,1 Mb.
Pdf просмотр
бет7/83
Дата28.12.2019
өлшемі5,1 Mb.
#25267
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   83

18 
 
еркін  жүріп-тұру,  жеке  адамның  дербес  құқықтылығы,  заң  және  өзге  көмекке 
қолжетімділік,  сыртқы  әлеммен  коммуникациялау  құқықтарына  қатысты 
бірқатар процестік бұзушылықтардың болуына аударды. 
Мектепке  дейінгі  мекеме  персоналының  оның  тәрбиеленушілеріне 
қатысты  қатыгездіктің  жиеленген  жағдайлары,  бұны  бұқаралық  ақпарат 
құралдарындағы,  соның  ішінде  шетелдік,  бейне  дәлелдемелер  растайды, 
Омбудсменнің 
Білім 
және 
ғылым 
министріне 
бұл 
мекемелердің 
қызметкерлеріне  қойылатын  біліктілік  талаптарды  қайта  қарастыру,  сондай-ақ 
жақында  мектепке  дейінгі  білім  беру  саласындағы  қызметті  лицензиялауды 
жоюдың  нысаналылығын  талдау    қажеттілігі  туралы  ұсыныстармен  үндеу 
жолдауға себеп болды.  
Есептік  жылы  Үкіметке  «Алтын  алқамен»  марапатталған  көп  балалы 
аналардың  құқығын  жүзеге  асыруда  ҚР  қолданыстағы  «Мемлекеттік 
наградалар  туралы»  Заңымен  қарастырылған  мемлекеттік  тұрғын-үй  қорынан 
бірінші кезектен тұрғын-үй алуға құқықтық коллизияны жою бойынша ұсыныс 
жолданды.  
Азаматтардың  тұрғын-үй  құқықтарын  қамтамасыз  ету  саласындағы 
заңнаманың  мінсіз  болмауы  Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкілдің  Үкіметке 
үндеу  салудың  басқа  себебі  болды.Тұрғын-үйі  белгіленген  санитарлық-
эпидемиологиялық және  техникалық талаптарға  сәйкес келмейтін азаматтарды 
есепке алу туралы нақты заң нормалары болса да,  тиісті қорытындыны беретін 
уәкілетті  органның  болмауы  себебінен  ұзақ  уақыт  бойы  оны  жүзеге  асыратын 
тетік әрекет етпеді.  
Мәскеуде  қазақстандық студент  қыздың  өлімін  тергеу  барысында  тергеу 
органдарының  тарапынан  бірқатар  процестік  бұзушылықтар,  сондай-ақ  болған 
оқиғаны анықтауға кедергі келтіргенқандай да бір ақпаратты беруден бас тарту 
ҚР-дағы  Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкілдің  тиісті  сұрауымен  Ресей 
Федерациясының  Омбудсменіне  жүгіну  қажеттілігін  тудырды.  Құқық  қорғау 
мекемесі араласқаннан кейін тергеу жоғары тергеу органдарының іс жүргізуіне 
берілді және ерекше бақылауға алынды. 
Омбудсмен мекемесінің назарында Сирияда және оған жақын аумақтарда 
жауынгерлік іс-қимыл аймағында болған қазақстандық балалармен байланысты 
мәселелер  болды.  Кәмелетке  толмаған  қазақстандықтарды  сәйкестендіру  және 
отанына қайтару мақсатымен бұл сұрақ бойынша Сыртқы істер министрлігі мен 
Ұлттық қауіпсіздік комитетімен өзара әрекет орнатылды. 
Азаматтардың  түскен  шағымдары,  сондай-ақ  бұқаралық  ақпарат 
құралдарындағы  және  әлеуметтік  желілердегі  астанада  қоғамдық  көліктің 
қанағаттанарлықсыз жұмысы туралы кең резонанс Омбудсмен мекемесін нақты 
автобус  бағдарларына  шығумен  жағдайды  зерттеуіне  түрткі  болды.  Адам 
құқықтары  жөніндегі  Уәкілдің  Астана  қ.  әкіміне  үндеуі  қорытындылары 
бойынша  көлік  қызметтерінің  жаңа  түрлерін  енгізумен  айналысатын  уәкілетті 
органның  қызметін  бақылауды  күшейту  бойынша  пәрменді  шаралар 
қабылданды. 


19 
 
Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкілдің  мониторингтік  қызметі  шеңберінде 
2018  жылы  өкілдері  түзеу  мекемелеріне,  тергеу  оқшаулағыштарына,  әйелдер 
колониясы  жанындағы  бала  үйіне,  әлеуметтік  мекемелерге,  кәмелетке 
толмағандарды  бейімдеу  орталықтарына,  ішкі  істер  органдарының  арнайы 
мекемелеріне (қабылдаушы-бөлушілер, арнайы қабылдаушылар, УКО, полиция 
учаскелері)  барды.  Есептік  жыл  бойында  еліміздің  4  өңірінің  10  мемлекеттік 
объектісіне миониторинг жасалды. 
 
 
 
Ақмола облысы Целиноград ауданының аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау 
изоляторына бару
 
 
Институционалдық 
мекемелер 
мониторингі 
жабық 
мекемелерде 
орналасқан  тұлғалардың  құқықтарын  сақтау  туралы  ақпаратты  алуға, 
мекемелердің  және  жалпы  алғанда  азаматтардың  жекелеген  санаттарының 
алдында  тұрған  қолда  бар  мәселелерді  және  сын-қатерлерді  білуге  мүмкіндік 
береді. 
Қазақстан  Республикасында  шетелдік  азаматтардың  құқықтарын  сақтау 
мониторингі  шеңберінде  жүйелі  шешімді  талап  ететін  бірқатар  мәселелер 
анықталды. 
Қабылдаушы-бөлушілерге  бақылаумен  бару  негізінен  көршілес  орталық 
азия  елдерінен  еңбек  мигранттарының  заңсыз  трафигінің  бары  туралы  айтуға 
негіз  болады.Лайықты  рәсімдеу  мен  онымен  байланысты  заңды  мәртебенің 
болмауы  олардың,  солармен  бірге  олардың  балаларының  іс  жүзінде  құқықсыз 
жайына себепші болып отыр. 


20 
 
Қабылдаушы-бөлушілердің  инфрақұрылымына,  атап  айтқанда,  Алматы 
қ.,  ерекше  назар  аударған  жөн,  бұнда  қылмыс  жасамаған  шетелдік  азаматтар 
үшін бас бостандығынан айыратын орындарға ұқсас жағдайлар жасалған.  
Сондай-ақ  қолданыстағы  заңнаманың  мінсіз  емес  екені  анықталды,  оған 
сәйкес  бас  бостандығынан  айыратын  орындарда  жазасын  өтеп  жатқан 
шетелдіктер  экономикалық  және  әлеуметтік  қызметтерге  қолжетімділікте 
шектелген.  
Заңнамалық бастама шеңберінде Қазақстанда мигранттардың құқықтарын 
реттеу  бойынша  шаралар  қабылдау  туралы  ұсыныстар  ҚР  Парламент 
Мәжілісінежолданды. 
Құқық  қорғау  органдарының  қызметіне  мониторинг  ең  алдымен 
азаптауларды  және  қатыгездіктің  басқа  түрлерін  алдын  алудың  ұлттық 
превентивтік  тетігі  (ҮЕШҰПТ)сондай-ақ  ҰҚҚҰ  мониторингтік  қызметі 
шеңберінде  жүзеге  асырылады.  ҰПТформатына  ІІМ  пенитенциарлық 
мекемелерімен  қатар,  бұған  дейін  қоғамдық  бақылау  аймағынан  тыс  қалған 
оның басқа құрылымдық бөлімшелерінің басым бөлігі кіреді. 
Есептік  кезең  бойында  өкілдер  ішкі  істер  органдарының  мекемелеріне, 
соның  ішінде  пенитенциарлық;  қорғаныс;  ұлттық  қауіпсіздік;  білім  беру; 
денсаулық  сақтау;  461  рет  превентивтік  барды.ҰПТқатысушылары  әзірлеген 
ұсыныстар  азаптаулар  мен  қатыгездіктің алдын  алуын,  жабық мекемелерде  оң 
өзгерістерді  және  персоналдың  онда  күтілетін  тұлғаларға  жақсы  қарауын 
қамтамасыз етуге тиімді ықпал етуге мүмкіндік береді.  
Жоғарыда  аталған  мониторингтің  тиімділігі  сөзсіз,  өйткені  есептік 
кезеңде-ақ ішкі істер органдарының 28 лауазымдық тұлғасы жауапқа тартылды. 
ҰПТжұмысының  қорытындылары  бойынша  құқық  қорғау  органдарына  2017 
жылы  процестік  нормаларды,  сотталғандардың  құқықтарын  бұзумен 
байланысты  және  сотталғандарды  және  бостандыққа  шығатын  тұлғаларды 
қайта  әлеуметтендіруге  және  т.б.  қатысты,  қылмыстың  қайталануын 
төмендетуге бағытталған 118 нақты ұсыныс жолданды. 
Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкілдің  жанында  әрекет  ететін 
консультативтік-кеңесші органдар есептік жылы өз қызметін жалғастырды.  
Сараптама  кеңесі  діни  қызмет,  құжатталмаған  тұлғалардың,  солардың 
ішінде балалардың құқықтары және азаматсыздықты азайту бойынша  шаралар 
қабылдау саласындағы заңнаманы өзгерту, Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің 
қызметіне,  пенитенциарлық  жүйені  заңды  реформалауға,  «Тиімді  шағымдар 
қоғамына»,  «Азапсыз  қоғам»  МЖ  жобалар  бойынша  кешенді  іс-шараларға  
қатысты  нормативтік  құқықтық  базаны  жетілдіру,  халықаралық  органдардың 
ұсыныстарын    қолдану  мәселелерін,  құқық  қорғаушыларды  қорғайтын 
тетіктерді құру мәселесін қарастырды. Әзірленген ұсыныстарды тиімді қолдану 
мақсатында  аталған  мәселелерді  талқылау  осы  салалардағы  сарапшылардың 
және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өткізілді. 
Үйлестіруші 
кеңес 
ұлтық 
превентивтік 
тетік 
шеңберінде 
ҰПТқатысушылары  қызметінің  тиімділігін  арттыруға  назар  аударды. 
Үйлестіруші  кеңестің  мүшелері  ҰПТ2017  жылғы  қызметінің  қорытындылары 


жүктеу 5,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау