Малғажина Арай Аманкелдіқызы
«Солоновка орта мектебі»КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі.
Ғылыми педагогикалық зерттеулерді ұйымдастырудың
әдіснамасы мен әдістері
2-БӨЛІМ. ДӘРІС КЕШЕНІ.
1-тақырып. Педагогикадағы әдіснамалық білімнің құрылымы және функциясы.
Дәріс мақсаты: Әдіснама туралы түсінік беру. Ғылыми білімнің әдіснамалық негізі функциясы және ғылыми тәжірибе құрлымын қарастыру.
Жоспар:
Әдіснама туралы түсінік
Ғылыми білімнің әдіснамалық негізі функциясы және ғылыми тәжірибе құрлымы.
Қазіргі уақытта педагогикалық зерттеулерге, білім жүйесі мекемелеріндегі тәжірибелік-эксперименттік жұмысқа ерекше көңіл бөлінуде. Зерттеуші – педагогтің, педагогикалық ұжымның, эксперименттік алаңдардың ғылыми ізденісінің бағдарламалары мен әдістемелері жазылып даярлануда. Нақты мәселенің зерттелу жұмысының тәжірибесі жинақталуда. Ғалымдардың іргелі еңбектерінде (Л.В.Занков, Ю.К.Бабанский, М.Н.Скаткин, Я.Скалкова, В.И.Загвязинский, В.И.Журавлев, В.М.Полонский және т.б.) педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістемесі кеңінен берілген. Дегенмен, осы уақытқа дейін ХХ ғасырдың екінші жартысында жан-жақты зерттелген, семинарларда талқыланғанмен де зерттеушінің әдіснамалық мәдениетіне енетін біліктіліктің мазмұны нақтыланбаған. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің бағыттарын, тұжырымдамасын, әдістемесін анықтайтын ұғымдық-түсініктік терминологиялық аппараты жеткілікті деңгейде зерделенбеген.
Осы бағыттағы жетістіктерге қарамастан, бүгінгі күні жас зерттеушілер де, тіпті тәжірибелі ғылыми қызметкерлер де зерттеудің ғылыми аппаратын тұтасымен, сондай-ақ оның жеке бөліктерін құрастыруда қиналатыны байқалады. Әсіресе, зерттеудің әдіснамалық негіздерін анықтау мәселесіне келгенде ізденушілердің көпшілігі бұның құрамына не кіретінін іздестіріп, тек зерттеудің ғылыми аппаратын үлгілерден алып жазып қоюмен шектелетін жәйттер де кездеседі. Ғылыми-зерттеу практикасында зерттеушілер “осы әдіснамалық негізді біз жасаймыз” деген пікірде болады да, солай жазады да. Ал шын мәнінде, зерттеуші зерттеуд ің әдіснамалық негізін тек анықтайды. Демек, әдіснамалық негізді әдебиеттен қарастырып өз тақырыбының мәніне, мазмұнына сай таңдап алады. Әдіснамалық негіздің құрылымына, біздің пайымдауымызша, педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негізінің алғашқы құрамдас бөлігі өз зерттеу пәнінің – философиялық заңдар, ұғымдардың және материалистік диалектиканың ұстанымдары мен әдістеріне қатысын ойластырады. Әдіснамалық негіздердің келесі бөліктеріне әдіснамалық тұғырлар, әдіснамалық ұстанымдар, зерттеудің тұжырымдамалық негізіне алынатын зерттеудің логикасы (зерттеудің ғылыми аппараты, зерттеудің түсініктік аппараты, зерттеудің өлшемдік аппараты) енеді. Әрине, зерттеудің әдіснамалық тұғырлары мен ұстанымдары зерттеудің ғылыми аппаратының құрамына да кіреді. Әдіснамалық тұғыр мен әдіснамалық ұстанымды бөліп көрсету себебіміз ізденушінің назарын ерекше аудару мақсатында болып отыр.
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негізі бағытындағы ізденістерде зерттеудің логикасы, зерттеу әдістері, нәтижелері, зерттеу сапасын бағалау мәселелері қарастырылып жүр. Ал енді әдіснамалық тұғырлар туралы білімдер жиынтығы әдіснамашы ғалымдардың еңбектерінде, түрлі ғылыми басылымдар, ғылыми-практикалық конференциялар, әдіснамалық семинарлар, интернет-конференциялар, пікірталастар, дөңгелек столдар, пікірталастар материалдарында көрініс тапқан.
Осы білімдерді жүйесі әдіснамалық тұғырлардың құрылымы мен мазмұны «Методология общей и этнической педагогики в логико-структурных схемах» (2005 ж.) атты оқу әдістемелік құралда «әдіснамалық ұстанымдар» 2.5., «әдіснамалық тұғырлар». 2.6. тармақшаларда берілген. Сонда зерттеудің әдіснамалық негізін сызба түрінде жобаласақ, төмендегідей үлгі шығады. 1-сурет.
Сонымен, әдіснамалық тұғырлар дегеніміз – қайсыбір педагогикалық мәселені зерттеудегі қолданылатын ұстанымдар, әдістер, тәсілдер жиынтығы. Әдіснамалық ұстанымдар деп педагогикалық жүйелерді зерттей отырып, өзгерткенде негізге алынатын қағидаларды айтады. Ғылыми-педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру ұстанымдары – жүргізілетін ғылыми зерттеулерге қойылатын жалпы талаптар, жетекші идея, түпкі қағида. Ғылыми әдебиеттерде жалпы ғылымилық ұстанымдар қатарына объективтілікті, ғылымилықты, жүйелілікті, тарихилықты, сабақтастықты және т.б. жатқызады. Демек, тұғыр ұстанымға қарағанда кең ұғым. Бұл тұғырлар мен ұстанымдар барлық ғылымға тән. Сондықтан педагогикада аталмыш тұғырлар мен ұстанымдарды зерттелетін объектілердің мәніне сай қолданып, ізденушілер өз зерттеулерін ұйымдастырады. Нақты тұғыр бірнеше ұстанымдар арқылы іске аспақ. Бұл ретте әдіснама негізінен ғылыми әрекеттің логикасына қатысты түсіндіріледі. В.В.Краевскийдің анықтауынша, әдіснама – педагогика ғылымының жасалу зертханасы, сол әдіснама арқылы зерттеудің қазіргі талапқа сай екендігі көрсетіледі және ғылыми қызметкерлердің кәсіби деңгейі бағаланады. Ізденушілерге біз 2007 жылы «Тұран» баспасынан жарық көрген «Введение в методологию и методику педагогического исследования» атты оқу құралындағы әдіснамалық тұғырлар, әдіснамалық ұстанымдар, зерттеу логикасы, зерттеу әдістемесі туралы мысалдармен тереңдетіле берілген әдіснамалық білім мазмұнын ұстанамыз.
Сонымен, зерттеудің әдіснамалық негізін анықтау үшін әдіснамалық негіздеме жасау қажет. Оның мазмұнына: ізденушінің тұжырымдамасының философиялық негіздері, педагогикалық мәселелерге сын көзқарас, зерттеу тұжырымдамасының ғылыми негіздері (мәселені тарихи-логикалық талдау, зерттеу пәнін диалектикалық жүйелі-құрылымдық талдау, оның сипаттамасын тұтастық тұғырдан қарастыру, зерттелетін педагогикалық құбылыстың дамуының негізі болатын жетекші қайшылықтарды анықтау, осы үрдіске тән заңды байланыстарды ашу әдіснамасына сипаттама), осы педагогикалық тұжырымдама негізіндегі түрлі ғылыми қағидаларды талдау енеді. Осыдан біз педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздемесінің келесі логикалық тізбесін-алгоритмін қарастырамыз:
педагогикалық дәйектерді, құбылыстырды және үдерістерді, зерттеуге қажет нақты әдіснамалық тұғырларды анықтау;
әдіснамалық ұстанымдарды нақтылау;
зерттеу мәселелеріне тарихи-логикалық талдау жасау;
зерттеу пәнін сипаттауға тұтастық тұғырды пайдалану.
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негізі оның теориялық базасымен тығыз байланыста беріледі.
Демек, педагогикалық әдіснама дегеніміз – педагогикалық теорияның негіздері мен құрылымы, педагогикалық болмысты бейнелейтін білімдерді жасаудың ұстанымдары, тұғырлары және тәсілдері туралы білімдер жүйесі, сондай-ақ, осындай білімдерді алу мен зерттеу жұмысының бағдарламасын, логикасын және әдістерін, сапсын бағалауды негіздеуге бағытталған әрекетінің жүйесі.
Әдіснамалық білімінің мәні
№
|
Құрылымның қайнар көзі
|
Нышаны
|
Критерийі
|
1
|
Тәжірибе өкілінің ғылыми зерттеу іс‑әрекетінің әр түрлі эмперикалық немесе ғылыми‑эмпирикалық мәселелерді шешу.
|
Педагогикалық әлеуметтік тәжірибенің таным үрдісі мен қайта құру әдіснамалық білімі арасындағы ерекше қайшылық шешімі
|
Білімнің дерексіздік критерийі («...әдіснамалық мағына жалпы біліммен ортақ жекеше білімге қарағанда...»)
|
2
|
Зерттеушілердің ғылыми‑зерттеулік іс‑әрекеті өңдеудің әртүрлі теория әдіснамалық әртүрлі байланыстағы мәселелер.
|
Танымның және тәжірибенің бірлігі өзара байланыс екі үрдістің – танылатын қайта жасау, теориялық және тәжірибелік іс‑әрекеті.
|
Білімнің пәндік мазмұнының белгісі.
|
3
|
Ғалымның жұмысы жалпы негізгі ғылыми зерттеулерінің іс‑әрекеті нақты бір ғылымның негізінде қалыптасады.
|
|
Критерийдегі сфераларды қолдану (педагогикалық білімінің таралуы).
|
4
|
Ғылымикіріспеге жататын мәселелерді шешудің ғылыми зерттеулік іс‑әрекеті
|
|
|
5
|
Ғылыми зерттеу іс‑әрекеті, зерттеумен, талдап қорытумен, ұғынумен байланысты және алдыңғы тәжірибе іс‑әрекетін тапсыру, теория мен тәжірибе байланысын қамтамасыз ету.
|
|
|
6
|
Өкілдің іс‑әрекеті немесе ғылыми өңдеу бөлек әдіснамалық мәселелердің тәртібі.
|
|
|
Педагогикадағы әдіснамалық білімнің ақпарат-бағыттаушының дамуы
№
|
Материалистік диалектика (заңдар, категориялар, қағидалар және тәсілдер)
|
Заңдар, категориялар, қағидалар, тәсілдер, педагогиканың әдісі
|
Педагогика ғылымының әдіснамасы
|
1
|
Диалектиканың заңдары – жалпы, маңызды, қажетті, табиғатпен байланыста көріну, қоғамдық және ойлау.
Бірлік заңы және қарама‑қайшылықпен күресу.
|
Педагогикадағы заңдар;
Оқытудың қағида заңы;
Оқу‑тәрбие үрдісінің заңы және заңдылығы;
Үйлеспеушілік заңы;
Педагогикалық қайшылық;
Педагогикалық мәселе;
Оқу‑тәрбиелік үрдістің қарама‑қайшы қозғаушы күші ретінде.
|
Первая сессия Всесоюзного семинара (1969г.) П.Н.Груздев, В.Я. Струминский, Г.В. Воробьев, Л.Н. Таранов, М.А. Малькова, И.Я. Лернер, В.И. Помогайба, Н.А.Петров, Н.Л.Коршунова,
Г.В. Воробьев, Б.т. Лихачев, Б.И. Коротяев, Г.И. Рузавин, В.И. Загвязинский,
Г.В. Воробьев, В.М.Полонский, В.С. Ильин, В.Е. Гмурман, Н.Д. Хмель.
|
|
Заңның өзара түсінісудің сандық және сапалық өзгерістерге өтуі.
|
Сандық және сапалық сипаттамасы педагогикалық квалиметрия ара қатынасы математикалық және статистикалық әдістер.
|
М.А. Данилов, В.И. Загвязинский, С.И. Архангельский, Ительсон Л.Б., Н.В. Акинфиева, С.И. Архангельский, В.И. Михеев.
|
|
Заңды теріске шығару
|
Педагогикалық зерттеудегі логика заңы.
|
А.А. Левшин, Г.И.Рузавин, Ф.А. Кузин.
|
2
|
Диалектиканың қағидалары – жалпы түсінік, қасиетін байланысын және қатынасын жалпылай қамтып көрсету
|
Мәні және құбылысы.
Заңдылықтың педагогикадағы мәні және қызметі.
Оқу үрдісіндегі мәні және құбылысы.
Маңыздылық ықпалы
Педагогика пәніндегі жалпылық және өзгешелік.
|
Первая сессия Всесаюзного семинара по методологии и методики педагогических исследований (1969г) В.Черняк, В.И.Загвязинский, В.В.Краевский, С.И. Архангельский, В.И. Гинецинский, А.В. Коржуев.
|
|
1. Мазмұны және формасы
|
Педагогикадағы формалдылық және мағыналылық
Оқу үрдісіндегі мағына және форма.
|
В.И. Загвязинский
С.И. Архангельский
|
|
2. Салдары және себебі
|
|
|
|
3. Қажеттілік және кездейсоқ
|
Педагогикадағы қажеттілік және кездейсоқ
|
Г.В. Воробъев, Б.П. Битинас
|
|
4. Ақиқат және мүмкіндік
|
|
|
|
5. Бөлшек және бүтін
|
|
Ю.К.Бабанский
|
|
6. Жекелік, ерекшелік, жалпы, жалпылық.
|
Педагогикадағы ерекшелік және жалпы, педагогика пәніндегі жалпы ерекшелік.
|
А.П. Шептулин, В.И. Загвязинский, С.И.Архангельский, Ю.К. Бабанский, В.И. Ги нецинский
|
3
|
Диалектиканың қағидалары
1. жалпылық қозғалыс және даму.
|
Дидактикадағы диалектика үрдісі
Педагогикадағы даму үрдісі
Психологиялық‑педагогикалық зерттеу іс‑әрекеті нысаны және міндеті үрдіс ретінде
|
И.Г. Геращенко, Л.Ф. Ильичев, В.В. Давыдов, А.К. Маркова,
|
|
2. Жалпылық байланыс
|
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы
|
В.И. Журавлев.
|
|
Диалектиканың логикалық және таным теориясының бірлік сәйкестігі.
|
Гармониялық бірлік материалдық және рухани жақтары тәрбие мазмұнында және оқудағы рационалды үрдіс.
|
И.Я. Лернер
|
|
Объективті жағы
|
Тәрбиеге және білімге үрдістің біріңғай мазмұндық құрамы
Тәрбие және білімге, іс‑әрекетке тапсырыс және меңгеру үрдістің біріңғай тарихи‑генетикалық мазмұнының құрылымы.
|
В.В. Давыдов, Е.Н. Кабанова‑Меллер, В.В.Краевский, Л.Я. Зорина.
|
|
|
Педагогикадағы объективті және субъективті жағы.
|
В.Л.Татарченко
|
4.
|
Тәсілдер
(әдіснамалық)
Іс‑әрекет
Функционалды‑құрылымдық
|
Педагогикадағы жүйелі амалдар тәсілдері
Дидактикадағы іс‑әрекет тәсілдері
Функционалды‑құрылымдық ерекшелік
|
Ф.Ф. Королев, 3‑я сессия семинара (1970г), Р.Г. Лемберг, Г.А.Уманов, Н.Д.Хмель, Н.Н. Ржецкий.
|
|
Жүйелі
Құрылымдық
|
Педагогикадағы жүйелі‑құрылымдық тәсілдер
Тәрбиеге және оқытуға жүйелі құрылымдық
|
Ф.Ф. Королев, В.П. Беспалько, Т.А.Ильина, В.Я. Сквирский, С.И.Архангельский, Н.В. Бордовская.
|
|
Педагогикадағы жүйелі‑құрылымдық ерекшелік
| |
З. Жанабаев, Г.И.Щукина, В.С. Ильин, Е.Пугачева, Б.Мукушева, Л.Х. Мажитова.
|
|
Мәденитанымдық
|
Педагогикалық мәдениеттанымдық
|
Ж.Наурызбай, М.Ж.Балтабаев, А.П. Валицкая, С.К.
Калиев, С.А.Узакбаева, К.Ж.Кожахметова.
|
|
5. Ақпараттық коммуникациялық
|
Педагогикалық коммуникация
|
В.Ширшов,иД.М. Джусбалиева.
|
\
|
6. экологиялық
|
Педагогикалық экология
Экологиялық педагогика
|
А.Бейсенова, Н.Сарыбеков, Ж.Жатканбаев, М.Сарыбеков
|
|
7. мәні
|
Педагогика мәнінің ерекшелігіА.В.
|
Коржуев, Г.Н. Волков, К.Б. Жарикбаев, В.Г. Храпченков.
|
|
8. даралық
|
Педагогика инвилизация ерекшелігінің тарихы
|
Г.Б. Корнетов, А.В. Беляев.
|
|
9. тұтастық
|
Педагогика тұтастығының ерекшелігі
|
В.Г. Каптерев, Р.Г. Лемберг, Г.А. Уманов, Н.Д. Хмель, 11-ясессия семинара (1984)
|
|
Ғылыми пәні факт,құбылыс, үрдіс, объект
|
Педагогикалық зерттеуде ғылыми факт.
|
Б.Н. Наумов.
|
|
|
Педагогикалық құбылыс, педагогикалық қағида
Педагогикалық теория
|
А.А. Левшин, М.М. Данилов, В.С. Шубинский, 6-я сессия (1973г.)
М.А. Данилов, В.Малинин, М.С. Бургин, Л.М. Фридман, И.С. Дмитриев, В.И. Додонов, В.И. Кузнецов, Б.Т.Лихачев, В.С.Шубинский, Н.Д. Хмель, Л.Я. Зорина, 4-я сессия семинара (1971г.)
|
|
|
Педагогикадағы сауаттылық және сауатсыздық.
|
Б.Г. Матюнин, С.А. Днепров.
|
|
|
Педагогика құрылымы, пәні, объектісі.
|
В.Е. Гмурман, М.А. Данилов.
|
|
|
Педагогика қоғам білімінің жүйесі
|
Н.Д. Никандров.
|
|
|
Педагогика адам туралы ғылым жүйесінде
|
В.И. Журавлев.
|
|
|
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы.
|
В.И. Журавлев, А.П. Сейтешев.
|
|
|
Педагогикалық ғылыми басқару.
|
Б.С. Гершунский, В.Дмитренко.
|
|
|
Педагогикалық басқару қайнар көзі.
|
С.В. Иванов, В.Г. Храпченков.
|
|
|
Педагогикалық терминалогия
|
Б.В. Комаровский, И.М. Кантор, Н.Л.Коршунова, М.А. Галагузова, Г.И.Железовская, В.М. Полонский.
|
|
| |
И.Ф. Свадковский, М.А. Данилов, Ф.Ф. Королев, В.Е. Гмурман, З.И. Равкин, В.В.Краевский, В.О. Кутьев, Я.Ч. Турбовский, В.И.Загвязинский, Я.Скалкова, В.И.Журавлев, Г.П. Щедровицкий, А.П.Сейтешев, Н.К. Гончаров, Н.И. Болдырев, Н.Д. Хмель, В.Г. Разумовский, 1-12 сессия семинара (1969-1988гг)
|
|
|
Педагогика мен әдіснамалықтың байланысы.
|
В.Н. Шамардин
|
|
|
Педагогика ғылымы мен тәжірибенің байланысы.
|
В.В.Краевский, Я.С. Турбовской, В.И.Журавлев
|
|
|
Педагогикадағы әдіснамалық зерттеу.
|
Э.И. Моносзон, М.Н.Скаткин, Ф.Ф. Королев, В.В. Краевский, В.С.Шубинский, Я.С. Турбовской, В.М. Пивоваров.
|
|
|
Әдіснамалықты оқытудағы мәселелер, ППО‑ны талдап қорыту мен қолдану.
|
А.М. Гельмонт, М.Н. Скаткин
9-я сессия Всесаюзного семинара по методологии педагогики (1978г.)
|
|
| |
В.С. Шубинский, Б.С. Гершунский, Н.Д. Никандров, Л.Я. Зорина.
|
|
|
Әдіснамалық мәдениет, әдіснамалық рефлексия
|
О.С. Анисимов, В.А. Сластенин, В.Э. Тамарин, В.А. Мосолов, Ю.В. Сенько, С.В. Кульневич, В.В.Краевский
|
|
| |
Е.В. Бондаревская, В.К. Омарова, Ю.Н. Кулюткин, А.А. Орлов, Б.С.Сухобская, А.М. Моисеев, С.Т.Каргин.
|
|
|
Әдіснамалық зерттеудің аппараты.
|
А.Я. Найн, Э.А. Штульман, В.М. Полонский, Т. Кенжеваев, Н.Н. Тригубов.
|
|
|
Педагогика ғылымының және тәжірибенің әрекеті.
|
В.В.Краевский, В.И.Журавлев, Я.С. Турбовская, Я.Скалкова.
|
5.
|
Материалистік диалектиканың әдістері:
Эмпирикалық таным әдістері: бақылау
эксперимент
Логикалық танымның әдістері талдау‑жинақтау
индукция‑дедкуция
Тарихи және логикалық
Абстрактілі және нақты; формализация
Ұқсастық, дәріптеушілік, өңдеу теориялық зерттеу әдістері: аксиомалық әдіс;
болжау әдісі;
қағида әдісі;
жүйелі әдістер.
|
Педагогикалық зерттеу әдістері,
Педагогикалық әдістердің жүйелі әдістері,
Педагогикадағы эмпирикалық және теориялық,
Педагогикалық эксперимент, дидактикалық эксперимент
Педагогикалық талдау, педагогикалық жинақтау ППО‑ны оқу мен талдап қорыту, педагогикалық зерттеудегі, оқу теориясындағы тарихи және логикалық
Педагогикадағы модельдеу; дәріптеушілік әдісі.
Педагогикадағы аксиомалық әдіс.
Педагогикалық зертеу жүйесінің әдісі
Педагогикалық зерттеудің ойы, идеясы, болжамы.
|
М.А. Данилов, А.И.Пискунов, Г.В.Воробьев, В.С. Шубинский,
М.Н.Скаткин, В.И.Журавлев, Н.В.Кузьмина, В.М. Пиваров,
А.Я.Данилюк, Л.Д. Делима, В.В. Белич, Ф.А. Фридман
В.В. Давыдов, Л.В. Занков, В.И Загвязинский, А.И. Пискунов, Г.В. Воробьев, Ю.К. Бабанский
2‑я сессия Всесоюзного семинара по методологии и методики пед7 исследований
Ю.А. Конаржевский, М.Н.Скаткин, Ф.Ф. Коралев, С.И. Архангельский,
В.В. Давыдов
Н.В. Кузьмина
|
|
| |
Г.В. Воробьев, В.М. Полонскй, В.Е.Гмурман
|
|
| |
А.И. Кочетов, Н.В.Кухарев, Н.Д.Хмель, А.С. Тотанова
|
|
|
Педагогикалық зерттеудің әдістері
|
А.Ботвинников, В.И. Загвязинский, М.Н. Скаткин, Я.Скалкова, Ш.И. Ганелин, Л.В. Занков, А.И. Кочетов, А.А. Кавырляг, Л.Новикова, А.Куракин.
|
|
|
Дидактикалық зерттеудің логикасы
|
Л.В. Занков, И.Я.Лернер, Ю.К. Бабанский,
|
|
|
Педагогикалық зерттеудің әдістері
|
А.И. Пискунов, Г.В. Воробьев, В.С. Шубинский, Н.К. Гончаров.
|
|
|
Педагогикадағы өлшеу теориясы (пед. квалиметрия)
Педагогикадағы өңдеу.
|
Н.В. Кузьмина, В.С. Черепанов, В.И. Михеев, Н.В. Акинфиеев, Е.В. Яковлев, А.Ф. Зотов, В.М. Блинов, В.В. Краевский, И.А. Невский, 6-я сессия семинара (1973г)
|
|
|
Педагогикалық эксперимент
|
А.И.Пискунов, Г.В.Воробьев, С.И. Архангельский, 2-я сессия семинара (1970 г.)
|
|
|
Педагогикадағы көпөлшемді талдау.
|
Вторая сессия Всесоюзного семинара по методологии и методики пед. исследования, Б.П. Битинас.
|
|
|
тарихи және логикалық педагогикалық зерттеуінде
|
Ф.Ф Королев.
|
|
|
Педагогикадағы териялық пен эмпирикалық
|
Ф.А. Фрадкин, А.Я. Данилюк.
|
|
|
Педагогикадағы математикалық әдістер
|
Л.Б. Ительсон, М.И. Грабарь, К.А. Краснянский.
|
|
|
Педагогикадағы зерттеу сарап жұмыстары.
|
В.С. Черепанов, С.И Архангельский
|
|
|
Педагогикадағы статистикалық әдістер
|
Н.Д. Гусева, Дж. Гласс, Дж. Стенли.
|
|
|
Педагогикадағы болжамдық әдістер
|
Б.С. Гершунский, 7-я сессия (1974 г.), Б.М. Андриевский, С.И. Поритова7
|
|
|
Педагикалық зерттеудің қорытындысы.
|
В.М. Полонский.
|
|
| |
В.И.Гинецинский.
|
|
|
Ғылыми‑педагогикалық зерттеудің бағасының сапалығы
|
С.И. Архангельский, В.М. Полонский.
|
|
|
Педагогикалық зерттеудің бағасының нәтижелігі.
|
Ю.К. Бабанский, С.Я. Батышев, М.И. Кондаков, В.И. Журавлев, В.М. Полонский, 5-я, 8-я сессия, Г.И. Щукина.
|
|
|
Орта және жоғары мектептерге ғылыми педагогикалық тәжіриеге сипаттама енгізу
|
А.А. Арламов, П.И. Карташов, О.А. Нильсон, Л.И. Гусев, Г.Л. Лукпанов, М.И. Махмутов, 5-я сессия семинара (1978г.)
|
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Әдіснама дегеніміз не?
Ғылыми білімнің әдіснамалық негізі функциясы және ғылыми тәжірибе неден құрылған.
Әдіснаманың төрт деңгейінің әрқайсысына мінездеме беріңіз.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Краевский В.В. Методология научного исследования. – Спб., СПБГУ, 2001.
2. Загвязинский В.И., Атаханов Р. Методология и методика психолого-педагогического исследования. – М.: «Академия», 2001.
3. Краевский В.В. Метологическая рефлексия // Советская педагогика. – 1989. №2.
4. Мосолов В.А. Формировать методологическую культуру // Советская педагогика. – 1990 -№3.
5. Липский И.А. Социальная педагогика: практика, научная дисциплина, образовательный комплекс // Педагогика. – 2001. №1.
6. Журавлев В.И. ХХVІІ съезд КПСС и проблемы метологии педагогической науки – М.: Педагогика, 1988.
7. Ильин В.В. Философия: Учебник для. – М: Академический проспект, 1999.
8. Гершунский Б.С., Никандров Н.Д. Метологическое знание в педагогике. – М., 1986.,
9. Бордовская Н.В. Педагогическая систематология: постановка проблемы // Педагогика. – 1998. - №8
10. Рузавин Г.И. Метология научного исследования: учеб. пособие для вузов. – М.: ЮНИТИ – ДАНА, 1999.
11. Кохановский В.П. Философия и методология науки. – Ростов н.Д.: «Феникс», 1999.
2-дәріс. Педагогика әдіснамасы генезисінің дамуы.
Дәріс мақсаты: Тарихи даму генезисін толық қарастыру.
Жоспар:
1. Ғылымның дамуы кезеңдері және әдіснама түрлері
Педагогика әдіснмасының даму генезисі.
Ғылымның дамуы кезеңдері және әдіснама түрлері
№
|
Ғылымның даму кезеңдері
|
Әдіснама түрлері, ғылыми білімнің әр кезеңінің даму сипаттамасы.
|
1.
|
Классикалық ғылымның даму кезеңдері (XVII ғ XX ғ.басы)
|
Таным қандай құралдар көмегімен меңгеріледі және оларды кім жүзеге асыратынына қарамастан таным нысаны мүмкіндіктерін осы кезең ғалымдары сенімділікпен меңгере бастады.
|
2.
|
Неоклассикалық кезең (ХХ ғ. Басы және ХХ ғ. 60 жылдарға дейін)
|
Бұл кезең ғалымдары, нысанды меңгеруде алынған таным құралдарын түсінеді.
|
3.
|
Неоклассикалық және постклассикалық (ХХ ғ. 60 жылдарынан бастап)
|
Ғалымдар ғылыми білімнің дамуының пәндік‑практикалық іс‑әрекеті нәтижесінде нысанды зерттеуге бағытталған, тек танымдық құралдарға ғана байланысты емес, дүниетанымдық құндылықтарды басшылыққа алатын субъект әрекетіне айналуына сипатталады)
|
Тарихи даму тенденцияларын талдау – педагогика ғылымындағы маңызды әрі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені білім беру жүйесін дамытуда және қордаланған мәселелерді шешуде өткеннің тәжірибесін пайдалану ғылыми негіздеу үшін аса қажет.
Педагогика тарихы педагогикалық ғылыми-зерттеулердің ішіндегі дәстүрлі бағыты болып табылады және міндетті пәндер қатарына кіреді. Сондықтан тарихи педагогикалық зерттеулердің педагогика ғылымы үшін маңызы жоғары және соңғы уақытта тарихи-педагогикалық мәселелерге деген қызығушылық та артуда.
Педагогика тарихы әлемдегі педагогикалық ойлардың дамуы, оның тәжірибедегі мәні жайлы іргелі білім қалыптастыруға және өткен тарихи дәуірдегі жетістіктерді қазіргі заман талаптарына сай пайдалануға мүмкіндік береді.
Педагогика тарихын ғылыми-педагогикалық тұрғыда жете меңгерген маман, алған білімін іс жүзінде шығармашылықпен қолдана алатын, ой өрісі кең, жаңа қоғамдық ахуалдарға жылдам бейімделгіш, ауқымды педагогикалық көзқарасқа ие, жоғары сапалы маман ретінде қалыптасады.
Педагогика тарихы болашақ педагог мамандарды педагогиканың ғылым ретінде дамып, қалыптасу жолымен таныстыра отырып, өткендегі озық тәжірибелерді меңгеру, оны бүгінгі күн жағдайларында пайдалана білуге үйретеді және теориялық білімін тарихи-педагогикалық ақпарлармен толықтыра алады.
Болашақ педагог мамандар педагогика тарихын оқу арқылы төмендегідей біліктерді меңгеруге мүмкіндік береді:
қоғам мен тәрбие арасындағы байланысты ашып көрсету;
тарихи кезеңдердегі тәлімдік ойлардың қазіргі кездегі мәні мен маңызын талдау;
тарихи-педагогикалық мәліметтер жинау және оларды өңдеу;
алған білімі негізінде ой жүргізу, пікірлесуге үйрену;
Мынадай дағдылар қалыптасады:
тарихи-педагогикалық материалдарды іздестіріп, жинақтау;
белгілі бір кезеңдерге байланысты материалдарды талдап, пікір жүргізу;
әлеуметтік-педагогикалық бейімделу;
тесттер, конспект, білім көздері, құжаттар т.б. жұмыс істеу.
Жалпы әдіснама дегеніміз барлық ғылымдарды зерттеу, танып-білуге мүмкіндік беретін жалпы және жекелеген әдістер жиынтығы, оны ұйымдастыру тәсілдері. Кез келген ғылымның әдіснамасы диалектиканың заңдылықтарына негізделеді. Олар мыналар:
1.Санның сапаға және сапаның санға өтуі;
2.Қарам қайшылықтар арасындағы күрес;
3.Терістеуді, терістеу.
Сонымен қатар бұл заңдылықтар диалектиканың манадай ұстанымдарына негізделеді:
1.Жалпы және өзара байланыс;
2.Қайшылық арқылы дамуы.
Осыдан келіп диалектикалық санаттардың тарихи даму ықпалының төмендегідей сипаты айықындалады:
1.Маңыз бен құбылыс арасындағы байланыс;
2.Бірыңғайлық, ерекшелік, жалпылық;
3.Форма мен мазмұн арасындаы байланыс;
4.Себеп пен салдар арасындағы байланыс;
5.Қажеттік пен кездейсоқтық;
6.Мүмкіндік пен нақты жағдай немесе шынайылық
Педагогика тарихы тәлім-тәрбие пәнін ғылыми танудың бір түрі дейтін болсақ ол жалпы педагогикалық теорияның шығуын хронологиялық ретімен, кезеңдермен дамуын, бір күйден екінші бір күйге өтуін қарастырады.
Педагогика тарихы қазіргі кезде қалыптасып орныққан негізгі ұғымдар, түсініктер, ұстанымдар, ережелер, қағидалары т.б. тарихи дамуын қарастырады. Мысалы, оқытудың мазмұны, формалары мен әдістері қалай болып еді, қазір қандай, болашақта қандай болмақ – деген сұрақтарға жауап беруде тарихи тәжірибелерді ескереді. Сол тұрғыда зерделейді.
Педагогика тарихы жалпы тарих, философия, әдебиет, психология, әлеуметтану, саясаттану т.б. пәндермен тығыз байланыста.
Педагогика тарихын зерттеуде тарихи деректердің маңызы зор. Осыған орай қазіргі кезде мұрағат құжаттарымен танысу, ғылыми, тарихи әдебиеттерді зерттеу, білім мен тәрбиеге байланысты құжаттарды зерделеудің орны бар. Оның басты әдістері жинақтау, топтастыру, талдау, салыстырмалау т.б. болып табылады.
Ресей ғалымы З.И Равкиннің пікірінше дұрыс құрылған проблемалық зерттеу педагогика тарихындағы түйінді мәселелерді анықтауға, тарих пәні мен теориясының арасында тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Мұндай зерттеулер негізгі педагогикалық ұғымдар мен заңдылықтарды және өткеннің тәжірибесін тарихи тұрғыдан терең түсінуге жағдай туғызады.
Жоғары теориялық деңгейде жүргізілетін проблемалық зерттеулер, ғалымдардан проблемалы-генетикалық әдіс сынды кешенді танымдық құралдарды пайдалануды талап етеді. Аталған әдісті қолданудың мәні тарихи кезеңнің белгілі бір бөлігінде пайда болған мәселені ретроспективті түрде қарастыруында.
Аталған әдісті қолдану арқылы зерттеушілер проблеманың пайда болу негізін, себеп-салдарын, қарама-қайшылықтарын анықтайды, яғни проблемалы-генетикалық талдау педагогикалық процесті немесе ққұбылысты көп қырынан зерттеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Проблемалы-генетикалық талдау тарихи-педагогикалық зерттеу әдісі бірнеше принциптерге сүйенеді, мәселен:
Тарихилық принцип – зерттеу нысанының бүгінгі жағдайын объективті түрде зерттеуге, оның шығу генезисін, тарихи кезеңдерін қарастырады.
Объективтілік принципі – талдауға алынған мәселені жан-жақты, барлық факторлар мен жағдайларды есепке ала отырып мәнін түсінуді талап етеді.
Белсенділік принціпі – зерттеушінің процеске деген жеке тұлғалық қатынасын есепке алу.
Жүйелілік принціпі – зерттеу мәселесін біртұтас жүйе ретінде қарастырады.
Проблемалы – генетикалық талдау әдісінің ерекшеліктері туралы ойымызды түйіндейтін болсақ, бұл әдісті педагогикалық білім жүйесінде, тарихи-педагогикалық зерттеулерде дұрыс қолдана білсек, зерттеу пәнін терең тануға сол арқылы педагогика ғылымының теориясы мен тәжірибесін дамытуға ықпал етеді.
Пайдаланған әдебиеттер
Сейталиев Қ. Педагогика тарихы. –А., 2008
История педагогики. Под. ред. Пискунова А.И. – М., 1997.
Шбырев B.C., Юдин Э. Г. Методологический анализ науки. Его сущность, основные типы и формы -М.,1980.
Валеев Г. Х. Постановка проблемы педагогического исследования // Педагогика. 2001.
Равкин З.И. Современные проблемы историко-педагогических исследований // Педагогика. 1994. N 1.
Степин В.С., Горохов В.Г., Розов М.А. Философия науки и техники. Учебное пособие.-М.: Гарарика, 1996.
3-ДӘРІС. Әдіснамалық қағидалар және педагогикалық зерттеудің құбылыстарының сәйкестіктері мен үрдістері.
Дәріс мақсаты: Әдіснамалық қағидалар және педагогикалық зерттеудің құбылыстарының сәйкестіктері мен үрдістерін қарастыру.
Жоспар:
Әдіснамалық қағидалар.
Педагогикалық зерттеудің құбылыстарының сәйкестіктері мен үрдістері.
Зерттеудің әдіснамалық негізі.
Әдіснаманың әдіснамалық білімнің жалпы жүйесіндегі орнын анықтау үшін, әдіснаманың бірнеше деңгейлерін ажырату қажет. Олардың алғашқысының мазмұны – философиялық білімдер. Екінші деңгей – жалпы ғылымилық әдіснама (жүйелілік тәсіл, әрекеттік тәсіл, ғылыми зерттеулердің әр түрлі типтеріне сипаттама, олардың кезеңдері мен элементтері: болжам, зерттеудің объектісі мен пәні, мақсаты, міндеттері және т.б.). Үшінші деңгей – нақты пәнде, мысалы, педагогикада қолданылатын зерттеудің әдістерінің, ұстанымдарының және тәсілдерінің жиынтығы. Арнайы ғылымның әдіснамасы осы саладағы ғылыми танымға тән мәселелерді (мысалы, педагогика мен психологияның ара қатысы), сондай-ақ, алдыңғы деңгейге қатысты, мысалы, жүйелілік тұрғыда немесе модельдеуді педагогикаға қолдану сияқты сұрақтарды да қамтиды.
Әдіснаманы не үшін білу керек екені бірден-ақ көрініп тұр - әдіснамалық білімдерсіз педагогикалық және басқа керек зерттеуді жүргізу мүмкін емес.
Мұндай сауаттылық мазмұнына әдіснамалық рефлексия (өзінің ғылыми қызметін талдау дағдысы), ғылыми негіздеме жасауға, белгілі бір тұжырымдамаларды, танымның, басқарудың, құрастырудың формалары мен әдістерін шығармашылықпен қолдана білу қабілеті енетін әдіснамалық мәдениетті меңгертеді.
Осы анықтамаларда және айырмашылықтарда, сонымен қатар, әдіснамалық арнайы талдау нәтижелерінде негізделіп педагогика саласындағы процестер мен нәтижелерді ғылым саласына жатқызатын белгілері бөлініп қарастырылады. Ондай белгілер төртеу. Олардың біріншісі – біз қоятын мақсаттар сипаты.
Мақсат практикалық немесе танымдық болуы мүмкін. Мұғалім балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін практикалық мақсатпен сабақтар жүргізеді. Егер ол осы сыныпта қандай тәсілдер пайдалануға, осы жағдайларда өта жақсы нәтижеге жетуге болатыны туралы білім алса, - бұл әзірге ғылым емес. Мұндай білім стихиялы-эмпирикалық. Ал егер ғылыми танымдық деңгейде мақсат қойылса, яғни ғылыми негізделген оқыту әдісінің немесе өзіндік жұмыстың тәрбиелік қызметі түрлерінің тиімділігін анықтау сияқты мақсат қойылса, бұл танымдық мақсат болады да, алынған білім педагогика ғылымының қорына енеді.
Ғылымның екінші белгісі – зерттеудің арнайы объектісін бөліп қарастыру. Бұл кітапты педагогика ғылымы объектісін педагогикалық әсер объектісіне, яғни балаға теңдеудің шындыққа үйлеспейтіні жайлы айтылған.
Біздің ғылымның объектісі онда білім беру, яғни педагогикалық әрекеттің өзі деп анықталған. Жеке педагогикалық зерттеу объектісі сол салаға жатады. Әр ретте сол әрекеттің қайсыбір бөлігі зерттеледі. Мысалы, оқушыларды шетел тілінде жағдаятты сөйлеуге үйрету зерттеу объектісі болады, ал жағдаятты сөйлеу зерттеу объектісі бола алмайды. Немесе, оқушылардың өздері зерттеу объектісі емес, кіші жастағы оқушыларда оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімдердің гуманистік қарым-қатынастар қалыптастыру зерттеу объектісі болып табылады.
Үшінші белгі – танымның арнайы құралдарын қолдану. Мұғалім практикалық жұмыста оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін, тәсілдерін, ұйымдастыру түрлерін, материалдық құралдарын: компьютерлерді, кестелерді, кинофильмдерді және тағы басқаларды қолданады. Зерттеуші ғылымның эксперимент, модельдеу, болжам жасау және т.б. әдістерін қолданады.
Тағы бір, соңғы белгі – терминологиялық бір мәнділігі. Бұл ғылыми танымға қойылатын міндетті талап. Әрине, бүкіл ғылымды зорлықпен, бұйрықпен бірмәнділікке әкелу мүмкін емес. Оның дамуы барысында түсініктер мазмұны үнемі байып отырады, бағыттарға бөлінеді. Бұл заңды үрдіс. Бір ғылыми еңбектің – дипломдық жұмыс, диссертация, монография, мақаланың шеңберінде – автор басты ұғымдарды дұрыс анықтауға және аяғына дейін соны басшылыққа алуға тиіс. Арнайы ескертпейінше, тенрминді әр түрлі мағынада қолдануға оның құқығы жоқ.
Сонымен, қайсыбір шығарманың немесе жазылымның ғылымға жататындығы мақсаттың сипаты, зерттеудің арнайы объектісінің бөлініп қаралануы, танымның арнайы объектісінің бөлініп қаралануы, танымның арнайы құралдарының пайдаланылуы, терминологиялық бір мәнділігі сияқты белгілері бойынша анықталады.
Қолданылған әдебиеттер.
1. Лхихачев Б.Т. Педагогикаү Курс лекций. – М.: 1998.
Педагогика. Учебное пособие / В.А. Сластенин и др. – М., 1997.
2. Андреев В.И. Диалектика воспитания и смовоспитания творческой личности. Основы педагогики творчества. – Казаниь, 1998.
3. Смирнов В.И. Общая педагогика в тезисах, дефинициях, иллюстрациях. – М.: Педагогическое общество России, 1999.
4. Кохоновский В.П. Философия и методология науки. – Ростов-на-Дону, 1999.
5. Журавлев В.И. Педагогика в системе наук о человеке. – М.: педагогика, 1990.
4-лекция. Педагог-зерттеушінің әдіснамалық мәдениеті.
Дәріс мақсаты: Педагог-зерттеудің әдіснамалық мәдениетін қарсатыру.
Жоспар:
Мұалімнің әдіснамалық мәдениеті.
Әдіснамаық сауатттлық.
Қазіргі әдебиетте ғылыми-зерттеу әрекетін құрудың ұстанымдары, түрлері және тәсілдері туралы ілім ретіндегі ғылыми танымның әдіснамасы туралы сөз болып отыр. Әдіснама туралы пайымдаулардың анық болмауы педагогика ғылымының ерекшеліктерін ескермей, біресе бірін, тағы бірде басқа педагогика ғылымының ерекшеліктерін ескермей, біресе бірін, тағы бірде басқа анықтамаларын педагогикалық болмысқа көшіруден туындап отыр.
Ғылымның осы саласындағы өзгерістердің сипатын түсіну үшін ғылыми таным әдіснамасы дамуының жалпы барысын қарастыру қажет. Өткен ғасырдың өзінде зерттеуші алған нәтижесін өзі негіздеуі керек еді. Одан бұл нәтиженің білімнің осы саласында қабылданған ережеге сай екенін және оның ғылымның кеңірек жүйесіне қалай енетіні көрсетілуі талап етілді. Қазіргі уақытта бұл зерттеу логикасын, болшақтағы нәтижені және бұл нәтижені алу тәсілін белгілеу керек.
Әдіснаманы не үшін білу керек екені бірден-ақ көрініп тұр - әдіснамалық білімдерсіз педагогикалық және басқа керек зерттеуді жүргізу мүмкін емес.
Мұндай сауаттылық мазмұнына әдіснамалық рефлексия (өзінің ғылыми қызметін талдау дағдысы), ғылыми негіздеме жасауға, белгілі бір тұжырымдамаларды, танымның, басқарудың, құрастырудың формалары мен әдістерін шығармашылықпен қолдана білу қабілеті енетін әдіснамалық мәдениетті меңгертеді.
Бірақ әдіснамалық мәдениет тек ғылыми қызметкерге ғана керек емес. Жалпы мағынада алғанда, әдіснамалық мәдениет – қажетті бөлігі рефлексия болатын әдіснамалық білімдерге негізделген ойлау мәдениеті. Мұндай мәдениет ғылымға қандай керек болса, практикаға да сондай қажет. Педагогикалық үрдістегі ойлау актісі бұл үрдістегі мәселелерді шешуге бағытталған және бұл жерде рефлексиясыз, яғни өз әрекеті туралы пайымдаусыз мүмкін болмайды.
Ғылым мен мұғалімнің әдіснамалық мәдениеті арасындағы айырмашылық – біріншісі ғылыми педагогикалық білімдерді алады, «жасайды», ал екіншісі оларды пайдаланады.
Мұғалім үшін әдіснамалық мәдениетті меңгеру дегеніміз – ол педагогиканың әдіснамасын білу және бұл білімді педагогикалық жағдаяттарды шешкенде пайдалана білу. Мәдениеттің бұл түрінің негізгі бөліктері: оқу-тәрбие үрдісін жобалау және құрастыру; педагогикалық міндеттерді сезіну, даярлау және шығармашылықпен шешу; әдістемелік рефлексия. Бұл құрамдас бөліктер мұғалімнің кәсіби әрекетінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, оның шығармашылық тұлғасын сипаттайды.
Бірақ ғалым мен мұғалім арасында бұл ретте өтілмейтін жиек жоқ. Жалпы екеуіне де педагогика саласындағы интеллектуалдық міндеттерді шешу ортақ болып табылады, ол үшін мәселені көре білу және оны фактілік материалмен сәйкестендіру болжам жасау және оны іске асыру нәтижелерін ойластырып көру, егер осылай болса, не болар еді деп, міндеттерді шешу жолдарын бірізді қадамдарға бөле білу іскерліктері қажет. Бұл ретте мұғалімнің әдіснамалық мәдениетінің ең маңызды белгісі – өз жұмысын талдау және жетілдіру үшін ғылыми‑педагогикалық білімдерді пайдаланып көруі және қолдана білуі. Әдіснамалық сауаттылық – бұл жемісті жұмыстың алғышарты. Мұғалім өзі педагогика ғылымы мен практикасының қандай байланыста, бұл байланыста педагогтың орны қандай, оның практикалық жұмысында зерттеу әдістері қандай орын алатынын біліп алуы қажет. Әдіснамалық мәдениеттің басқа элементтеріне міндеттерді сезіну және оларды шығармашылықпен шешу, әдістемелік рефлексия (өз жұмысын ғылым тұрғысынан ойластыра алу) және оқу‑тәрбие үрдісін жобалай алу жатады. Егер әрбір педагогтың, зертеушінің және практиктің жетістігі ретіндегі әдіснамалық мәдениетті емес, бүкіл педагогиканың әдіснамасы деп аталатын ғылыми саланы алсақ (әдіснаманың үшінші деңгейі), ғылымдағы көп жылғы талқылаулардан, пікірталастардан және нақты зерттеулік жазбалардан соң, біз мынадай анықтаманы беруімізге болады: педагогиканың әдіснамасы дегеніміз – педагогиканың теориялық негізлері мен құрылымы, педагогикалық болмысты бейнелейтін білімдерді алу тәсілдері мен зерттеу жұмысының сапасын бағалаудың бағдарламаларын, логикасын және әдістерін негіздеудің ұстанымдары туралы білімдер жүйесі.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Мұғалімнің әдіснамаық мәдениеті дегеніміз не?
2. Әдіснамалық сауаттылық дегенімізді қалай түсінесің?
Қолданылған әдебиеттер:
Пробемы метологиипедагогики и методики исседований. Под ред. М.А. Данилова, Н.И. Бодырева (Акад. Пед. Наук СССР НИИ общей педагогики). – М.: Педагогика, 1971.
Краевкский В.В. Повышение кваификации учителя// Педагогика. – 1992.
Гребенюк О.С., Рожков М.И. Общие основы педагогики: Учеб. Для студ.высш. учеб. заведений. – М.: Изд-во ВЛАДОС ПРЕСс, 2003.
5‑лекция. Педагогикалық зерттеудің мәселелерінің анықтамасы.
Мақсаты: Педагогикалық зерттеудің мәселелерінің анықтамасын қарастыру.
Жоспар:
1. Ғылым дамуының негігі бағыттары.
2. Ғылыми – педагогикалық зерттеулердің құрылымы
3. Зерттеу бағдарламасы.
4. Зерттеу мақсатының қызметі.
Ғылым деген инемен құдық қазғандай ұшы қиыры көзге шалдырмас терең еңбек дүниесі ғой. Маркс пен Энгельс социализмді утопиядан ғылымға айналдырған.
Ғылым – адамның табиғат пен қоғам туралы объективті білімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін танымның ең жоғары пішімі, оның практикалық қызметінің бір саласы. Адамзат қоғамның дамуы барысында ғылым сол қоғамның маңызы әлеуметтік институтына және тікелей өндірістік күшіне айналды. Ғылымның басты мақсаты – ғылым заңдарының негізінде ашылып отырған болмыс құбылысы мен процесін болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру.
Ғылым дамуының негізгі бағыттары:
Ғылым адамзат қоғамының ерте дәуірінен, адам баласының танымдық және өндірістік қажеттілігінің арасы ажырамай тұрған кезеңнен бастау алады. Ежелгі Шығыста болашақ ғылымға негіз болған білімнің алғашқы нышандары қалыптасты.
Ғылымның “өсу нүктесі” оның ішкі даму логикасы мен қазіргі замандағы адамзат қоғамының көпқырлы әлеуметтік қажеттілігінің ұштасуына байланысты. 20- шы ғасырдың басында жаратылыстану ғылымында алдыңғы қатарға биология шықты.
20 – ғасырда ғылымның даму қарқыны оның түрлі салаларының ұштасып, қазіргі кезеңнің кешенді, ірі мәселелерін жаңа бағдарды шешуге бағытталған мәселелерде ерекше байқалды. 3 – мыңжылдықтағы ғылымның дамуының басым бағыты біздің бүкіл әлемді, оның ішінде, адамның ішкі әлемін жан-жақты, түтас қалыптастыру болмақ.
Ғылымның өз заңдарын ашуға бағытталған қызметі – түсіндіру мен болжау болып табылады. Ғылым деректен басталып, дерекпен аяқталады, бірақ бұл екі дерек бір нәрсе емес, бастапқы дерек – теориялық мазмұнмен “қиындатылмаған”, ал қорытындылаушы дерек – тәжірибеден туған теориялық тұжырымдардың жемісі ( заңдардың ашылуы) болып табылады.
Ғылымның белгілі бір саласында дәстүрлі зерттеулер жүргізумен қатар, пәнаралық, кешенді зерттеулер жүргізу қазіргі ғылымның ерекше даму бағыты болып табылады. Ғылымды іргелі және қолданбалы деп бөлу дәстүрі қалыптасқан.
Іргелі – ғылым саласының міндеті қоғамды, дүниені, табиғатты түсіндіретін заңдарды тану. Бұл заңдар мен құрылымдар “таза күйінде” зерттеледі, оларды тікелей пайдалану мүмкіншілігі шартты емес.
Қолданбалы – ғылымның ашқан жаңалықтарын танымдық әлеуметтік – практикалық мәселелерді шешуге қолдану болып табылады. Яғни оның міндеті – ақиқатты тану ғана емес, әлеуметтік сұранысты қанағаттандыру.
Ғылыми – педагогикалық зерттеулердің құрылымы
Ғылыми жұмыс мақсаты
Достарыңызбен бөлісу: |