Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі


Денсаулық сақтау секторының қызметтерін дамыту



жүктеу 4,29 Mb.
бет16/21
Дата20.05.2018
өлшемі4,29 Mb.
#14930
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

9. Денсаулық сақтау секторының қызметтерін дамыту

Денсаулық сақтау саласындағы саясат ұсынылатын медициналық қызметтер сапасы мен қол жетімділігін жақсартуға, денсаулық сақтау жүйесін басқару және қаржыландыру жүйесінің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ қолда бар ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған ЭЫДҰ елдерінің стандарттарын кезең-кезеңмен енгізуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Мына бағыттар бойынша жұмыстар жалғастырылады:


  • сапалы және қол жетімді медициналық қызметтерді ұсыну;

  • аурулардың кең спектрін диагностикалау мен емдеуді жетілдіру;

  • халықты профилактикалық медицинамен кеңінен қамту арқылы аурулардың алдын алу;

  • халық денсаулығын қорғау жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту;

  • дербестендірілген медицинаны енгізу: «смарт-медицина», қашықтықтан алдын-алу және емдеу, «электрондық медицина» қызметтері;

  • медициналық білім жүйесін жетілдіру;

  • медициналық ЖОО ғылыми-зерттеу жұмыстарын тәжірибемен біріктіру;

  • медициналық ЖОО мен медициналық ұйымдарды халықаралық аккредиттеуді жүргізу;

  • денсаулық сақтаудағы мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту және жеке медициналық ұйымдар үшін жағдайлар жасау;

  • салауатты өмір салтына жағдай жасау және халық денсаулығын қорғау үшін сектораралық өзара қатынастар.

Медициналық қызметтер саласында жаңа технологияларды енгізу

Медициналық технологияларды енгізу тиімді профилактика, сапалы диагностика (портативтік диагностикалық кешендер, ауылдық жерлердегі мобильді диагностикалық жабдықтар, КТ/МРТ-диагностика) және инновациялық емдеу әдістері есебінен емдеу сапасын және өмір сүру ұзақтығын арттыруға мүмкіндік береді.

Электрондық денсаулық төлқұжатын жүргізу пациенттерді көшіру процессін оңайлатады және біртіндеп келісілген емдеу үшін мүмкіндіктер жасайды.

Сондай-ақ, әкімшілік шығындарды оңтайландыру, ашықтықты қамтамасыз ету, әлеуетті жеткізушілер арасында жоғары бәсекелес ортаны құру мақсатында сатып алуды жүргізу оларды электрондық форматқа ауыстыру арқылы автоматтандырылады. Денсаулық сақтау ұйымдарында бұл шараларды енгізу жалпы және әкімшілік шығындарды қысқартуға көмектеседі.

Телемедицина мен «дәрігер-дәрігер», «дәрігер-пациент» форматындағы мобильді медицинаны дамыту жұмыстары жалғасады.

Денсаулық сақтаудың орнықты және тиімді жүйесін қамтамасыз ету үшін ақпараттар жинау автоматтандырылады.

Амбулаториялық-емханалық ұйымдар, стационарлар мен аралас түрдегі ұйымдар үшін кешенді медициналық ақпараттық жүйе құрылады.

Кадрларды дамыту саласында

Денсаулық сақтау саласындағы адам ресурстарын басқарудың тиімді жүйесі жасалады.

Медициналық кадрларды даярлау сапасын арттыру денсаулық сақтау саласындағы адам ресурстарын басқарудың тиімді жүйесін жасау мен медициналық білімді жаңғырту арқылы жүзеге асырылады.

Қойылған міндеттерді іске асыру саланың адам ресурстарын болжау, жоспарлау және мониторингтеу механизмдерін жетілдіру, сондай-ақ адам ресурстарын басқару мен дамыту механизмдерін жаңғырту арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, денсаулық сақтау кадрларының уәждемесі мен ынталандырудың тиімді жүйесін құру көзделген.

Медициналық ЖОО профессорлық-оқытушылық құрамының және қызметкерлерінің құзіретін арттыру, сондай-ақ теориялық білім мен қажетті практикалық дағдылардың арасындағы алшақтықты қысқарту мақсатында, медициналық білім беруді басқару жүйесін жетілдіру жөнінде жұмыстар жүргізіледі. Оның ішінде ең жақсы халықаралық тәжірибелер мен қажеттіліктерді ескеріп, жаңа білім беру бағдарламалары енгізіледі. Мысалы, медициналық инжиниринг саласында кадрлар даярлау бойынша жаңа білім бағдарламалары. Білім алушыларды тиімді клиникалық дайындау және кәсіби ортаға тарту үшін жағдайлар жасалады.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау мамандарын міндетті лицензиялау институтын енгізу және 2019 жылға қарай медициналық ЖОО оқитындарды бағалау үшін USMLE негізінде IFOM емтиханын/бірыңғай ұлттық емтиханды енгізу көзделген.



Медициналық қызметтердің экспорттық әлеуетін арттыру

Медициналық туризмді дамыту жөнінде шаралар қабылданады. Шетелдік пациенттерді тарту мақсатында медициналық туризм порталы (веб-сайт) жасалады және денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерді түсіндіру жөнінде ақпараттық науқандар жүргізіледі.

Сонымен қатар, диагностика мен емдеудің ең жаңа инновациялық медициналық технологияларын енгізу, сондай-ақ клиникалық және қаржылық тиімділікке талдау жүргізу арқылы денсаулық сақтау жүйесінің беделін арттыру жұмыстары жүргізіледі.

Медициналық туризмді дамыту мақсатында медициналық қызметтер көрсетудің қазақстандық брендін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірленеді, сондай-ақ басым және жоғары мүдделі елдердегі қазақстандық медициналық қызметтер экспортының позициясын ілгерілету және жақсарту жөнінде шаралар кешені әзірленеді.

Медициналық қызметтер көрсету стандарттарын арттыру мақсатында медициналық қызметтерді стандарттау саласындағы нормативтік құқықтық актілер қайта қаралады, сондай-ақ ммандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарды аккредиттеу стандарттары әзірленеді.

Жоғарыда ұсынылған іс-шаралармен қатар, БАҚ-да кең ауқымды түсіндіру арқылы МӘМС бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Өзін-өзі басқару институтын енгізу

Бәсекеге қабілетті ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға функцияларды беру реформасы аясында Бағдарлама кəсіби медициналық қызметте өзін-өзі реттеуді енгізу арқылы денсаулық сақтау жүйесін кәсіби серіктестік деңгейінде қайта құруды көздейді.
10. Көрсетілетін қызметтер саласын реттеудің институционалдық негіздерін жетілдіру

Қызметтер саласы секторларындағы жаңа технологияларды анықтау мақсатында инновациялық қызметті дамыту және ынталандыру жағдайларын жасау бойынша жұмыстар жүргізіледі: халықаралық стандарттарға сәйкес нормативтік-құқықтық базаны жасау (ұғымдық аппаратты және сәйкес нормативтік-құқықтық базаны қайта қарау, инновация саласындағы ұлттық стандарттарды әзірлеу), венчурлік қаржыландыруды дамыту және кәсіби венчурлік қорларды тарту, технологиялық инкубаторлар мен коммерциялау офистерін жасау.



Экономиканы техологиялық жаңғырту қажеттілігін ескеріп қызметтер саласының кадр ресурстарын дамыту мақсатында бірыңғай ұлттық біліктілік жүйесі құрылады (ҰБЖ), оның негізгі қағидасы стандартталған тестер мен тапсырмаларды өту арқылы мамандарды сертификаттау. Сонымен бірге, сондай-ақ технология, цифрландыру саласындағы қазіргі және болашақ шақыртуларға сәйкес, басшылар мен қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта оқыту жүргізіледі.

ЖОО мен жеке бизнестің ынтымақтастығын ынталандыру механизмі әзірленеді, ғылыми-зерттеу институттары және ЖОО арасындағы кооперацияны арттыру жұмыстары, сондай-ақ озық оқу орындары мен өңірлердегі оқу орындарының педагогикалық кадрлары арасында біліммен алмасу механизмдері жалғасады.



Қызметтердің экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында экспортты ілгерілетудің әкімшілік кедергілерін ынталандыру мен болдырмауға бағытталған, экспортты дамытудың институционалдық негіздерін жетілдіру жұмыстары жүргізіледі.

Бірыңғай онлайн платформа әзірленеді, ол экспортты қолдау және ілгерілету, декларациялау мәселелері бойынша бүкіл нормативтік құқықтық базаны, экспорттық нарық туралы ақпаратты, сондай-ақ қажетті құжаттаманы онлайн-ресімдеуді, көлік пен логистиканы басқаруды, консультациялық сервистерді енгізетін электрондық сервистер кешенін қамтиды.

Сәйкестік талдауына сай, маңызды серіктес-елдер тәрізді, қазақстандық қызметтерді әлеуетті импорттаушылардың, сыртқы нарықтарда сауда өкілдіктерінің тиімді жұмыс істеуі бойынша жұмыстар жалғасады.

Қазақстанның экономикалық мүдделерін алға жылжыту үшін экспортты ілгерілетудің тиімді механизмін жасау мәселесі пысықталады. Индустриалды-дамыған елдердің тәжірибесі бойынша әкімшілік кедергілерді болдырмаумен қатар, жоғары және басым мүдделі елдерде сауда үйлерін ашу мүмкіндіктерін қарастыру қажет.

Шетелдердегі сауда үйлерінің негізгі құзіреті экспорт/импорттың сәйкестігін, экспортқа бағыттанған компаниялардың, сондай-ақ мемлекеттік биліктің негізгі сұрауларын талдау болады. Сәйкесінше, сауда үйлері сауда (Экспортты ілгерілету бойынша бірыңғай оператор), туризм (KazakhTourism) инвестициялары (KazakhInvest), көлік және логистика (сәйкес операторлар өкілдіктері) мәселелерін, оның ішінде қажетті жағдайда МЖС құралдарын пайдалана отырып, біріктіреді.

Қолданыстағы ұлттық стандарттарды халықаралық стандарттармен сәйкестікке келтіру бүтіндей экономиканың қызметтер саласын дамытудың маңызды факторы болып табылады. Осыған байланысты, жылжымайтын мүлік және құрылыс, қаржы секторы, ақпарат және байланыс, кәсіби қызметтер, көлік және логистика және т.б. тәрізді қызметтер саласының негізгі түрлерінің қолданыстағы стандарттарындағы сәйкессіздіктерді дереу анықтап, жою қажет.

Бұл мәселені шешу үшін салалық сарапшыларды тарта отырып, халықаралық стандарттарды ұлттық стандарттармен тезірек үйлестіру жөнінде шаралар қабылданады. Экспортқа бағдарланған қызметтер стандарттары тиісті сыртқы сұраныс нарығының стандарттарымен үйлесімделеді. Ұсынылатын қызметтердің сапасын тұрақты бақылау ережесі енгізіледі. Бұл ретте, қызметтерді өндірушілер ұсынылатын қызметтердің сапасын тұрақты бақылауды қамтамасыз ету үшін жеке аудиторлық компанияларды тарттырып, аудит жүргізу шараларын қабылдайды.

Экономиканың әрбір секторы қызметтер көрсету саласындағы стандарттарды енгізу қажеттігіне зерттеледі, бұл өндірушілерден халықаралық талаптарға сай болу мақсатында шаралар қабылдауды талап етеді.

Міндетті қолдану ретінде қызметтерге стандарттар енгізу мәселесі пысықталады.


6. Қажетті ресурстар

2015-2019 жылдарда Бағдарламаны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбаған өзге қаражаттар қосымша жұмсалатын болады.



2015-2019 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджетті тиісті қаржы жылына бекіту кезінде нақтыланады.
Ескерту: Аббревиатуралардың толық жазылуы

ПМК

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Кеңсесі

ҰЭМ

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

ИДМ

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

МСМ

-

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

АКМ

-

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

БҒМ

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

ДСМ

-

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

ҚМ

-

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

ЕХӘҚМ

-

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ҰБ

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі

ҰЭМ СК

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті

ҚМ МКК

-

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

АШМ

-

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

ҚАӨМ

-

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

ІІМ

-

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

СІМ

-

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

ӘМ

-

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

ҰҚК

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ЭМ

-

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

«Қазпошта» АҚ

-

«Қазпошта» акционерлік қоғамы

«Атамекен» ҰКП

-

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

«Назарбаев Университеті» ДББҰ

-

«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы

«Қазақтелеком» АҚ

-

«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы

«Эйр Астана» АҚ

-

«Эйр Астана» акционерлік қоғамы

«Қазатомпром» ҰАК» АҚ

-

«Қазатомпром» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы

«Ситибанк Қазақстан» АҚ

-

«Ситибанк Қазақстан» акционерлік қоғамы

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

-

«Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамы

«Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ

-

«Мемлекеттік кредиттік бюро» акционерлік қоғамы

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» ҰК АҚ

-

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Ұлттық компания акционерлік қоғамы

«Өрлеу» БАҰО» АҚ

-

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы

«ҚТЖ» ҰК АҚ

-

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компания» ационерлік қоғамы

«Бәйтерек» ҰБҚ АҚ

--

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы қоры» акционерлік қоғамы

«ҰАТ» АҚ

-

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы

«Даму» КДҚ» АҚ

-

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы

«ӘКК ҰК» АҚ

-

«Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

"Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы АҚ




"Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

ЭЫДҰ

-

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы

ЖІӨ

-

Жалпы ішкі өнім

ЖҚҚ

-

Жалпы қосылған құн

ЖҰТ

-

Жалпы ұлттық табыс

ҒЗТКЖ

-

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар

ШОК

-

Шағын және орта кәсіпкерлік

АКТ

-

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

ЖФЭ

-

Жиырма фунттық эквивалент

ДЭФ

-

Дүниежүзілік экономикалық форум

ҰБЖ

-

Ұлттық біліктілік жүйесі

ҚРБҚ

-

Қазақстан риелторларының біріккен қауымдастығы

ТжКББ

-

Техникалық және кәсіптік білім беру

МӘМС

-

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

БАҚ

-

Бұқаралық ақпарат құралы

ТМККК

-

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі

ДБ

-

Дүниежүзілік банк

жүктеу 4,29 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау