ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ
БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ҚАУЛЫСЫ
Алматы қаласы 2009 жылғы 30 қараша № 108
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын
ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 27 қазандағы № 106 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 27 қазандағы № 106 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4468 тіркелген, 2006 жылғы 13 желтоқсанда «Заң газеті» газетінің № 215 (1021) жарияланған мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспесіндегі «Валюталық» деген сөз «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және валюталық» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесінде:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында айырбастау пункттері (оның ішінде автоматтандырылған) арқылы қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру, жүргізу тәртібін айқындайды, уәкілетті ұйымдарды құру және лицензиялау тәртібін, оларға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ айырбастау пункттерін тіркеу (ашу) тәртібін белгілейді.»;
бүкіл мәтін бойынша орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ереженің мақсаты үшін «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) көрсетілген негізгі ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) автоматтандырылған айырбастау пункті – осы құрылғыға қолма-қол ақшаны енгізу және одан басқа валютадағы балама соманы қолма-қол ақшамен алу арқылы айырбастау операцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін электрондық механикалық құрылғы;
2) айырбастау операциялары – айырбастау пункттері және автоматтандырылған айырбастау пункттері арқылы жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау жөніндегі операциялар;
3) айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлға –банк, Ұлттық почта операторы және уәкілетті ұйым;
4) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы – Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының негізгі сессиясында қалыптасқан және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп белгілейтін тәртіппен айқындалған теңгенің шетел валютасына орташа өлшемді биржалық бағамы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында сауда-саттық жүргізілмейтін, теңгенің Ұлттық Банк бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп белгілейтін тәртіппен кросс-бағамдар пайдаланыла отырып есептелетін шетел валютасына бағамы;
5) компьютерлік жүйе – салық органында есепке қойылған және айырбастау операцияларының есебін жүргізуді қамтамасыз ететін автоматтандырылған электрондық жүйе;
6) кросс-бағам – екі шетел валютасы арасындағы, осы валюталардың Қазақстан теңгесіне немесе Қазақстан теңгесіне баға белгілеулер болмаған жағдайда басқа шетел валютасына қатысы бойынша айырбастаудың нарықтық бағамы негізінде айқындалатын бағамдық арақатынас;
7) қолма-қол шетел валютасы – шетелдік мемлекеттер заңды төлем құралы ретінде қабылдаған айналыстағы банкноталар және қазынашылық билеттер;
8) тіркеу куәлігі – айырбастау пунктінің Заңның 6-бабының 2-тармағына сәйкес Ұлттық Банк берген тіркеу куәлігі.»;
5-тармақта:
«7 (жеті)» деген цифр және сөз «10 (он)» деген цифрлармен және сөзбен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздер «Ұлттық Банктің» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденті және резидент емес жеке және заңды тұлғалары уәкілетті ұйымның құрылтайшылары бола алады.
Әділет органдарында уәкілетті ұйымды мемлекеттік тіркеуге рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) немесе шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензия алуға құжаттар ұсынғанға дейін кемінде 3 (үш) жыл бұрын шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензиясынан айырылған, бұрын уәкілетті ұйымның құрылтайшылары (құрылтайшыларының бірі) болып табылған тұлғалар уәкілетті ұйымның құрылтайшылары бола алмайды.»;
9-тармақта «15 (он бес) күнтізбелік күн» деген цифрлар және сөздер «10 (он) жұмыс күні» деген цифрлармен және сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтың 2) тармақшасында «6-тармағында» деген сөздер «6-тармағының екінші бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақта «15 (он бес) күнтізбелік күннен» деген цифрлар және сөздер «10 (он) жұмыс күнінен» деген цифрлармен және сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақта «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 42-бабының 2-тармағының 6) тармақшасында және «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4)-9) тармақшаларында» деген сөздер және цифрлар «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 42-бабының 2-тармағының 6) тармақшасында және Заңның 10-бабының 4)-9) тармақшаларында» деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;
15-тармақта «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк)» деген сөздер «Ұлттық Банк» деген сөздермен ауыстырылсын;
19-тармақта «Қазақстан» деген сөздің алдында «2007 жылғы 11 қаңтардағы» деген цифрлармен және сөздермен толықтырылсын;
20-тармақта «Қазақстан» деген сөздің алдында «2007 жылғы 11 қаңтардағы» деген цифрлармен және сөздермен толықтырылсын;
21-тармақтың бірінші бөлігінде «айырбастау пункттерінің тіркеу куәліктерін (бұдан әрі - тіркеу куәліктері)» деген сөздер «тіркеу куәліктерін» деген сөздерімен ауыстырылсын;
26-тармақта:
бірінші абзацта «Шетел валютасымен айырбастау» деген сөздер «Айырбастау» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «1 (бір) жыл» деген цифр және сөздер «6 (алты) ай» деген цифрмен және сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«айырбастау пункті сатып алу және сату бойынша операциялар жүргізетін шетел валютасының барлық түрлері бойынша белгіленген, қолма-қол шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамы және сату бағамы туралы мәліметтері бар, клиенттерге арналған ақпараттық стендтердің болуы (кемінде биіктігі 0,4 метр және ені 0,4 метр болатын мөлшермен);»;
27-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«кассирдің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс бойынша арнайы даярлықтан өткенін растайтын құжаттың түпнұсқасы немесе нотариат растаған көшірмесі не қызметкердің еңбек қызметін растайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттың көшірмелерін қоса бере отырып, кассирдің қолма-қол шетел валютасымен кемінде 6 (алты) ай жұмыс стажын растайтын құжаттың түпнұсқасы немесе нотариат растаған көшірмесі;»;
28-тармақта «15 (он бес)» деген цифрлар және сөздер «10 (он)» деген цифрлармен және сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:
«28-1. Айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) бір және одан көп касса кабинасы бар айырбастау пунктіне бір тіркеу куәлігі беріледі. Айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) айырбастау пунктіндегі касса кабиналарының санын ұлғайту туралы шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бұл туралы Ұлттық Банктің филиалын хабардар етеді. Осы жағдайда жаңа тіркеу куәлігін алу талап етілмейді»;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) айырбастау пунктін тіркеу үшін өзінің орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің филиалына Заңның 10-бабының 1), 4), 7) және 8) тармақшаларына сәйкес құжаттарды ұсынады.
Өтініш берушінің Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келуін растайтын құжаттар ретінде Ереженің 27-тармағында айқындалған құжаттар ұсынылады.
Айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлғаның филиалы өзінің орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің филиалына осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген құжаттармен қатар мынадай құжаттарды ұсынады:
филиалды есептік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (банктер және Ұлттық почта операторы үшін);
Ұлттық Банктің шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензиясының көшірмесі (уәкілетті ұйымдар үшін);
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әділет органдарында есептік тіркеуден өткен филиал туралы ереженің көшірмесі.»;
31-тармақтың бірінші бөлігінде және 32-тармақта «7 (жеті)» деген цифр және сөз «10 (он)» деген цифрлармен және сөзбен ауыстырылсын;
34-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Айырбастау пунктін қайта тіркеу айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) өтініші негізінде, айырбастау пункттерін тіркеу үшін Ережеде көзделген тәртіппен және мерзімдерде іс қағаздарында бар құжаттарды қайтадан ұсынбай жүзеге асырылады. Өтінішке Ереженің 33-тармағына сәйкес қайта тіркеу үшін негіздердің туындауын растайтын құжаттар қоса беріледі.»;
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) өзінің орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің филиалына шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде:
1) айырбастау пунктінің мекен-жайының өзгеруіне әкеп соқпайтын, айырбастау пункті Ереженің 26-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде қызметін тоқтатпастан айырбастау пунктінің орын ауыстырылғаны туралы жазбаша хабарлайды, сондай-ақ айырбастау пункті орнының ауыстырылуына байланысты осындай құжаттар өзгерген жағдайда Ереженің 27-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады;
2) айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) орналасқан жерінің өзгеруі туралы жаңа деректемелерін көрсете отырып жазбаша хабарлайды.»;
мынадай мазмұндағы 36-1-тармақпен толықтырылсын:
«36-1. Тіркеу куәлігінің қолданылуы:
1) айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлға лицензиясын қолдану тоқтатылған;
2) тіркеу куәлігі ерікті түрде қайтарылған жағдайларда тоқтатылады.
Айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлғалар шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензияны қолдану тоқтатылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Ұлттық Банктің филиалына тіркеу куәліктерінің түпнұсқаларын қайтарады.»;
37-тармақтың екінші бөлігінде «15 (он бес) күнтізбелік күн» деген цифрлар және сөздер «10 (он) жұмыс күні» деген цифрлармен және сөздермен ауыстырылсын;
40-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Автоматтандырылған айырбастау пункті бір мәрте жүргізген айырбастау операциясының сомасы валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып есептелген 10 (он) мың АҚШ доллары баламасынан аспауы тиіс.»;
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. Автоматтандырылған айырбастау пункті арқылы күнтізбелік айдың әрбір күні үшін жүзеге асырылған айырбастау операциялары Ереженің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған, бастапқы бухгалтерлік құжат болып табылатын, сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасының тізілімдері журналында (бұдан әрі – тізілімдер журналы) Ережеде көзделген тәртіппен көрсетіледі.
Айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) тізілімдер журналын оған тиесілі әрбір автоматтандырылған айырбастау пункті бойынша бөлек қалыптастырады.
Егер автоматтандырылған айырбастау пунктінде компьютерлік жүйе орнатылса, қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау бойынша операциялар Ереженің 53-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес тізілімдер журналында көрсетіледі.»;
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«44. Әрбір айырбастау пунктінде жеке тұлғаларға жақсы көрінетін жерде мынадай ақпарат орналастырылады:
1) тіркеу куәлігінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмесі;
2) айырбастау пунктінің жұмыс режимі;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензия алу талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензияның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмесі;
4) Ереженің 6-қосымшаның нысаны бойынша айырбастау пунктінің қызметіне бақылауды жүзеге асыратын және осы айырбастау пунктінің жұмысына ескертулер болған кезде атына шағым жолданатын Ұлттық Банк филиалы туралы мәліметтер;
5) Ұлттық Банктің осы актінің қолданылу кезеңінде айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегін белгілейтін нормативтік құқықтық актісінің көшірмесі.»;
45-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) басшысының тиісті тұлғаны айырбастау пунктінің кассирі етіп тағайындауы туралы бұйрығының көшірмесі;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) айырбастау пункті кассирінің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс істеу бойынша арнайы даярлықтан өткенін куәландыратын құжаттың көшірмесі не айырбастау пункті кассирінің қолма-қол шетел валютасымен кемінде
6 (алты) ай жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттың көшірмесі;»;
5) тармақшада «түпнұсқасы немесе» деген сөздер алынып тасталсын;
46-тармақта «банктік» деген сөз алынып тасталсын;
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«47. Айырбастау пункттері сатып алу, сату бағамдарына және бағамдарды белгілеу туралы өкімнің негізінде белгіленген кросс-бағамдарға сәйкес қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүргізеді. Қолма-қол шетел валютасын айырбастауға арналған сатып алу, сату бағамдары және кросс-бағамдар айырбастау пунктінің жұмыс уақыты ішінде өзгеруі мүмкін. Бағамды әрбір өзгерту өзгертілген бағамдар қолданысқа енгізілетін уақыт көрсетілген өкіммен бекітіледі.
Бір өкімде жүргізілетін айырбастау операцияларының сомасына байланысты бір мезгілде әр түрлі бағамдар белгілеуге рұқсат етіледі. Айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар бір заңды тұлғаның (оның филиалының) әр түрлі айырбастау пункттерінде әр түрлі бағамдарды белгілеуіне жол беріледі.
Сатып алу, сату бағамдарын және кросс-бағамдарды белгілеу туралы өкімді күнделікті айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) басшысы немесе басшының бұйрығымен осындай өкілеттіктер берілген өзге тұлға шығарады. Белгіленген бағамдардың қолданылу кезеңі (бірнеше күн және (немесе) бір күннің ішінде уақыт аралығындағы кезең) көрсетілген өкімді шығаруға жол беріледі.
Бағамдар белгілеу туралы өкім:
айырбастау пункті айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) заңды мекен-жайында орналасқан;
айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) өкімдерді осы компьютерлік жүйе шеңберінде айырбастау пункттеріне дейін орталықтандырылған жеткізуді көздейтін компьютерлік жүйені пайдаланған жағдайларда бір дана етіп шығарылады .
Өзге жағдайларда өкімнің бір данасы айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлғада (оның филиалында) қалады және өкім осындай заңды тұлғаға (оның филиалына) тиесілі әрбір айырбастау пунктіне бір данадан жіберіледі.
Өкімдердің көрсетілген даналары 3 (үш) жыл ішінде сақталады.»;
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«48. Айырбастау пунктіне айналыстағы ақша белгілерін қабылдау кезінде номиналы және эмиссия жылдары бойынша шектеулер қоюына, сондай-ақ айырбастау пунктінде айырбастау операциясын жүргізу үшін қажетті сомада қолма-қол шетел валютасы және қолма-қол ұлттық валюта болған кезде азаматтарға айырбастау операциясын жүргізу үшін бас тартуға жол берілмейді.
Жеке тұлғаға айырбастау пунктінде сатып алу және (немесе) сату бағамдары белгіленген қолма-қол шетел валютасының немесе қолма-қол ұлттық валютаның айырбастау пунктінде болмауы себебі бойынша айырбастау операциясын жүргізуден бас тартылған жағдайда, айырбастау пунктінің кассирі жеке тұлғаның талап етуі бойынша айырбастау пунктінде жоқ валютаның түрін және сомасын, анықтама берілген күнді және уақытын көрсете отырып, анықтама береді. Анықтамаға айырбастау пунктінің кассирі қол қояды және айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) ішкі ережелерінде белгіленген тәртіппен тіркеледі.»;
53 және 54-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«53. Айырбастау пункттерінде жүргізілетін қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау бойынша операциялар осы тармақтың төртінші бөлігінде белгіленген жағдайды қоспағанда, әрбір операцияны жүргізу аяқталғаннан кейін тізілімдер журналында көрсетіледі.
Күн ішінде бағам өзгерген жағдайда тізілімдер журналында қолма-қол шетел валютасын жаңа бағам бойынша сатып алу немесе сату операцияларын жүргізу басталғанға дейін сатып алынған және сатылған валютаның көлемі бойынша аралық қорытынды шығарылады. Айырбастау пунктінің жұмыс күні аяқталғаннан кейін бір күн ішінде жүргізілген операциялар бойынша тізілімдер журналында қорытындылар көрсетіледі және ақша қалдығы шығарылады. Қағаз тасымалдауыштағы тізілімдер журналында аралық қорытындылар және жұмыс күнінің аяқталуы бойынша қорытындылар кассирдің қолымен расталады.
Тізілімдер журналында тазартуға және өзге түзетулерге жол берілмейді. Қағаз тасымалдауыштағы тізілімдер журналында қате деректер сызылып тасталады және кассирдің қолымен расталған «№ __ жазба түзетілген» деген жазба жасалады, одан кейін дұрыс жазба жасалады.
Егер айырбастау пунктінде компьютерлік жүйе орнатылса, қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау бойынша операциялар айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлғаның ішкі құжаттарында белгіленген ағымдағы операциялық күннен кешіктірілмей тізілімдер журналында көрсетіледі. Айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) операциялық күні аяқталғаннан кейін айырбастау пунктінде жүргізілген операцияларды келесі операциялық күнмен көрсетуге рұқсат етіледі.
54. Қолма-қол шетел валютасын валюта айырбастаудың нарықтық бағамы пайдалана отырып есептелген 10 (он) мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомаға сатып алған немесе сатқан кезде тізілімдер журналында клиенттің аты-жөні және оның жеке басын куәландыратын құжатының деректері жазылады.»;
55-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«57. Электрондық түрдегі тізілімдер журналы мынадай талаптарды ескере отырып қалыптастырылады:
1) тізілімдер журналын қалыптастырудың бағдарламалық қамтамасыз етуі компьютерлік жүйе (компьютерлік жүйенің бөлігі) болып табылады;
2) электрондық түрдегі тізілімдер журналының нысанында Ереженің 5-қосымшасында белгіленген барлық деректемелер бар;
3) бір күн ішінде жүргізілген айырбастау операциялары туралы есептілікті қалыптастыру және беру Ереженің талаптары ескеріле отырып күнделікті жүзеге асырылады;
4) электрондық түрдегі тізілімдер журналынан есепке алынған операциялардың бірде-біреуі алынып тасталуы мүмкін емес. Қате енгізілген операцияға тиісті белгі қойылуы тиіс және деректер базасынан алынып тастауға жатпайды.»;
58-тармақта:
бірінші бөлікте «Ұлттық Банктің орталық аппаратына және» деген сөздер «осындай бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің бірінші сөйлемінде орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
59-тармақта:
бірінші бөлікте «қамтамасыз етуді» деген сөздерден кейін «(автоматтандырылған айырбастау пункттерін қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлікте орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Электрондық түрдегі тізілімдер журналында көрсетілген операциялар тізілімдер журналының басып шығарылған данасында көрсетілген операцияларға сәйкес келуі тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 63-1 тармақпен толықтырылсын:
«63-1. Айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлға шет мемлекеттердің (мемлекеттер тобының) монеталарын сатып алу, сату және айырбастау жөніндегі операцияларды жүргізу бойынша шешімді өз бетінше қабылдайды.»;
65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«65. Заңның 30-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтата тұруды Ұлттық Банктің филиалы жүзеге асырады.»;
66-тармақта:
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» деген сөздерден кейін «1995 жылғы 31 тамыздағы» деген сөздермен және цифрлармен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ұлттық Банк филиалының айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензиядан айыру туралы шешімі мемлекеттік және орыс тілдерінде облыстық немесе қалалық газетте жарияланады.»;
68-тармақтың екінші бөлігінің бірінші сөйлемінің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«69. Ұлттық Банктің филиалы шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған жағдайда уәкілетті ұйым Ұлттық Банктің филиалына лицензияның түпнұсқасын «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 48-бабының екінші тармағында белгіленген мерзімде қайтарады.»;
3-қосымшаның бірінші бөлігінде «Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңының 6-бабына, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына» деген сөздер және цифрлар «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына» деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;
6-қосымшаның үшінші бөлігінде:
жетінші абзацта:
«көрсететін күн» деген сөздер «көрсететін күн және уақыт» деген сөздермен ауыстырылсын;
«.» деген тыныс белгісі «;» деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«айырбастау пункті кассирінің аты-жөні.»;
7-қосымшаның кестесінде «Нарықтық бағам» деген сөздер «Валюта айырбастаудың нарықтық бағамы» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
* Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 6008 тіркелген
* «Заң газеті» газетінде №26 (1648) 2010 жылғы 19 ақпанда жарияланған
Достарыңызбен бөлісу: |