Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы ___ __________
№ _____
қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2014 жылғы
24 желтоқсандағы
№ 1378
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі
2020 жылға дейінгі бағдарлама
Мазмұны
Мазмұны 1
3.2. Көлік және қоймалау 13
3.3. Туризм 16
3.5. Кәсіби көрсетілетін қызметтер 21
3.6. Ақпарат және байланыс 23
3.8. Білім беру 31
3.9. Денсаулық сақтау 34
3.10. Әлемде көрсетілетін қызметтер саласын дамыту үрдістерін талдау 37
*- нақты деректер 54
5.Көрсетілетін қызметтер саласын дамытудың негізгі бағыттары, Бағдарлама мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар 54
1. Бағдарлама паспорты
Атауы
|
Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарлама
|
Әзірлеу үшін
негіздеме
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 01-7.9 (ХТ) тапсырмасы (3.1.3-тармақ);
«Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 732 Жарлығымен бекітілген Әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру жөніндегі тұжырымдама.
|
Бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
|
Мақсаттар
|
Көрсетілетін қызметтер саласын цифрландыру, сапасы мен қол жетімділігін, өнімділігі мен экспортын арттыру арқылы Елдің Үшінші жаңғыру мақсаттарына сәйкес бәсекегеқабілетті көрсетілетін қызметтер саласын қалыптастыру
|
Нысаналы индикаторлар
|
Көрсетілетін қызметтер саласының ЖҚҚ өсуі, %
Көрсетілетін қызметтер саласындағы еңбек өнімділігінің өсуі, %
Көрсетілетін қызметтер саласындағы жұмыспен қамтылғандар саны, мың адам
Көрсетілетін қызметтер экспортының өсуі, %
Көрсетілетін қызметтер саласындағы инвестициялардың өсуі, %
|
Міндеттер
|
1. Көрсетілетін қызметтер саласының сауда секторын дамыту.
2. Көлік және қоймалау секторындағы қызметтерді дамыту.
3. Туристік қызметтер нарығын дамыту.
4. Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар секторындағы қызметтерді дамыту.
5. Кәсіби қызметтерді дамыту.
6. Ақпарат және байланыс секторында қызметтерді дамыту.
7. Қаржы және сақтандыру қызметтерін дамыту.
8. Білім беру секторында қызметтерді дамыту.
9. Денсаулық сақтау секторындағы қызметтерді дамыту.
10. Көрсетілетін қызметтер сапасын реттеудің институционалдық негіздерін жетілдіру.
|
Іске асыру
мерзімдері
|
2015-2019 жылдар
|
Қаржыландыру көздері және мен көлемдері
|
2015-2019 жылдарда Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджет қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа қаражаттар жұмсалатын болады. Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен шығатын жалпы шығындар _____ мың теңгені құрайды.
|
2. Кіріспе
Қазақстан Республикасында Көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарлама (бұдан әрі -Бағдарлама) Мемлекет басшысының 2014 жылғы 6 тамыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмасын орындау үшін әзірленген. Бағдарлама 2017 жылғы 22 сәуірдегі Премьер-Министрдің Бірінші Орынбасары А.Ұ. Маминның тапсырмасын орындау үшін өзекті етілген.
Көрсетілетін қызметтер саласы экономиканың неғұрлым перспективалық және жылдам дамитын салаларының бірін білдіреді. Көрсетілетін қызметтер саласы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дәстүрлі салаларындағы жұмыспен қамтудың төмендеуі кезінде өтемдік рөл көрсетеді. Адам капиталын экономиканың тиімділігі төменірек секторларынан көрсетілетін қызметтер саласына қайта бөлу, тұтас алғанда, экономиканың өнімділігі мен өнімді жұмыспен қамтуды арттыруға көмектеседі.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қазіргі уақытта экономикалық өсуге ықпал жасау үшін, дамушы елдер қызметтер саласын қарқынды дамытудың аса маңызды міндетін қояды, өйткені, қызметтер саласы халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту және кәсіпкерлікті дамыту үшін елеулі потенциалды иеленеді.
Соңғы 30 жыл ішінде жаһандық ЖІӨ-гі көрсетілетін қызметтер үлесі 61% ден 70% дейін өсті, ал қызметтер саудасы тауар саудасына қарағанда өте жоғары өсу қарқынымен өсуде.
Бүгінгі күні, жалпы ішкі өнімдегі көрсетілетін қызметтер үлесінің ұлғаюы (бұдан әрі - ЖІӨ) және елдің экономикалық өсуін қамтамасыз етудегі оның салымының артуы Қазақстанның салалық құрылымын түрлендірудегі басым бағыттардың бірі болып табылады.
2016 жылдың қорытындылары бойынша, Қазақстандағы қызметтер саласы жалпы ішкі өнімнің 57,9% құрады, бұл дегенмен, дамыған елдердің көрсеткіштерінен төмен.
«Қазақстан-2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясында: Мемлекет басшысымен 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30-елінің қатарына кіру мақсаты қойылды. Қойылған мақсатқа жету үшін көрсетілетін қызметтер саласының үлесі ЖІӨ-нің 70 % шамасында құрауы тиіс, бұл экономиканы әртараптандырудың жоғары деңгейін қамтып көрсетеді және дамыған елдердің ЖІӨ құрылымына сәйкес болады.
Осымен бірге, көрсетілетін қызметтер саласының дамуы инновациялық негізде, соның ішінде келешектегі жоғары технологиялық жобаларды орындау арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Бұл көрсетілетін қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыратын инновациялық шешімдер мен озық технологияларды енгізу арқылы қызметтердің жаңа түрлерін жасауға мүмкіндік береді.
Дамыған елдердің тәжірибелері көрсеткендей, озық технологияларды қолдану көрсетілетін қызметтер саласын сапалы жаңа деңгейге алып шығуға жағдай туғызады. Сонымен, мысал үшін, көлік пен логистикада - бұлар нақты уақыт тәртіптемесінде тасымал мониторингін жүзеге асыруға, бағыттардың орындалуын бақылауға жағдай жасайтын технологиялар; сауда мен қаржы секторында - ұтқыр байланыс, смартфондар, мобильді қосымша, жылдамдықты курьерлік жеткізу, төлем жүйелері, қашықтықтан қызмет көрсету тәрізді, көрсетілетн қызметтердің халық пен бизнес арасына дендеп енуін арттыратын технологиялар. Денсаулық сақтауда - бүгінде пациенттердің денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйелерінің жұмысы туралы мәліметтерді жинау және өңдеу үшін біртұтас инфрақұрылымды қалыптастыруға мүмкіндік беретін технологиялар.
Тұтас алғанда, цифрлық технологияны жеделдетіп енгізу жоғары қосылған құны бар қызметтерді дамытуға оң әсерін тигізеді. Бұл үшін, мыналарға ерекше көңіл аударылады, соның ішінде, электронды сауданы дамытуды сервистік қолдауға (электронды құжат айналымы және маркетинг, электронды сатып алу, электронды жүкқұжаттар және б.), интеллектуалды көлік жүйесін дамытуға, жылжымайтын мүлік нарығындағы операциялар мен жүктерді ауыстыру мониторингін жүзеге асыруға және басқаларына.
Осылайша, көрсетілетін қызметтердің дамыған саласы экономикалық қызметтердің жаңа түрлері мен келешектегі экономиканың жаңа секторларын құруға мүмкіндік туғызады.
Бағдарлама ЖІӨ-ге жоғары салымдық үлесі бар мына 9 секторды дамытуға бағытталған: көтерме және бөлшек сауда; автокөліктер мен мотоциклдарды жөндеу (16,8%) көлік және қаттау (8,3%), туризм (тұру және тамақтандыру бойынша қызметтер) (1,1%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (8,7%), кәсіби қызметтер (кәсіби, ғылми және техникалық қызмет) (5%), ақпарат және байланыс (2,1%), қаржы және сақтандыру қызметі (3,6%), білім беру (2,8%), денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер (1,9%)1.
Бағдарлама сәйкес бағдарламалар аясында қабылданған шараларды толықтырады («Нұрлы Жол» мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасы, білім беру, денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, қаржы және туристік салаларды, 2020 Бизнестің жол картасын, үкіметтің жобалық басқаруын дамыту тұжырымдамалары және басқалары).
Жоғары технологиялық көрсетілетін қызметтер дәстүрлі салалар үшін «өсу нүктесі» болуы және елдің экспорттық әлеуетін бұдан ары ұлғайтуға мүмкіндік жасауы тиіс.
3. Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласының ағымдағы ахуалын талдау
2016 жылдың қорытындылары бойынша, елдің ЖІӨ-гі қызметтер саласының салымы 2014 жылмен салыстырғанда 3%-ға көбейіп, 57,8% құрады. Қызметтер саласының үлесін 2050 жылға қарай 70% жеткізу бойынша мақсаттар мен ЖІӨ қажетті өсу қарқынын ескеріп, қызметтер саласының орташа жылдық өсу қарқыны әлемдік орташа мәндермен салыстырмалы болуы тиіс.
1-сурет. 2014-2016 жылдарға дейін кезеңдегі ЖІӨ құрылымы, %
Тауарлар өндірісі
Көрсетілетін қызметтер өндірісі
Дереккөзі: ҚР ҰЭМ СК
ҚР Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша, 2016 жылы елден жалпы сомасы 43,6 млрд.долл. болатын тауарлар мен қызметтер экспортталды. АҚШ, осымен бірге қызметтердің үлесі тек 14,4 % (6,3 млрд. АҚШ долл. құрады).
2016 жылы қызметтер экспорты мына түрде бөлінді: көлік және туристік қызметтер – 80,7 %, өзге іскерлік қызметтер – 7,6 %, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер – 6 %, ақпараттық технологиялар саласындағы қызметтерді қос алғанда, телекоммуникациялық қызметтер – 2 %, қаржылық және сақтандыру қызметтері – 1,2 %, өзге қызметтер – 2,5 %.
2-сурет. Қазақстанға қызметтерді экспорттау, 2016 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |