2016 жылдың қорытындылары бойынша «Тұру және тамақтану бойынша қызметтер» саласының елдің ЖІӨ салымы 1,1% құрады, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 0,9 пайыздық пунктке көп.
2016 жылдың қорытындылары бойынша берілген салада жұмыс істейтіндердің саны 170,9 мың адамды құрады, бұл жұмыс күшінің 1,9% -ын құрайды.
2016 жылдың қорытындылары бойынша «Тұру және тамақтану бойынша қызметтер» секторындағы еңбек өнімділігінің деңгейі 3 094,3 мың теңге/адамды құрады, ал 2014 жылы бұл көрсеткіш 2 191,1 мың теңге/адамды құрады.
2014 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңде туристтік салаға 474,5 млрд. теңге инвестициялары негізгі капиталға тартылған болатын. 2016 жылы инвестициялардың келуінің өсімі алдыңғы жылмен салыстырғанда 8,9%-ды құрады.
2016 жылы Қазақстанда 2 031 туристтік ұйым, сыйымдылығы 138 062 төсек-орын болатын 2 754 орналасу орны қызмет жасады, бұл алдыңғы жылдың көрсеткішінен 16,6%-ға жоғары. Орналасу орындарының жалпы санынан 10,1% – санаты бар қонақ үйлер, 10,1% – санаты бар қонақ үйлер, 52,3% – санаты жоқтар, 37,6% – өзге орналасу орындары құрағанын атап өту қажет.
2016 жылы сыртқа шығу туризмі бойынша 6 509,4 мың адам тіркелген болатын, бұл ретте мақсаттары келесідей: 74% жеке сапар, 17% іс сапарлары, 8% транзиттік сапарлар және тек қана 1%-ы туристтік сапарлар. Сонымен бірге 2014 жылмен салыстырғанда 177 мың сапарға көбейгені байқалған болатын. Сыртқа шығу туризмі бойынша орташа чек 90 мың теңгені құрайды.
2016 жылы сыртқа шығу туризмі бойынша 9 755,6 сапар тіркелген болатын. Сапар мақсаттары бойынша тағы да жеке сапарлар басым болып табылады (78,6%). Сонымен бірге шығындардың орташа чегі 145 мың теңгені құрады, бұл елге келушілердің шығындарынан 1,6 есеге көп.
Қазақстанда туристтік саланы дамыту тұжырымдамасы 2023 жылға дейінгі кезеңде 6 туристтік кластерді дамытуды қарастырады – Астананың, Алматының аудандарында, Шығыс, Оңтүстік және Батыс Қазақстанда.
Қазақстанда туризм саласына мемлекеттік инвестициялардың деңгейі, The Travel & Tourism Competitiveness Report мәліметтері бойынша, өте жоғары – бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан рейтингте 136 елдің ішінен 46-орынды иеленеді. Сонымен бірге, туристтерді тарту жөніндегі маркетингтік іс-шаралар жалпы алғанда тиімділігі аз болып қалуда (136 елдің ішінде 102-орын). Сондай-ақ елдің тартымды туристтік әлеуеті туралы ақпараттық науқанды жүргізу жөніндегі жұмыс жеткілікті түрде тиімді болып табылмайды.
10-сурет. Туризмді дамыту үшін мемлекеттің шығындары және Қазақстандағы туристтік маркетингтің тиімділігі
Нысаналы топ
Салыстыру тобы
Мемлекеттік бюджет құрылымындағы саяхат және туризм секторына жұмсалған шығындардың үлесі
Рейтинг (136 елдің ішінен), 2016 ж.
Туристтерді тарту жөніндегі маркетингтік іс-шаралардың тиімділігі
Рейтинг (136 елдің ішінен), 2016 ж.
Дереккөзі: The Travel & Tourism Competitiveness Report 2017
Қазіргі уақытты келетін туристтер саны бойынша Қазақстан салыстыру тобындағы Малайзия, Түркия және Ресей сияқты елдерден керіде қалуда. Алайда сектор елеулі өсу беталысын көрсетуде.
2-кесте. Туристтік саланың дамуының негізгі көрсеткіштері, 2016 жыл
|
|
Шетелдік туристтер, мың адам
|
Түсімдер, млн. $
|
1 туристтің орташа шығындары, $
|
ЖІӨ құрылымындағы туризм секторы, %
|
Жұмыспен қамтылу құрылымындағы туризм секторы, %
|
Қазақстан
|
6 509,4
|
1 533,6
|
280
|
1,9
|
3,5
|
Аустралия
|
7 444,4
|
28 872
|
3 878
|
2,8
|
4,4
|
Канада
|
17 977,3
|
16 557,80
|
921
|
1,8
|
3,7
|
Италия
|
50 731,8
|
39 449,20
|
777,6
|
4,2
|
5
|
Корея
|
13 231,7
|
15 214,30
|
1 149,80
|
1,8
|
2,2
|
Малайзия
|
25 721,3
|
17597,1
|
684,1
|
4,4
|
4,2
|
Ресей
|
31 346,5
|
8 465
|
270
|
1,5
|
1,4
|
Түркия
|
39 478,0
|
26 616
|
674,2
|
5
|
2,3
|
Ұлыбритания
|
34 435,8
|
45 463,60
|
1 320,20
|
3,7
|
5,3
|
Дереккөзі: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті, The Travel & Tourism Competitiveness Report 2017
Қауіпсіздік және қорғалу сияқты аспектілер бойынша салыстырылатын елдер арасында Қазақстан тек Малайзиядан ғана қалуда, бірақ туристтік қызметтердің инфрақұрылымы бойынша Қазақстан Қытайдан басқа салыстырылатын елдердің (Бразилия, Түркия, Малайзия, Ресей) барлығынан керіде қалуда.
Қоршаған табиғи ортаның сапасы бойынша Қазақстан рейтингтің 136 мемлекетінің арасында тек 99 орынды ғана иеленді. Сол мезетте, елімізде туристтік әлеуеті әзірше толық көлемде іске асырылмаған көптеген табиғи және мәдени нысандар бар.
Бірақ туризм инфрақұрылымын дамыту баяу қарқынмен жүзеге асырылуда, бұл қонақ үй бизнесінің кеңею әлеуетін төмендетеді. Сондай-ақ, қонақ үй бөлмелерімен қамтамасыз ету деңгейі бойынша Қазақстан рейтингте 136 елдің ішінде тек 82-орынды иеленді.
11-сурет. Қазақстандағы туризм инфрақұрылымының сапасы және қонақ үй бөлмелерімен қамтамасыз етілу
Салыстыру тобы
Достарыңызбен бөлісу: |