Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі



жүктеу 4,29 Mb.
бет15/21
Дата20.05.2018
өлшемі4,29 Mb.
#14930
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21

*- нақты деректер




  1. Көрсетілетін қызметтер саласын дамытудың негізгі бағыттары, Бағдарлама мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар




  1. Көрсетілетін қызметтер саласының сауда секторын дамыту

Сауда саласын дамыту мақсатында жүйелік шаралар қабылданатын болады:

  • қазіргі заманғы үлгіге сай сауда объектілерінің құрылысы/ оларды жаңалау кезінде материалдар мен жабдықтарды мақсатты шеттен әкелуге кеден бажын төлеуден босату және «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына енгізу;

  • электронды сауданы реттеуді жетілдіру.

Одан басқа келесі операциялық шаралар жүзеге асырылатын болады:

  • нарықтарды қазіргі заманғы үлгідегі сауда кешендеріне айналдыру жөніндегі жол карталарын әзірлеу;

  • электронды саудада сервистік қолдау көрсету;

  • электронды сауда саласында қолма-қол ақшасыз төлемді жүзеге асыру жағдайларын жақсарту.

Сауда саласын дамыту нарықтарды қазіргі заманғы үлгідегі сауда объектілеріне жаңғырту, сонымен қатар hard discounter, сауда галереяларын және аутлет моллдарда тарту есебінен қамтамасыз ету жоспарлануда.

2017 жылдың соңына қарай республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда сауда нарықтарын пайдалануға енгізу мерзімдерін көрсете отырып, заманауи үлгідеді сауда кешендеріне жаңғыртудың республикалық жол картасы жасалады. Жол картасы барлық аспектілер мен кезеңдерді нақтылайды (оның ішінде, қаржы ресурстарының мөлшері, оларды алу көздері мен мерзімі, жетіспейтін инфрақұрылымда қажеттілік, барлық қажетті келісуді өткізу, құрылыс және қалпына келтіру кезінде кәсіпкерлерді жұмысқа орналастыру орындарын анықтау, сондай-ақ құрылыс пен қалпына келтіру мерзімдері).

Ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге сауда алаңдарына және ауыл шаруашылық және тағам өнімдерін сақтау, қаптау, өткізу және тасымалдау сияқты технологиялық операцияларға қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында көтерме-тарату орталықтарын құру ұсынылады, олардың негізгі мақсаты өндірушілер мен бөлшектеп сату арасындағы буындарды азайту және оңтайландыру, қажет инфрақұрылымды құру болып табылады, бұл ауыл шаруашылығы өнімдеріне баға қалыптастырудағы ашықтықты қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, отандық тауар өндірушілердің өнімін ілгерілету мақсатында сауда желілерін шетелге шығуға және қатысуын кеңейтуге, олар арқылы тариф жеңілдіктерін, салық жеңілдіктерін, сондай-ақ шығарылатын өнімді тасымалдауға, сауда алаңдарын жалға алуға субсидияларды, шикізат пен жабдықты сатып алу үшін кредиттеу арқылы сыртқы нарықтарға өнімді өткізу үшін ынталандыру жүзеге асырылатын болады.



Биржалық сауда

Биржалық сауданы жалпы ішкі сауданың ажырамас құралы ретінде дамытуға басты назар аударылады. Биржалық сауда институтының маңыздылығын арттыру мақсатында, сондай-ақ биржалық тауарларды ұлттық баға индикаторларын айқындау бойынша негізгі міндеттерді орындау үшін тауарлық биржаларды және биржалық сауда-саттық қатысушыларын мемлекеттік реттеуді жетілдіру бойынша түбегейлі шаралар қабылданады.

Биржалардың одан әрі дамуының топшылауын ұсынатын Тауарлық биржалық нарықты дамыту тұжырымдамасы негізге алынады.

Электрондық сауда

Кәсіпкерлікті онлайн саудада дамыту және оны қолдаудың жүйесін жетілдіру үшін әлеуетті анықтау мақсатында дамуда кедергі болып табылатын мәселелердің оңтайлы шешу жолдары мен мемлекеттік қолдаудың пәрменді шаралары әзірленетін болады.

Электронды сауданы жүйелендіру үшін ұғымдық аппаратын, оны жүзеге асырудың қызметтері мен механизмдерін жетілдіру ұсынылады.

Сонымен қатар, салықтық ынталандыру және экспорттық әлеуетті арттыру, сондай-ақ тұтынушылар құқықтарын қорғау бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Кәсіпкерлік капиталдың сапасын арттыру, «онлайн бизнесті толық аяқтауды» құру, логистикалық шығындарды азайту үшін e-commerce және Fulfillment орталықтарын құру жолымен электронды сауданы жүргізуде сервистік қолдау көрсету жөніндегі іс-шаралар қарастырылады.

E-commerce орталықтарының қызметі аясында тауарларды қабылдау жөніндегі қызметтерді, сондай-ақ олардың құзіреттілігін арттыру жөніндегі түрлі іс-шараларды (семинарлар, тренингтер және т.б.) қоса отырып, электронды сауда мәселелері бойынша ШОБ-ке қызмет көрсету жөніндегі қызметтер ұсынылатын болады.

Fulfillment орталықтары ШОБ тапсырыстарды қабылдау, өңдеу, сақтау және құру мен тауарларды жеткізу жөніндегі қызметтер көрсететін болады.

Сонымен бірге, электронды сауданы реттеуді жетілдіру мақсатында электронды сауда саласын реттейтін қолданыстағы нормаларға талдау жүргізіліп, заңнамаға өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстар әзірленетін болады. 

Бұнымен қатар, халықты электронды сауда құралдарына үйрету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы орналастыру арқылы электронды сауданы насихаттау жүргізілетін болады.

Сауда қызметтерін экспорттауды дамыту саласында

Қызметтер экспортының тиімді дамуына экспорттық - импорттық операцияларды кедендік декларациялауды жетілдіру септігін тигізетін болады.

Онлайн-сауданы халықаралық нарыққа шығару мақсатында экспорттық-импорттық операцияларды кедендік декларациялау тәртібін жеңілдету, атап айтқанда экспорттық-импорттық операцияларды кедендік декларациялауға беру үшін ақпараттық платформаны енгізу арқылы әкімшілік кедергілерді азайту жүзеге асырылатын болады.

Басым және жоғары мүдделі елдерге қазақстандық бизнестің қатысуын қамтамасыз ету және мүдделерін қорғау мақсатында «Қазақстан Үйлерін» құру туралы мәселе пысықталады. Сондай-ақ, онлайн режимде ірі халықаралық әріптестермен бірге ауыл шаруашылық тауарларын сату үшін сауда алаңдарын құру мәселелері анықталатын болады.

«Қазақстан Үйлерінің» қызметін ұйымдастыру аясында экспортты қолдау және алға жылжыту саласында мүмкіндіктер мен олардың қызметін кеңейту, «бірыңғай терезе» электронды платформасы аясында экспорттаушылар үшін сервистік орталықтар ретінде олардың құзіреттіліктерін дамыту.

Қазақстан Үйлерінің қызметтері экспортқа бағытталған компаниялар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың сұрауларына бағытталатын болады. Бұл сауда үйлері базасында ішкі экономикалық қызметті, соның ішінде шағын және орта бизнес субъектілерін қолдаудың кешенді механизмін құру арқылы қамтамасыз етілетін болады.



Сауда саласын кадрлық қамтамасыз ету

Қатардағы сауда персоналының және басқарушы буын менеджерлерін оқытудың және кәсібилік деңгейін арттырудың жүйесі енгізіледі. Ол үшін жыл сайын әр жеке алынған өңірде түрлі бейіндегі мамандар тапшылығын анықтау мақсатында барлық республика бойынша кадрлармен камтылуға мониторинг жүргізіледі.

Салалық қауымдастықтармен және одақтармен бірігіп сауда компанияларының персоналын оқытудың қысқаша курстарымен тренингтің орталықты ұйымдастыру мәселесін пысықталатын болады. Семинарлар мен дәрістерді өткізу үшін Батыс және Шығыс Еуропа елдерінің практик мамандарын тұрақты түрде тарту жоспарланып отыр.


  1. Көлік және логистика секторындағы көрсетілетін қызметтерін дамыту

Көлік-логистикалық саланың негізгі даму бағыттары «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анықталған. Бұл ретте барлық өткізілетін іс-шаралар келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

    • инженерлік-коммуникациялық және көліктік инфрақұрылымды дамыту (әуе, т/ж, авто, порттар);

    • хабтық негізде макроөңірлерді дамыту негізінде аумақтық даму;

    • Астананы «шұғылалы» қағидат бойынша өңірлермен байланыстыратын тиімді өңіраралық автожол желісін құру;

    • «Орталық-Шығыс», «Орталық-Оңтүстік», «Орталық-Батыс» өңіраралық автожол желісі жобаларын іске асыру;

    • Батыс Қытай – Батыс Еуропа, Астана – Алматы, Астана – Өскемен, Астана – Ақтөбе – Атырау, Алматы – Өскемен, Қарағанды – Жезқазған – Қызылорда, Атырау – Астрахань сияқты негізгі автожолдар жобаларын іске асыру;

    • көліктік-логистикалық және көтерме-бөлшек сауданың қазіргі заманғы инфрақұрылымын құру;

  • тасымалдау және көлік маршруттарының жылдамдығын арттыру, көлік шығындарын азайту және энергиямен қамтамасыз етуді тиімді ету.

Көлік инфрақұрылымын дамыту, ішкі терминалдық желі құру жөніндегі шаралар тауарлар бағасын және оларды Қазақстан аумағында тасымалдау уақытын азайтуға, сонымен қатар халықаралық көлік дәліздеріне интеграциялануды қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Автомобиль жолдары саласында

Халықаралық автомобиль тасымалдарының көлемін ұлғайту және сапалы өткізу қабілетін қамтамасыз ету үшін Қытай Халық Республикасымен шекарада қосымша «қақпалар» - «Нұрлы жол» автомобиль өткізу пункті құрылатын болады, ол Қазақстан-Қытай шекарасындағы екінші автомобиль өткізу пункті болады.

Жол бойындағы сервисті дамыту мақсатында халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойында сервис объектілерін салу жөніндегі жұмыстар жүргізілетін болады.

Сонымен бірге «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық дәлізі, Астана - Теміртау, Астана - Павлодар, Алматы - Талдықорған, РФ шекарасы - Орал - Ақтөбе, Атырау - Ақтау, (Омбы бағытында) РФ шекарасы - Павлодар, Петропавл - Шучинск, Қостанай - Атбасар - Астана учаскелерінде I, II және III техникалық санаттағы автомобиль жолдарында ақылы қозғалысты ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылады.



Теміржол секторындағы қызметтерді дамыту

Көлік инфрақұрылымын басқаруға, сервис деңгейін көтеруге, кедергілерді жоюға, сондай-ақ тиімді тәуекел-менеджмент әдістерін енгізуге, кедендік рәсімдерді жеңілдетуге және электронды кеденге өтуге ерекше назар аударылатын болады.

Теміржол көлігінде оңтайлы тарифтік модельді қамтамасыз ету үшін магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді қалыптастыру мен реттеу жүйесін және магистральдық теміржол желісінің қызметтеріне тарифті қалыптастырудың жаңа әдістемесін жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірленетін болады. Теміржол көлігі саласындағы жаңа ілгерінді тәсілдер магистральдық теміржол желілерінің қызметін тарифтік реттеудің оңтайлы моделін қалыптастырып, қызмет көрсетуден түскен пайда мен шығынды құрылымдауға және теңгерімдеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз етеді.

Жүк тасымалы нарығын одан әрі дамыту және отандық компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында мемлекеттік бағалық реттеуден жүк вагондарының әрекет етуі және жүк вагондарын жалға беру бойынша көрсетілетін қызметтерді шығару мәселесі пысықталатын болады.

Шығындарды қысқарту мақсатында жеткізу желілері оңтайландырылатын болады, сондай-ақ елдегі одан арғы аралас (мультимодальдық) тасымалдауды дамыту жалғастырылады. Ол үшін логистикалық көрсетілетін қызметтер бір жерде (негізінен көліктік-логистикалық орталықтарда) шоғырланады, бұл әртүрлі тасымалдаушылардың жеке дара тасымалдауы кезіндегі қосымша екі есе құнын төлемей, бірыңғай оператордың бүкіл жеткізу жолындағы ортақ құнын қалыптастыруына мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, жылжымалы құрамның, соның ішінде фитингтік платформалардың санын арттыру жөнінде шаралар қабылданады.

Негізгі бағыттарда теміржол инфрақұрылымының «шектеу» учаскелерінің болуы инфрақұрылымның өткізілімділігіне әсер етеді. Жүйрік транзиттік контейнер пойыздарының болжамды еселік өсуін ескере отырып, негізгі көліктік дәліздерді талдау негізінде бірқатар теміржол учаскелерін жаңғырту және негізгі транзиттік бағыттар бойынша жүк ағынының өтуін қамтамасыз ету, сондай-ақ көлік-логистикалық орталықтарды дамыту үшін екінші жолдарды салу бойынша жұмыс жүргізу қажет.

Бұл ретте, жеке қаражат есебінен де (оның ішінде, МЖӘ тетіктерін пайдалана отырып), бюджет қаражатын пайдалану есебінен де теміржол инфрақұрылымы объектілерін жаңғырту және салу бойынша жобаларды іске асыру мүмкіндігі қарастырылады. Сондай-ақ, даму институттарының қаржы құралдарын пайдалану арқылы аталған жобаларды іске асыру шаралары әзірленеді.



Автомобиль көлігі саласындағы қызметтерді дамыту

Елді мекендерді жүйелі автобус қатынастарымен қамтуды қамтамасыз ету бойынша жолаушылар автотасымалының қосымша инфрақұрылымын құру және жақсарту жөнінде шаралар қабылданатын болады. Жергілікті атқарушы органдар халықтың қимыл-қозғалысы шектелген топтары үшін де қолжетімді болуын ескере отырып, қалалар мен аудан орталықтарында жаңа автовокзалдар мен автостанциялар, автостанциясы жоқ елді мекендерде (селолар, ауылдар) жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін салу жөнінде жұмыстар жүргізетін болады.

Сонымен қатар, отандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және олардың халықаралық жүк тасымалдары нарығындағы үлесін 2019 жылға 47% дейін арттыру жөніндегі шаралар жүзеге асырылатын болады.

Шет мемлекеттермен үкіметаралық келісімдер жасасу және автомобиль көлігі саласындағы халықаралық шарттарға қатысу арқылы жүк тасымалдау географиясын одан әрі кеңейтудің мүмкіндіктері қарастырылатын болады.

Су көлігін саласындағы қызметтерді дамыту

Көліктік-логистикалық тізбек кешенін құру аясында құрғақ жүк және сауда флотын ұлғайту жөніндегі жұмыстар жалғастырылатын болады. 2020 жылға қарай 2 құрғақ жүк таситын кеме және 2 паром сатып алу мүмкіндігі қаралады. Осылайша, Қазақстан порттарынан құрғақ және паромдық жүктерді теңізбен тасымалдау үлесі 2020 жылға қарай 30 %-ға ұлғаятын болады.

Ақтау және Құрық теңіз порттары акваториясында қауіпсіз жүзу, кемелер қозғалысын басқару және іздеу-құтқару қызметін үйлестіру мақсатымен 2020 жылға дейін навигациялық жүйелер құру мәселесі қаралатын болады.

Кемелерді жөндеу бойынша техниалық қолдау және қызмет көрсету үшін Құрық портында кеме жасау-кеме жөндеу зауыты салынатын болады.

Қазақстандың кемелер құрамында отандық кадрлар тапшылығын төмендету мақсатында теңізшілерді дайындау жүйесі халықаралық стандарттарға сәйкес келтірілетін болады.

Сауда флотының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін саланың қауіпсіздік жүйесін Халықаралық теңіз ұйымының қазіргі заманғы талаптары деңгейіне сәйкес келтіру жөніндегі шаралар, оның ішінде теңіз порттарында кемелер қозғалысын басқарудың навигациялық жүйелерін құру есебінен қабылданатын болады.

Ішкі су жолдары тасымалдарын дамыту мақсатында өзен тасымалдарының қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған шаралар жалғастырылатын болады.

Әуе тасымалы саласында

Транзиттік әуе тасымалын дамыту үшін Токио, Сингапур сияқты әлемдік қаржылық орталықтармен әуе байланысын ашу жөніндегі жұмыстар жүргізілетін болады.



Көлік және логистикада сандық технологияларды қолдану

Кедендік өткізу пунктерінің тиміділігін арттыру мақсатында «Бірыңғай өткізгіш канал» енгзілетін болады – «бір терезе» принципі бойынша жұмыс жасайтын, кедендік декларацияларды стандартталған түрде, электронды нысанда жіберу және берудің электронды жүйесі ендіріледі.

Жол активтерін басқару жүйлерін енгізу, ҚР жолдарында авариялар мен апаттар кезінде төтенше қоңырау шалу жүйесін құру, сондай-ақ интеллектуалды көлік жүйесін құру жөніндегі жобалар жүзеге асырылатын болады.

Көлік қызметтерінің экспортын ынталандыру

Қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін сақтау және онымен байланысты көлік қызметтерін ілгерілету мақсатында жүктерді тасымалдау үшін өтпелі тарифтік ставкалардың тариф құрылымы жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіледі.

Қазақстан бойынша транзиттік бағытқа жүк ағындарын тарту бойынша нарықта белсенді маркетингтік жұмыстар жүргізу (роуд-шоу өткізу, мамандандырылған көрме мен конференцияларға қатысу).
3. Туристік қызметтер нарығын дамыту

Туристік саланы дамыту үшін келесі бағыттар бойынша жүйелік шаралар жүзеге асырылатын болады:



  • алты мәдени-туристік кластерлерді құру және дамыту

  • сандық технологияларды пайдалана отырып, визалық рәсімдерді жеңілдету;

  • инвестицияларды тарту;

  • отандық және шетелдік туристтерді тарту үшін ақпараттық-жарнамалық науқандарды іске қосу.

Туристік қызметтер нарығын дамыту мақсатында «Астана – Еуразия жүрегі», «Алматы – Қазақстанның еркін мәдени аймағы», «Алтай інжулері», «Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту», «Каспий қақпасы», «Табиғат пен көшпелі мәдениет үйлесімі» сияқты алты мәдени-туристік кластерлер құрылады.

Туристік кластерлер құруда үздік тәжірибесі бар статегиялық (зәкірлік) инвесторларды тарту жөніндегі жұмыстар жалғасады. Туристік кластерлерді дамытуға инвестицияларды тарту бойынша негізгі тәсілдер әзірленетін болады, сондай-ақ бизнес қауымдастығымен бірлесіп, сервистік объектілерді орналастыру үшін туристік аймақтарды, сондай-ақ оларға іргелес аумақтарды қаржыландыру және инвестициялау бойынша МЖӘ нысандары әзірленеді.

Туризм индустриясы нысандарын бірыңғай жіктеу жүйесі әзірленетін болады.

Ұзақ мерзімді қаржыландыру тетіктерін енгізу арқылы жеке бизнес бастамалары мен инвестициялық жобаларды қолдау, сонымен қатар туристік бағыттағы жобаларды 10, 15, 25 жыл мерзімдерінде несиелеу мәселесін пысықтау қамтамасыз етіледі.

Қазақстанның туристік саласын дамыту бойынша шетел донарларымен жұмыс жүргізілетін болады (ЕО, АҚШ, БҰҰ, ЕҚЫҰ, халықаралық қаржы институттары, сондай-ақ ҚХР, РФ, Үндістан, Иран және басқаларының көмек бағдарламалары).

Ақпараттық жарыққа шығару мақсатында туристік бизнесті дамыту үшін "гайдтар" әзірленеді, сонымен қатар Қазақстан және Қазақстанның туристік нысандары туралы барлық қажет ақпаратты қамтитын туристік-ақпараттық веб-портал әзірленеді.



Туризм саласы үшін кадрлар даярлау

Туризм саласы үшін кадрларды даярлау бойынша білім беру бағдарламаларын жетілдіру және «Туризм» мамандығы бойынша дайындайтын барлық жоғары оқу орындарында TedQual жүйесі бойынша ЮНВТО (Дүниежүзілік туристік ұйым) сертификациясын тарату мәселелерін қарау.

Ұлттық туристік офис жанында ағылшын, француз, қытай, түрік және басқа да тілдерді меңгерген гидтер мен экскурсия жетекшілерін қысқа мерзімді даярлау бойынша орталық құру маңызды іс-шара болып табылады.

Сонымен қатар, әлеуметтік туризмді дамыту мақсатында мүмкіндігі шектеулі тұлғалардан (егде жастағы адамдар, көру, есту қабілеті, тірек-қимыл аппараты және т.б. бұзылған) гидтер мен экскурсия жетекшілерін даярлау көзделеді. Сондай ақ, туризм саласындағы ғалымдар санын арттыру мақсатында туризм саласында PhD мамандығы бойынша мемлекеттік тапсырысты ұлғайту мәселесін қарау бойынша жұмыс жүргізілетін болады (бүгінгі күні мемлекеттік тапсырыс бір жылда 3-4 орынды құрайды).

Сонымен қатар, «Туризм саласындағы менеджмент» мамандығын (қонақүй және мейрамхана бизнесінсіз) өзекті ету және Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде басымды оқыту тізбесіне қайтару жөніндегі мәселе қайта қарастырылатын болады.

Көші-қонды бақылау және визаларды ресімдеу рәсімдерін жеңілдету саласында

Елге туристер ағымын қамтамасыз ету үшін қазақстандық визаларды рәсімдеу жұмыстарын жеңілдету жалғастырылады, пилоттық режимде шетелде Қазақстанның визалық орталығын ашу мәселесі қаралады, электрондық түрде Қазақстан Республикасында және шетелде азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетел азаматтарының айыппұл төлеу тәртібін айқындау жөніндегі мәселе пысықталады, жаңа технологияларды енгізу арқылы шетел азаматтарын тіркеу және есепке алу процесін жеңілдету жөніндегі мәселе қаралады.



Халықаралық стандарттарды енгізу саласында

Мүдделі уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, туризм саласындағы стандарттау жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттарға және нормативтік құқықтық актілерге мониторинг және талдау жүргізіледі, туризм саласындағы қажетті нормативтік-техникалық базаны дайындалады, туристік қызметтерге стандарттар енгізу мәселесі пысықталады.



Туристік имиджді нығайту саласында

Имидждік стратегияны дамыту шеңберінде шетелде Қазақстандық туристік өнімді жылжыту тәсілдері қайта қаралатын болады. Осы мақсатта бірыңғай оқиғалар күнтізбесін және 3d интерактивті туристік картасын қалыптастыру, халықаралық нарықтарда жұмыс істеу үшін бірыңғай ұлттық брендті әзірлеу, халықаралық туристік ұйымдармен (ЮНВТО, РАТА және басқалар) ынтымақтастық жөніндегі жұмыстарды жандандыру, www.kazakhstan.travel мамандандырылған онлайн-платформасын қолдау және одан әрі толықтыру, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін Қазақстан бойынша таныстыру турларын ұйымдастыру, Астана және Алматы қалаларында b2b форматында ақпараттық турларды міндетті түрде өткізумен кіру туризмі бойынша мамандандырылған көрме өткізу жөніндегі шаралар іске асырылады.

«Kazakh Tourism» Ұлттық компания» АҚ ақпараттық жарықтандыру бөлігінде, сондай-ақ туристік имиджді нығайту саласына, туристік салаға зәкірлік жобаларды тарту бойынша шаралар қабылданатын болады.

Туристік қызметтердің экспортын дамыту саласында

Жетекші интернет сайттар арқылы Қазақстанның туристік өнімдерін (TripAdvisor, Booking және т.б.), сондай-ақ сауда дипломатиясы механизмдерін дамыту бағдарламасы әзірленетін болады.



Өзін-өзі басқару институтын енгізу

Туризм индустриясының жеткілікті санының бар болуына қарамастан, бүгінгі нарықта «бағдарлар» болмаған. Мысалы, жаңа бағыттар мен қызметтерді ескере отырып, кәсіби стандарттар түрінде. Шығыстағы туризм саласында туроператорлар мен туроператорлар - жалға берушілердің туроператорларының өз міндеттерін орындауына бақылау қазір нарыққа ішінара беріледі. Мысалы, мұндай функцияларды «Туристік камера» Корпоративтік қоры жүзеге асырады. Алайда, туристік компаниялар туроператордың лицензиясынсыз турларды қалыптастыратын жағдайлар жиі кездеседі.

Осы бағыттағы жұмысты дамыту үшін өзін-өзі реттеу институтын енгізу қарастырылады. Бұл институт нарық субъектілеріне тиімді инфрақұрылымды құру, сондай-ақ бәсекеге қабілетті туристік нарық құру арқылы саланы дербес дамытуға мүмкіндік береді.
4. Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар секторын дамыту

Жылжымайтын мүлікпен операциялар саласында келесі бағыттар бойынша жұмыстар жалғастырылады:



  • бірыңғай жылжымайтын мүлік кадастрын құру, жер және қала құрылыс кадастрының дерекқорын біріктіру;

  • жылжымайтын мүлік нарығында инвесторлар тарту.

Кадрлық ресурстарды дамыту мақсатында бірыңай оқыту бағдарламасы әзірленеді, сондай-ақ Қазақстан риэлторларының біріккен қауымдастығы (ҚРБҚ) базасында жылжымайтын мүлік саласындағы мамандарды, соның ішінде риэлторларды да орталықтандырылған оқыту ұйымдастырылады. Сондай-ақ, Қазақстан риэлторларының біріккен қауымдастығы (ҚРБҚ) базасында жылжымайтын мүлік саласында көрсетілетін қызметтер сапасын бағалаудың бірыңай жүйесін әзірлеу жөніндегі шаралар қабылданады.

«Еурокодтар» - ғимараттар мен құрылыстарды жобалау үшін еуропалық техникалық нормаларды қабылдау және енгізу жұмыстары жалғасады.

Еурокодтар қазақстандық құрылыс компаниялардың, мердігерлердің, жобалаушылар мен құрылыс өнімдерін өндірушілердің бәсекеге қабілеттіліктерін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, құрылыс саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында құрылыс саласына арналған BIM (Building Information Model) ғимараттарды сандық модельдеу технологиясын қолдану жөніндегі мамандандырылған зертханаларды құру мәселесі пысықталады.



5. Кәсіби көрсетілетін қызметтерді дамыту

Кәсіби қызметтер саласындағы нысаналы индикаторларға қол жеткізу үшін ұсынылатын кәсіби қызметтердің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экспорттық әлеуетті дамыту бойынша шаралар қабылданады. Бұл шаралар саудамен байланысты техникалық қызметтер және басқа да іскерлік қызметтер, басқару саласындағы кәсіби қызметтер мен кеңестік қызметтер, және де ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар саласындағы қызметтер сияқты салаларда жүзеге асырылады.

Нарық қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіби қызметтер саласында білікті кадрлар санын арттыру үшін жағдайлар жасалады. Осыған байланысты, ТжКБ білім беру бағдарламаларын кәсіби стандарттар негізінде жаңарту мүмкіндігі, сондай-ақ кәсіпорындармен бірге серіктесе дуальды білім беруді енгізу және Worldskills, Абилимпикс, Deafskills, Zhasskills кәсіби шеберлік дағдыларын дамыту жөніндегі халықаралық және ұлттық чемпионаттарын өткізу мүмкіндіктері қарастырылатын болады.

Кәсіби қызметтер саласында, оның ішінде аудиторлық және бухгалтерлік қызметтер саласында оқытудың өтемақысы және халықаралық сертификаттар алу жөнінде ұсыныстар қарастырылатын болады.

Бұнымен қатар, бағалау қызметі бойынша функцияларды мемлекеттен алып, бәсекелі ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымға беру мәселесі қарастырылады.

Сондай-ақ, аудит сапасын арттыру және аудиторларды мемлекеттік бақылаудың тиімді жүйесін құруда әлемдік стандарттарға сәйкес келу арқылы аудиторлық қызметті реттеуді нығайту жөніндегі шаралар қабылданады.

Кәсіби қызметтер саласында жұмыс істейтін қазақстандық мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында біліктілікті арттыру, сондай-ақ кәсіби қызметтер көрсетуде халықаралық стандарттарға сәйкес оқыту жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылады. 

Кәсіби қызметтерді стандарттау мақсатында халықаралық стандарттарды растау үшін техникалық аудит (өнімдер мен қызметтер сапасын тәуелсіз бақылау) жүргізілетін болады. Аудит тауарлар мен қызмет өндірушілердің тікелей сұрауы негізінде жеке компаниялармен өткізілетін болады.


6. Ақпарат және байланыс секторының көрсетілетін қызметтерін дамыту

«Ақпарат және байланыс» секторында келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізілетін болады:



  • барлық салаларда инфракоммуникациялық технологияларды және цифрлауды дамытуды күшейту жөніндегі заңнамалық реттеуді жетілдіру;

  • стандарттау, АКТ саласында нормаларды, қағидалар мен сипаттамаларды бекіту;

  • АКТ саласында білім беру жүйесін жаңғырту;

  • АКТ инфрақұрылымын дамыту.

Цифрлық инфрақұрылымды дамыту саласында

Технологиялық жаңаруға мен салаларды цифрландыруға жағдай жасау үшін цифрлық инфрақұрылымды дамыту жалғастырылады. Перспективалық ауылдық елді-мекендерде интернетке кең жолақты қол жетімділік қамтамасыз етіледі. Халықтың 95%-ы цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату желілері қолжетімді болады.

«Үкіметтің мобильділігі» және халыққа қызмет көрсету тиімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылданатын болады.

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымды құру саласында

Интернеттің қазақстандық сегментінде ақпараттық қауіпсіздікті бұзумен байланысты жайттарға әрекет ету мәселелерін үйлестіру жүзеге асырылатын болады. Бұдан басқа, зиян келтіретін кодты зерттеу жөніндегі зертхана, ақпараттық қауіпсіздік құралдарын зерттеу жөніндегі зертхана, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы сынақ зертханасы жабдықталатын болады.

Киберқауіпсіздікті бұзумен байланысты жайттардың мониторингін жүзеге асыру және оларға әрекет ету үшін мемлекеттік органдар аясында (мысалы, бейінді департаменттер), сонымен бірге мемлекеттік органдар мен жеке компаниялар арасындағы (мысалы, бейінді қауымдастық арқылы) серіктестіктер арқылы қажет құрылымдар құрылады немесе күшейтілетін болады. Қазақстан ақпаратты және т.б. жіберу және сақтау стандарттарын анықтау жөніндегі кибреқауіпсіздік мәселелерінде халықаралық процестер қатысушысы болады. Азаматтардың ақапарттық қауіпсіздік мәселелері бойынша хабардар болуы артады, мектептерде киберқауіпсіздік негіздерін оқыту енгізіледі.

Халықтың цифрлық сауатын арттыру саласында

Халықтың цифрлық сауатын арттыру мақсатында халықтың барлық санатын жыл сайынғы оқытуға бағытталған іс-шаралар қатары қарастырылады. Халық үшін, сондай-ақ кадрларды қайта дайындау үшін базалық және тәжірибелік цифрлық дағдыларды оқыту бағдарламалары әзірленеді. Тәжірибелік цифрлық дағдылар бойынша халық үшін, сондай-ақ кадрларды қайта дайындау үшін базалық цифрлық дағдыларды оқыту курстарын жүргізу жоспарланған.



Экономика салалары үшін АКТ саласындағы мамандарды дайындау аясында

Экономика салаларын АКТ аясында жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында АКТ аясында кәсіби стандарттар әзірленеді, сондай-ақ барлық мамандық студенттерінің цифрлық дағдыларын арттыру үшін ҚР жоғарғы оқу орындары базасында құзіреттілік орталықтары ашылады. Жоғары, техникалық және кәсіби оқыту саласында өндіріс талаптарына сәйкес АКТ саласында білім беру бағдарламалары өзектендірілетін болады. Туындап жатқан өндірістік қажеттілікті қанағаттандыру үшін АКТ мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы біртіндеп көбейтілетін болады (2020 жылға дейін барлық мамандықтардың жалпы санының 20% дейін).

Жоғары оқу орындары және/немесе кәсіпорындар базасында тәжірибелік және зертханалық жұмыстар жүргізу арқылы оқу процесіне өндірістік АКТ мамандарын тарту қамтамасыз етіледі, сонымен бірге кәсіпорындарда IT кафедрасын ашу мәселесі пысықталады.

Цифрлық бизнес пен экспортды дамыту саласында

АКТ саласында жергілікті қамтуды дамытудың жүйелі мониторингі мен талдауын жүргізу жөніндегі шаралар жүзеге асырылады. ИКТ саласында экспорттық қызметтерді алға жылжыту мақсатында АТ компанияларын алға жылжыту мәселелері бойынша көрмелер, форумдар және дөңгелек үстелдер ұйымдастыру, шешімдердің экспортқа бағытталған АКТ өнімдерін өндірушілерді алға жылжыту, АКТ стартаптары мен хакатондарын жүргізу, АКТ қызметтер үлесін талдау үшін АТ компанияларының тізілімін әзірлеу жөніндегі жұмыстар жүргізіледі.


7. Қаржы қызметтерін дамыту

Банк саласының ауқымы мен тиімділігін арттыру, қаржылық қызметке сұранысты кеңейту, қолма қол ақшасыз төлемнің өсуі, көлеңкелі экономика көлемін азайту мақсатында қаржылық қызметтер саласында жаңа технологиялар енгізу жөніндегі шаралар қарастырылады.



Банк қызметінің сапасын арттыру

Банк қызметі сапасын және қолжетімділігін арттыру мақсатында халық үшін банктердегі тәуекел менджментің арттыру, сондай-ақ онлайн-қызмет көрсету жөніндегі шаралар әзірленеді. Көрсетілетін банк қызметтерінің тиімділгін арттыруға әсер ететін бизнес-процесстерді тиімді құру мен оларды автоматтандыру мәселелеріне ерекше назар аударылатын болады.

Экономикалық қызметтің ашықтығын арттыру үшін тиісті технологиялық инфрақұрылымды дамыту және осы төлемдердің экономикалық тиімділігі үшін жағдай жасау арқылы қолма қол ақшасыз бөлшек төлемдерінің үлесін арттыру жөніндегі шаралар қабылданатын болады.

«Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ-ның мемлекеттік органдардың деректер базасына және ақпараттық жүйелеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ кредиттік бюро мен банк институттардың өзара әрекеттесуін арттыру есебінен қарыз алушының ашықтылығын арттыру жөніндегі жұмыстар жалғастырылады.

Корпоративтік сектор және халық үшін орташа банктер топтарын дамыту арқылы банк қызметтерінің негізгі түрлері бойынша елдің банк секторында бәсекелестіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданады.

Сондай-ақ банк нарығының бөлшек және корпоративтік сегменттерінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды, жаңа банктік өнімдерді, қазіргі заманғы сату стратегияларын енгізу арқылы көрсетілетін банк қызметтерінің тізімін кеңейту жөніндегі шаралар жүзеге асырылады.



Сақтандыру қызметтерінің нарығын дамыту

Сақтандыру ұйымдарын ірілендіру жөнінде шаралар қабылданады, олар отандық сақтандыру нарығын капиталдандыруды ұлғайту мен шетелдерден қайта сақтандыру сыйақысының құйылуына мүмкіндік жасайды.

Сақтандыру қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында, сақтандыру қызметтерін қашықтан қызмет көрсету тұтынушылардың жүйесін дамыту, жаңа технологияларға негізделген бизнес модельдерін ауыстыру қажет. Онлайн сақтандыру (Интернет арқылы сақтандыру сату) енгізу, сақтандыру қызметтерін тікелей сату кеңейтуге үлес географиялық қолжетімділігін жақсарту және (байланысты Сақтандыру агентін төлеу қажеттігі болмаған, оның ішінде операциялық шығындардың төмендеуіне, дейін) жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру қызметтердің құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

Міндетті сақтандырудың теңгерімді және тиімді жүйесін құру, сақтандырудың міндетті түрлерін оңтайландыру, тәуекелдерді спецификациялау, дамыған елдердің стандартты өнімдерін енгізу. Енгізілген сақтандыру институтын енгізу жекелеген заңнамалық актілерді қабылдауды талап ететін сақтандырудың міндетті түрлерінің санын оңтайландыруға және бірте-бірте азайтуға мүмкіндік береді және сақтандырудың белгілі бір міндетті сыныптарын жалған сақтандыру деңгейіне көшіруге мүмкіндік береді. Бұл сақтандырудың мүдделерін қанағаттандыратын, нарықтық тарифтерді қалыптастыру, шарт бойынша тәуекелдер тізімін нақты анықтау және олардың тиісті андеррайтингін қанағаттандыратын икемді және әртүрлі сақтандыру өнімдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Заңнамалық жағдайлар және мүлікті ерікті сақтандыру қарқынды дамуы үшін халықтың талап жаңа сақтандыру компаниялары сақтандыру өнімдерін қалыптастыру және ілгерілету жөніндегі қабылданған шаралар құрылатын болады. Бұл шаралар технологиялар мен онлайн сақтандыру үшін жағдай стандарттау дамуын қамтиды, сақтандыру төлемдерінің кеңейту, салық жеңілдіктері және т.б. кейбір шаралар жүйесін кепілдік. Ең танымал және тиісті бөлшек өнімдер айтуынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында сақтандыру шартының шарттарын стандарттау, тарифтерді есептеу, мүлікті бағалау талап , жоғалту есеп айырысу рәсімдері мен сақтандыру төлемдерінің жүзеге асыру.

Ерікті өмірді сақтандыру өнімдерін, зейнетақыны сақтандыруды және өмірді сақтандыруды сақтандыру компанияларының инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейту (сақтандырушыларға инвестициялық басқаруды өмірді сақтандыруға («бірлікпен байланысты») біріктіруге және сақтандырушының пайдасына қатысуға мүмкіндік беретін сақтандыру өнімдерін) кеңейту тұрғысынан жинақтаушы сақтандыруды дамыту бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Отандық сақтандыру нарығында елеулі сақтандыру тәуекелдерін сақтап қалу мәселесін шешу үшін бірлескен сақтандыру тетіктерін дамытуды ынталандыру бойынша шаралар қабылдау арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) пулдарының ұлттық жүйесін дамыту ұсынылады. Қазақстан Республикасының резидент емес қайта сақтандырушыларының тізілімін құру және жүргізу қайта сақтандыру операциялары сапасы мен айқындылығын арттырады.

Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі жұмыстарды жалғастырады. Халықтың көп топтарының арасында қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша жүйелік шаралар іске асырылатын болады.

Оның ішінде, бұқаралық ақпарат құралдарын қолдана отырып, халықты қаржы ұйымдары, олардың өнімдері, қызметтері туралы хабардар ету және оқыту, сонымен қатар мобильді құрылғыларға арналған оқыту қосымшаларын әзірлеу қамтамасыз етілген (телевизия, Интернет, баспасөз, арнайы әдебиет басылымдары), қаржы нарығындағы жеке жинақ ақшаны инвестициялау үшін халықты үйрету қамтамасыз етілген. Сонымен бірге, инвесторларға бағалы қағаздар нарығында болып жатқан үдерістер жөнінде, және ондағы жұмыс істейтін субъектілердің (бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының, эмитенттердің) қызметі жөнінде хабарлау жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ халықтың нысаналы топтары үшін қаржылық сауаттылықты арттыру бағдарламасы әзірленеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мамандандырылған оқыту веб-ресурсын (www.fingramota.kz) қаржы тақырыбындағы өзекті ақпаратпен сапалы толықтыру жұмыстары жалғасуда. Қаржы қызметтерін тұтынушыларды ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету мақсатында тұрақты жұмыс істейтін Call-орталықтар мен қаржы қызметтерін тұтынушылар өз құқықтарын қорғау және білікті кеңес алу үшін жүгінетін қоғамдық қабылдау бөлмелерін ашу мәселесі пысықталатын болады.

Қор нарығы қызметтерін дамыту

Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын бұдан әрі дамыту мен ұсынылатын қызметтер сапасын арттыру мақсатында кезең-кезеңмен инвестициялық банкинг институты құрылады. Инвестициялық банкингтің тұжырымдамасын іске асыру жобалық қаржыландырудың тәуекелді құралдарын пайдаланумен байланысты, коммерциялық банктердің тәуекелдерін төмендетуге жағдай жасайды. Бұл қаржы қызметтерін енгізудің неғұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, сондай-ақ халықтың жинақ ақшасын ұлғайтудың баламалы құралын ұсынады.

Бағалы қағаздар нарығындағы есеңгіретулердің жүйелі тиімді жұтылуын қалыптастыру жөнінде шаралар мен тәуекелдерді азайту және болдырмау жөнінде шаралар қабылданады. Сондай-ақ бағалы қағаздар нарығындағы инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, оның ішінде бағалы қағаздар нарығындағы жауапсыз мінез-құлыққа қарсы әрекет жасау қамтамасыз етілген.

АХҚО негізінде қор биржасын дамыту жұмыстары жалғасады. Оның сауда жүйесін, клирингін және есептесулерді жаңғырту мен жетілдіру мүмкіндіктері қарастырылады. Бұл шетелдік инвесторларға қаржы құралдарымен жасалатын саудаға қатысуға, сондай-ақ қазақстандық, сонымен бірге өңірлік жаңа эмитенттерді олардың акцияларын бастапқы орналастыру үшін АХҚО қор биржасына тұрақты тартуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ компаниялар үшін, оның ішінде исламдық қаржыландыруға маманданған эмитенттерді қолдау бағдарламасын енгізу арқылы бағалы қағаздар нарығында қаржыландыруды тартуға жағдай жасалады.

Қаржы қызметтерінің экспортын дамыту

Қазақстан Республикасындағы тауарлар экспорты рәсімдерін жақсарту аясында кедендік ресімдеу үшін электрондық декларацияны енгізу үдерісін жеделдету шаралары қабылданады, бұл жақсарту үшін едәуір көп қаражат пен уақыт жұмсау керек болатын бастапқы логистикалық талаптар кезінде кедендік ресімдеудің уақытша және қаржылық шығындарын қысқартуға септігін тигізеді.

Кедендік операцияларды оңайлату және жылдамдату мақсатында «АСТАНА-1» іске асырылушы пилоттық жобасының негізінде «бір терезе» қағидатын сақтай отырып, тауарларды электрондық декларациялауды енгізу жөнінде жұмыстар жалғасуда.

Осы жобаның аясында, экспорттаушылар үшін жүктерді кедендік тазалау рәсімдерін жеңілдетудің «бір терезе» қағидасын сақтау мақсатында кеден органының ақпараттық жүйелері мен экспорттаушылар үшін «бір терезені» біріктіру жұмыстары жүргізіледі.

Қазақстан Республикасындағы қаржы қызметтерінің экспортын арттыру мақсатында жоғары білікті ойыншыларды тарту және ХҚО дамыту мақсатында жаңа қаржы өнімдерін енгізу шаралары қабылданады.
8. Білім беру секторындағы көрсетілетін қызметтерін дамыту

Білім беру саласындағы нысаналы индикаторларға қол жеткізу үшін мына бағыттар бойынша жүйелі шаралар іске асырылады:



  • білім беру сапасын арттыру;

  • білім беру бағдарламаларын жетілдіру («STEAM» қағидасы бойынша);

  • жаңа оқыту форматтарын енгізу;

  • ТжКБ жүйесіндегі кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру («WordSkills»);

  • білім беру қызметтерінің экспортын арттыру;

  • ғылым, білім және бизнесті интеграциялау;

  • адам капиталын дамыту.

Еңбек нарығындағы технологиялық дағдылар мен сұраныстарды ескеріп, білім беру сапасын арттыру

Білім беру бағдарламалары мамандандырылған салалық дағдылары бар кадрлар даярлауға бағытталады. Осыған байланысты, білім беру бағдарламаларын барлық деңгейде тұрақты жаңарту шаралары қабылданады. Сондай-ақ бастамашылдық, академиялық еркіндік және оқу мекемелерінің білім бағдарламалары сапасы мен оларды іске асыруға жауаптылығы деңгейін арттыру, сондай-ақ оқу бітірушілердің білімдері мен дағдыларының еңбек нарығы талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етілген. Бірыңғай ұлттық біліктілік жүйесі құрылатын болады (ҰБЖ).



Барлық деңгейдегі білім беру бағдарламаларының мазмұнын жүйелік қайта құру мен оңтайландыру

Мектепке дейінгі білім беруде балаларды ерте жастан дамыту бағдарламалары әзірленеді және енгізіледі, сондай-ақ балаларды дамытудың халықаралық бағалау құралдары қолданылады. Орта білімде функционалдық сауаттылықты, сыни ойлауды, бағдарламалауды, роботтық техниканы және бастапқы технологиялық даярлықты қалыптастыру бойынша жаңартылған мазмұн енгізіледі. Оқыту STEAM (Science, Technology, Engineering, Art, Mathematics – ғылым, технология, инженерлік іс, өнер, математика) қағидасы бойынша ұйымдастырылады, бұл үшін, сондай-ақ, қосымша білім беру бағдарламлары, сыныптан тыс іс-шаралар, ғылыми үйірмелер мен сыныптан тыс сабақтар ұйымдастырылады. Жұмысшы мамандықтары бойынша кәсіби шеберліктер мен дағдылар алу мақсатында орта және техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары біріктіріледі.



Интерактивті және дистанциялық оқытудың жоғары технологиялық әдістерін кеңінен енгізу.

«Бүкіл өмір бойы оқу» тұжырымдамасын ілгерілету үшін және алыс жердегі, ауылдық аймақтардағы оқушылар үшін оқыту жағдайларын теңестіру мақсатында, білім берудің барлық деңгейінде ақпараттық-білім жүйелері әзірленеді. Соның ішінде, оқу мекемелерінде пайдалану үшін интерактивті және инновациялық технологиялар қолданылатын электрондық білім беру материалдары мен электрондық кітапханалар құрылады. Арнайы материалдар шағын жинақты мектептің оқушылары үшін әзірленеді. Интернет-платформада «ашық университеттер» құру, электрондық оқыту курстарының контентін әзірлеу, ЖОО, ТжКБ ұйымдары және мектептер арасындағы оқыту бағдарламаларын біріктіру есебінен қашықтықтан оқытудың қол жетімділігі ұлғаяды. Бұл азаматтардың біліктілігі мен олардың цифрлық сауаттылығын әрдайым жоғарылату үшін қажет жағдайлар жасайды.



Жоғары оқу орындарының бастамасын, жауаптылығын және академиялық еркіндігін арттыру

Менеджмент сапасын арттыру мақсатында жоғары оқу орындары орталықсыздандыру саясаты мен оқу орындарының академиялық, басқарушылық дербестігін арттыру жалғастырылады. ЖОО-н басқаруға белсенді қатысатын, академиялық, операциялық және қаржылық қызметін бақылауды жүзеге асыратын, сондай-ақ ЖОО басшылығы қызметінің тиімділігіне баға беретін бақылау кеңестерінің қызметтерін жандандыру жалғасады.

Білім беру процессі мен зерттеулердің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін профессорлық-оқытушылық құрамды аккредиттеу және ұлттық біліктілік жүйелері енгізіледі, олардың нәтижелері ЖОО академиялық және операциялық еркіндігі деңгейін анықтаудың негізі болады.

Білім беру мекемелерінің бизнес қоғамдастықпен серіктестігі

Білім беру процестерінде, білім гранттарын ортақ қаржыландыру, тағылымдамадан өтуді, тәлімгерлікті ұйымдастыруды, тренингтер мен практикалық оқыту шараларын өткізуге алаңдар ұсынуды, білім беру мекемелері негізінде қызметкерлердің біліктілігін тұрақты жоғарылату курстарын ұйымдастыру түрінде тұрақты серіктестік пен қатысуды жүзеге асыратын компанияларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Серіктестіктің мұндай түрі жеке бизнеске еңбек нарығын ескере отырып, оқу бағдарламаларын әзірлеуге және оқытудың қолайлы үлгісін жасауға көмектеседі. Білім беру процессі «мәселе – жоба – шешім» қағидатына негізделген, бұл өз кезегінде оқу бітірушілерді нақты жағдайлардағы жұмысқа дайындайды.

Бұдан басқа, өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық арасында өнімді жұмыспен қамту деңгейін арттыру, сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша жаппай кәсіпкерлікке үйрету және еліктіру шаралары қабылданады. Оқыту процессінде жобаға қатысушылар кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздеріне үйренеді.

Педагогикалық кадрлардың беделі мен уәждемесін арттыру

Педагогтарға біліктілік деңгейі мен жұмыс сапасына байланысты сараланған еңбек ақы енгізіледі. Жұмыс сапасын бағалау оқушылардың нәтижелері, оқушылардан, ата-аналардан, жұмыс берушілерден және әріптестерінен және т.б. сұрау негізінде жүргізіледі.

Педагогтарға біліктілікті арттыру, зерттеу қызметтеріне қатысу мүмкіндіктерін беру мақсатында, педагогикалық қызметкерлерге нормативтік оқу жүктемесі азайтылады. Сондай-ақ, tenure-позицияларында профессорлық-оқытушылық құрамның мансаптық ілгерілеуін дамыту жүйесі - ғылыми-зерттеу қызметтерінің жұмыс уақытының белгілі пайызын арнау шартымен мерзімсіз келісімшарттар жасау енгізіледі. Бұл шара сабақ беру сапасын, педагогтардың кәсіби даярлығы мен оларды қайта даярлау деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік жасайды.

Оқытушылардың біліктілігін арттыру

Сабақ беруде озық тәжірибелерді енгізу алдыңғы қатарлы оқу орындарының негізінде (Назарбаев Университеті, КИМЭП, КБТУ, Назарбаев Интеллектуалды мектептері және басқалары) оқыту және өңірлердегі оқу орындарында семинарлар, дәрістер және басқа құралдар арқылы қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ оқытушылық құрам үшін халықаралық алмасу бағдарламалары ұйымдастырылады.

Педагогтардың педагогикалық шеберлігін арттыру және озық оқу орындарының тәжірибелерін беру үшін білім беру онлайн-платформалары қүрылады. Бұл шара өңірлердегі педагогтардың кәсіби дамуы үшін қажетті білім материалдарын алуына жағдай жасайды.

ТжКБ жүйелерінің педагогикалық кадрларын және басшыларын қайта даярлау саласында инженерлік-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттырудың жаңа үлгісі енгізіледі, ол іс жүзінде бағдар алуды және кәсіби-тұлғалық әлеуетті дамытуды көздейді. Өндіріс мамандары «WordSkills» стандарты бойынша педагогикалық шеберлікке үйренеді.



Бар оқу орындары негізінде кадрларды қайта оқыту

Мамандарды қайта даярлау мақсатында жоғары оқу орындары мен ТжКБ ұйымдары қызметкерлерді қайта оқытып шығару мен біліктілігін арттыру жөнінде курстар ашады. Бұл курстар жұмыс пен оқуды біріктіру үшін қолайлы, әртүрлі форматтарда - өндірістен қол үзу және қол үзбейтін, кешкі оқыту нысанында ұсынылады.



Білікті мұғалімдерді ауыл мектептеріне тарту

Ауыл мектептерінде білім беру сапасын арттыру үшін бағдарлама іске асырылады және білікті мұғалімдерді тартуға жағдайлар жасалады. Бұл бағдарлама «Teach For All» халықаралық бағдарламасының үлгісінде іске асырылуы мүмкін.

Бағдарламаның тартымдылығын арттыру үшін білікті мұғалімдер жол және тұрғын-үй субсидияларымен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ оқытушының стандарттық еңбек ақысына қосымша төлем алатын болады. Мұндай бағдарлама әлеуметтік корпоративтік жауапкершілік аясында жеке бизнестің қолдауымен жүзеге асырылады.


жүктеу 4,29 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау