D-o-3 санаты санаты үшін



жүктеу 61,5 Kb.
Дата11.01.2020
өлшемі61,5 Kb.
#26187
түріКонкурс

Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мемлекеттік қызметшілер арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар

D-O-3 санаты санаты үшін: жоғары білім; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

D-O-4 санаты санаты үшін: жоғары білім; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;



Санаты

Еңбексiңiргенжылдарына байланысты




min

max

D-O-3

109 932

148 242

D-O-4

83 282

112 430

Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, 050010, Алматы қаласы, Қонаев көшесі 122, анықтама телефоны: 261-67-33, e-mail: www.uzsp.almatykala.kz, Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік қызметкерлері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды:

  1. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы, D-О-3 санаты, 1 бірлік.

Қызметтік міндеттері: Басқарма үшін тауар, жұмыс және қызметтерге мемлекеттік сатып алуға жоспарды құрып, бекітілуіне бақылау жасайды, Басқарманың мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер енгізеді. Басқармаға қарасты мекемелер мен ұйымдардың тауар, жұмыс және қызметтерге мемлекеттік сатып алу жоспарының құрылып, бекітілгендігіне бақылау жүргізеді. Басқарма үшін және Басқармаға қарасты мекемелер мен ұйымдардың тауар, жұмыс және қызметтерге мемлекеттік сатып алуларды өткізуді ұйымдастырып, бақылайды. Басқарма үшін және Басқармаға қарасты мекемелер мен ұйымдардың тауар, жұмыс және қызметтерге мемлекеттік сатып алуды өткізу үшін конкурстық құжаттардың дайындалуын қамтамасыз етеді. Уәкілетті органдарға есептердің құрылып, берілуіне бақылау жүргізеді. Тауар, жұмыс және қызметтерді берушілермен келісім шарттарға уақытылы отырып, қосымша келісім-шарттарды жасауға бақылау жүргізеді. Жасалған шарттарды қаржы мекеме органдарына тіркеуге енгізу үшін, Бюджетті жоспарлау және орындау, бухгалтерлік есеп бөліміне берілуіне бақылау жүргізеді. Мемлекеттік сатып алу реестрларын жүргізеді (Жосықсыз өнімберушілердің реестрларын жүргізеді, келісім-шарттарды орындайды). Бөлім құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша, сот және басқа да органдарда Басқарманың мүдделерін белгіленген тәртіпте қорғайды. Жеке және заңды тұлғалардың ауызша және жазбаша өтініштерін қарастыру. Басқарма басшылығы жүктеген басқа да өкілеттіктерді орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика және бизнес, немесе құқық саласындағы жоғары білім. Осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін білімдер. Келесі құзыреттердің болуы тиіс: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стартегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

  1. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мүгедектермен жұмыс бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, 1 бірлік.

Қызметтік міндеттері: Алматы қаласының 2016-2020 жылдарға даму бағдарламасының мүгедектерді оңалтуды жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Мүгедектердің протезді - ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші құралдармен, слухопротезбен, жетек арбамен, инватакси қызметімен, жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін, ымдау тіл мамандармен, санаторлы-курорттық емдеумен қамтамасыз етуді және аудан бөлімдерінде есепке тұруын бақылау; аудан бөлімдерінде мемлекеттік қызметтердің уақытылы және сапалы көрсетілуін бақылау; мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталықтарында және аудандық бөлімшелерде арнайы әлеуметтік қызметтердің уақытылы және сапалы көрсетілуін бақылау. Нормативтік құқықтық актілерді мониторинг жасауға қатысу. Алматы қаласы мүгедектерінің мәліметтер қорын жүргізу. Аудандық бөлімдерге тәжірибелік, әдістемелік көмек көрсету. Тұрғындар және заңды тұлғалар арасында кездесулер, семинарлар, ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған әлеуметтік қызмет көрсететін бөлімшелердің, мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталықтарында жұмыстарына ұйымдастыру-әдістемелік басшылық жасау. Бағыттайтын бөлімдерде мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін үйлестіру және бақылау жасау. Үкіметтік емес сектормен көрсетілетін арнайы әлеуметтік қызметтерге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың орындалуын бақылау. Мүгедектерге объектілердің және барлық тіршілік әрекеті аясындағы қызметтердің қол жетімді болуын қамтамасыз етуді паспорттандыру бойынша жұмыстарды үйлестіру. Жаңалық телехабарлардың сурдоаудармамен хабар жүргізуін қамтамасыз етілуін бақылау. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімшелерінің және Алмалы, Әуезов аудандарының мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталықтарының үйде әлеуметтік қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлерін мерзімінен бұрын аттестациядан өтуін ұйымдастыру үшін Басқармада тұрақты жұмыс істейтін аттестациялық комиссия құрылған. Бағыттайтын бөлімдерде мамандардың мемлекеттік қызметтерді көрсетуіне бақылау жасау. Бағыттайтын бөлімдерінде мемлекеттік стандарттарға сәйкес регламенттерді әзірлейді және бекітуге жібереді. Жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарау. Басқарма басшысы анықтайтын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.Алматы.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім немесе құқық, немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, немесе техникалық ғылымдар және технология, немесе қызмет (әлеуметтік жұмыс) саласындағы жоғары білім. Осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін білімдер. Келесі құзыреттердің болуы тиіс: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

  2. тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күннің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылуы тиіс.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында өтеді.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар және сарапшылар шақырылады.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі 7.04.2016 жылдан 13.04.2016 жылға дейін.
жүктеу 61,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау