5. Бағдарламаның негiзгi бағыттары, алға қойылған мақсаттарға жету жолдары және тиiстi шаралар
Бiлiм берудi дамыту мына бағыттарда iске асырылатын болады:
бiлiм берудi қаржыландыру;
педагог мәртебесi;
бiлiм беру менеджментi;
«e-learning» электрондық оқыту;
мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту;
орта бiлiм;
техникалық және кәсiптiк бiлiм;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм;
өмiр бойы оқу;
тәрбие жұмысы және жастар саясаты.
Бiлiм беру жүйесiн қаржыландыру
Мақсаты:
Бiлiм беру қызметiне тең қол жеткiзудi қамтамасыз етуге бағдарланған қаржыландыру жүйесiн жетiлдiру.
Мiндетi:
Бiлiм берудiң сапасы мен қолжетiмдiлiгiн арттыруға бағытталған бiлiм берудi қаржыландырудың жаңа тетiктерiн әзiрлеу.
Нысаналы индикатор:
2015 жылдан бастап ШЖМ-нан басқа, барлық бiлiм беру ұйымдарына жан басына шаққандағы қаржыландыру тетiгi енгiзiледi.
Жан басына қаржыландыру
Нәтижеге бағдарланған бюджеттеу орта бiлiмде мемлекеттiк шығыстарды басқару саласындағы реформалардың құрамдас бөлiгi болады.
2011 жылы жан басына қаржыландыру әдiстемесi әзiрленетiн болады. Ол бюджеттiк шығыстардың тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiк бередi және халықтың әртүрлi жiктерi үшiн сапалы бiлiмге қолжетiмдiлiктi арттыруға ықпал ететiн болады.
Жан басына қаржыландыру бiрiншi кезеңде бейiндiк мектептер үшiн жүзеге асырылады. 2013 жылы жалпы орта бiлiмнiң жан басына қаржыландыру жүйесi 4 бейiндiк мектептiң базасында сынақтан өткiзiледi. Бұл үшiн жан басына қаржыландыру жүйесi бойынша нормативтiк құқықтық құжаттар әзiрленедi.
Жан басына қаржыландыру, қаржылық дербестiк, қамқоршылық кеңестер және т.б. тетiктердi пысықтау үшiн жекеменшiк немесе жоғары оқу орындары жанындағы мектептердiң қатарынан пилоттық мектептер анықталады.
Негiзгi және бастауыш мектепте жан басына қаржыландыру бейiндiк мектепте алынған тәжiрибенiң негiзiнде енгiзiлетiн болады.
2015 жылға қарай мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту жан басына қаржыландыру негiзiнде мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылады.
ТжКБ жүйесiнде 2011 жыл мен 2013 жыл аралығында бiр маманды даярлауға жұмсалатын шығындардың нормаларын бекiтетiн жан басына қаржыландыруды енгiзу бойынша пилоттық жоба iске асырылатын болады.
2015 жылға қарай жан басына шаққандағы қаржыландыру ШЖМ-нан басқа, мектепке дейiнгi бiлiмнен ТжКБ-ге дейiнгi барлық бiлiм беру ұйымдарында iске асырылады.
Педагогтер үшiн бiлiктiлiктi арттыру жан басына шаққандағы қаржыландыру бойынша – ваучерлiк-модульдiк жүйе қарастырылады, оның шеңберiнде төлем ақысын тiкелей педагогтiң өзiне аудару жолымен педагогке бiлiктiлiктi арттыру курсын өтудiң орнын және уақытын таңдау мүмкiндiгi берiлетiн болады.
Мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесi (МБЖЖ)
Ақылы бiлiм беру қызметтерiне қолжетiмдiлiктi арттыру мақсатында мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесiнiң (бұдан әрi – МБЖЖ) тетiгiн әзiрлеу жоспарлануда, оның көмегiмен Қазақстанның әрбiр азаматының болашақта баласының жоғары оқу орындары мен колледждерде оқуын төлеу үшiн жоспарлы түрде ақшалай қаржы жинақтауына мүмкiндiк беру болжануда. МБЖЖ азаматтардың жинақтарына мемлекеттiк сыйлықақы аударуды болжайды.
МБЖЖ-ны енгiзу тиiстi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдағаннан кейiн көзделуде.
Одан басқа, бiлiм берудiң тиiмдi жүйесiн дамыту үшiн оған деген шығынды инвесторларды тарту жолымен ұлғайту қажет. Бiлiм саласына жеке инвестицияларды тарту елдегi мемлекеттiк – жеке әрiптестiктiң қолданыстағы тетiгi бойынша жүзеге асырылады.
Педагог мәртебесi
Мақсаты:
Педагог мамандығының беделiн көтеру.
Мiндеттерi:
1. Бiлiм беру жүйесiн жоғары бiлiктi кадрлармен қамтамасыз ету.
2. Педагог қызметкерлердiң еңбегiн мемлекеттiк қолдау мен ынталандыруды күшейту.
Нысаналы индикатор:
Жалпы педагогтердiң санынан жоғары және бiрiншi санаты бар бiлiктi жоғары педагог қызметкерлердiң үлесi (2015 жылы – 47 %, 2020 жылы – 52 %).
Бiлiм беру жүйесiн жоғары бiлiктi кадрлармен қамтамасыз ету
Бiлiм беру сапасы, бiрiншi кезекте, сапалы даярлығы бар оқытушылармен айқындалады.
2011 жылдан бастап:
«Болашақ» халықаралық стипендиясының шеңберiнде орта, техникалық және кәсiптiк, жоғары бiлiм беру салалары үшiн ағылшынтiлдi педагог кадрларды даярлау қамтамасыз етiледi;
елiмiздiң жоғары оқу орындарында көптiлдi бiлiмдi педагог кадрларды даярлау базалық пәндер циклiнде шет тiлi бойынша кредиттердiң көлемiн ұлғайту арқылы жүзеге асатын болады. Бұл үшiн Үлгiлiк оқу бағдарламасының үш тiлде оқытатын педагогтердi даярлау бөлiгiне өзгерiстер енгiзiледi;
педагогтердi даярлау бағдарламасы, оның iшiнде ШЖМ-ға арналған, педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарында бейiндiк мектептер үшiн мұғалiмдердi мақсатты даярлауға арналған мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде бiлiм беру магистрлерiнiң бағдарламасы жетiлдiрiледi;
жаңа бiлiм беру бағдарламаларына сәйкес бiлiктiлiктi арттыру бағдарламасы жаңартылады және бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру қамтамасыз етiледi.
2020 жылға дейiн бiлiктiлiктi арттырудан жыл сайын 73,3 мың адам өтедi деп жоспарлануда.
Ваучерлiк-модульдiк жүйе енгiзiлетiн болады.
Ваучерлiк-модульдiк қаржыландыру жүйесiн енгiзумен педагогтердiң бiлiктiлiгiн арттыру жүйесi жаңғыртылады. 2013 жылы бұл жүйе 2 облыс базасында (Павлодар және Жамбыл) және Астана, Алматы қалаларында сынақтан өтетiн болады. Бiлiктiлiктi арттыру жүйесiнiң нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру, материалдық-техникалық базасын және бағдарламасын жаңарту, ұйымдастыру моделiн реформалау, ресурстық әлеуеттi кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру мен қайта даярлауды iске асыратын субъектiлер арасында конкурстық негiзде бөлу көзделуде.
Педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау жүйесiне 2015 жылдарға қарай сынақ нәтижелерi бойынша ваучерлiк тетiктi енгiзу болжануда.
Қайта даярлау мен бiлiктiлiктi арттыруды жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдарын қашықтықтан оқытумен қамтамасыз ету мақсатында олар интерактивтi жабдықтармен жарақтандырылады.
Жыл сайын мектепке дейiнгi және орта бiлiм жүйесiнiң педагог кадрларының бiлiктiлiгiн арттыруға мемлекеттiк тапсырыс арттырылады. Оның iшiнде мына мамандар үшiн:
мектеп жасына дейiнгi және мектеп жасындағы балаларды бiрiктiрiлген түрде оқыту (инклюзивтi бiлiм);
даму мүмкiндiгi шектеулi балалармен жұмыс;
жалпы бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру.
ТжКБ жүйесiнде:
жыл сайын педагог қызметкерлер бiлiм беру ұйымдары мен кәсiпорындар базасында бiлiктiлiгiн арттырып отырады;
арнайы пәндердiң оқытушылары мен өндiрiстiк оқыту шеберлерi бiлiктiлiгiн арттырады және әлеуметтiк әрiптестер есебiнен кәсiпорындарда, оның iшiнде шетелде тағылымдамадан өтедi.
Үдемелi индустриялық-инновациялық дамудың басым бағыттары бойынша алдыңғы қатарлы отандық және шетелдiк өнеркәсiп кәсiпорындармен жоғары оқу орындарын көпжақты бiрiктiру мақсатында жыл сайын шетелде профессор-оқытушы құрамның (бұдан әрi – ПОҚ) бiлiктiлiгiн арттыру ұйымдастырылады.
Педагог қызметкерлердiң еңбегiн мемлекеттiк қолдау мен ынталандыруды күшейту
Педагогтiң кәсiби мәртебесiн көтеру үшiн бiрқатар шаралар атқарылады.
Педагог қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң жаңа үлгiсi әзiрленедi, ол:
бiлiктiлiк санатына қарап, педагог қызметкерлердiң қызметтiк жалақысының көлемiн есептеу үшiн қолданылатын сараланған коэффициенттердi енгiзудi;
нәтижеге бағытталған еңбекақы төлеу тетiгiн енгiзудi көздейдi.
Атқарылған шаралар нәтижесiнде педагог қызметкерлердiң орташа жалақысы 2015 жылға қарай экономиканың жеке секторындағы жалақыға жуықтайды.
ҚР ЕХӘҚМ жүргiзетiн ұзақ мерзiмдi кезеңдегi зейнетақы төлемiнiң болжауы бойынша есептеулер, талдамалық және экономикалық зерттеулер шеңберiнде азаматтарды, оның iшiнде педагогтердi зейнетақымен қамтамасыз ету жетiлдiрiледi.
Сонымен қатар педагогтерге қойылатын талаптарды күшейту шаралары қарастырылуда.
Педагог мамандықтар бойынша жоғары оқу орнына түсу кезiнде педагог қызметiне икемдiлiк деңгейiн анықтауға арналған шығармашылық емтихан енгiзiлетiн болады.
Педагог мамандықтарына түсетiн талапкерлер үшiн шектi деңгей көтерiлетiн болады.
Бiрiншi және жоғары санаттарды алуды ынталандыратын жағдай жасау мақсатында педагогтердiң бiлiктiлiк деңгейiне қойылатын талаптар қайта қарастырылатын болады.
2016 жылдан бастап 5 жылда бiр рет аттестаттау түрiнде, оның iшiнде жұмысқа алғаш рет немесе педагог қызметiнiң үзiлiсiнен кейiн қабылданып жатқан педагогтер бiлiктiлiгiнiң деңгейiн растау рәсiмi енгiзiлетiн болады. Бiлiм беру ұйымдарына жұмысқа кiру қағидалары әзiрленедi, ол азаматтардың аталған санаттары үшiн тестiлеуден өтудi көздейдi.
Бейiндiк мектеп үшiн мұғалiмдердi iрiктеу кезiнде бiлiм беру саласындағы магистр дәрежесiнiң болуы көтермеленедi.
Өздiгiнен бiлiм алу және өзiн-өзi жетiлдiру педагог портфолиосында көрiнетiн қызметiнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын болады.
Педагог кадрларды даярлау сапасын бақылау және ынталандыру үшiн бiлiктiлiк деңгейiн бағалау тәуелсiз коммерциялық емес үкiметтiк емес агенттiктерде өтетiн болады.
Педагогтердi аттестаттау мұғалiм бiлiмiн тестiлеу, оқу-әдiстемелiк қызметi туралы есеп беруiнен тұратын, мүдделi адамдар (оқушылардың ата-аналары) мен жұртшылықтың пiкiртерiмi рәсiмдерiнен тұратын жинақтық бағалау негiзiнде жүргiзiледi.
Математика мұғалiмдерi TEDS-M халықаралық салыстырмалы зерттеулерге (Teacher Education and Development Study in Mathematics) – орта мектептiң бастауыш және орта буынының математика мұғалiмдерiнiң кәсiптiк бiлiм сапасын бағалауға қатысатын болады.
Мұғалiмнiң кәсiби беделiн көтеру мақсатында қоғамда педагогтiң оң имиджiн қалыптастыру жұмысы жүргiзiлетiн болады: «Жыл мұғалiмi» конкурсы, акциялар, БАҚ-пен ортақ жобалар, шеберлiк сыныптары, жаңашыл педагогтер форумдары, конкурстар, педагогтер әулеттерiнiң слеттерi, ғылыми-педагогикалық семинарлар мен симпозиумдар, семинар-тренингтер және дөңгелек үстелдер.
Бiлiм беру менеджментi
Мақсаты:
Бiлiм берудi басқарудың мемлекеттiк-қоғамдық жүйесiн қалыптастыру.
Мiндеттерi:
1. Бiлiм берудегi менеджменттi жетiлдiру, оның iшiнде корпоративтiк басқару принциптерiн енгiзу, бiлiм беруде мемлекеттiк-жеке әрiптестiк жүйесiн қалыптастыру.
2. Бiлiм берудi дамытудың мониторинг жүйесiн жетiлдiру, оның iшiнде халықаралық талаптарды ескере отырып, ұлттық бiлiм статистикасын құру.
Нысаналы индикаторлар:
Бiлiм беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестер құрылған (2015 жылы – 45 %, 2020 жылы – 60 %).
Бiлiм беру ұйымдарының басшылары менеджмент саласында бiлiктiлiгiн арттырған және қайта даярлықтан өткен (2015 жылы – 50 %, 2020 жылы – 100 %).
Бiлiм берудi басқару жүйесi
Еңбек нарығындағы қатаң бәсекелестiк бiлiм беру менеджментi жүйесiнiң ұтқырлығы мен серпiндiлiгiн талап етедi.
Бiлiм берудi басқаруға қалың жұртшылық – педагогтер де, халықтың әртүрлi топтары да тартылады.
МЖӘ-нi iлгерiлету үшiн әлеуметтiк тапсырыс жүйесi мен грант немесе басқа тетiктер түрiнде коммерциялық емес үкiметтiк емес ұйымдардың қызметiн мемлекеттiк қаржыландыру тетiктерi жетiлдiрiлетiн болады. МЖӘ-нiң ұзақ мерзiмдi тетiгiнiң негiзi ретiнде үкiметтiк емес секторды жүйелi қаржыландыру қарастырылатын болады.
Бiлiм берудi басқарудың түрлi деңгейiне қоғамның қатысуы қамқоршылық кеңестер түрiнде жүзеге асырылады.
Бiлiм берудi дамытуда қамқоршылық кеңестердiң пәрмендi қоғамдық қатысу тетiгi әзiрленетiн болады.
Оқуға төлейтiн ата-аналардың, жұмыс берушiлердiң, бiлiм беру және кәсiптiк қауымдастықтар саласындағы үкiметтiк емес ұйымдардың қатысуының есебiнен қамқоршылық кеңестiң рөлi өседi.
Бiлiм жүйесiнiң корпоративтiлiгiн, айқындылығын қамтамасыз ету үшiн оқу орындарында қамқоршылық кеңестер, жұмыс берушiлердiң қатысуымен кадрларды даярлайтын салалық және өңiрлiк кеңестер жұмыс iстейтiн болады.
Бiлiм беру мен денсаулық салаларындағы мемлекеттiк кәсiпорындар мәселелерi жөнiнде Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлгеннен кейiн шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорын мәртебесi бар ЖОО-ларда корпоративтiк басқару принциптерi енгiзiлетiн болады: басқарудағы алқалылық, қызмет көрсетудегi дербестiк, қызмет нәтижесi бойынша есеп берушiлiк, қызметтiң айқындығы, жауапкершiлiк. Корпоративтiк басқару принциптерi басқарушылық қызметтiң үш негiзгi аспектiсiн көздейдi: стратегияны қабылдау, бюджеттi бекiту, кадр саясаты.
Оң нәтиже болған жағдайда, корпоративтiк басқару принциптерi 2020 жылға қарай азаматтық ЖОО-лардың барлығына енгiзiлетiн болады.
2011 жылдан бастап бiлiм беру ұйымдарында басшылардан және педагогтерден басқарудың жаңа дағдыларын, қайта даярлау мен бiлiктiлiктi арттыруды талап ететiн нәтижеге бағдарланған жоспарлау жүйесi енгiзiлетiн болады.
Тәрбие жұмысы саласында ЖОО-да тәрбие жұмысын жоспарлау, мониторингтеу, нәтижелердi бағалау және бақылау жүйелерiн жетiлдiру, сонымен қатар басқару жүйесiн күшейту бойынша шаралар қабылданатын болады.
Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту, орта бiлiм жүйесiнiң басшы қызметкерлерiнiң бiлiм берудегi менеджмент мәселелерi бойынша бiлiктiлiгiн арттыру жүзеге асырылатын болады.
Менеджменттiң заманауи технологияларын енгiзу үшiн оқу орындарының басшы қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау тұрақты түрде iске асырылатын болады.
Бiлiм берудегi менеджмент бойынша қайта даярлаудан өткен адамдар бiлiм беру ұйымдарының басшылары болып танылады.
2013 жылы мемлекеттiк ЖОО ректорларын тағайындау тетiгi, олардың сайлануы бөлiгiнде қайта қаралатын болады.
Корпоративтiк басқаруды енгiзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Бiлiм беру ұйымдарының қызметiн «ашықтығын» қамтамасыз ету мен ЖОО-ларда жемқорлық пайызын төмендету үшiн әлеуметтiк зерттеулер мен акциялар жүргiзiлетiн болады.
Бiлiм берудi дамытудың мониторинг жүйесi
Бiлiм берудегi сапа менеджментi жүйесiндегi принциптердiң бiрi мониторинг нәтижелерiн ескере отырып, бiлiм беру процесiн тұрақты жетiлдiру принципi болып табылады.
Ұлттық және өңiрлiк деңгейдегi бiлiм беру нәтижелерi мен әлеуметтiк әсерлердiң жүйелi мониторингiн жүргiзу мақсатында басқарудың ақпараттық базасы және даму жолдарын болжамдау түрiнде бiлiм беру мониторингiнiң бiрыңғай жүйесi енгiзiледi. Осы мақсатқа жету үшiн Ұлттық бiлiм беру сапасын бағалау орталығы Ұлттық бiлiм беру статистикасы және бағалау (бұдан әрi – ҰБСБО) орталығы болып өзгертiледi.
Бұл үшiн:
барлық деңгейде бiлiм беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесiн (бұдан әрi – БСБҰЖ) енгiзу жалғастырылады;
ЮНЕСКО, ЭЫДҰ және АҚШ халықаралық бiлiм беру статистикасының талаптарын ескере отырып ұлттық бiлiм беру статистикасы әзiрленедi;
бастапқы мәлiметтер негiзiнде бiлiм беру статистикасының бiрыңғай базасы құрылады;
бiлiм берудi басқару жүйесiнiң инфрақұрылымы кеңейтiледi.
Мониторингтiк зерттеулер жүргiзетiн болады. Басқару шешiмдерiн қабылдау үшiн мониторинг нәтижелерi бойынша бiлiм беру жүйесiнiң жай-күйi мен дамуы туралы жыл сайынғы облыстық баяндамалар жарияланып отырады.
2013 жылдан бастап бiлiм беру статистикасының жинағы жыл сайын басылып шығатын болады. БМ-ның және ҰБСБО-ның сайттарында жинақтың электрондық нұсқасы орналастырылады. Оқытудың барлық деңгейi бойынша оқушылардың, педагогтердiң бiрыңғай базасы құрылатын болады.
2015 жылға қарай статистикалық деректердiң бытыраңқы электрондық базалары бiлiм беру статистикасының бiрыңғай базасына бiрiктiрiледi. Аталған база бастапқы деректер негiзiнде толықтырылып (мектеп, колледж, жоғары оқу орны, интернат, орталықтар, сапаны бағалау қызметтерi және т.б.), ҚР БМ-да жинақталады. Осылайша, 2015 жылға қарай әкiмшiлiк есептiлiктiң барлық нысандарын жинау жойылып, айқындылық қамтамасыз етiледi.
Әртүрлi бейiндi және даярлық деңгейiндегi мамандар қажеттiлiгiн бағалау мемлекеттiк реттеу тетiктерiн тұжырымдау және ел экономикасының, басқару мен әлеуметтiк саласының қажеттiлiгiне сәйкес мамандар даярлауды ынталандыру үшiн арналған еңбек нарығын мониторингтеу, талдау және болжау жүйесi негiзiнде жүзеге асырылатын болады.
«E-learning» электрондық оқыту
Мақсаты:
Бiлiм беру процесiнiң барлық қатысушыларының үздiк бiлiм беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткiзуiн қамтамасыз ету.
Мiндетi:
Оқу процесiн автоматтандыруды енгiзу үшiн жағдай жасау.
Нысаналы индикатор:
Бiлiм беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесi қолданылады (2015 жылы – 50 %, 2020 жылы – 90 %).
Электрондық оқытуды енгiзу
Алға қойған мақсатқа қол жеткiзу оқу сапасын, бiлiмдi басқарудың тиiмдiлiгiн, сыртқы ортамен ақпараттық кiрiгуiн арттырады.
Электрондық оқытуды енгiзу бiрқатар нормативтiк құжаттарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi талап етедi.
2012 жылға қарай жоғары, техникалық және кәсiптiк бiлiмнiң МЖБС-на, электрондық оқыту жүйесiн мiндеттi пайдалану бөлiгiнде орта бiлiм берудiң МЖБС-на электрондық оқыту жүйесiнде жұмыс жасау үшiн педагог кадрларды даярлау бөлiгiнде өзгерiстер енгiзiлетiн болады.
Электрондық оқыту жүйесiнде қолданылатын электрондық оқулықтарды және оқу-әдiстемелiк кешендердi (бұдан әрi – ОӘК) жасауға арналған талаптар, жүйенi қолданушылардың жеке және ұжымдық жұмыстарының регламентi, техникалық регламент (электрондық оқыту жүйесiн сүйемелдеу және қолдану) әзiрленедi және бекiтiледi.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрi – АКТ) – педагогтердiң құзыреттiлiктерiн қамтамасыз ету үшiн ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, электрондық оқыту жүйесiн пайдаланушыларды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру қажет.
2011 жылдан бастап педагогтердiң электрондық оқыту жүйесiн пайдалану мен қолдану бойынша бiлiктiлiгiн арттыру басталады деп көзделiп отыр.
Электрондық оқыту жүйесiн ұйымдастыру жағынан қамтамасыз етудi қалалар мен облыстардың бiлiм беру басқармалары жанындағы Бiлiм берудегi жаңа технологиялардың өңiрлiк орталықтары жүзеге асыратын болады.
Электрондық бiлiм беруге арналған электрондық ресурстармен және контентпен қамтамасыз ету – мемлекеттiк-жеке әрiптестiк негiзiнде жүзеге асырылады.
Технологиялық инфрақұрылымды дамыту бiлiм беру ұйымдарын өткiзу мүмкiндiгi 4–10 Мбит/сек. Интернет жүйесiне қосуды көздейдi.
Интернет желiлерiне бiлiм беру ұйымдарының 90 %-ынан астамы қосылатын болады. Бiрiншi кезекте – ресурстық орталықтардың пилоттық бағдарламасы бойынша жұмыс iстейтiн мектептер.
Кең жолақты Интернетке (бұдан әрi – КЖИ-ға) қосылу, электрондық бiлiм беру жүйесi үшiн жабдықтармен қамтамасыз ету және жеткiзушiлердiң қызмет көрсетулерiн таңдау мемлекеттiк сатып алу саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн болады.
Бiлiм беру ұйымдарының 90 %-ының қажеттi оқу ресурстары бар Интернет-ресурстары болады.
Негiзгi және бейiндiк орта мектепте оқытылатын әрбiр пән бойынша интерактивтi және зияткерлiк цифрлы бiлiм беру ресурстары әзiрленетiн болады.
Орта, техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарын цифрлы бiлiм беру контентiмен (қандай да бiр ақпараттық ресурспен – мәтiн, кескiндеу, музыка, бейне, дыбыс және т.б., толықтыру (мысалы: интернет ресурстар контентi) ашық қолжетiмдiлiкте толық қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Оқытушылар жасаған электрондық бiлiм беру ресурстары (медиатекаларды бiр орталықтан құру және ресурстармен толтыру) дамытылады.
Оқу процесiне автоматтандыруды енгiзу үшiн әрбiр бiлiм беру ұйымы қажеттi жабдықтармен жарақтандырылатын болады: компьютердiң жаңа түрлерiмен, КЖИ-мен қамтамасыз ету және т.б.
2011 жылы әкiмшi, директордың орынбасары, мұғалiм, оқушы, медициналық қызметкер, кiтапханашы үшiн функционалдар әзiрленетiн болады.
Оқушы автоматтандырылған жүйеде жеке портфолиосын, күнтiзбесiн, күнделiгiн жүргiзедi. Мұғалiм күнтiзбелiк-тақырыптық жоспары бар электрондық дәптердi, сынып журналын, хабарландыру қызметi (алда болатын жоспарлы және жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms-хабарламалар, есептiлiк және т.б. жiберу) толтыратын болады.
Оқытушылық жүктеменi, сабақ кестесiн, үлгерiм мониторингi мен оқушылардың сабаққа келуiн, педагогтiң қызметiн, есептiлiктi директордың орынбасары жүзеге асырады. Жүйе әкiмшiсi оқшау және ғаламдық есептеу желiсiн, телефон жүйесiн немесе дауыс поштасы жүйесiн қоса алғанда, көп қолданыстағы компьютерлiк жүйенiң жұмыс iстеп тұруына жауапты болады.
2015 жылға қарай жетекшi шетелдiк ЖОО-лардың үлгiсi қалпы бойынша университеттiк порталдар құрылады, 2020 жылға қарай ЖОО-ларда кең жолақты Интернетке қол жеткiзу 100 % қамтамасыз етiледi. ЖОО-лардың техникалық дайындығына қарай оларды Республикалық жоғары оқу орындары арасындағы электрондық кiтапханаға қосу жүзеге асырылатын болады.
Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту
Мақсаты:
Балаларды мектепке дейiнгi сапалы тәрбиемен және оқытумен толық қамтуды, оларды мектепке даярлау үшiн мектепке дейiнгi тәрбиелеудiң және оқытудың әртүрлi бағдарламаларына тең қол жеткiзудi қамтамасыз ету.
Мiндеттерi:
1. Мектепке дейiнгi ұйымдардың желiсiн ұлғайту.
2. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту.
3. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету.
Нысаналы индикатор:
3 жастан 6 жасқа дейiнгi балаларды мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету (2015 жылы – 73,5 %, 2020 жылы – 100 %).
Мектепке дейiнгi ұйымдардың желiсiн ұлғайту
2015 жылға қарай «Балапан» бағдарламасының шеңберiнде мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен 3 жастан 6 жасқа дейiнгi балалардың 70 % қамтамасыз ететiн мемлекеттiк және жекеменшiк балабақшалар желiсi дамитын болады.
Мектепке дейiнгi ұйымдардағы орындар саны «Балапан» бағдарламасының шеңберiнде көбейедi.
Балаларға ерте жастан түзеу-педагогикалық қолдау көрсету үшiн түзету және инклюзивтiк бiлiм кабинеттерi құрылатын болады. 2015 жылға дейiн барлық балабақшалардың жалпы санынан түзеу және инклюзивтi бiлiм кабинеттерiнiң желiсi 8 %-дан 30 %-ға дейiн ұлғаяды.
Мектепке дейiнгi арнайы түзеу ұйымдарының желiсiн сақтау және ұлғайту мақсатында Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Солтүстiк Қазақстан облыстарында арнайы балабақшалар ашылады. Мектепке дейiнгi арнайы түзеу ұйымдарының үлесi олардың жалпы санынан 2015 жылы – 2 %-ды, 2020 жылы – 2,5 %-ды құрайды. Ұйымдарға кедергiсiз қол жеткiзу үшiн жағдай жасау арқылы балабақшалардың үлесi олардың жалпы санынан 2011 жылы 1 %-дан 2020 жылы 10 %-ға дейiн ұлғаяды.
Мазмұнды жаңарту, кадрлармен қамтамасыз ету
2015 жылға қарай МЖБС-ның жетекшi бiлiм салаларына сәйкес 5 оқу бағдарламасын жаңарту жоспарлануда.
Әрбiр оқу бағдарламасы үшiн оқу-әдiстемелiк кешендер әзiрленедi (жыл сайын 5 бiрлiктен, барлығы 25).
2015 жылға дейiн жоғары оқу орындарында және ТжКБ ұйымдарында мектепке дейiнгi бiлiм беретiн 18 мыңнан астам педагог қызметкерлер даярланады.
Мектепке дейiнгi ұйымдардың педагогтерiн қайта даярлау жүзеге асырылады.
2020 жылға қарай:
өңiрлердiң ерекшелiктерiне қарай мектепке дейiнгi ұйымдардың түрлi модельдерiнiң жұмыс iстеуi қамтамасыз етiледi. Мысалы, оңтүстiк өңiрлерде – жекеменшiк коттедждердегi балабақшалар, жұмысқа отбасы мүшелерiн тарта отырып, тұрғын жайлар базасында 5–6 балаға арналған отбасылық балабақшалар. Солтүстiк өңiрлерде – оқушылық орынның профицитi есебiнен жалпы бiлiм беретiн мектептер базасында шағын орталықтар. Қалаларда тұрғын үй кешендерiнiң төменгi қабаттарында – шағын жинақталған балабақшалар мен шағын орталықтар. Барлық өңiрде – «Мектеп-бақша» кешендерi. Мемлекеттiк балабақшалардың баламасы iрi компаниялар, ұйымдар, кәсiпорындар жанындағы балабақшалар болады;
мектепке дейiнгi балалар ұйымдарындағы орындар саны 373 мыңнан 662 мыңға дейiн көбейтiледi;
балабақшалардағы топтардың толықтырылуы жас ерекшелiк нормаларына (бөбектер тобы – 17, орта – 22, ересектер – 27) сәйкес 27-ден (ел бойынша орташа) 22-ге дейiн азайтылды;
мектепке дейiнгi жастағы барлық бала санынан мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалардың саны 70 %-дан 100 %-ға дейiн көбейтiледi.
10 оқу бағдарламасы жаңартылады, 30 ОӘК әзiрленедi, оның iшiнде 2016 жылы – 8, 2017 жылы – 8, 2018 жылы – 8, 2019 жылы – 8, 2020 жылы – 8 бiрлiк.
Достарыңызбен бөлісу: |