қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
37. Уәкілетті орган берілген құжаттардың негізінде құжаттар қабылданған күннен бастап екі
жұмыс күні ішінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты ұзарту немесе ұзартудан бас
тарту туралы шешім қабылдайды.
Уәкілетті орган оң шешім қабылдаған жағдайда шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған
рұқсат он екі айға ұзартылады, бұл ретте рұқсаттың қолданылу мерзімі бұрын берілген рұқсаттың
қолданылу мерзімі аяқталған күні басталады.
Ескерту. 37-тармаққа ӛзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.03.2016
№ 173
(алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
37-1. Уәкiлеттi орган шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсаттың мерзімін ұзарту
туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде «Е-лицензиялау» мемлекеттік
дерекқоры» ақпараттық жүйесі арқылы жұмыс берушiге рұқсатты не рұқсаттың мерзімін ұзарту
туралы хабарламаны қағаз түрінде жібереді.
Жұмыс берушi рұқсатты ұзарту туралы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс
күнi ӛткен соң рұқсат алуға келмеген жағдайда, уәкiлеттi орган пошталық жӛнелтiлiмдi алу
туралы хабарламаны ала отырып, рұқсатты жұмыс берушiнiң тiркелген мекенжайы бойынша
пошта арқылы жiбередi.
Ескерту. Қағидалар 37-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 25.01.2013
№ 44
қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа
енгізіледі).
38. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат:
1) бӛлiнген квота мӛлшерiнен асқан;
2) жұмыс берушi осы Қағидалардың 8-тармағында белгiленген шарттарды сақтамаған
жағдайда;
3) жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін рұқсатсыз тарту фактісі анықталған жағдайда.
Мұндай жағдайда осындай факті анықталған күннен бастап он екі ай бойы жаңа рұқсаттар
берілмейді;
4) ӛткен және ағымдағы күнтізбелік жылдары берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген
ерекше шарттары (олар болған жағдайда) орындалмаған жағдайларда;
5) шетелдiк жұмыс күшiнiң бiлiм деңгейi (кәсiптiк даярлығы) мен практикалық жұмыс
тәжiрибесi (стажы) Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк
анықтамалығы мен Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшiлердiң бiлiктiлiк
анықтамалығына сәйкес жұмысшылардың кәсiптерi мен басшылардың, мамандар мен
қызметшiлердiң лауазымдарына қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда
берiлмейдi және ұзартылмайды.
Ескерту. 38-тармаққа ӛзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.01.2013
№ 44
қаулысымен (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі).
39. Уәкілетті орган шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған қолданыстағы рұқсаттарды кері
қайтарып алуды:
1) шетелдік қызметкерді рұқсатта кӛрсетілген кәсіпке немесе мамандыққа сәйкес келмейтін
кәсіп немесе мамандық бойынша тартқанда.Бұл ретте жұмыс берушіге кері қайтарылған рұқсатта
кӛрсетілген кәсіп немесе мамандық бойынша рұқсат беру кері қайтару күнінен бастап алты ай
бойы жүргізілмейді;
2) жұмыс берушi осы Қағидалардың 8-тармағында белгiленген шарттарды сақтамаған
жағдайларда;
3) жұмыс берушi ӛткен және ағымдағы күнтізбелік жылдары берілген рұқсаттардың орындалу
мерзімі келген ерекше шарттарын (олар болған жағдайда) орындамаған жағдайларда жүргізеді.
40. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат:
1) берілген мерзімі аяқталған;
2) рұқсат кері қайтарылған;
3) жұмыс беруші – жеке тұлға ӛз қызметін тоқтатқан, жұмыс беруші – заңды тұлға таратылған;
4) осы Қағидалардың 34-тармағында кӛзделген;
5) жұмыс беруші рұқсатты уәкілетті органға ӛз еркімен қайтарған;
6) жұмыс беруші осы Қағидалардың 27-тармағында белгіленген мерзімде шетелдік жұмыс
күшінің Қазақстан Республикасынан кетуіне кепілдік беретін құжаттарды ұсынбаған жағдайларда
қолданылуын тоқтатады.
Ескерту. 40-тармаққа ӛзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.10.2015
№ 844
(алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
41.
Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2016
№ 173
(алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
42.
Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2016
№ 173
(алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
43.
Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2016
№ 173
(алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
44.
Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2016
№ 173
(алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
44-1.
Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2016
№ 173
(алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
45.
Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2016
№ 173
(алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
46. Әрбір басым жоба бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат берудің
шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Басым жоба бойынша квота шегінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарды
аумағында басым жоба орындалатын әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкілетті органы береді.
Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға рұқсат берудің және ұзартудың шарттары мен
тәртібі
47. Қазақстан Республикасында ӛз бетінше жұмысқа орналасуына арналған адамдардың
тізбесіне кіретін шетелдік қызметкерлерге уәкілетті орган еңбек жӛніндегі уәкілетті орган бӛлген
квота шегінде жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты үш жылға дейінгі мерзімге береді немесе
ұзартады.
48. Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға берілетін рұқсат бір әкімшілік-аумақтық
бірліктің аумағында қолданылады.
49. Шетелдік қызметкер не ол уәкілеттік берген адам жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты
алу немесе ұзарту үшін еңбек қызметін жүзеге асыратын жеріндегі уәкілетті органға осы
Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 10-қосымшаға
сәйкес ӛтініш береді.
Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.10.2015
№ 844
(алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
50. Уәкілетті орган шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты берген
немесе ұзартқан кезде ерекше шарттар кӛзделмейді.
51. Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты беру немесе ұзарту не
беруден немесе ұзартудан бас тарту туралы шешімді уәкілетті орган құжаттарды қабылдаған
күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.
52. Уәкілетті орган шетелдік қызметкерге қабылданған шешім туралы ол қабылданған күннен
бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлайды.
53. Шетелдік қызметкер хабарлама алғаннан кейін жиырма жұмыс күні ішінде уәкілетті
органға рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін оның Қазақстан Республикасынан
кетуіне кепілдік беретін құжаттарды (банк пен қызметкердің арасындағы шарттың, қызметкердің
банк шотына кепілдік жарнаның енгізілгенін растайтын құжаттың кӛшірмесін) ұсынады.
54. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 53-тармағында кӛрсетілген құжаттардың кӛшірмесін
алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға арналған
рұқсатты береді.
Достарыңызбен бөлісу: |