Шетелдік қызметкер үш жұмыс күні ішінде жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты алуға
келмеген жағдайда, уәкілетті орган жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты пошталық
жӛнелтілімді алу туралы хабарламаны ала отырып, шетелдік қызметкердің тіркелген мекенжайы
бойынша пошта арқылы жібереді.
55. Шетелдік қызметкер жұмысқа орналасуға арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі ішінде
жұмыс берушісін ӛзгерткен жағдайда, ол жаңа еңбек шартын жасау күнінен бастап он жұмыс күні
ішінде бұл туралы уәкілетті органға жазбаша хабарлауға тиіс.
56. Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға арналған рұқсат:
1) мәлімдеген кәсібі немесе мамандығы шетелдік қызметкерлердің Қазақстан Республикасында
ӛз бетінше жұмысқа орналасуына арналған кәсіптердің (мамандықтардың) тізбесінде болмаған;
2) бӛлінген квотаның мӛлшерінен асқан жағдайларда берілмейді;
3) шетелдік қызметкердің білім деңгейі (кәсіптік даярлығы) және практикалық жұмыс
тәжірибесі (ӛтілі) Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік
анықтамалығы мен Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілердің біліктілік
анықтамалығына сәйкес жұмысшылардың кәсіптеріне және басшылардың, мамандар мен
қызметшілердің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда
берілмейді.
Ескерту. 56-тармаққа ӛзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.10.2015
№ 844
(алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
57. Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға арналған рұқсат:
1) берілген мерзімі аяқталған;
2) рұқсат кері қайтарылған;
3) шетелдік қызметкер рұқсатты уәкілетті органға ӛз еркімен қайтарған;
4) шетелдік қызметкер осы Қағидалардың 53-тармағында белгіленген мерзімде онын кетуіне
кепілдік беретін құжаттарды ұсынбаған жағдайларда қолданылуын тоқтатады.
58. Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға арналған рұқсаттың қолданысын ұзарту жалпы
мерзімі бес жылдан аспайтын мерзімге екі ретке дейін жүргізіледі.
59. Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты ұзарту бӛлінген квотаның
мӛлшерінен асқан жағдайда, сондай-ақ осы Қағидалардың 55-тармағына сәйкес уәкілетті органға
хабарламай жұмыс берушісін ӛзгерткен жағдайда жүзеге асырылмайды.
60. Шетелдік қызметкердің еңбек қызметін жұмысқа орналасуға арналған рұқсатта
кӛрсетілгенге сәйкес келмейтін кәсіп немесе мамандық бойынша жүзеге асыру, сондай-ақ осы
Қағидалардың 55-тармағына сәйкес уәкілетті органға хабарламай жұмыс берушісін ӛзгерту
жағдайы анықталған кезде уәкілетті орган шетелдік қызметкерге он жұмыс күні бұрын жазбаша
хабарлай отырып, жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты кері қайтаруды жүргізеді.
Бұл ретте шетелдік қызметкерге кері қайтару күнінен бастап он екі ай бойы жұмысқа
орналасуға арналған рұқсат берілмейді.
61. Кепілдік жарнаны енгізу еңбек жӛніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге
асырылады.
Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.10.2015
№ 844
(алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік
қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру және оларды ұзарту
шарттары мен тәртібі
Ескерту. 2-бӛлім кіші бӛліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.03.2016 № 173 (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі)
қаулысымен.
61-1. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тарту
осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес экономика секторларында жүзеге асырылады.
61-2. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсат алу
үшін жұмыс беруші «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз
түрінде шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметі жүзеге асырылатын жердегі уәкілетті органға осы
Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 13-қосымшаға
сәйкес нысан бойынша ӛтініш береді.
61-3. Шетелдік заңды тұлғаның үлестес тұлғасының шетелдік жұмыс күшін тартуы
корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға
рұқсаттар беру және оларды ұзарту үшін белгіленген шарттарда және тәртіппен жүзеге
асырылады.
61-4. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлерді тарту шарттарын
айқындау мақсатында қызметкерлердің мынадай санаттары белгіленеді:
1) басшылар – корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыратын заңды тұлға шегінде жоғары
лауазымдарды атқаратын:
ұйымды тікелей басқаруды жүзеге асыратын;
ұйымның мақсаттары мен саясатын айқындайтын;
шешімдер қабылдауға кең ӛкілеттіктері бар;
директорлар кеңесінен немесе ұйым акционерлерінен тек жалпы нұсқаулар алатын;
ұйымға тікелей қызметтер кӛрсетумен байланысты міндеттерді орындамайтын адамдар;
2) менеджерлер – корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыратын заңды тұлға шегінде жоғары
лауазымдарды атқаратын, кәсіптік біліктілік деңгейі жоғары және тиісті салада менеджер
позициясындағы жұмыс тәжірибесі бар адамдар және олар:
ұйымды, ұйымның департаментін немесе басқармасын басқарады;
басқа басшы кәсіптік немесе әкімшілік қызметкерлердің жұмысына басшылық етеді және
бақылайды;
персоналды жұмысқа алуға және жұмыстан босатуға, жұмысқа алуға, жұмыстан босатуға
ұсыныс жасауға және басқа да іс-қимыл жасауға құқығы бар;
жоғары тұрған басшылардан, директорлар кеңесінен немесе ұйым акционерлерінен тек жалпы
нұсқаулықтар немесе нұсқау алады.
Қызметтер кӛрсету үшін қажетті функцияларды тікелей жүзеге асыратын қызметкерлер
аталған санатқа қосылмайды;
3) мамандар – корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыратын заңды тұлға шегінде жоғары
лауазымдарды атқаратын, жоғары деңгейдегі арнайы және (немесе) бірегей білімі мен дағдылары,
белгілі бір салада немесе ғылымда ұйымның бейіні бойынша қызметтер кӛрсету, ғылыми-зерттеу
жабдығын, озыңқы технологиялар мен техниканы, оларды басқару әдістерін қолдану үшін қажетті
айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар адамдар. Осындай білім мен дағдыларды бағалау кезінде
ұйымның бейіні бойынша кәсіптік білімінің болуын ғана емес, сондай-ақ жұмыс түрлеріне немесе
ұйымның қызметіне сәйкес келетін, арнайы техникалық білімдерді талап ететін жоғары деңгейдегі
біліктілігін, оның ішінде тиісті аккредиттелген кәсіптік қауымдастықтардағы мүшелігін ескерген
жӛн.
61-5. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлерді тартуға арналған
рұқсат басшыда, менеджерде және маманда Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында
құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және сонда жұмыс
істейтін, шеңберінде корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын заңды тұлғада кемінде бір
жыл жұмыс тәжірибесінің болуы және шетелдік қызметкерлердің Қазақстан Республикасында
қолданылатын Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік
анықтамалығына, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының үлгілік
біліктілік сипаттамаларына, сондай-ақ 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан
Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес келуі
шартымен беріледі.
Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын басшылар мен менеджерлердің
лауазымдары Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік
анықтамалығына, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының үлгілік
біліктілік сипаттамаларына, сондай-ақ 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан
Достарыңызбен бөлісу: |