«Ќазаќстан Республикасын јлеуметтік дамытудыѕ 2030 жылєа дейінгі тўжырымдамасын жјне Јлеуметтік жаѕєыртудыѕ 2016 жылєа дейінгі кезеѕге арналєан жоспарын бекіту туралы»



жүктеу 137,08 Kb.
Дата22.05.2018
өлшемі137,08 Kb.
#15775


«Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын және Әлеуметтік жаңғыртудың 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 396 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 143 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспары іс-шараларының 34-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын және Әлеуметтік жаңғыртудың 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 396 қаулысына келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:

Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында:

«Кріспенің» «Ағымдағы ахуалды талдау. Болашақтағы жетістіктер мен негізгі қауіптер» деген 1-бөлімінде:

Жиырма алтыншы, жиырма жетінші және жиырма сегізінші бөліктерінде мынадай редакцияда жазылсын:

«Кіріспе» деген 1-бөлімінде «Әлеуметтік қорғау және еңбек нарығы» деген 3-бөлімшесінде «Негізгі жетістіктер»:

Бес-1, бес-2, бес-3, бес-4 бөлімдерімен келесі мазмұнда толықтырылсын:

«Мемлекет басшысы белгілеген бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам (83 қадам еңбек қатынастарын ырықтандыру) Ұлт жоспарын жүзеге асыру шеңберінде Министрлік Еңбек кодексі әзірленді және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Еңбек Кодексімен сәйкес жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы еңбек қатынасы саласына мемлекеттің араласу шеңберлерін нақты анықтап алу және тараптардың тең болуын қамтамасыз етуді есепке ала отырып, еңбек қатынастары субъектілерінің рөлі мен жауапкершілігін бөлу ұсынылады.

Қызметкерлерге базалық кепілдіктер мен өтемақыларды төменгі еңбек стандарттары белгіленген.

Еңбек кодексі еңбек қатынастарын икемді реттеу механизмдерін кеңейтуге, кәсіпорындардың дамуына кедергі болатын шектеулерді алып тастауға мүмкіндік береді, ал ол болса, инвестицияларды тартуға, еңбек нарығы мен кәсіпкерлікті дамытуға оң ықпал етеді»;

«Ақпараттық кеңістік, мәдениет және спорт» 4-бөлігінің «Негізгі жетістіктер»:

он үшінші және он төртінші бөлімдері келесі редакцияда жазылсын :

«Дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтардың саны 2007 жылғы 15 %-дан 2015 жылы 26,3 %-ға дейін ұлғайды.

Жылсайын спорттық объектлерінің саны өсуде, осы тұрғыда 2015 жылының қорытындылары бойынша елімізде 35 783 спорттық ғимарат істейді, бұл 2013 жылмен салыстырғанда осы көсеткіштің 4,7 % өсімін растайды.»;

«Ақпараттық кеңістік, мәдениет және спорт» 4-бөлігінің «Өзекті мәселелер»:

оныншы бөлім келесі редакцияда жазылсын:

«Ауылдық және қалалық аумақтардағы спорттық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы деңгейінде айырмашылықтар бар. Спорттық ғимараттардың саны жеткіліксіз, олардың спорттық керек-жарақпен төмен қамтылуы атап өтіледі, әсіресе ауылдық жерлерде. 2015 жылы 1450 жалпы білім беретін мектептерінде спорттық залдар жоқ. 2015 жылы 575 балалар-жасөспірімдер клубы, 96 балалар-жасөспірімдер дене даму клубы (БЖДДК) 111,5 мың балалар мен және жасөспірімдерді қамтамасыз етті. 2014 жылмен салыстырғанда балалар-жасөспірімдер клубтарының саны 6 бірлікке өссе, БЖДДК 9 бірлікке қысқартылды»;    

алтыншы бөлім алынып тасталсын;

жетінші бөлім келесі редакцияда жазылсын:

Сегізінші бөлім келесі редакцияда жазылсын:

«2030 жылға қарай ең төменгі мемлекеттік әлеуметтік стандартқа оның барлық құрауыштары бойынша толық қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі барлық халықтың 5 %-нан аспайтын болады»;

Оныншы және он бірінші бөлім келесі редакцияда жазылсын:

1-басымдық. «Білім беру жүйесін инфрақұрылымдық жаңарту және оны қаржыландыруды жетілдіру арқылы білім беру қызметтерінің жалпыға ортақ қолжетімділігін қамтамасыз ету» «Білім беруді дамыту қоғамды өркендету платформасы ретінде» кіші бөлімінде:

бесінші және алтыншы бөлімдер келесі редакцияда жазылсын:

«Бес жыл ішінде қолданысқа берілген 586 мектеп апатты жағдайдағы мектептерді 0,9 %, үш ауысымдылықты – 1,2 % дейін қысқартуға мүмкіндік берді. 2018 жылға қарай үш ауысымдылықты толығымен жою үшін 120, оның ішінде Ұлттық қор есебінен – 76, жергілікті бюджет есебінен – 44 мектеп салынатын болады.

Шағын жинақталған мектептерде білім берудің қолжетімділігін және сапасын арттыру мақсатында 2020 жылға қарай ресурстық орталықтардың (тірек мектеп) саны 200 жеткізілетін болады»;

сегізінші бөлім келесі редакцияда жазылсын:

«Жыл сайын техникалық және кәсіби білімі бар мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырыс ұлғаятын болады. Білікті жұмысшыларға деген қажеттілікті ескере отырып, үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығы шеңберінде техникалық және кәсіптік білім берумен тегін қамтамасыз ету мүмкін болады. 2017 жылдан бастап «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жаңа жобасы енгізілетін болады.»;

«2-басымдық. «Білім беру сапасын арттыру» «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту стратегиясы» 3-бөлімінің «Білім беруді дамыту қоғамды өркендету платформасы ретінде» кіші бөлімінде:

үшінші және төртінші бөлімдері келесі редакцияда жазылсын:

«2017 жылдан бастап орта мектептiң 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен ауысуы басталады. Білім беру ұйымдарында Назарбаев Университеті, Назарбаев Зияткерлiк мектептері сияқты табысты орталықтардың кезең-кезеңімен енгiзілетін болады.

Азаматтардың толыққанды және жан-жақты дамуын қолдау мақсатында балалардың өзін-өзі көрсетуге, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жағдай жасайтын қосымша білім беру объектілерінің қажетті желісі қалыптастырылады. Республиканың жалпы білім беретін мектептерде үйірмелер мен секциялардың жұмысы жандандырылатын болады, ол 2019 жылға қарай балаларды қосымша білім берумен қамтуды 70% ұлғайтуға мүмкіндік береді»;

алтыншы бөлімді келесі редакцияда жазылсын:

«Техникалық және кәсіптік, жоғары білім берудегі оқыту бағдарламалары экономиканың нақты секторының қажеттіліктеріне бағдарланатын болады. 2015 жылға қарай кәсіптік стандарттар негізінде жаңа білім беру бағдарламалары әзірленеді. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқыту сапасын арттыру мақсатында оқытушылар құрамына өндірістен мамандар тартылып, олардың еңбекақысын төлеу қайта қаралатын болады. Дуалды оқыту қағидаттары енгізілетін болады. Колледждер ғылымды көп қажет ететін экономиканың талаптарына сәйкес замануи жабдықтармен жарақтандырылады.

Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлар даярлау бойынша бірлескен орталықтар құру жөнінде Германия, Канада, Аустралия және Сингапур тәжірибелері зерттелетін болады»;



тоғызыншы және оныншы бөлімдерін келесі редакцияда жазылсын:

«Техникалық және кәсіптік, жоғарғы білім беру жүйесінің барлық түлектері 2030 жылға қарай тәуелсіз біліктілікті сертификациялау орталықтарында тәуелсіз сертификациядан өтетін болады. 2030 жылға қарай мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған және оқу орнын бітіргеннен кейін бір жылдың ішінде жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі 90 %-ды құрайды.
2030 жылға қарай отандық ғылыми зерттеулер нәтижелерін өндіріске енгізу негізінде инновациялық қызметті білім мен ғылымды интеграциялау арқылы жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының үлесі 10 %-ға өседі. Зерттеу университеттері, Назарбаев Университетінің «Астана бизнес кампус» хайтек-паркі және Алматыдағы «Алатау» технопаркі базасында тиімді ғылыми-инновациялық жүйені құру арқылы смарт-технологиялар, жасанды интеллект, киберфизикалық жүйелер интеграциясы, болашақ энергетикасы, жобалау және инжиниринг саласында құзыреттерді дамытуға бағытталған Жол картасы әзірленеді»;

2-басымдық. «Шартты әлеуметтік қолдаудың тиімді жүйесі арқылы кедейлікті азайту» «Әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту» кіші бөлімінде:

екінші және үшінші мынадай редакцияда жазылсын:

2018 жылға қарай мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, құрылымын қайта қарау есебінен ең төменгі күнкөріс деңгейі көтерілетін болады.

Кедейлікті айқындаудың жаңа тәсілдерін ескере отырып, табыстары төмен азаматтар үшін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақы алушылар жұмыспен қамтуға, әлеуметтік бейiмделуге жәрдемдесу бағдарламаларына белсене қатысқан жағдайда, отбасыларға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-нан төмен емес табысты қамтамасыз етеді»;

бесінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«2018 жылдан бастап негізделген әлеуметтік көмектің барлық түрлерін ұсынудың негізгі нысаны ретінде әлеуметтік келісімшарт тетігі енгізіледі»;

мынадай мазмұндағы тоғыз-1 бөлімімен толықтырылсын:

«2018 жылы қолданыстағы заңнамаға түгендеу жұмыстары жүргізілетін болады және азаматтардың жекелеген санаттарына арналған бірқатар сұраныс жоқ әлеуметтік жеңілдіктер оңтайландырылады»;

«Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту стратегиясы» 3-бөлімінің «Әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту» кіші бөліміндегі 3-басымдық. «Ана мен баланы кешенді қолдау»:

төртінші бөлім алып тасталсын;

«Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту стратегиясы» 3-бөлімінің «Әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту» кіші бөліміндегі 4-басымдық. «Барлық осал топтар үшін қолайлы жағдай жасау арқылы инклюзивтік қоғам»:

үшінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«Мүгедектік ауыртпалығының дәрежесі мен шамасына қарамастан мүгедектер, егде жастағы адамдар, жүкті әйелдер, аналар мен балалар үшін қоғамдық инфрақұрылымды жетілдіру арқылы барлық көрсетілетін қызметтерді кедергісіз пайдалану қамтамасыз етілетін болады»;

мынадай мазмұндағы төртінші-1 бөлімімен толықтырылсын:

«2018 жылға қарай ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен, сондай-ақ экологиялық қасірет аймақтарында тұратын адамдарды әлеуметтік қолдау жөніндегі тәсілдер ғылыми тұрғыдан қайта қаралатын болады»;

«Жұмыспен қамту сасатын іске асырудағы жаңа тәсілдер»;

«Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту стратегиясы деген 3-бөлімнің «Еңбек және жұмыспен қамту саласындағы тиімді саясат арқылы Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай» бөлігінің тиімді жұмыспен қамту саясатын іске асыру 1-басымдығында:

бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші бөлімдерде келесі редакцияда жазылсын:

«Мемлекет мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде жобаларды іске асыру арқылы жаңа жұмыс орындарын құру саясатын ынталандыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті өсіру, инвестициялық және іскерлік ахуалды жетілдіру саясатын жалғастырады.

Еңбек және жұмыспен қамту саласындағы саясат Мемлекет басшысы атап өткен Бес институциалдық реформаны іске асыру тетіктерін одан әрі артыруды көздейді.

Біріншіден, бұл жаңа Еңбек кодексін, «Көші-қон туралы» Қазақстан Республикасының заңын әзірлеу және қабылдау, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін егізужәне атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, олардың іске асырылуы азаматтардың еңбек қызметімен және әлеуметтік қолдаудың жаңа тетіктерін енгізумен тікелей байланысты.

Екіншіден, бұл қолданыстағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заң норамларының еңбек нарығында бар проблемаларды толыққанды шешуге қабілетсіздігімен байланысты.

Осыған байлансты, 2016 жылы ЭЫДҰ және Тәуелсіз мемлекеттер достастығына кіретін елдердің тәжірибесін ескере отырып, әзірленген жаңа «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заң күшіне енеді және «Жұмыспен қамту саласындағы саясат туралы» ХЕҰ 1964 жылғы № 122 Конвенциясына негізделеді;

Он бірінші-1, он бірінші-2, он бірінші-3, он бірінші-4, он бірінші-5, он бірінші-6, он бірінші-7 бөлімдерімен келесі редакцияда толықтырылсын:

«Жұмыспен қамту мәселелерін шешудегі жаңа тәсілдердің маңызды құрауыштары жұмыссыздарға берілетін әлеуметтік қолдаудың барлық түрлерінің кешенділігімен және өзара байланыстылығын қамтамасыз ету болып табылады. Әрбір жұмыспен қамтудың әрбір мемлекеттік қолдау шарасы үшін азаматтардың басым санаттары, атаулығы, қолдау шарасының таңдамалығы айқындалған.

Адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне көшуге субсидия және қажетті тұрғын үй ұсынумен жұмыс күші артық өңірлерден қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге ерікті түрде қоныс аударатын адамдарды жұмыс орналастыруға жәрдемдесу көзделеді.

Халықтың барынша осал тобы –мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары іске асырылатын болады. Мемлекет мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын ашуға жұмыс берушінің шығыстарын субсидиялауды жоспарлауда, бұл ретте субсидияны алу үшін аталған жұмыс орны кемінде 12 ай бойы мүгедекті жұмыспен қамтуды сақтау негізгі шарт болып табылады.

Халыққа қызмет көрсету кезінде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру үшін жұмыспен қамту орталықтарының құзыретін кеңейте отырып, оның «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істеуіне үлкен мән берілетін еңбек нарығы институттарының қызметтерін қайта қарауға бағытталған нормалар көзделген

Заң жобасында жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын іске асыруға қатысуы кеңінен регламенттелетін болады.

Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымдарына сәйкес еңбек нарығының көрсеткіштерін өлшеудің жаңа тәсілдерін енгізу көзделеді, бұл статистикалық деректерді халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге; өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың санын нақтылауға және қажет болғанда оларға өз қызметін заңдастыруға жәрдем көрсетуге; жеке тұтыну үшін өнім өндірумен айналысатын адамдардың санын нақтылау және оларға атаулы мемлекеттік көмек көрсетуге мүмкіндік береді; шемдеріне қатысты, біз пайдаланатын «экономикалық тұрғыдан белсенді халық» және «экономикалық тұрғыдан енжар халық» деген ұғымдарының орнына сәйкесінше «жұмыс күші» және «жұмыс күші құрамына кірмейтін тұлғалар» ұғымдары пайдаланылады..

Көрсетілген шаралар еңбек нарығын реттеудің тиімділігін арттыруға, халықты жұмыспен қамту шараларын кеңейтуге, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуға және әлеуметтік қолдаудың атаулығын күшейтуге ықпал ететін болады»;

он үшінші бөлім келесі редакцияда жазылсын:

«Кәсіби стандарттарды әзірлеу кезеңдермен жүргізілетін болады және 2020 жылға осы көрсеткіш 100 %-ға жетеді»;

Он бесінші, он алтыншы және он жетінші бөлімдерінде келесі редакцияда жазылсын:

Қолданыстағы заңнамалық актілерде:

11-тармақ алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 21-1, 21-2, 21-3, 21-4-тармақтармен толықтырылсын:

21-1. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

21-2. «Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

21-3. «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданыска енгізіледі.



Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрі К. Мәсімов


жүктеу 137,08 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау