«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы»


Технологиялық жаңғырту, инновациялар мен аграрлық ғылымды дамыту



жүктеу 0,77 Mb.
бет6/15
Дата30.12.2019
өлшемі0,77 Mb.
#25487
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Технологиялық жаңғырту, инновациялар мен аграрлық ғылымды дамыту

прогрессивті технологияларды пайдалана отырып, басым ауыл шаруашылығы дақылдарының өндірісін ынталандыру жолымен өсімдік шаруашылығының өнімін және сапасын арттыру;

көкөністің жабық топырақта өндірілуін ынталандыру;

орта және ірі тауарлы мал шаруашылығын құруды ынталандыру;

тауарлы балық шаруашылығын дамыту;

ұлттың денсаулығын бекемдеу мақсатында марал шаруашылығы мен бал арасы шаруашылығы өнімін өндіруді ынталандыру;

ауыл шаруашылығы құрылымдарын және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарын техникалық-технологиялық жаңғырту және мемлекеттік қолдау шараларын қолдану арқылы сапа менеджментінің қазіргі заманғы жүйелеріне ауысу;

АӨК дамытудың басым бағыттары бойынша зерттеулерді шоғырландыру, сондай-ақ халықаралық ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларды жүргізу;

аграрлық ғылым инфрақұрылымын дамыту және шетелдік аграрлық технологиялар трансфертін қамтамасыз ету жолымен ғылыми зерттеулердің қазіргі заманғы әдістерін енгізу және процестерін жеделдету, сондай-ақ өндіріске ғылыми әзірлемелерді енгізу және ғылыми қызметкерлер қызметін ынталандыру және аграрлық ғылымға жас мамандарды тарту.

Бәсекеге қабілетті кәсіби кадрлар даярлау

ауылдық жерден келген азаматтарға арналған квоталар бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім алған ауыл шаруашылығы мамандарын оқу орнын аяқтағаннан кейін кем дегенде 3 жыл ауыл шаруашылығы ұйымдарында жұмыс істеуін міндеттеуді енгізу болжанып отыр;

кейбір заңнамалық актілерге ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген ауыл шаруашылығы мамандарын әлеуметтік қолдау шаралары бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені қарау;

аграрлық саланың қажеттіліктеріне сәйкес PhD докторларын, магистрлер мен бакалаврлар, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және ветеринариялық мамандықтардың техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға мемлекеттік білім тапсырысын ұлғайту мәселесін қарау.

Инфрақұрылымдық және ресурстық қамтамасыз ету

елдің фитосанитарлық және ветеринариялық салауаттылығын қамтамасыз ету;

малды сою, ауыл шаруашылығы өнімін дайындау, сақтау, тасымалдау және сату жөніндегі инфрақұрылымды дамыту;

су ресурстарын интеграциялық басқару принциптерін ескере отырып, су ресурстарын пайдалану;

шаруашылық жүргізу жағдайын жақсарту және ауыл шаруашылығы өндірісін ірілендіру, дайындау-өткізу құрылымдарының желісін құру және кеңейту арқылы тауар өнімін өсіру үшін ынталандырулар жасау;

суарудың озық әдістерін енгізу жолымен жердің мелиоративтік жағдайын сақтау және жақсарту.

 

 

Жеңіл өнеркәсіп



Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

 

Жеңіл өнеркәсіп тоқыма, тігін, трикотаж, былғары-бағалы тері және аяқ киім салаларын қамтиды.

Бүгінгі таңда жеңіл өнеркәсіпте кәсіпорындардың 80%-дан астамы  шағын және орта бизнес субъектілері болып табылады.

Саланың технологиялық даму перспективалары табиғи шикізаттың, өндірістік қуаттар мен адами ресурстардың болуына байланысты.

Қазақстанда жеңіл өнеркәсіптің табысты дамуы үшін қолайлы жағдайлар мен алғышарттар бар - Оңтүстік Қазақстан облысында жыл сайын 400 — 450 мың тонна шитті мақта жиналады, елдегі табиғи шикізат - мақта талшығының өндірісі (жылына 130-170 мың тонна), жүн (15-20 мың тонна) және былғары шикізаты 7,5 млн. данадан астам, табиғи шикізаттан жасалған көрсетілген өнімге сұраныс бар мата мен тоқыманың, киімнің әлемдік тауар нарықтарына экспорттау мүмкіндігі бар.

Сала кәсіпорындарының шамамен 80%-ы ескі жабдықтармен жарақтандырылған, жұмысының көптігі 30-40 %-ды құрайды.

Саланың дамуының жалпы үрдісі оның республика өнеркәсібінің көлеміндегі үлесінің төмендеуімен сипатталады, бұл жұмыс орындарының қысқартылуымен ұштасады.

Саланың өнімі Қытайда өндірілген, оның ішінде контрафактілі тауарлар санының көп болуымен байланысты бағасы бойынша бәсекеге қабілеттілігі темен болып отыр.

 

 

Негізгі міндет

 

Шикізатты өңдеу, қосылған құны жоғары және оны сыртқы нарықтарға шығару перспективасы бар өнім өндіру есебінен ішкі нарықтың жеңіл өнеркәсіп өніміне қажеттілігін қанағаттандыру.

 

 

Нысаналы индикаторлар

 

1. 2014 жылға қарай салада жалпы қосылған құнды 2008 жылмен салыстырғанда 50 %-ға арттыру.

2. 2014 жылға қарай ішкі нарықтың жеңіл өнеркәсіп өніміне қажеттілігін 30 % деңгейге дейін қанағаттандыру.

3. Еңбек өнімділігін бір жарым есе 4,9 млн. теңге/адамға дейін  ұлғайту(33 мың USD).

 

 

Саланы дамытудыц негізгі бағыттары

 

Алдағы кезеңде саланы дамытудың негізгі бағыттары тоқыма, тігін, былғары және аяқ киім өнеркәсібінде жергілікті шикізатты (мақта, жүн, былғары) өңдеу жөніндегі өндірістерді жаңғырту және әртараптандыру үшін ынталандырулар жасаумен байланысты болады.

Қосылған құны жоғары өнімдер шығару мақсатында:

Ақтөбе, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында жүнді бастапқы өңдейтін кәсіпорындарды жаңғырту, ал Алматы облысында жүнді  қайта өңдеу жөніндегі толық технологиялық циклды ұйымдастыру үшін жүн кластерін жасау үшін жүн бұйымдарын өндіретін кіші салаларды;

«Оңтүстік» АЭА аумағында (ОҚО) қызмет түрлерін кеңейту арқылы кардтық және таралған мақта-қағаз тоқыма, мата мен дайын тоқыма бұйымдары, тоқыма мен матаны бояу және безендіру, сондай-ақ дайын тігін бұйымдары өндірісінің толық технологиялық циклын ұйымдастыру үшін, оның ішінде «Оңтүстік» АЭА қызмет түрлерін кеңейту есебінен мақтадан жасалған бұйымдар өндірісін (жібек маталар шығару, маталық емес тоқыма материалдар, кілем бұйымдары мен гобелендер, мақта целлюлозасын және оның туындыларын, мақта шикізатынан өндірілетін жоғары сапалы қағаз және былғарыдан жасалған бұйымдарын шығару);

ауыл шаруашылығы жануарларының терісін тереңдете өңдеуді ұйымдастыру үшін былғары және аяқ киім кіші саласын және Тараз және Семей қалаларында былғары-бағалы тері өндірістері негізінде бәсекеге қабілетті тауарлы былғары, тон-бағалы тері бұйымдары мен аяқ киім шығару;

бренд өнімін шығару үлгісінде (велоспортқа арналған бұйымдар) келісімшарттық өндірісті ұйымдастыратын кәсіпорындарды жаңғыртуды жүзеге асыру үшін тігіншіліктің кіші саласын қолдау шаралары көзделетін болады.

Мынадай инвестициялық жобаларды іске асыру көзделуде:

Шығыс Қазақстан облысы - «Былғары өндірісін реконструкциялау және жаңғырту»;

Оңтүстік Қазақстан облысы - «Оңтүстік» АЭА-да қазіргі заманғы тоқыма өндірісін ұйымдастыру»;

Оңтүстік Қазақстан облысы - «Су сіңіргіш мақта және целлюлоза шығару»;

Оңтүстік Қазақстан облысы - «Тарамды және кардтық мақта-мата жібін шығаратын қазіргі заманғы өндірісті ұйымдастыру».

Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары

Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету

Жеңіл өнеркәсіпте 20 мамандық бойынша кадрларға қажеттілік Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы жоғарғы оқу орындары мен 89 ТжКБ оқу орнында кадрлар даярлау есебінен өтелетін болады.

2011 жылы Шымкент қаласында 700 оқушы орнына арналған өңдеу саласындағы кадрларды даярлау және қайта даярлау жөніндегі Өңіраралық орталықтың құрылысы басталады.

Әкімшілік кедергілерді алып тастау

Лицензияланатын қызмет түрлерінен шиті мақтаны мақта талшығына қайта өңдеу және мақта өңдеу ұйымдары үшін «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу жолымен шиті мақтаны бастапқы өңдеуге жатпайтын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салуды алып тастау.



Техникалық регламенттерді енгізу

Сапаның тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін әлеуетті құрылымдар мен ұлттық компаниялар үшін жеңіл өнеркәсіп өнімін өндіру бойынша 2 техникалық регламент және 50 ұлттық стандарт әзірленеді және енгізіледі.

Инновациялар мен ғылымды дамыту және жаңғыртуға жәрдемдесу

Алматы технологиялық университетінің жанында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін инженерлік орталық пен өнім сапасын бағалау жөніндегі зертхана құру мәселесі пысықталатын болады.

 

 

Туристік сала



Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

 

Соңғы жылдары тұтастай алғанда республиканың туризм саласы дамуының оң серпіні байқалады: 2008 жылдың қорытындылары бойынша 2007 жылмен салыстырғанда келушілердің саны 3,1 % өсті, ішкі туризмнің көлемі 8,2 % өсті, сыртқа шығушылар туризмі 15,3 % өсті.

Туризм объектілерін дамытуға инвестициялар көлемі 2005 жылғы 47 млрд. теңгеден 2007 жылы 97 млрд. теңгеге дейін өскен, ал 2008 жылдың қорытындылары бойынша осы көрсеткіш 129,3 млрд. теңгеге дейін өсті.

Сонымен қатар, әлемдік қаржы және экономикалық дағдарыс сырттан келу туризміне жағымсыз әсерін тигізді, оның көлемі 11 % төмендеді және 2007 жылғы 5,3 млн. салыстырғанда тек 4,7 млн. туристі құрады.

Қазақстан Республикасына сырттан келетіндер санының төмендеуін құрайтындардың бірі туризм индустриясы объектілерінің моральдық тозуына және инфрақұрылымның жоқтығына байланысты тартымдылығы аз болып табылды.

Сапасы әлемдік стандарттарға сәйкес келетін орналастыру орындары санының аз болуы сырттан келетін туристерге қызметтер көрсетудің толық спектрін ұсыну мүмкіндіктерін толығымен пайдалана алмауға және бұл экономикалық қайтарымның төмендігіне әкеп соқтырады.

Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру және ұлттық турөнімді әлемдік нарыққа жылжыту жөнінде шаралар қабылданды. Осы мақсаттарда Қазақстанның Мадридтегі, Берлиндегі, Пекиндегі, Сеулдегі, Токиодағы және Лондондағы ең ірі халықаралық туристік көрмелерге қатысуы қамтамасыз етілуде, CNN, BBC, Евроньюс және Дискавери сияқты әлемнің жетекші арналарында жарнамалық бейнероликтер орналастырылуда. Сонымен қатар, Алматы қаласында КИТФ - Қазақстандық халықаралық туристік жәрмеңкесі өткізіледі.

 

 

Негізгі міндеті

 

Туризм индустриясының бәсекеге қабілеттілігін және Қазақстанның туристік бағыт ретіндегі тартымдылығын арттыру.

 

 

Нысаналы индикатор

 

Туризм қызметі саласында қызмет көрсетулер ұсынатын ұйымдардың жиынтық кірісін 2015 жылға 2008 жылдың деңгейінен кемінде 12 % ұлғайту.

 

 

Саланы дамытудың негізгі бағыттары

 

Саланың дамуы туризм индустриясының бәсекеге қабілетті инфрақұрылымын жасауға, ұлттық туристік өнімдерді қалыптастыруға, оның халықаралық және ішкі нарықтарда жылжуына бағытталады.

Мынадай инвестициялық жобаларды іске асыру көзделеді:

Күніне 2000-ға дейін адам қабылдау үшін Алматы қаласында Шымбұлақ тау шаңғысы курортын кешенді дамыту.

Жылына 220 000 дем алушыларды қабылдау үшін Ақмола облысындағы «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы шекарасында туристік ойын-сауық кешенінің құрылысын салу, онда мынадай бағыттарда шағын және орта бизнес субъектілеріне жағдайлар жасалады:

сауықтыру, ойын-сауық саласында қызметтер көрсету, тамақтануды ұйымдастыру, қонақ үй, экскурсиялық, ақпараттық, көліктік қызмет көрсетулер ұсыну, бұл ретте көлік қызметін көрсету кезінде экологиялық таза көлік пайдаланылады, оның ішінде кіші авиация да бар;

туризмнің мәдени-танымдық, экологиялық, іскерлік, спорттық және басқа да түрлері саласында қызметтер көрсету;

әр түрлі естелік өнімін жасау мен шығару бойынша өндірістер ұйымдастыру.

Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары

Инфрақұрылымдық және ресурстық қамтамасыз ету

Туризм индустриясының бәсекеге қабілетті инфрақұрылымын жасау шеңберінде мынадай мәселелер пысықталатын болады:

көлік дәлізі бойымен жол бойы инфрақұрылым объектілерін салу үшін жергілікті атқарушы органдарға жер учаскелерін бөлу;

қайтадан жасалатын туризм индустриясы нысандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жасау;

жол бойы инфрақұрылымы объектілері құрылысының үлгі жобасын әзірлеу;

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәлізі бойында ұлттық туристік кластердің инвестициялық жобаларына кредит беру бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау.

Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету

туристік сала үшін 14 мамандық бойынша кадрларға деген сұраным жоғары оқу орындарына даярлау және 77 ТжКБ оқу орнының шеңберінде қанағаттандырылатын болады.

Ақмола облысының «Бурабай» АЭА туристік ойын-сауық кешені және Алматы облысының «Шымбұлақ» тау шаңғысы кешенінің туристік базасы үшін кадрларға деген қосымша сұраныс (ойын-сауық персоналы, сауда-коммерциялық персонал) ТжКБ оқу орындарында және қысқа мерзімді даярлау оқу орталықтарында кадрлар даярлау есебінен толықтырылатын болады.

«UNWTO-TedQual» туризм білім сапасын сертификаттау бойынша бір мемлекеттік ЖОО-ға аудит жүргізу және туризм индустриясы саласында кәсіби стандарттарды әзірлеу жолымен туристік білім сапасын арттыру үшін жағдайлар жасалатын болады.

Бәсекелестікті дамыту

Туристер үшін қызмет көрсетулер нарығында бәсекені дамыту мақсатында:

туристік операторларды біртіндеп ірілендіру үшін заңнамалық жағдайлар жасау қамтамасыз етіледі;

туристік әлеуеті бар өңірлерде Экскурсоводтар бюросын және туристік ақпараттық орталықтар құру мүмкіндігі қаралады.

Инвестициялар үшін тартымды жағдайлар жасау

Инвесторлар тарту мақсатында «Бурабай» АЭА шекарасы шегінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін қор жерлеріне ауыстыру, сондай-ақ «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бойымен туристік кластердің туризм нысандарын салуды жеңілдетілген кредиттеу бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялауды қамтамасыз ету мәселесі пысықталатын болады.

 

 

1.4 «Болашақ экономикасы» секторларын дамыту



 

Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар



Саланың ағымдағы ахуалына қысқаша талдау

 

Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі - АКТ) ауқымды енгізу еңбек өнімділігін арттырудың және отандық кәсіпорындардың әлемдік экономикаға кірігуі үшін жағдайлар жасаудың міндетті шарты болып табылады.

Бизнес пен халық тарапынан телекоммуникациялар қызметіне өсіп жатқан сұраныс телекоммуникациялық операторлар кірісінің өсуіне алып келді. 2009 жылдың алдын ала жасалған қорытындылары бойынша байланыстың қызмет көрсетулерден түскен кіріс 430 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 7,5%-ға жоғары. Интернет қызметіне (2008 жылмен салыстырғанда 22%-ға ұлғаю), жергілікті телефон байланысына (19%-ға) және ұялы байланыс сегментіне (9%-ға) қол жетімді қызмет көрсетулер ұсыну серпінді дамуда. Қазақстандық операторлардың талшықтық-оптикалық байланысының магистралды желісін дамытудың және елдің бірегей географиялық орналасуының арқасында пайда болған үлкен өсім деректер беру қызметін көрсету сегментінде байқалып, 37%-ды құрады.

2009 жылы почта және жеткізу қызметінің операторлары жалпы сомасы 12,3 млрд. теңгеге қызмет көрсетулер ұсынып, ол 2008 жылмен салыстырғанда 100 млн. теңгеге артық. 40-тан аса кәсіпорын, ұсынатын курьерлік байланыс қызмет көрсетулері неғұрлым серпінді дамуда, оның ішінде шағын және орта бизнестің отандық өкілдері де бар.

2009 жылдың нәтижелері бойынша ақпараттық технологиялар саласында алдын ала жасалған бағалаулар бойынша кәсіпорындардың жалпы пайдасы 2008 жылмен салыстырғанда 7%-ға азайып, шамамен 90 млрд. теңгені құрайды, бұл елдегі экономикалық белсенділіктің жалпы құлдырауымен және 2009 жылдың басында өткізілген ұлттық валютаның бір уақытылы девальвациясымен түсіндіріледі. АКТ-ға жұмсалатын шығыстарда ақпараттық технологиялардың барлық шығыстардың 75%-ын құрайтын компьютерлік және желілік жабдықтауды сатып алу шығыстары басым болып келеді, бұл қазақстандық қоғамды компьютерлендірудің жалғасып жатқанын байқатады. Отандық компаниялар компьютерлік жабдықтарды жинақтау, жүйелік ықпалдасу және тапсырыс бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу секторларында кеңінен қамтылған.

Қазақстан Республикасы АКТ секторы дамуының жоғары қарқыны мен жылдамдығын қолдау үшін мынадай бірқатар қазіргі бар проблемаларды шешу қажет:

ақпараттық технологиялар саласында жұмыс істейтін кәсіпорындар үшін әкімшілік кедергілер (кедендік ресімдеу және ақпараттық өнімдерді есепке алу рәсімдерінің жетілдірілмегендігі);

мемлекеттік органдардың және мемлекеттің қатысуы бар компаниялардың ақпараттық технологияларға байланысты қызметтерді сатып алуда «қазақстандық қамту» үлесінің төмендігі;

АКТ секторында жұмыс істейтін кәсіпорындарды кадрлық қамтамасыз ету проблемасы;

инновациялық әзірлемелерді қаржыландыру үшін венчурлық капиталды тартудағы инвестициялық белсенділіктің төмендігі.

 

 

Негізгі міндет

 

Инфокоммуникациялық технологиялардың бәсекеге қабілетті экспортқа бағытталған ұлттық секторын қалыптастыру.

 

 

Нысаналы индикаторлар

 

Инфокоммуникациялық инфрақұрылымдарды қоса алғанда, АТК секторының үлесі 2014 жылы ЖІӨ-де - 3,8%.

 

 

Саланы дамытудың негізгі бағыттары

 

Қазақстан Республикасында АТК секторында мынадай бағыттарды дамыту жоспарлануда.

Бизнес пен халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың жұмысын жеңілдету мен оңтайландыру мақсатында электрондық қызмет көрсетулер мен «электрондық үкіметті» дамыту шеңберінде:

«электрондық үкіметтің» нысаналы сәулеті құрылады;

Кеден одағы шеңберінде ақпараттармен алмасу  үшін инфокоммуникациялық инфрақұрылым құрылады;

жаңа электрондық қызмет көрсетулер әзірленеді, оның ішінде, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау секторларындағы, көлік және коммуникация және ауылшаруашылығы секторларындағы қызмет көрсетулер;

электрондық лицензиялау, электрондық нотариат және электрондық сатып алулардың ақпараттық жүйелері енгізіледі.

Қазақстандық контентке халықтың сұранысын қамтамасыз ету мақсатында Интернет желісінің қазақстандық сегментін дамыту шеңберінде:

бизнес үшін электрондық коммерциялық алаң құрылады;

ұлттық-интернет ресурстар, оның ішінде, жаңалық, мультимедиялық, әлеуметтік желілер құрылады.

Ішкі сұранысты және кезең-кезеңмен сыртқы нарыққа шығуды қамтамасыз ету мақсатында жоғары технологиялық жабдықтар мен микроэлектрониканың отандық өндірісін дамыту шеңберінде:

Алматы қаласында «Алатау» ақпараттық технологиялар паркі» АЭА базасында мемлекеттік сектордың ірі өнім берушісі болып табылатын халықаралық компаниялардың жабдықтарын жинау және техникалық қызмет көрсету жөнінде кәсіпорындар құру жоспарланып отыр.

Сыртқы нарыққа кезең-кезеңімен шыға отырып, бизнес пен мемлекеттің қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлемелері мен қызметтер секторын дамыту шеңберінде:

Алматы қаласындағы «Алатау» ақпараттық технологиялар паркі» АЭА базасында инновациялық ақпараттық жүйелер мен өнімдерді әзірлейтін және пайдаланатын компаниялар құрылады.

Техникалық және кәсіби деңгейдегі білікті мамандармен саланың қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық коммуникация саласында білім беруді дамыту шеңберінде:

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін дамыту қамтамасыз етіледі;

Инфокоммуникация мамандықтары бойынша үш кәсіптік-техникалық оқу орны құрылады.


жүктеу 0,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау