«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы»


Бағдарламаның мақсаты, басымдықтары, міндеттері мен принциптері



жүктеу 0,77 Mb.
бет2/15
Дата30.12.2019
өлшемі0,77 Mb.
#25487
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Бағдарламаның мақсаты, басымдықтары, міндеттері мен принциптері

 

Мақсаты - әртараптандыру мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономиканың орнықты және теңгерімделген өсуін қамтамасыз ету.

2015 жылға нысаналы индикаторлар:

мыналар:

ЖІӨ-ні кемінде 7 трлн. теңгеге, бұл 2008 жылғы ЖІӨ-нің шамамен 50%-ға ұлғайып, нақты мәнде ЖІӨ-нің өсімі 15%-ын құрайды;

ЖІӨ құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіптің үлесі кемінде 12,5 % деңгейіне дейін;

экспорттың жалпы көлеміндегі шикізаттық емес экспорт үлесі кемінде 40 % деңгейіне дейін;

өңдеуші өнеркәсіптің жиынтық өндірісі көлемінен шикізаттық емес экспорт көлемінің үлесі кемінде 43 % деңгейіне дейін;

өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі кемінде 1,5 есеге;

агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігін ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін бір адамға шаққанда 3000 АҚШ долларынан бастап кемінде 2 есеге;

мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтер мен компаниялардың тауарларды сатып алуда қазақстандық қамту үлесі - 60 %-ға дейін, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу 90 %-ға дейін;

жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар санынан инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі 10 %-ға дейін ұлғаяды.

Мыналар:

шикізаттық емес сектордың өзіндік құн құрылымындағы көлік шығындарының үлесі кемінде 8% деңгейіне дейін;

ЖІӨ қуат сыйымдылығы 2008 жылдың деңгейінен кемінде 10 %-ға төмендейді.

Басымдықтар:

ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі өсуінің маңызды шарты ретінде өндіріс факторларының өнімділігін арттыру;

экспортқа бағытталған жаңа жоғарғы технологиялық өндірістерді жасауға басым тікелей шетел инвестицияларын тартуға екпін беру;

ұлттық инновациялық жүйені дамыту мен нығайту;

экономиканың шоғырландырылу деңгейін төмендету және индустрияландыру процесінде шағын және орта бизнестің рөлін күшейту;

экономикалық әлеуеттің ұтымды кеңістігін ұйымдастыру.

Міндеттер:

Әртараптандыру мен бәсекеге қабілеттілік өсуін қамтамасыз ететін экономиканың басым секторларын дамыту;

Экономиканың басым секторларын дамытудың әлеуметтік тиімділігін күшейту және инвестициялық жобаларды іске асыру;

индустрияландыру үшін қолайлы ортаны құру;

экономикалық әлеуетті ұтымды аумақтық ұйымдастыру негізінде экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру;

экономиканың басым секторларын дамыту процесінде мемлекет пен бизнестің өзара тиімді әрекетін қамтамасыз ету.

Бағдарлама мынадай принциптерге негізделеді:

бизнес-бастамаларға бағдарлану;

шикізаттық емес секторда «серпінді» жобаларды және кластерлік бастамаларды қолдау;

мемлекет пен жеке меншік сектор арасындағы тәуекелдерді оңтайлы бөлу және индустрияландыру процесінде олардың рөлдерін нақты айқындау;

жаңа бизнес-мүмкіндіктерді мультипликациялау;

итеративтік, Бағдарламаны іске асыру барысында қатысушылар құрамынан жобаларды пысықтау деңгейі бойынша перманентті нақтылаумен байланысты;

транспаренттік - Бағдарламаға қатысушылардың, мастер-жоспарлардың мазмұнының, өтініш берушілердің сұрауларының, мемлекеттік қолдау шараларының, Бағдарламаны іске асыру мониторингінің нәтижелерінің ашықтық принципі;

тең қолжетімділік - Бағдарлама қатысушысы отандық, сонымен қатар шетелдік компания да, ірі және орта, шағын кәсіпорындар да болуы мүмкін;

бәсекелестік - тиімді жобаларды ілгерілету және экономикалық емес әдістерді пайдаланудың алдын алу негізі ретінде;

трансферттік (қолданылу әсері) - нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық базаны жетілдіруге қатысты (бизнес-ортаны жақсарту) мемлекеттік қолдау шаралары, экономикалық қызметтің барлық субъектілеріне қолданылады;

сабақтастық - іске асырылып жатқан бағдарламалық құжаттарда көзделген мемлекеттік саясаттың аса тиімді шаралары осы Бағдарламаны іске асыру кезінде қолданылатын болады.

 

 

Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары



 

1. Экономиканы әртараптандыруды және оның бәсекеге



қабілеттігінің өсуін қамтамасыз ететін басым секторларын дамыту

 

Алдағы кезеңде индустрияландыру саясаты индустриялық-инновациялық процестердің жеделдетушісі болатын «дәстүрлі мамандандыру» салаларын дамыту арқылы басым шикізаттық емес секторды озыңқы дамытуға бағытталған болады.

Мемлекеттің күш-жігері экономиканың мынадай басым секторларын дамытуға топтастырылады:

дәстүрлі: мұнай-газ секторы, тау-кен металлургия кешені, шикізат өндірістерін кейіннен аса жоғары қайта бөлулерге ауыстыратын атом және химия өнеркәсібі;

жер қойнауын пайдаланушылар, ұлттық компаниялар және мемлекет сұранысына негізделген: машина жасау, құрылыс индустриясы, фармацевтика;

шикізаттық сектормен байланыстырылмаған және экспортқа басым бағдарланған өндірістер: агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл өнеркәсіп, туризм;

келесі 15-20 жылда әлемдік экономикада үстем рөлге ие болатын «болашақ экономикасының» секторлары: ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, биотехнологиялар, баламалы энергетика, ғарыш қызметі.

Көрсетілген секторлардың тізбесі толық емес әрі Бағдарламаның іске асырылу барысында толықтырылып отырады.

Экономиканы сәтті әртараптандыру республиканың тұрақты дамуымен, соның ішінде тұрақты дамуды басқару жүйесін оңтайландыру және көмірсутегі төмен экономиканың, сондай-ақ инвестициялар тарту, экологиялық проблемаларды шешу, табиғи экожүйелерге антропогендік жүктемелердің кері әсерін азайту, табиғатты пайдаланушылардың қоршаған ортаға эмиссиясын азайту, қалдықтарды кешенді қайта өңдеу мәселелерінде «жасыл» саясатты енгізу жолымен республиканың тұрақты дамуымен үздіксіз байланысты.

Экономиканы әртараптандыруды жеделдету процесінде мемлекет тиімсіз жобалардың іске асырылуына қарсы тұратын болады, сондықтан жобаларды қолдаудың негізгі өлшемдерін таңдауға ең алдымен Кеден одағының әлеуетін іске асыру мүмкіндігімен байланысты өнімділік, энергия тиімділігі және экспортқа бағдарлану жатады.

 

 

1.1 «Дәстүрлі индустриялардағы» өндірісті әртараптандыру



 

Мұнай-газ секторы



Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

 

2009 жылы республикада мұнай мен газ конденсатын ендіру шамамен 76,5 млн. тоннаны құрады, газ өндіру 35,6 млрд. текше метрді құрады. Мұнай мен газ конденсатының экспорты 68,1 млн. тоннаны құрады.

Мұнай өңдеу зауыттары (бұдан әрі - МӨЗ) 2009 жылы 12,1 млн. тонна мұнай өңдеді.

Мұнай өндіруді одан әрі дамыту теңіз жобаларымен, Теңіз және Қарашығанақ кен орындарын кеңейту жобаларының нәтижелерімен өзара тығыз байланысты.

 

 

Негізгі міндеттер



 

1. Мұнай мен газ конденсатын өндіру және оларды қайта өңдеу жөніндегі белгіленген көрсеткіштерді орындау.

2. Ішкі нарықтың мұнай өнімдері мен газға қажеттілігін қамтамасыз ету.

3. Мұнайды тасымалдаудың экспорттық бағыттарын әртараптандыру.

 

 

Нысаналы индикаторлар

 

1. 2014 жылы мұнай өндіру көлемінің өсуі 85,0 млн. тоннаға (2008 жылы 120,4 %) дейін, шикі газ 54 млрд. текше метрге дейін (2008 жылға 61,4%) жетеді.

2. 2014 жылға қарай мұнай экспорты 75 млн. тоннаны құрайды (2008 жылы 119,4%).

3. 2014 жылы қазақстандық МӨЗ-де мұнайды өңдеу көлемінің өсуін мұнайды өңдеу тереңдігін 87% - 90%-ға дейін ұлғайта және отандық мұнай өнімдерін Еуро сапа стандарттарына дейін жеткізе отырып, 15,0 млн. тоннаға дейін (2008 жылға 122,1 %) қамтамасыз ету.

4. «Бейнеу - Бозой - Ақбұлақ» газ құбыры бойымен газды тасымалдауды:

2012 жылы - жылына 3,6 млрд. текше метрге дейін;

2013-2014 жылдары - жылына 5,0 млрд. текше метрге дейін;

2015 және одан кейінгі жылдары - жылына 10 млрд. текше метрге дейін қамтамасыз ету.

 

 

Саланы дамытудың негізгі бағыттары

 

2010 - 2014 жылдардың ішінде республикадағы мұнай мен газ конденсатын өндіру Теңіз, Қарашығанақ кен орындары жобаларын іске асыру есебінен 1,5 млн. тоннаға, сондай-ақ Каспий теңізінің қазақстандық секторында (Қашаған және т.б.) кен орындарындағы өндірудің басталуы есебінен 3,5 млн. тоннаға ұлғаятын болады. Мұнай өндіруді ұлғайту тиісінше газ өндірудің өсуіне алып келеді, өйткені республикадағы газдың бәрі ілеспе болып табылады.

Саланы дамытудың негізгі операторы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ болады, ол ірі жобаларға тікелей қатысу, жаңа кен орындарын жайластыру мен іске қосу, геологиялық-барлау жұмыстарын қаржыландыру мен жүргізу арқылы мұнай және газ өндіру саласындағы отандық әлеуетті өсіруге шоғырландыратын болады.

Елдің орнықты экономикалық өсуін қамтамасыз етуге ықпал ету және Каспий теңізінің қазақстандық секторында көмірсутек ресурстарын тиімді әрі қауіпсіз игеру жолымен Қазақстан халқының өмір сүру сапасын жақсарту және 2010-2014 жылдары кезеңінде ел индустриясының ілеспе салаларын дамытуға қол жеткізу мақсатында өндіруді кешенді игеру және тұрақтандыруға жағдай жасау қажет, оның шеңберінде тиісті міндеттерді іске асыру жоспарланды.

Мемлекеттің саясаты өндірістің барынша қосылған құны жоғары өндірістерін дамытуды ынталандыруға, ірі жобаларда аутсоринг және жергілікті құраушыны нығайту арқылы шағын және орта кәсіпорындарда көмекші, қызмет көрсетуші және өңдеуші блоктарды қалыптастыруға, сондай-ақ қызмет көрсетуші және қайта өңдеуші кәсіпорындардың бірігуі есебінен ірі жүйе құраушы компаниялар кластерлерін қалыптастыруға бағытталатын болады.

Мұндай тәсіл мұнай-газ секторын дамытуды оның ұлттық қайта жаңғырту процесіне белсенді өндіру арқылы ішкі экономиканың салаларына ұштасқан кең мультипликативтік әсерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Бұл мақсаттарда мынадай инвестициялық жобаларды іске асыру көзделеді:

ЭЛОУ-АВТ-3 қондырғысының вакуумдық блогын және вакуумдық блогының қуаты жылына 1,8 млн. тонна болатын Атырау МӨЗ (Атырау облысы) баяу кокстау қондырғысын, жылына 1,0 млн. тонна болатын баяу кокстау қондырғысын қайта жаңарту;

Мұнай өңдейтін қуаты жылына 6,0 млн. тонна Шымкент МӨЗ (Оңтүстік Қазақстан облысы) жаңғырту және қайта жаңарту.

Мұнайды бастапқы өңдейтін қуаты жылына 6,0 млн.тонна болатын Павлодар МӨЗ (Павлодар облысы) жаңғырту және қайта жаңарту.

Мұнай компанияларының өңдеу деңгейін арттыру және сатып алуында қазақстандық қамтуды кеңейту үшін мынадай шаралар көзделеді:

мұнай-газ саласындағы ұлттық компаниялар жаңадан құрылатын өндірістерге тікелей қатысу немесе отандық кәсіпкердің өнімді ұзақ мерзімде өткізуіне кепілдік беру арқылы шикізатты өңдеу деңгейі мен қазақстандық қамту үлесін ұлғайтуды қамтамасыз ететін жаңа өндірістерді құруға бастамашылық ететін болады;

жер қойнауын пайдаланушылармен келісімшарттарда өңдеуші және ілеспе өндірістерді ұйымдастыру және отандық тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу басымдығын қамтамасыз ету жөнінде міндеттемелер енгізілетін болады.

Шикізатты өңдеу және отандық тауар өндірушілерден сатып алу деңгейін ұлғайтуға бағытталған ірі жеке жүйе құраушы кәсіпорындармен меморандумдар жасалатын болады.

Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалау шаралары

Көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету

Сыртқы нарықтарға шығатын көмірсутек ресурстары экспортының бағыттарын әртараптандыру, сондай-ақ ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мынадай жобалар іске асырылатын болады:

Қазақстандық Каспий тасымалдау жүйесі (ҚКТЖ)

Мұнайдың Қашаған және Теңіз кен орындарынан Каспий теңізі және Баку - Тбилиси - Джейхан жүйесі және/немесе басқа мұнай тасымалдау жүйелері арқылы халықаралық нарыққа экспорттауға арналған ҚКТЖ мыналардан құралатын болады:

1. Ескене - Құрық мұнай құбыры;

2. Транскаспий жүйесі/жобасы (ТКЖ), оған кіретіндер: Каспий теңізінің қазақстандық жағалауындағы мұнай құю терминалы; мұнай тасымалдауға және көмекші операцияларға арналған танкерлер мен кемелер; Каспий теңізінің әзірбайжандық жағалауындағы мұнай ағызу терминалы; Баку - Тбилиси - Джейхан жүйесімен қосу құрылыстары.

Каспий құбыр жолы консорциумы (КҚК)

Жалпы ұзындығы 1510 км болатын КҚК мұнай құбыры «Теңіз» кен орны мен Қара теңіздің ресейлік жағалауындағы Новороссийск портына жақын мұнай терминалын біріктіреді.

Мұнай құбырының өткізу қабілетін жылына 67,0 млн. тонна мұнай айдауға дейін ұлғайту көзделіп отыр.

Қазақстан - Қытай мұнай құбыры

Қазақстан - Қытай мұнай құбыры Атасу - Алашанькоу және Кеңқияқ - Құмкөл мұнай құбырының жобасын іске асыруды қамтиды. Қазақстан - Қытай мұнай құбырының қазіргі қуатының өткізу қабілетін жылына 20 млн. тоннаға дейін кеңейту көзделіп отыр.

Атырау — Самара

Атырау - Самара мұнай құбыры мұнайды Қара теңіз немесе Балтық теңізі бағытында Ресей Федерациясының аумағы арқылы тасымалдаудың басым бағыттарының бірі болып табылады.

«Бейнеу — Бозой - Ақбұлақ» газ құбыры

Елдің оңтүстік өңірлерінің газға деген қажеттілігін қамтамасыз ету және газ импортына тәуелділігін жою мақсатында «Бейнеу - Бозой - Ақбұлақ» газ құбырын іске қосу кешендері бойынша пайдалануға беру көзделіп отыр:

1-кезектің 1-іске қосу кешені - 2011 жыл;

1-кезектің 2-іске қосу кешені - 2013 жыл;

2-кезек - 2019 жыл.

Сервистік инфрақұрылымды қалыптастыру

Мұнай-газ өнеркәсібінің біліктілігі жоғары кадрларға және ғылыми-зерттеу ресурстарына, сондай-ақ техникалық, басқарушылық және коммерциялық қызметтерге сұранысын қанағаттандыруға арналған озық технологиялардың (Каспий энергетикалық хабы) интеграцияланған көпфункционалды орталығын құру мәселесі пысықталатын болады.

Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету

Мұнай-газ саласының 16 мамандық бойынша кадрларға мұқтаждығы Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беретін (бұдан әрі - ТжКБ) 18 оқу орнында даярлау шеңберінде өтелетін болады.

2011 жылы мұнай-газ саласы үшін Атырау қаласында 700 оқушы орынға арналған Өңіраралық кадрлар даярлау және қайта даярлау орталығы пайдалануға беріледі.

Мұнай-газ саласындағы кәсіптік білім жүйесін одан әрі табысты дамыту үшін саладағы оқытудың әлемдік стандарттарына көшу:

1) жастарға кәсіптік білім беру және қазақстандық кадрларды даярлауда компаниялардың жауапкершілігін көздейтін нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу;

2) әлеуметтік әріптестермен: оларды кадрлар даярлауға тарту, қазақстандық кадрларды оқыту процесінде мұнай компанияларының оқу орталықтарын бірлесіп пайдалануды қамтамасыз ету жолымен өзара іс-қимыл арқылы жүзеге асырылатын болады.

Мұнай-газ саласы үшін мамандар даярлау мемлекеттік тапсырыс және шетелдік ірі мұнай компанияларының мақсатты білім беру гранттарының шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Техникалық регламенттерді енгізу

Мыналардың:

1) бензинге, дизель отыны мен мазутке;

2) бензинге қоспаларға;

3) көлік құралдарына арналған жағармайларға және арнайы сұйықтықтарға;

4) мұнай-газ кәсіпшілігі, бұрғылау, геологиялық-барлау және геофизикалық жабдықтарға;

5) магистральдық мұнай құбырларына;

6) суасты құбырлар мен кәбілдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілейтін техникалық регламенттер қабылданатын болады.

 

 

Мұнай химиясы



Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

 

Көмірсутек шикізатын өндіру көлемінің ауқымына қарамастан, бүгінгі күні Қазақстанда қосылған құны жоғары өнім ала отырып, көмірсутек шикізатын тереңдете өңдеудің толық технологиялық тізбегі жоқ.

Көмірсутек шикізатын өңдеу мұнай мен газды айырумен шектеледі. Елде кеңес уақытында салынған әрі қазіргі заманғы стандарттарға сай келмейтін 3 мұнай өңдейтін және 3 газ өңдейтін зауыт жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның қатысуымен мұнай-химия өндірістерін құру жөніндегі базалық жобалар іске асыру кезеңіне дайындалуда.

Өзара байланысты мұнай-химия өндірістерін іске асыру үшін Атырау облысында «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы құрылды.

 

 

Негізгі міндет

 

Отандық көмірсутек шикізатын (мұнай/газ) өңдеудің тереңдігі және көлемін ұлғайту және қосылған құны жоғары өнім экспортын өсіру.

 

 

Нысаналы индикаторлар

 

1. 2012 жылға қарай жылына 500 мың тонна көлемінде битум өндіретін қуаттарды енгізу.

2. 2014 жылдан бастап хош иісті көмірсутектерін - бензолды жылына 133 мың т., параксилолды - жылына 496 мың т. көлемінде өндіруді қамтамасыз ету.

3. 2015 жылдан бастап базалық мұнай-химия өнімін - жылына 800 мың т. полиэтилен және жылына 500 мың т. полипропилен өндіруді қамтамасыз ету.

 

 

Саланы дамытудың негізгі бағыттары

 

Мұнай-химия өндірістерін құру екі бағыт бойынша көзделіп отыр.

Бірінші бағыт - МӨЗ, ГӨЗ-мен бірге бастапқы өңдеу өнімдерінің тереңдете өңдеу өнімдерімен өзара әрекеттесу технологияларын пайдалана отырып, базалық және қосылған құны жоғары мұнай-химия өнімін шығару үшін көмірсутек шикізатын тереңдете өңдейтін мұнай-химия өндірістерін құру.

Осы мақсатта мынадай инвестициялық жобаларды іске асыру көзделіп отыр:

Базалық мұнай-химия өнімін өндіретін, қуаты жылына 1,3 млн. тонна болатын, Теңіз кен орнының көмірсутек газын өңдеуді көздейтін интеграцияланған газ-химия кешені (Атырау облысы). Жобаны іске асыру мерзімі: 2009 - 2014 жылдар.

Ақтау пластмасса зауытының базасында Қазақстанның климаттық жағдайына сәйкес келетін, жол битумын өндіретін, қуаты 500 мың тонна (Қаражанбас ауыр мұнай өңдеу) битум зауыты (Маңғыстау облысы). Жобаны іске асыру мерзімі: 2010 - 2011 жылдар.

Жылына 133 мың тонна хош иісті көмірсутек - бензол, 496 мың тонна параксилола өндіретін Атырау МӨЗ кешенін салу.

Екінші бағыт - базалық мұнай-газ өнімін қосымша өңдеу саласында шағын және орта бизнес кәсіпорындарын салу мен өнеркәсіптік және тұтыну мақсатындағы (құбырлар, үлдір, аяқ-табақ, ыдыс, өндірістік және тұрмыстық мақсаттағы басқа да бөлшектер) қосылған құны жоғары инновациялық өнім шығару.

Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары

АЭА аумағында инфрақұрылыммен қамтамасыз ету

Интеграцияланған газ-химия кешені инфрақұрылымының объектілерін (нақты 11 объект) салу мемлекеттің қаржылық қолдауымен жүзеге асырылатын болады.

Шағын және орта бизнестің мұнай-химия кәсіпорындары орналасатын «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА (Атырау облысы) инфрақұрылымын салу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.


жүктеу 0,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау