«Бекітемін»
Жаңаөзен қалалық ішкі саясат
бөлімінің басшысы
______________Р.Абишаев
Бұйрық №01-04/08
«20» «шілде» 2015 жыл
Жаңаөзен қаласы бойынша 2015 жылы (мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша) әлеуметті – маңызды жобаларды іске асыру қызметтерін үкіметтік емес ұйымдар арқылы ерекше тәсілмен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың
КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМАСЫ
Бұл Конкурстық құжаттама (әрі қарай - Конкурстық құжаттама) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тарапынан Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» және «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Заңдарына (әрі қарай -Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы «Тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің мемлекеттік сатып алуын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі» № 1301 Ережесіне сәйкес Маңғыстау облысындағы үкіметтік емес ұйымдарының арасында әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысуға және өтінімдерін әзірлеуге арналған.
Тапсырыс беруші: «Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ, Жаңаөзен қаласы, Сатпаев көшесі, 214 бөлме, телефон, факс: 51-004, СТН 430700210 863; БСН 030440004329; ЖСК: KZ90070103KSN4307000 Маңғыстау облыстық Қазынашылық Департаментінде БСК: KKMFKZ2A.
Тапсырыс берушінің өкілі: Абыева Гулчехра Базарбаевна, Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімінің инспекторы; тел. 8 (72934) 51-004, электрондық пошта ovp-uzen@mail.ru
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы:
«Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ, Жаңаөзен қаласы, Сатпаев көшесі 1 үй, 214 бөлме, телефон, факс: 51-004, СТН 430700210863; БСН 030440004329; ЖСК: KZ90070103KSN4307000 Маңғыстау облыстық Қазынашылық Департаментінде БСК: KKMFKZ2A.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі:
Абыева Гулчехра Базарбаевна, Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімінің инспекторы; тел. 8 (72934) 51-004, электрондық пошта ovp-uzen@mail.ru
Конкурстық құжаттаманың бағасы:
«Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады»
1. Жалпы ережелер
1. Осы конкурстық құжаттама мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қызметтерді көрсетушілерге байқауға қойылатын талаптар туралы толық мәліметтерді жеткізу мақсатында әзірленген.
2. Конкурс 2015 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде үкіметтік емес ұйымдарының Жанаөзен қаласына қатысты әлеуметтік-маңызды жобаларды орындау жөніндегі қызметтерді жеткізіп берушілерді таңдау мақсатында өткізіледі.
3. Қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша аталған конкурс үшін бөлінген сома 2 767 000 (екі миллион жеті жүз алпыс жеті мың) теңгені құрайды (КТС есептелмеген).
№ лот
|
Жобаның аталуы
|
Әлеуметтік маңызы бар жобаларға бөлінген қаржының сомасы, теңге
КТС есептелмеген
|
|
Діни экстримизмнің алдын алуы бойынша іс-шаралары жүргізу
|
1 367 000
|
|
Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыра отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мехнизмдері
|
1 400 000
|
|
БАРЛЫҒЫ
|
2 767 000
|
Осы конкурстық құжаттамадағы сатып алынатын қызметтердің толық тізбесі 1-қосымшада көрсетілген.
Конкурс жеңімпазы әр лот бойынша анықталады.
4.Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:
1) осы конкурстық құжаттаманың 1-қосымшасына сәйкес, сатып алынатын қызметтердің тізбесін;
2) осы конкурстық құжаттаманың 2-қосымшасына сәйкес белгіленген тәртіппен бекітілген сатып алынатын, көрсетілетін қызметтердің сипаты мен талап етілетін техникалық және сапалық ерекшелігін;
3) осы конкурстық құжаттаманың 3-қосымшасына сәйкес нысандар бойынша заңды тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді;
4) осы конкурстық құжаттаманың 4-қосымшасына сәйкес нысандар бойынша көрсетілетін қызметтер көрсету үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;
5) осы конкурстық құжаттаманың 5-қосымшасына сәйкес баға ұсынысын беру нысанын көрсету.
6) Нақты шарттарды көрсете отырып мемлекеттік сатып алу туралы келісім – шарттың жобасы (Конкурстық құжаттаманың 6 қосымшасы).
2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық
құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның
ережелерін түсіндіруі
5. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші 2015 жылғы 27 шілденің 15.00 сағ. 00 мин. кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінуге құқылы.
Әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130200 Жаңаөзен қаласы, Сатпаев көшесі, 1 үй, 214 бөлме, «Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ.
6. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде оған жауап беруге міндетті және сұрау салу кiмнен келiп түскенi көрсетілмейді:
1) олар туралы мәлiметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тiркеу журналына енгiзiлген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерiн түсiндiрудi жiберу;
2) конкурстық құжаттама ережелерiн түсiндiрулердiң мәтiнiн тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында жариялауға мiндеттi.
7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 2015 жылдың 27 шілденің сағ. 15.00 кешіктірмей жеке бастамашылығы бойынша немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге тиіс. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен ресімделеді.
Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтеусіз негізде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін кемінде кемінде он күнтізбелік күн мерзімге ұзартады.
Мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы http://www.zhanaozen.gov.kz/ веб-сайтында жариялайды.
8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмелері берілген әлеуетті өнім берушілермен не олардың уәкілетті өкілдерімен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін Жаңаөзен қаласы, Сатпаев көшесі, 1 үй, 214 бөлме, «Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ.
мекен-жайы бойынша кездесу өткізеді.
9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен кездесудің хаттамасын жасайды, онда әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы олардың көздерін көрсетпестен, ұсынылған сұратулары, сондай-ақ осы сұратуларға жауаптар көрсетіледі. Хаттама әлеуеттi өнiм берушiлермен кездесу өткiзiлген күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей конкурстық комиссияға және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама алған әлеуеттi өнiм берушiлердi тiркеу журналында көрсетiлген конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн берген барлық әлеуеттi өнiм берушiлерге жiберiледi.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен болған кездесу хаттамасының мәтінін http://www.zhanaozen.gov.kz/
3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердіңұсынуы
Конкурсқа қатысуға өтінім
10. Конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызметтер көрсетуге конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.
11. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші тиісті құжаттарды әрбір лот бойынша нотариалды куәландырылады.
12. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтуға тиіс:
1) әлеуетті өнім беруші осы конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес толтырған және қол қойылған өтінімді;
2) әлеуетті өнім беруші оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың тізбесін:
- заңды тұлғаның құқықтық қабілеттілігін растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды:
- заңды тұлға заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жарғының нотариалды куәландырылған көшiрмесiн ұсынады;
- заңды тұлғаның құқықтық қабілеттілігін растайтын (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәлік, статистикалық картасы, СТН) нотариалды куәландырылған құжаттарды;
- лицензиялардың және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, әлеуетті өнім берушінің қызмет көрсетуге арналған басқа да құжаттардың көшірмесін;
3) әлеуеттi өнім берушiнiң арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды;
- осы конкурстық құжаттаманың 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк сатып алу процесiне қатысуға арналған бiлiктiлiгi туралы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс мәлiметтердi.
4) көрсетiлетiн қызметтердiң тізімін (қатысатын лоттарды көрсете отырып), оның ішінде;
техникалық және сапалық сипаттамалары, тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің (техникалық ерекшелiктi);
тауарлардың сандық көрсеткіштері (атқарылатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің);
қызметтерді көрсету орны, уақыты (аралығы) (атқарылатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің);
қызметтердi көрсету мерзiмдерiн және (немесе) көлемдерiн, тауарларға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға шығыстарға сапа кепiлдiгiн.
5) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат.
13. Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерінің қолданылу мерзімі конверттерді ашқан күннен бастап, кемінде 35 күн болып белгіленеді.
14. Конкурстық құжаттамада көрсетілген қолданылу мерзіміне қарағанда қысқа мерзімді қамтитын конкурстық өтінім қабылданбайды.
15. Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары теңгемен берілуге тиіс.
Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар
16. Конкурсқа қатысуға өтінімді және тиісті құжаттарды әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттерімен береді және соңғы бетіне оның қолымен және мөрімен куәландырылады.
Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі тігілген түрде, нөмірленген беттерімен, соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен куәландырылған түрде жеке беріледі.
17. Конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы, әлеуетті өнім берушінің мөрімен бекітілуі тиіс.
18. Конкурстық өтінімде әлеуетті өнім берушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауы тиіс.
19. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен почталық мекен-жайы (егер ол «кешікті» деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпаған күйінде қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, («Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі, индекс: 130200 Жаңаөзен қаласы, Сатпаев көшесі, 1 үй, 214 бөлме, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін: "2015 ЖЫЛЫ ЖАНАӨЗЕН ҚАЛАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК-МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТТЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ БОЙЫНША КОНКУРС " және "2015 жылғы 04 тамыз, сағат 16.00 ға ДЕЙІН АШПАҢЫЗ».
Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі
20. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе мекенжайы бойынша тапсырысты пошталық байланысты пайдалана отырып: 2015 жылғы 04 тамыздың 14 сағат 00 минутқа дейінгі мерзімге дейін қоса алғанда «Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130200 Жаңаөзен қаласы, Сатпаев көшесі, 1 үй, 214 бөлме, «Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ.
өтінімдерді қабылдауға және оларды тіркеуге жауапты конкурстық комиссияның хатшысы Абыева Гулчехра Базарбаевнаға береді.
21. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткеннен кейін алған барлық конкурстық өтінімдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге не алғаны туралы қолхатпен әлеуетті өнім берушілердің тиісті уәкілетті өкілдеріне жеке өздеріне қайтарылады.
22. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті журналға тіркейді.
23. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптары бұзылған конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер қабылданбайды және тіркелмейді.
Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу
24. Әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуі немесе қайтарып алуы мүмкін. Өзгеріс енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуы, желімделуі және ұсынылуы тиіс.
Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама әлеуетті өнім беруші қол қойған және мөрімен бекітілген сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін түрде жазылған өтініш түрінде ресімделеді.
Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.
25. Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтарып алу сияқты, оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
26. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей нақты уақыт кезеңіне арналған өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуын жасауға құқылы. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімінің мерзімі ішінде конкурс тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу құқығын жоғалтпастан, мұндай сұрау салудан бас тартуға құқылы.
27. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға оның қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, эксперттік комиссия, эксперт, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелеріне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.
4. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссияның ашуы
28. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды келген барлық әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссия Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130200 Жаңаөзен қаласы, Сатпаев көшесі, 1 үй, 214 бөлме, «Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ.
мекенжайы бойынша 2015 жылғы 04 тамыз сағат 16: 00 минутта жүргізеді.
Конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі мен конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу арасындағы кезең екі сағаттан аспауға тиіс.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (ескерту) және осы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдер салынған конверттер ашылуға жатады.
Егер конкурсқа (лотқа) қатысуға бiр ғана өтiнiм ұсынылса, онда сондай-ақ конкурсқа қатысуға арналған осы өтiнiм ашылады және қаралады.
29. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130200 Жаңаөзен қаласы, Сатпаев көшесі, 1 үй, 214 бөлме, «Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ.
мекенжайы бойынша 2015 жылғы 04 тамыз сағат 14.00 минутқа дейін өздерінің қатысуын растай отырып, олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуге және әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналына тіркелуге тиіс. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі отырыста қолданатын аудиожазба және бейнебақылаудың техникалық құралдары жөнінде конкурстық комиссияны хабардар етеді.
30. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің және оның уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді.
31. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:
1) осы конкурстық құжаттамада ол туралы мәліметтер көрсетілген комиссия хатшысы қатысушыларды мыналар туралы хабардар етеді:
- конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы туралы;
- конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілердіңсаны;
- әлеуетті өнім берушілердің сұрауларының бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөніндегі әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізгені;
- конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ себептері;
- тиісті тіркеу журналына тіркелген конкурсқа қатысуға өтінімдерді белгіленген мерзімде ұсынған әлеуетті өнім берушілер;
2) конкурстық комиссияның өкілі не конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан төраға белгілеген тұлға:
- конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;
3) конкурстық комиссияның хатшысы:
- тиісті конверттерді ашу хаттамасын рәсімдейді;
- әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін ала алатын мерзім туралы хабардар етеді.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасына конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері, оның төрағасы, оның орынбасары, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әр бетіне қол қояды.
Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы хаттамасының көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысқан әлеуетті өнім берушілерге немесе олардың уәкілетті өкіліне конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы өткізілген күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал қатыспағандарға – олардың жазбаша сұрауы бойынша сұрау алынған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.
5. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді
олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі мәніне
конкурстық комиссияның қарауы және әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберу
32. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілердің арасынан біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.
33. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия қажет болған жағдайда:
1) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда сұратуға;
2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратуға құқылы.
Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтiруге байланысты сұратулары мен өзге де әрекеттерiне жол берiлмейдi. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі.
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстық құжаттамада түзетуге жататын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болған жағдайда ұсынылған өтінімнің негізін өзгертпей конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес деп қарайды.
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтайды.
34. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы болып танылмайды) егер:
1) әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжатты (құжаттарды) ұсынбауы;
2) әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтындығы жөніндегі құжаттағы ақпаратқа сәйкес біліктілік талаптарына сай еместігі белгіленгенде;
3) біліктілік талаптары жөнінде шынайы емес ақпараттар ұсынылса;
35. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші конкурсқа жіберілмейді (конкурсқа қатысушы ретінде танылмайды), егер:
1) ол біліктілік талаптарына сәйкес еместігі анықталса;
2) ҚР «Мемлекеттік сатып алу» Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;
3)конкурсқа қатысуға арналған оның өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп айқындалса.
Егер әлеуетті өнім беруші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негіздемелер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе, онда:
- конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада осындай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін кейінге қалдыру негіздемесі көрсетіледі;
- Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілуге жатады.
36. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру бойынша мемлекеттік сатып алу қызметтерін өткізу жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша комиссия төраға белгілеген уақытта, конкурсқа қатысуға берілген өтінімдері қарау мерзімінен кеш емес мерзімде:
1) өз өкілеттігі шегінде әлеуетті өнім берушілердің ұсынып отырған қызметтердің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың толықтығы мен тиісінше ресімделуінқарайды;
Комиссия мүшелері әлеуетті өнім беруші ұсынып отырған қызметтердің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігіне қорытынды және келесі қағидаттар бойынша баға береді:
әлеуметтік жобаның тапсырыс берушінің қойған мақсаттары мен тақырыбына сәйкестігі;
ұсынылып отырған жобаның ұйымның міндетіне сәйкестігі (жарғылық міндеттерге);
ұйым міндетінің Тапсырыс берушінің салалық бағытына сәйкестігі;
тапсырыс беруші қойған мақсаттарға қол жеткізу жолындағы жоспардың болуы (іс-шаралардың атауы мен үлгісі, мақсаттық топтар, өткізу мерзімдері, мекенжайы көрсетіле отырып, өткізу орны мен қамтылатын тұрғындар);
жобаны жүзеге асыру аясындағы әлеуметті өнім берушілер саны;
конкурстық құжаттама талаптарына сай әрбір шара бойынша шығындар сметасының болуы;
жобаны жүзеге асыруда нәтижелер тиімділігін бағалау бойынша өлшенетін белгілердің болуы;
жобаны жүзеге асыру барысында бюджеттен тыс көздерден қосымша қаражатты тарту мүмкіндігі;
жобаны жүзеге асыруға жоғары білікті манадарды тарту мүмкіндігі;
әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтердің «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер Реестірінде» болуы.
Конкурстық комиссия 1)-9), тармақшаларында көрсетілген критерийлерді 0-ден 5 балға дейін бағалайды.
Конкурстық комиссия 10) тармақшада көрсетілген критерийлерді 0-ден 1 балға дейін бағалайды.
2) комиссия белгіленген критерий лер бойынша 0-ден 5-ке дейін балл көрсеткіштерін көрсете отырып әрбір техникалық ерекшелікке бағалау парағын дайындайды.
Комиссия әрбір техникалық ерекшелікті талқылау нәтижесі бойынша әр критерий аясында бағалау парағында балдар қояды;
3) әлеуетті өнім берушілердің ұсынып отырған қызметтерінің конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелігіне сай немесе сай еместігіжөнінде қорытындыны ресімдейді және қол қояды;
4) тиісті үлгіде ресімделген құжатты ұсынады және сондай-ақ, әлеуетті өнім берушілердің құжаттарын комиссия хатшысына береді;
5) конкурстық комиссия аталған қорытынды негізінде конкурсқа қатысуға берілген өтінімдерді қараудың қорытындысын шығарады.
Әрбір критерий бойынша қойылған комиссия мүшелерінің балы қосылып, шыққан сома жобалық ұсыныстың бағасы болып есептеледі.
Жобалық ұсынысқа конкурстық комиссияның қорытынды бағалары жалпы тізімдері белгілі тәртіп бойынша енгізіледі.
Ең жоғарғы балл жинаған жобалық ұсыныс (28- ден кем емес), немесе жоғары балдардан тепе-тең балл (28 - кем емес) жинаған жобалық өтінімдер конкурстық бағалық ұсыныстар кезеңіне дейін жіберіледі.
28 баллдан төмен балл жинаған жобалық ұсыныс конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
37. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижесі бойынша конкурстық комиссия:
1) біліктілік талаптарына және конкурсқа қатысуға жіберілетін (конкурсқа қатысушылар) конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;
2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді және конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің (конкурсқа қатысушылардың) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық баға ұсыныстарын беру күнін, уақытын, орнын белгілейді.
38. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде көрсетілген хаттаманың көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерге береді немесе жібереді, сондай-ақ қол қойылған хаттаманың мәтінін http://www.zhanaozen.gov.kz/веб-сайтында орналастырады.
Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешімі Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағымдалуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |