§ 171. Рентгенспектралды талдау зертханашысы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қабылданған әдістеме бойынша сынамалар сериясының сапалық және сандық рентгенспектралды талдауын жүргізу. Талдау үшін үлгілер (сынамалар) сапасын бақылау және дайындау. Синтетикалық эталондар мен ерітінділерді дайындау. Сынамалар сериясына талдау жүргізу жоспарын құру. Рентгенспектралды аппаратты бөліктеу. Эталондар бойынша саралау кестелерін түзеу. Аппаратура жұмысын қадағалау. Бөліктенген графиктер және кестелер бойынша аспаптардың көрсеткіштерін өңдеу. Талдау нәтижелерін ресімдеу және өңдеу. Рентгенспектралды аппараттарды түрлі жұмыс режіміне ауыстыру.
Білуге тиіс: рентгендік сипаттық спектр және тежеу спектрі туралы жалпы мәліметтер; рентгендік сәулелердің қасиеттері және олардың заттармен өзара әрекеттесуі; қозғаушы сынамалардың флюоресценция спектрлары туралы негізгі мәліметтері; кристаллдифракционды өлшемдердің физикалық негіздері; жоғары вольттық генераторлардың қағидалық кестелері; рентген спектрметрдің оптикалық сызбасы және аппараттарды желіге қосу ережелері; рентген түтіктердің типтері мен құрылымы; кенотрон, қорғау қаптамасы және басқару тетігінің жеке элементтерінің міндеттері; рентгенспектралды аппараттарда қолданылатын аппараттардың сипаттамасы; бөліктеу графигінің құрылу әдісі; сынамалардың пайыздық мөлшерін құру есебін орындау тәртібі; талдау жасалатын өнімдердің құрамы; сынамалардың, эталондар және талдау сапасына қойылатын талаптар; рентгенспектралды талдау жүргізудің кезеңдері және әдістемесі; қателіктер көздері.
§ 172. Рентгенспектралды талдау зертханашысы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қабылданған әдістемелер бойынша материалдың екі-үш түрлері үшін бірнеше компоненттерге сериялы сапалық және сандық рентгенспектралды талдаулар жүргізу. Талдау жасалып отырған элементтің концентратына сәйкес сынамаларды өлшеудің тиімді режімі мен әдістемесін таңдау. Эталондарды таңдау және олар бойынша саралау графигін құру. Белгісіз материалдардың талдауын және стандартты емес талдауларды орындау. Абсорционды рентгенспектралды әдіспен ерітінділерді талдау, дискриминация режімдерін орнату дұрыстығын тексеру. Рентгенспектралды аппараттардың кішігірім ақауларын жою, рентген түтіктерін, тіркеу жүйелерінің жеке блоктарын ауыстыру. Метрологиялық есептерді ресімдеу және өңдеуге және әдістемелік жұмысқа қатысу. Импульс есептеуіштерінің жұмыс сипаттамасын анықтау. Жұмыс уақытын таңдау және ақаулық табылған жағдайда есептеуішті ауыстыру. Есептеуіш шелін ауыстыру және таңдау. ЭВМ және спектрометрлерде жұмыс істеу кезінде апатты және қате кеткен жағдайларды талдау.
Білуге тиіс: физика, жалпы және аналитикалық химия негіздері; рентгенспектралды аппаратардың блогының құрылысы, белгіленуі және жұмыс істеу қағидасы, алғашқы және қайталама спектрларды қоздыру; рентгендік сәулелерді кристаллдардағы рентгендік сәулелердің дифракциясы мен спектріне ыдырату; қайталама рентген сәулесі қарқындылығының талдау жасалып отырған объектінің құрамына тәуелділігі; кристалл-талдауыштардың фокустау әдістері; рентгенспектралды сапалық және сандық талдаудың сызбасы; талдау сезгіштігі және оны қолдану аясы; рентгенспектралды талдаудың мүмкін болатын қателіктері, олардың алдын-алу және есептеу әдістері; технологиялық процесті бақылайтын негізгі параметрлер; талдау үшін сынамаларды таңдау және дайындаудың операциялық параметрлері және сызбасы; талдау жасалатын өнімдердің құрамы және оларды алудың технологиясы; рентгендік сәулелерді спектрге ыдырату және есептік шкалаларды түзету әдістері.
§ 173. Рентгенспектралды талдау зертханашысы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ішкі стандарт және стандарт-фон әдісімен талдауыштар, квантометрлер, қысқа толқынды және ұзын толқынды рентгенспектралды спектрометрлерде жоғары күрделілігі бар стандартты емес сандық және сапалық рентгенспектралды талдауларды орындау. Күрделі химиялық және фазалық құрамы бар объектілерді талдау (тотықтар, тұздар, фторидтер, флюстер, шлактар, металлдар, балқымалар, лигатуралар). Жұқа қабаттардағы рентгенспектралды талдау. Бірнеше элементке қорытынды сынамалар мен синтетикалық эталондар дайындау. Балқымалардағы ақаулар, пісіру жерінің жергілікті рентгенспектралды талдауын орындау. Талдаудың тиімді шарттары мен әдістерін таңдау. Стационарлы және тасымалдау рентгенспектралды аппараттарын жөндеу және монтаждау. Талдауыштарды радиоактивті изотоптармен қайта зарядтау. Спектометрлердің есептік-тіркеу трактыларын тексеру. Рентгенспектралды талдаудың түрлі әдістерін қолдана отырып, әдістемелерді әзірлеуге және жаңа аппаратураны меңгеруге қатысу. Талдау нәтижелерін электронды және клавишті есептегіш машинкаларда өңдеу. Элементтердің аналитикалық желілерінің қарқындылығын кешенді өлшеу. Сканерлейтін спектрометрде сапалы талдау жүргізу.
Білуге тиіс: рентгентехника мен бағдарламалаудың негіздері; рентгенспектралды аппараттардың негізгі түйіндері, жұмыс істеу қағидасы және құрылымы; радиоактивті изотоптармен жұмыс істеудің санитарлы ережелері; радиоактвитігі, рентгендің сәулесінің заттармен өзара әрекеттесуі, атомдардың құрылымы туралы қысқаша мәліметтер; рентгенспектралды талдаудың әдістемелері; түрлі әдістердің нақтылығы мен сезгіштігі; қателіктерді классификаттау; кристаллдарды түзету және орнату тәртібі; рентгенспектралды талдаудың арнайы және жалпы әдістері (сыртқы стандарт, стандарт-фон).
§ 174. Рентгенспектралды талдау зертханашысы
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Автоматтанған рентгендік аналитикалық жүйелерді қолдану кезінде түрлі агрегаттық күйдегі сынамаларды сапалық және сандық талдауды орындау және осы жүйелердің қызмет еөрсетуі. Химиялық және фазалық құрамы бойынша күрделі объектілерінде элементтерді стандартты емес анықтауды орындау. Байланыс теңдеуін шешу негізінде есептеудің түрлі тәсілін қолдана отырып, элементтердің концентратын табу. Спектрдің нәзік құрылымын зерттеу барысында рентгенспектралды талдауды қолдану. Жүргізілген өлшеулер мен есептемелерді бақылау. Рентгенспектралды талдаудың жаңа әдістерін енгізу және меңгеру. Есептеуіш машинкалардың кішігірім ақауларын жою. Ақпаратты автоматты басқару жүйесіне технологиялық процес арқылы жіберу. Рентгенспектралды талдау үшін жаңа аппаратураны меңгеру.
Білуге тиіс: автоматтанған рентгендің аналитикалық жүйелердің құрылу құрылымы; рентгендік зертханаларының метрологиялық базасының құрылу негіздері; есептеуіш машиналардың жұмыс істеу қағидасы және олардың рентгенспекралды талдауыштармен байланысы; орта арнайы оқу орнының көлеміндегі бағдарламалау, есептеу техникасы, электроника, математикалық статистика және рентген физикасының негіздері.
§ 175. Зертханашы- рентгенқұрушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Фототіркеу рентген аппараттарын жұмысқа дайындау және олардың жұмыс процесінде қызмет көрсетуі. Бақылауға жататын үлгілерді дайындау. Камераларды жұмысқа дайындау. Рентген үлдірін фотоөңдеу. Фотоәдіспен түсіру кезіндегі тізілу тәртібін жүргізу.
Білуге тиіс: рентген түтіктерінің құрылымы; кенотрондар және рентген түтіктерін күту тәртібі; аппараттарды желіге қосу ережелері; рентген қондырғысымен жұмыс істеу әдістері; камераларды зарядтау (симмериялы және ассиметриялы); үлгілерді дайындау қағидалары және оларды камераларда түзету; рентограммаларды өңдеу-фотоөңдеу, рентограммаларды компораторда өлшеу; рентген үлдірлерін айқындату, белгілеу, шаю және кептіру; рентген үлдірлерін сақтау шарттары; дебаеграммаларды есептеу және d қатарын график бойынша табу.
Жұмыс үлгілері
Рентген түтіктері – жаттығу.
§ 176. Зертханашы- рентгенқұрушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Металлдар, балқымалар және т.б. үлгілерді дайындау және оларды зерттеуге дайындау. Рентген сәулелерінің бір байламы астында тіреуіш және камераларда үлгілерді түзеу. Рентген қондырғыларының қызмет көрсетуі. Рентограммалар мен диаграммалы таспаларды өңдеу – ионизациялы аппараттарда жазу.
Білуге тиіс: рентген сәулелерінің табиғаты; рентген сәулелерінің ағзаға әсері; кристаллографиялық жазықтық (Вульфа-Брэгг теңдеуі) жүйесінің шағылысуының болу шарттары; сингониялар, тор параметрлері және жазықтық аралық қашықтық туралы бастапқы мәліметтер; басқару тетігінің жеке элементтерінің міндеттір, сондай-ақ кенотрондар мен рентген аппараттарының жүйелерінің қорғау қабының міндеттері; рентгенқұрылымды және ионизациялы қондырғыларда, аппараттарда жұмыс істеудің негізгі тәсілдері; ассиметриялық түсірудің әдісі; рентген камераларында жазық үлгілерді түсіру әдістері (біржақты рентгенограммалар үшін); Закс кері түсіруінің әдісі; фиксаждар мен айқындауыштарды дайындаудың ережелері; рентгенограммаларды өлшеу және оларды есептеу; дебаеграммаларды шешу; рентгенограммаларды фотометрлеу әдістемесі.
Жұмыс үлгілері
1. УРС-60 типіндегі аппараттар – кенотрондар мен рентген түтіктерінің қондырғысы.
2. Рентген камералары – аппараттағы қондырғы, байламға қатысты түзеу.
3. Ұнтақты үлгілер – әзірлеу.
4. Цилиндрлік үлгілер – рентген камераларындағы түзету және орнату.
5. металлдар мен бақымалар және т.б. үлгілері – ионизациялы аппараттарда орнату.
6. Рентген және есептеуіш үлдірлері – сапасын анықтау.
§ 177. Зертханашы- рентгенқұрушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Рентгенқұрылымды аппаратураның қызмет көрсетуі және оның алдын-алу жөндеу жұмыстары. Зерттеліп отырған материалдың сипаттамаларына сәйкес тізілу тәртібінің режімін таңдау. Рентгенограммалар мен дифрактограммалардың мағынасын ашу. Фазалық талдау жүргізу. Текше және орта сингонийлер материалдары мен қарапайым ұяшықтар параметрлерін есептеу. Рескристаллдау процестерін кері түсірілімінің рентгенограммалары бойынша зерттеу.
Білуге тиіс: рентген сәулелерінің қасиеттері; кристаллдағы рентген сәулелерінің дифракциясы мен рентген спектрларының пайда болу табиғаты; суытатын құрылғы, басқару тетіктері және жоғары вольтты генераторлардың құрылысы және белгіленуі; рентгенқұрылымы зерттеулерінде қолданылатын аппараттарының сипаттамасы; рентген камераларының құрылымдары; кейбір іріктемелі-сіңіру сүзбелерін дайындау әдістері; рентгенограммаларды өңдеу; микрофотометрлердің құрылғысы, олармен жұмыс істеу тәсілдері; рентгенограммаларды көзбен шолу және фотоматериалға қарқындылық жазуы арқылы фотометрлеу; планиметр көмегімен сызықтың интегралды енін өлшеу; ионизациялы қондырғының негізгі ақаулықтары және жұмыс тәсілдері; импульс есептеуішінің жұмыс сипаттамасын анықтау; жұмыс уақытын таңдау және ақаулықтар болған жағдайда есептеуішті ауыстыру; түтік пен есептеуіш шелін ауыстыру және таңдау; патенциометрде диаграммалық таспаның түрлі жылдамдығын орнату; «нүкте бойынша» сызық қимасы бойынша қарқындылықты үлестіру жазуы; кристаллды торлардың кернеуі және бұрмалауы туралы жалпы түсінік.
Жұмыс үлгілері
1. Илем станоктарының валкасы – қалдық аустенитінің санын анықтау.
2. Үлдірдің симметриялы және асимметриялы белгісімен дебаеграмма және кері түсірілім рентгенограммасы- компараторда өлшеу.
3. Дифрактограммалар – потенциометрде жазу арқылы түсірілім.
4. Импульстар есептеуіштері – орнату және олардың жағдайларын тексеру.
5. Түтіктер – ионизациялы қондырғыға монтаждау.
§ 178. Зертханашы- рентгенқұрушы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Рентгенқұрылымды талдау үшін рентген дифрактометрлерді фотоәдіспен көмегімен зерттеу үшін стационарлы және тасымалданатын аппараттар мен қондырғыларды түзеу және монтаждау. Құрылымдық талдау үшін түрлі камералар мен тіреуіштерді түзеу. Қарапайым температуралы, текстуралы, кішкене бұрышты камералар мен тіреуіштерді қолдану арқылы зерттеу жүргізу кезінде түсірілім сызбасын, режімін және әдісін таңдау. Материалдар құрамын, құрылымын оқу және бақылау және макро-мен микрокернеу талдауы бойынша рентгенграфикалық жұмыстар. Монохроматизирленген сәулеленуден рентгенограммаларды алу және оларды есептеу. Алынған нәтижелерді өңдеу және ресімдеу.
Білуге тиіс: рентген сәулелерінің қасиеттері және кристаллография негіздері; рентген сәулелерінің дифракция теориясы; металлдар мен балқымалардың құрылу негіздері; металлдарды механикалық, термиялық және басқа өңдеу әдістерінің қағидалары және балқымалар мен металлдар құрылымы мен құрамының өзгеруінің рентгенодифракицялы бейнесіне ықпал етуі; рентгенқұрылымды талдаудың жалпы және арнайы әдістері; дифрактометрлер мен рентген аппараттарының құрылымы; монохроматор камералары, температуралы кішкене бұрышты, текстуралық камералар мен тіреуіштердің құрылымы; рентген гониометрлердің құрылымы, оларды орнату және түзеу тәртібі; түрлі түзетулер енгізе отырып, номограммалар, кестелер және графиктерді қолданумен рентгенограммаларды шешу және есептеу әдістері; қарқындылықты анықтау; форма және дифракционды сызық енінің талдауының әдістері.
Арнайы орта білім қажет.
Жұмыс үлгілері
1. Блоктар – металлдың қақталған үлгісінің микроқателігінің мен көлемін анықтау.
2. Образцы радиоактивные - исследование.
3. Тозатын балқымалар – түрлі температуралардағы тор параметрлерін анықтау.
4. Полюсты объектілер үшін мүсіндер – құрылуы.
§ 179. Зертханашы- рентгенқұрушы
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Басқарылатын дифрактометр-ЭВМ кешенін қолдану арқылы рентгенқұрылымды зерттеулер орындау. Химиялық және фазалық құрамы бойынша күрделі үлгілерінің рентгенқұрылымды талдауы. Арнайыландырылған шағынгабаритті аппаратураның көмігемін ірігабаритті объектілерде зерттеу жұмыстарын жүргізу. Объект бетін зерттеуге дайындау. Рентгенограмма алу үшін жағдайларды таңдау. Тәжірибелік деректерді алу және өңдеу, қорытынды беру және есепті құру.
Білуге тиіс: басқаралытан дифрактометр-ЭВМ кешенінің қызмет көрсету ережелері және жұмыс істеу қағидасы; басқару кешенін қолдана отырып, рентгенқұрылымды зерттеудің әдістемелік базасын құру негіздері; «үздіксіз жазу» кезінде тәжірибелік деректерді алу; «интегралды», «нүкте бойынша» және «фонды өлшеу» режімінде өлшеу.
Арнайы орта білім қажет.
Жұмыс үлгілері
1. Тасымалданатын аппараттар – бақылау шартын таңдау, түзеу.
2. Басқару кешендері – текстураларды талдау.
3. Ірігабаритті объектілер – макрокернеуді анықтау.
§ 180. Зертханашы- сенситометрист
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кинофотобұйымдарды үлдір қабатының беріктілігіне, үлдірдің бақылау қабаты мен эмульсионды қабатын балқыту температурасын анықтауға, үлдірдің эмульсионды қабатының ісініуіне сенситометриялық сынау жүргізу; Анағұрлым жоғары білікті зертханашы-сенситометристтің басшылық етуімен жарық сезгіштігі, оптикалық және тығыз төс етегінің кереғарлық коэффициенті, пердесінің оптикалық тығыздығы, фотографиялық ені, максималды оптикалық тығыздығы және басқа фотографиялық көрсеткіштерді анықтау, кинофотобұйымдардың оң сорттарын сенситометриялық сынау. Үлдір үлгілерін сынауларға дайындау.
Білуге тиіс: дензографтар, резельвометрлер, айқындауыш аспаптар, сенситометрлер, денситомертлер және басқа қызмет көрсетілетін аспаптардың жұмыс істеу қағидасы; жарық сезгіштік қабатын сулау, фотоэмульсия синтезі туралы жалпы мәліметтер; рецептура бойынша композицияны таңдау; қараңғыда жұмыс істеу кезінде улы және жарылғыш заттармен жұмыс істеу ережелері.
§ 181. Зертханашы- сенситометрист
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кинофотобұйымдарды үлдір қабатының беріктілігіне, үлдірдің бақылау қабатын және эмульсионды қабатын балқыту температурасын анықтауға, үлдірдің эмульсионды қабатының ісінуіне сенситометриялық сынау. Реверсивті фотоқағаз және қайтымды үлдірлерді сенситометриялық сынау. Фотографиялық қабаттың қалыңдығын өлшеу. Қараңғы бөлмелердегі жарықтың актинитті еместігін тексеру. Фильмкөшірмелеріндегі дыбыс пен кадр бейнесінің өлшемі мен орналасуының дұрыстығын тексеру. Дайын өнім мен жартылай фабрикаттар осінің, эмульсияның тұрақтылығына тәжірибелі үлгілерді сенситометриялық сынау. Сенситометрде үлгілердің фотоүлдірге сәуленің әсерін тигізуі. Фотоерітінділермен үлгілерді өңдеу. Денситометрлерде оптикалық тығыздықты өлшеу. Оптикалық тығыздықтың экспозиция логарифмінен тәуелділігінің сипатты қисықтарын құру. Жарық сезгіштігі, оптикалық және тығыз төс етегінің кереғарлық коэффициенті, пердесінің оптикалық тығыздығы, фотографиялық ені, максималды оптикалық тығыздығы және басқа фотографиялық көрсеткіштерді анықтау.Оптикалық аспаптарды реттеу. Сынау нәтижелерін жазу.
Білуге тиіс: дензографтар, резельвометрлер, айқындауыш аспаптар, сенситометрлер, денситомертлер және басқа қызмет көрсетілетін аспаптардың құрылымы; химия мен фотохимияның негіздері; фотоэмульсия синтезінің, жарық сезгіштік қабатын сулау, рецептура бойынша композиция таңдаудың ережелері мен әдістері; Үлдірлерді фотоерітінділермен өңдеудің ережелері; графикалық есептерді жүргізу; Кинофотоүлдір мен фильмкөшірмелерге қойылатын техникалық шарттар; киноүлдірлердің геометриялық өлшеміне, филькөшірменің дыбысына және бейне кадрларының орналасуына қойылатын мемлекеттік стандарттар.
§ 182. Спектралды талдау зертханашысы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сапалы және сандық спектралды талдаулар жасау, электродтар мен сынамаларды талдауға дайындау. Фиксаж бен айқындауыштың стандартты ерітінділерін дайындау. Спектралды аппаратураны дайындау, түсіру, фототаспаны фотоөңдеу және спектрограммаларды өлшеу. Квантометрді қосу және өшіру. Анағұрлым жоғары білікті зертханашының басшылық етуімен түрлі-түсті металлдар мен олардың негізінде балқыманың, қоспалауыш элементтеріне орташа қоспаланған және көміртекті болаттар мен шойынды фотографиялық сандық спектралды талдауын орындау.
Білуге тиіс: оптика, фотография, электр және химия туралы жалпы мәліметтер; спектралды талдау әдісі; үш эталон әдісінің мәні; қоспаланатын элементтерінің химиялық мағынасы; спектралды талдау үшін түрлі электродтардың міндеттері; реактивтер және қышқылдармен жұмыс істеу ережелері; сынамалардың сапасына және талдауға қойылатын талаптар; талдаудың сандық және сапалық әдістерінің негізгі жағдайлары.
§ 183. Спектралды талдау зертханашысы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым объектілерге сапалы фотографиялық спектралды талдау орындау мақсатында спектрограммаларды түсіру және түсіру жоспарын құру. Фотоэлектр аппаратурасы жұмысының дұрыстығын тексеру: логарифмдігі, электрлік және фотоэлектрлік қайталанғыштығы. Сынамаларды ерітіндіге немесе қышқылға ауыстыру. Түрлі-түсті металлдар мен олардың негізінде балқыманың, қоспалауыш элементтеріне орташа қоспаланған және көміртекті болаттар мен шойынды фотографиялық сандық спектралды талдауын орындау. Стилоскоптарда орташа қоспаланған болаттарды жартылай сандық талдау.
Білуге тиіс: оптика, фотография, электр және химия негіздері; спектралды аспаптардың типтері және принципті сызбалары, микроспектрометрдің құрылымы; қоздыру көздерінің принципті сызбалары; қарқындылықты өлшеу әдістері; бөліктеу графигінің құрылу әдісі; параллельді талдау арасындағы мүмкін болатын айырмасы; спектрдің фотометрлеу әдістері; металлдар мен балқымалардың құрылымы туралы негізгі мәліметтер.
§ 184. Спектралды талдау зертханашысы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Спектрхимиялық әдіспен стандартты емес талдауды орындау. Металлдық сынамалар мен электродтарды дайындаудың сапасын бақылау. Жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес қоспалы элементтер мен шағын концетратты спектрхимиялық әдіспен талдау кезіндегі сынамаларды химиялық дайындау. Металл қышқылдарын алу. Стандартты ерітінділер мен синтетикалық эталондарды әзірлеу. Спектрхимия әдістерімен сынамаларды сандық талдауды орындау. Титанды балқымалар, балқымалар және қыздыруға берік коррозиялы тұрақты болатты құрушыларды сандық және сапалық анықтау. Қоспаланатын элементтерге жез және қалайы балқымасы, қоспаланған болаттар, таужыныс, кен өнімдері, оларды байыту және металлургиялық өңдеуінен алынған өнімдердің жұмыс нұсқаулықтары бойынша сандық фотографиялық және фотоэлектрлік спектралдық талдауды орындау. Кремнийге кобальтты ұнтақтың сынамасын талдау. Никельді талдау (анодтар, балқытқыш, негіздер). Темір спектрінің көмегімен спектралды сызық толқынының ұзындығын өлшеу. Балқымадағы оттек пен сутекке талдау жүргізу. Түрлі-түсті балқымалардың стилоскопиялық талдауы. Орташа қоспаланған болаттар мен түрлі-түсті балқымаларды жергілікті спектралды талдауды орындау.
Білуге тиіс: спектралды сызықтарды қоздыру шарттары; спектралды сызықтар қарқындылығының анықталып отырған элементтің концетратына тәуелділігі;жарық көздері; спектралды призмалы және дифракционды аспаптарының негізгі сипаттамасы; фотоэмульсия қисығының сипаттамасы; ерітінділер мен балқымалардың талдауы; таза заттарды талдау әдістерінің мәні; генераторлардың электрлік сызбасы мен құрылымы.
§ 185. Спектралды талдау зертханашысы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Фотоэлектрлік, фотографиялық әдістермен стандартты емес талдауларды орындау. Тотықтар, тұздар, фторидтер, флюстер мен шлактарды талдау. Тұздар, қышқылдар, флюстер және шлактарға синтетикалық эталондарды әзірлеу. Титрленген ерітінділерді дайындау. Балқымадағы ақауларды, дәнекерлеу жіктерін жергілікті спектралды талдауын орындау. Талдаудың фотографиялық, спектрхимиялық, фотоэлектрлік, жергілікті және басқа да спектралды әдістерін қолдана отырып, әдістемелік жұмыстарға қатысу.
Білуге тиіс: спектрлердің қозу себептері; спектралды аспаптар; спектрларды тіркеу әдістері; спектралды сызықтардың сипаттамасы, шлактар, флюстер, фторидтер, тұздар, тотықтар, ерітінділер және балқымаларды талдаудың сандық және сапалық әдістері; шағын қоспаларды анықтау; титрленген ерітінділерді дайындау әдістері, қосу әдісі.
Арнайы орта білім қажет.
§ 186. Спектралды талдау зертханашысы
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Белгісіз үлгілерді сапалы талдауды орындау. Есептеуіш техникасын қолдана отырып, орындалған стандартты емес талдауларға метрологиялық баға беру. Алдын-ала алғашқы тотықты эталондарды дайындай отырып, жаһандық доға әдісімен стандартты үлгідегі материалдарды аттестациялық талдау. Арбитражды талдау жүргізу. Спектографтар, микрофотолектрлер, квантометрлер, спектропроектор және басқа да спектралды жабдықтар мен проекциялық аспаптарды түзеу, фокустау, өңдеу және орнату. Дайын өнімді зертханааралық бақылау. Анағұрлым төмен білікті зертханашылардың жұмысына басшылық ету.
Білуге тиіс: спектралды аспаптардың құрылымы және олардың оптикалық сызбалары; негізгі метрологиялық ұғымдар; талдау әдістемелерінің қайталанғыштығы мен нақтылығын есептеу формулалары; сынамаларды алдын-ала байыту әдістері; шағын қоспаларды анықтау әдістері; аналитикалық сызықтардың атласы, қызмет көрсетілетін спектралды жабдықтарды түзеу және өңдеу ережелері.
Арнайы орта білім қажет.
§ 187. Химия-бактериологиялық талдау зертханашысы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сынамаларды талдауға және сынауға дайындау. Шикізат, мақта үлгілерін ылғалдың болуына зертханалық сынау, сіңіру қабілетін, капиллярлығын анықтау. Анағұрлым жоғары білікті зертханашының басшылық етуімен дайын бұйымдар, жартылай фабрикаттар, шикізат, тамақ өнімдері және судың әр-түрлі химия-бактериологиялық талдауларды жүргізу. Түсі бойынша құрақтың кемелденуін анықтау. Құрақтың ылғалдығы мен ластануына талдаулар жүргізу.
Білуге тиіс: сынамалар іріктеу және ресімдеу ережесі; талдау жасалатын материалдар, шикізат және жартылай фабрикаттардың негізгі қасиеттері; зертханалық жабдықтың міндеттері және олармен жұмыс істеу ережелері.
§ 188. Химия-бактериологиялық талдау зертханашысы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бекітілген әдістемелер бойынша дайын бұйымдар, жартылай фабрикаттар, шикізат, тамақ өнімдері және суларға әр-түрлі химия-бактериологиялық талдаулар жүргізу. Қышқылдық, тығыздық, майлы көміртекті заттардың, тұздардың және т.с. болуы, капиллярлығы, хлорлы, кальций және күкіртті қышқыл тұздары, майлы және жабысқақ заттардың болуын анықтау. Бақылау-есептік жазулар жүргізу.
Білуге тиіс: орындалатын жұмыс шеңберінде бактериология қарапайым негіздері және химия негіздері; химия-бактериологиялық талдауды жүзеге асыруда қойылатын мемлекеттік стандарттардың талаптары; үлгілерді таңдау тәртібі және оларды сынауға дайындау; сынаудың қажетті көлемі; бактериологиялық ортаның стерильдігін, жұмыс және титрленген ерітінділер дайындаудың әдістері; сынау нәтижелерін жазу жүйесі және оларды статистикалық өңдеудің әдістері.
Достарыңызбен бөлісу: |