Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ


Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың мониторингі



жүктеу 0,65 Mb.
бет3/6
Дата14.05.2018
өлшемі0,65 Mb.
#13003
1   2   3   4   5   6

6. Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың мониторингі

10. Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысқа мониторинг жүргізу үшін:

1) нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру;

2) мемлекеттік, салалық бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жеке сектор бастамасы шеңберінде іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар бойынша ағымдағы бос жұмыс орындары және жұмыс орындарын құру болжамы туралы ақпараттарды қамтитын жалпы ұлттық дерекқорды (бұдан әрі – Жалпыұлттық дерекқор) қалыптастыру және дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады.

Жалпы ұлттық қор:

1) нақты кәсіпорындар мен мамандықтар бөлінісінде ағымдағы бос жұмыс орындарын;

2) нақты мамандықтар мен елді мекендер бөлінісінде еңбек ресурстарына қажеттіліктің жедел (1 жылға) болжамын;

3) мамандықтар топтары және облыстар бөлінісінде еңбек ресурстарына қажеттіліктің орта мерзімді (5 жылға) болжамын қамтитын болады.

Жалпы ұлттық қорды және ағымдағы бос жұмыс орындары мен болжамдалатын жұмыс орындары, сұранысқа ие мамандықтар туралы мәліметтерді ұсыну нысандарын қалыптастыру тәртібін Бағдарлама операторы мүдделі орталық мемлекеттік органдардың келісімімен бекітеді.

7. Бағдарламаға қатысушылар

11. Қазақстан Республикасының азаматтары – жұмыссыздар, ішінара жұмыспен қамтылғандар, табысы аздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және қатысу басымдылығы Бағдарламада белгіленген азаматтардың өзге де санаттары, сондай-ақ оралмандар Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.

12. Бағдарламаға қатысу үшін басымдық мынадай санаттарға:

1) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастарға;

2) он сегізден жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар үйінің

тәрбиеленушілеріне, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

3) еңбек қызметімен айналысу үшін денсаулығы бойынша қарсы айғақтары жоқ мүгедектерге

4) ауылды жерлерде тұратын әйелдерге;

5) зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 50 жастан асқан адамдарға;

6) жалпыға бірдей белгіленген зейнетақы жасына дейін зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерге;

7) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін және мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды алушы болып табылатын адамдарға;

8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылған адамдарға;

9) бас бостандығынан айыру орындарынан және (немесе) мәжбүрлі емдеуден босатылған адамдарға;

10) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына, жұмыс беруші-жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына немесе жұмыскерлер санының немесе штатының қысқартылуына байланысты жұмыстан босатылған адамдарға беріледі.

Бағдарламаға қатысушылардың құрамына енгізу кезінде дәйексіз деректер ұсынған адамдар Бағдарламаға қатысушылар құрамынан шығарылады және мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге жұмсалған мемлекеттік шығыстар сомаларын бюджетке өз еркімен, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртібімен өтейді.

8. Бағдарламаның негізгі бағдарламаларын іске асыру

8.1. Бірінші бағыт: Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту
есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету

13. Аталған бағыт мынадай жұмыс және объект түрлері бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жолымен халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді көздейді:

1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін күрделі, аралық және ағымдағы жөндеу (сумен жабдықтау, кәріз, газбен, жылумен, электрмен жабдықтау жүйелерінің объектілері);

2) әлеуметтік-мәдени объектілерін күрделі, аралық және ағымдағы жөндеу (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ойын-сауық және демалыс объектілерін, оның ішінде республикалық меншік объектілерін күрделі және ағымдағы жөндеу). Сейсмологиялық қауіпті өңірлер үшін сейсмологиялық қауіпсіздікті күшейтумен күрделі жөндеуге жол беріледі.

3) инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу (қалалық автомобиль жолдары, кентішілік және ауылішілік жолдар, кірме жолдар, аудандық маңызы бар жолдар, тротуарлар, плотиналар, бөгеттер мен көпірлер);

4) ауылдық жерлердегі фельдшерлік-амбулаторлық пункттер, дәрігерлік амбулаториялар салу (ауылдағы авариялық, бейімделмеген және саман объектілерінің проблемаларын шешетін объектілерге баса назар аударылады);

5) елді мекендерді абаттандыру (көшелерді жарықтандыру және көгалдандыру, иесі жоқ объектілерді бұзу, қатты тұрмыс қалдықтары полигондарын, шағын сәулет нысандарын, қоршауларды, балалардың ойын алаңшаларын көріктендіру).

14. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары және орташа ауылдық елді мекендерде осы Бағдарламаның 13-тармағының барлық жұмыс түрлері мен объектілері бойынша, ал қалаларда – осы Бағдарламаның 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген жұмыс түрлері бойынша іске асырылады.

Саяжай кенттерінде – осы Бағдарламаның 13-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген жұмыс түрлері коммуналдық меншікте тұрған объектілер бойынша іске асырылады.

15. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар іріктеуді:

1) жеткізілген лимиттерді қаржыландыру;

2) мемлекеттік сараптамадан өткен объектілерді салуға, реконструкциялауға, күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманың болуы;

3) инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде орташа және (немесе) ағымдағы жөндеуді жүзеге асыру жоспарланып отырған ақаулар ведомосының, сметалық құжаттаманың, орындалатын жұмыс көлемінің шығыстар сметасының болуы;

4) мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімдері және отандық өндірушілерден тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу мүмкіндігі;

5) жобалардың іске асырылу мерзімдері;

6) жергілікті бюджет есебінен олардың іске асырылуын қаржыландыру мүмкіндіктері;

7) құрылатын жұмыс орындарының саны, жобаларды іске асыруға тартылған қызметкерлердің орташа айлық жалақысының мөлшері;

8) оларды іске асыруға әсер ететін өңірдің табиғи климаттық жағдайлары және басқада ерекшеліктері негізінде жүзеге асырады.

16. Халықты жұмыспен қамту орталықтары осы ауданда (қалада) тұратын Бағдарламаға қатысушыларды, уақытша тіркелген адамдарды қоса, жұмыс берушілерге – инфрақұрылымдық жобаларды іске асыратын мердігерлерге жібереді.

Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру тетігі.

17. Бағдарлама шеңберінде іске асырылуға ұсынылатын инфрақұрылымдық жобалар қолданыстағы заңнамада талап етілетін техникалық құжаттаманы, жобаны таңдауды, құрылатын жұмыс орындары мен орташа айлық жалақы көрсеткіштерін негіздеп жыл сайын 15 сәуірден кешіктірмей ұсынылады.

Орталық мемлекеттік органдар өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті органның техникалық құжаттаманың сәйкестігі бөлігінде қорытындысы бар қажетті құжаттаманы Бағдарламаның операторына, жергілікті атқарушы органдар – өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.

Тиісті техникалық құжаттамасыз және жобаны таңдау, құрылатын жұмыс орындарының саны мен орташа айлық жалақының көрсеткіштері негізделмей ұсынылған жобалар қаралмайды.

18. Жобаларды қарау барысында өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган мен Бағдарлама операторы жобалардың 13-тармақта көрсетілген жұмыс түрлері мен объектілерге сәйкестігін тексереді және тиісті қорытындылар әзірлейді.

19. Жобаларға теріс қорытындылар берілген кезде Бағдарлама операторы тиісті орталық мемлекеттік органдарға, тиісінше, өңірлік даму жөніндегі орталық уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдарға бас тарту себептері көрсетілген уәждемелі жауап жібереді.

Оң қорытынды берілген кезде өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган Бағдарлама операторына қаржыландыру көлемін, құрылатын жұмыс орындарының саны мен орташа айлық жалақы мөлшерінің күтілетін көрсеткіштерін қоса инфрақұрылымдық жобалардың тізбесін жібереді.

20. Бағдарлама операторы өңірлік даму мәселесі жөніндегі орталық уәкілетті орган ұсынған қорытынды негізінде және құрылатын жұмыс орындары санының, орташа айлық жалақы мөлшерінің күтілетін көрсеткіштерін ескере отырып жобаларды қарайды.

21. Орталық мемлекеттік органдар, республикалық меншіктегі объектілер бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда мемлекеттік сатып алу конкурсын ұйымдастыру кезінде мердігерді құрылатын жұмыс орындарының саны, олардың орташа айлық жалақысының мөлшері, жобаның іске асырылу мерзімдері туралы ақпаратты жобаны іске асыру жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарына ұсынуды міндеттейді.

22. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру шеңберінде:

1) жаңа жұмыс орындарын құруды;

2) құрылыс кезінде кемінде 30 %, күрделі, ағымдағы жөндеу және абаттандыру бойынша кемінде 50 % инфрақұрылымдық жобалар іске асырылатын ауданда (қалада) тұратын Бағдарламаға қатысушылар үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша жұмыс орындарын ұсынуды қамтамасыз етеді.

Инфрақұрылымдық жоба іске асырылып жатқан ауданда (қалада) қажетті еңбек ресурстары болмаған жағдайда, аудандардың (қалалардың) жұмыспен қамту орталықтарының жазбаша келісімі болған жағдайда оны сырттан тартуға жол беріледі.

23. Жобаларды күрделі, ағымдағы жөндеу бойынша бюджет қаражаты үнемделген жағдайда орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар өңірлік даму жөніндегі орталық уәкілетті органның және Бағдарлама операторының келісімімен көрсетілген қаражатты Бағдарламаның осы бағыты бойынша іске асырылатын өзге де жобаларға немесе жобалардың соңғы нәтижелерінің көрсеткіштерін жақсартуға жіберуі мүмкін.

24. Жергілікті атқарушы органдар ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне ауылдық жерлердегі фельдшерлік-амбулаторлық пункттер, дәрігерлік амбулаториялар салу жөніндегі есепті Келісімде бекітілген нысан бойынша - денсаулық жөніндегі орталық мемлекеттік органға ұсынады.

Есептерде:

1) жобалар бөлінісінде орындалған жұмыстардың көлемі туралы;

2) бөлінген нысаналы трансферттердің игерілуі және төмен тұрған бюджеттерден қаржыландыру көлемдері туралы;

3) жіберілген бұзушылықтар және оларды жою жөнінде қолданылған шаралар туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Бағдарлама операторына қосымша құрылған жұмыс орындары және халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасқан Бағдарламаға қатысушылардың саны, олардың орташа айлық жалақысының мөлшері туралы ақпаратты ұсынады.

25. Орталық мемлекеттік органдар – республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшілері жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді және ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне Бағдарлама операторына есептер ұсынады. Есептерде игерілген қаражаттар, уақытында игерілмеу себептері, игерілмеуі күтілетін қаражат, халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасқан Бағдарламаға қатысушылардың саны, олардың орташа айлық жалақысының мөлшері туралы ақпарат қамтылуға тиіс.

Инфрақұрылымдық жобаларға қатысу тетігі.

26. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысуды қалайтын және оған мүмкіндігі бар Бағдарламаның әлеуетті қатысушылары халықты жұмыспен қамту орталықтарына Бағдарламаға қатысуға өтінішпен жүгініп, мынадай құжаттарды қоса береді:

жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін (мекенжай анықтамасы, ауылдық әкімдердің анықтамасы), уақытша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

болған кезде, білімі туралы құжаттың көшірмесі (аттестат, куәлік, диплом) және/немесе оқу курстарынан өткенін растайтын басқа да құжаттар (куәлік, сертификат).

27. Халықты жұмыспен қамту орталығы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыратын жұмыс берушілердің еңбек ресурстарына қажеттілігін ескере отырып, өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы шешім қабылдайды және оларды іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде құрылатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшін жібереді.

28. Бағдарламаға қатысушы мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында әлеуметтік келісімшарт жасалады. Әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын халықты жұмыспен қамту орталығы бақылайды.

Инфрақұрылымдық жобаны іске асыратын жұмыс беруші әлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы басшысының не қол қоюға құқығы бар жауапты лауазымды адамның қолымен және мөрмен расталған жазбаша өтініш (хабарлама) беру арқылы әлеуметтік келісімшарт жасасуды растайды.

29. Бағдарламаға қатысушылар мен жұмыс берушілер туралы мәліметтер «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналастырылады.

30.  Орталық мемлекеттік органдар мен Бағдарлама операторы өз құзыреттері шегінде Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларға мониторинг жүргізеді.



8.2. Екінші бағыт:
Тірек ауылдарда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту

31. Екінші бағыт жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту арқылы кәсіпкерлікті ынталандыруды және экономикалық белсенділікті арттыруды, тірек ауылдық елді мекендерді кешенді дамытуды көздейді.



8.2.1. Жеке кәсіпкерлік бастаманы қолдау

32. Жеке кәсіпкерлік бастаманы қолдау олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан, даму әлеуеті орташа және жоғары ауылдарда, шағын қалаларда, қалалық әкімшілік бағыныстылық аумағындағы кенттерде жүзеге асырылады.

Кәсіпкерлік бастаманы мемлекеттік қолдауды іске асыру үшін тірек ауылдық елді мекендер басымды елді мекендер болып табылады.

33. Бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетіледі:

1) жол жүруге және тұруға материалдық көмек ұсына отырып, кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту және бизнес-жоспарын дайындауға жәрдемдесу;

2) микрокредиттер беру;

3) бір жылға дейінгі мерзімге жобаларды сүйемелдеу жөнінде сервистік қызметтер (маркетингтік, заңдық, бухгалтерлік және басқа да қызмет түрлері) көрсету;

4) жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту және/немесе салу және/немесе инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін ілеспе технологиялық жабдықтар сатып алу.

34. Қатысу және Бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шарттары Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдау көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында айқындалады.


жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау