Сабақтың тақырыбы: «Ұдайы өндіріс жүйесіндегі еңбек нарығы»



жүктеу 52,66 Kb.
Дата17.01.2022
өлшемі52,66 Kb.
#32978
түріСабақ
Еңбек нарығы (1)


Сабақтың тақырыбы: «Ұдайы өндіріс жүйесіндегі еңбек нарығы»
Жоспары:

  1. Еңбек нарығы туралы түсінік

  2. Еңбек нарығының субъектілері

  3. Кәсіподақтардың еңбек нарығындағы рөлі



Үйге тапсырма:

1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындық.

2. Тақырып бойынша глоссарий құру

3. Халықаралық еңбек ұйымының қызметтерін сипаттау. «Қазақстан Республикасында еңбек нарығындағы кәсіподақтың рөлі» тақырыптарында баяндама немесе презентация дайындау.

Кәсіподақ – халық қызметшісі



Бүгінгі таңда еліміздегі білім беру жүйесіндегі мәселелер нендей деңгейде және педагог қызметкерлердің әлеуметтік әлеуеті қандай жағдайда екенін білу мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Майра Амантаевамен әңгімелескен едік. – Майра Тұрғанқызы, та­рихқа көз жүгіртетін болсақ, қо­ғам дамуы мен мемлекеттің тұрақ­тылығы үшін кәсіподақтар айтарлықтай ықпал жасағанын көреміз. Ал бүгінгі таңда кәсіп­одақ өзінің пәрменділігін жоғал­тып алған жоқ па? Нарық зама­нында кәсіподақтың маңызы неде деп ойлайсыз? – Иә, кәсіподақ ең пәрменді ұйым болған. Кеңес өкіметі ке­зінде елдегі жұмысшылардың 95%-ы кәсіподақтарға мүше еді. Ол дәуір өтті, кетті. Қазір заман бөлек, талап ерекше. Кеңес өкі­меті құлағаннан кейін барлық ТМД елдерінің кәсіподақтары секілді, Қазақстанның кәсіподақтары да еліміз нарықтық экономикаға көшкенде талай қиыншылықтарды бастан өткерді. Жасыратын несі бар, шектеу шаралары да жүргі­зілді. Мемлекеттік әлеуметтік сақ­тандыру құқықтарынан айырылды. Алайда, кәсіподақ азаматтардың құқықтарын қорғау барысында өз жұмысын бір сәт те тоқтатқан емес. Қоғамдық ұйымның пәрменділігі неде десеңіз, оның бұқаралық сипат алуында. Бұқаралық деңгейге жетпеген әлсіз ұйымдармен ешкім де санаспайды. Сондықтан да қазір Елбасы тапсырмасына орай, кәсіподақ қозғалысын мейлінше жалпыхалықтық сипатқа жеткізудің қажеттілігі туындап отыр. Еңбек нарығында жұмыс бе­ру­ші мен жұмысшының арасында Еңбек кодексіне сәйкес ең­бек қатынастарын реттейтін екі жақты келісімшарт немесе еңбек ұжымы мен жұмыс берушінің арасында ұжымдық шарт болуы қажет. Сол ұжымдық шарт арқы­лы еңбек адамының еңбек ету құ­қығы реттеліп отырады. Яғни кәсіподақ олардың әлеуметтік-экономикалық және заңды еңбек құқықтарының бұзылмауын, еңбек қауіпсіздігінің заң аясында сақ­талуын қадағалайды. Кәсіподақ мүше­сінің құқығы бұзылған жағдайда, сол еңбек дауын мүмкіндігінше бей­біт түрде реттеуге тырысады. Қажет болған жағдайда заң органдарында олармен бірге қорғау­шы ретінде әрекет жасайды. Кө­бінде еңбек ұжым­дарының өзін­де ушықтырмай шешуге атсалы­са­ды. Шешіле қоймаған жағ­дайда, кәсіподақтардың жоғары органдарының көмегіне жүгінеді. Ондай мысалдар өте көп. Жеке арыз-шағымдардан басқа, кейбір заң актілерінде көрсетілгендей, пікір­лерін ұжымдық түрде де біл­діре алады.   – Кәсіподақ ұйымдары еңбек дауларын шешуге қаншалықты қауқарлы? – Өте дұрыс сұрақ. Барлық еңбек ұжымдары есеп беру-сайлау жиналыстарында өздерінің қалауымен қоғамдық негізде бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасын немесе төрайымын сайлайды. Жұмыстың пәрменді болуы олардың білігіне тікелей байланысты. Сайланған адам сауатты маман болумен бірге, ең­бектің құқықтық-заңнамалық негіздерін бес саусағындай мең­геруі керек. Бойларында адами қасиеттері, адамға жанашырлығы биік дәрежеде болуы тиіс. Ондай қасиеттері, еңбек ұжымында бе­де­лі болмаса, туындаған даулар­ды оңтайлы шеше алмайды. Қиындықтар туындайды. Елдің барлық аймақтарында, аудандарда Білім және ғылым қыз­меткерлері кәсіподағының өкілдері жұмыс жасайды. Олар жергілікті билік органдарымен бірлесе отырып, білім беру меке­мелеріндегі кез келген арыз-шағымдарды тексереді. Ақ-қарасын анықтайды. Соның нәтижесінде пайда болған даулар ұшқынын ушықтырмай келіссөздер арқылы дер кезінде шешудің жолдарын іздестіреді. Қайталап айтам, бұл жерде адами қасиет алда тұрып, қарапайым жұрттың мүддесі бірінші кезекте болуы қажет. Қоғам дамуы, нарық дәуірі бізден осыны талап етеді. – Елбасының биылғы Жол­дауындағы «Мәңгілік Ел» идеясын  жүзеге асыруда Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы алдына қандай мақ­саттар, міндеттер қойып отыр? – Бүгінде бұл Жолдау барлық мекемелерде қызу талқыланып жатыр. Біз де жан-жақты саралап шықтық. Жолдауда елдің дамуы, еңбектің қор­ғалуы, еңбекшілердің әлеуметтік-экономикалық құ­қық­тары мен мүдде­леріне сер­гектік таныту ерекше аталып өтілді. Кәсіподақтың салалық құ­ры­лымда­ры тапсырмаларды уақтысында орындау ісіне бар күш-жігерді жұмсап келеді. Біз­дің басты алға қойған бағдар – ел азаматтарының жұмысқа орнала­суы мен жаңа жұмыс орындарын құруда олар­дың құқығының бұзылмауын қадағалау, көзден таса етпей, назарда ұстау. – Нақты атқарылған жұмыс­тарға тоқтала кетсеңіз. – Айталық, білім беру меке­мелерінде – 400-ден астам, мем­лекеттік мекемелерде – 14 салалық органдар мен әкімшіліктерде 16 қамқорлық жасайтын аймақтық кеңестер құрылды. Жолдаудың орындалуы мен мақсатқа жетуіне тек мемлекеттік лауазым иелері ғана емес, жүрегі елім деп соққан азамат өз үлесін қосып, еңбек етуі керек. Бұл әрбір кәсіподақ жетекшісінің де басты міндеті. Олар өзі қызмет ететін ұжым мүшелерімен тығыз байланыста жұмыс атқаруы керек. Олардың бойында білімділік пен табандылық, кәсіби шеберлік пен үлкен адамгершілік болуы талап етіледі. Өйткені, біздің ұйым Қазақстан кәсіподақтарының құра­мындағы ең ірісі. Мысалы, отандық кәсіподақта екі миллионнан астам мүше болса, соның үштен бірін Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы құрайды. Жолдаудағы басты бағыттың бірі – білікті кадрлар дайындау. Бұл жастардың еңбек нарығында ұтылмауы, бәсекеде өз орнын алуы үшін ауадай қажет. Осыған орай кәсіподақтың орталық ұйымы нақты іске ерекше көңіл аударып отыр. Біз жастарды қатарымызға көбірек тартып, олардың ішінен өз көшбасшыларын іріктеп шы­ғаруды, кәсіподақ жұмысының қыр-сырларын үйретуді қолға ал­дық. Түрлі семинарлар мен оқу­лар, тренингтер мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, конференциялар мен кездесулер өткізудеміз. Жыл сайын аудандық, облыс­тық, салалық, республикалық, ха­лықаралық деңгейдегі ұйым­дастырылатын семинарлар кәсіп­одақ қызметкерлері мен белсенділерінің біліктіліктерін арт­тыруға едәуір ықпал жасап келеді. Мәселен, кәсіподақ басшыларының заманға сай болуы үшін Жамбыл, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, облыстарының Сары­ағаш аудандық, Түркістан қа­лалық кәсіподақ кеңестерінде, өзге де бөлімшелерде оқыту-методикалық кабинеттер бар. Ондағы оқу жүйесі онлайн ре­жімінде жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи техникалық, электронды байланыспен, бейне-көрініс құрылғыларымен то­лық жаб­дықталғанын айта кетсем дей­мін. Мемлекетіміздің нормативтік-құ­қықтық актілерімен қамтамасыз ететін кітапхана да жұмыс істейді. Кәсіподақтар Федерациясының төр­ағасы Ә.Құсайынов жуырда Бас Кеңестің отырысында жастар саясатына айрықша басымдықтар беру керектігі жайлы ерекше атап өтіп, салалық кәсіподақ қызметкерлеріне жоғарыда айтқанымдай, белсенді жас­тарды тарту мәселесін жолға қою қажеттілігі туралы арнайы тапсырма берді. Кәсіподақ қызметін жандандыруда халықаралық ұйым­дармен жасалатын ынтымақ­тастықтың да ықпалы орасан. Кәсібилік жағынан достастық орнатқан біздің кәсіподақ уақыт өткен сайын олармен арадағы байланыстарды нығайта түсуде. Биыл сәуір айында білім және ғылым қызметкерлерінің ұйым­дастыруымен «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының І Республикалық жас­тар форумы», бұған қоса маусым айында ұйымымыздың 90 жылдығына арналған «Түркітілдес елдері білім кәсіподағының ІХ Еуразиялық форумын» өткізгелі жатырмыз. Аталған іс-шаралар «Мәңгілік Ел» идеясының аясында болатынын еске сала кетейін. – Қазіргі кездегі педагогтардың әлеуметтік әлеуеті қандай десек, берер жауабыңыз қалай болар екен? – Атам қазақ «Қыран құс ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», дейді. Шынында, бала өмірінде мұғалімнің орны бөлек. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Ұлттық сезім, ұлттық намыс, ұлттың рухани құндылықтары, тіпті қарапайым ғана үлкенге құрмет, кішіге ізет тәрізді кісілік қасиеттер – барлығы баланың мектеп қабырғасында қандай білім, қандай тәлім-тәрбие алып шыққанына тікелей байланысты. Осыдан-ақ ұстаз еңбегінің ерекше екені көрініп тұр ғой. Бірден айтайын, ұстаз мәселесін, ұстаз мәртебесін толығымен билікке артып қоюға болмайды. Қоғам болып шешуге атсалысып, қызмет етуіміз қажет. Себебі, мұғалім оқытып жат­қан ұл мен қыз елдің ертеңі, ұлт болашағы. Елбасының үлкен қамқорлығы, Үкімет тарапынан жасалып жатқан іс-қимылдар аз емес. Соңғы жыл­дардың өзінде қаншама өзге­ріс­тер мен бетбұрыстар болды. Егемендігіміздің алғашқы жыл­дарындағы қиыншылықтар кезінде де кәсіподақтар ұстаздар жанынан табылды. Президентімізбен бірге болып, бұра тартпай, ел бірлігі мен тыныштығын сақтауға үлес қосты. Білім қызметкерлерінің заңды құқығын қорғауда көп жағдайда сабырлылық танытты. Әрине, қызметкерлер еңбегі өз дәрежесінде бағалануы керек. Білім беру саласындағы еңбекақы өлшемінің әртүрлі болуы бізді алаңдатады. Орташа еңбекақы 80 мың теңгеге әрең жетеді. Бұл дегеніміз, республикалық орташа көрсеткіш деңгейінің тек 70%-ын құрайды. Қазіргі таңда білікті жас мұғалімнің тарифтік жүктемесі – 42473 теңге, ал орташа кәсіби білімі бар тәрбиешінікі – 35 748 теңге. Мұндай жалақымен талантты жастарды білім беру саласына қызықтыра аламыз ба? Дегенмен, Елбасының биылғы Жолдауында 2015 жылдан бастап білім беру қыз­меткерлерінің еңбекақысын 29 пайызға көтеру жөніндегі тапсырмасы болған еді. Таяуда Президент Н.Назарбаев биылғы 1 сәуірден айлықты 10%-ға көтеру қажеттігін айтуы, педагог қызметкерлері үшін жақ­сы ынталандыру болып табылады. 2007 жылы Еңбек кодексіне аза­маттық қызмет институты енгі­зіл­ді. Барлық мемлекеттік бі­лім беру ұйымдарының өкілдері азаматтық қызметкер атанды. Мұға­лімдер еңбек демалысының ұзақтығы, сауықтыруға арналған жәрдемақы, тағы басқа біраз заң­намалық кепілдендірілген жеңіл­діктерге қол жеткізді. 2012 жылы «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енуінен бастап жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беру қызметкерлері азаматтық қызмет санатынан шығарылып, жоғары оқу орындары мемлекеттік кәсіпорны ша­руа­шылық жүргізу құқығы негізінде қайта құрылды. Иә, әлі де болса еңбек заңнамасындағы азаматтық қызмет инс­титутын анық­тайтын кейбір шешімін таппа­ған мәселелер жеткілікті. Еліміздің бірнеше облысында педагогтардың коммуналдық қызмет ақысының 25 пайызын жергілікті ат­қару органдарының бюджеті есебінен өтеу жүйесі іс­ке аса бастады. Бұл аз да болса олардың әлеуметтік жағдайын оңалтуға жасалған іс-шаралардың бірі деп айта аламын. Алайда, бұл мәселе барлық жерде толық­қанды шешімін таппай отыр. Оған кейбір облыстардағы бюд­жеттің тапшылығы себеп болуда. Мұндай мәселелердің біразы жергілікті атқарушы органдармен, түрлі ведомство өкілдерімен бірлесіп шешуге ұмтылудамыз. Оның меха­низмдерін жетілдіру жолын­да әлеуметтік әріп­тесіміз Білім және ғылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минис­трліктерімен біраз жұмыстар жүргізіп жатырмыз. – «Кәсіподақтар туралы» Заң­ның жаңа нұсқасы бүгінгі таңда Пар­ламент Мәжілісінің қарауында жатыр. Бұл туралы не айтасыз? – Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаң­ғыртылуы: Жалпыға Ортақ Ең­бек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарлы мақаласында Үкімет пен кәсіподақтар бірлесіп жаңа заңды қабылдау қажеттігін тапсырды. «Кәсіподақтар туралы» заң­ның керек­тігін Мемлекет басшысы Кәсіп­одақтың бас кеңесінде болғанда да міндеттеген болатын. Талқыдағы бұл заң кәсіподақтар қозғалысын жетіл­діруге, уақытқа сай ізденуге, ізгілікке үйренуге айтарлықтай ықпал жасайды деген ойдамыз. Еліміздің жаңа индустрияландыру саясатына байланысты экономика әлеуетін асыратын көптеген инновациялық кәсіпорындар құрылатыны белгі­лі. Осыған байланыс­ты еңбек ұйымдарындағы әлеуметтік базаны нығайтудың қажеттігі туындайды. Ондай ауқымды іспен жіті айналысатын кәсіподақ ұйымдары болады. Жаңа заңның түпкілікті мақ­саты, тәуелсіз еліміздегі кәсіп­одақ ұйымының мәртебесін кө­тере отырып, еңбек адамы құқық­тарының бұзы­луына жол бермеу. Яғни еңбек дауларын бейбіт келісімдер арқылы шешіп, ел бірлігі мен тыныштығын сақтау ісіндегі қалыптасқан дәстүрді жетілдіре беру. Кәсіподақтың жаңа деңгейге көтеріліп, дамуы үшін оның қызметін заңдастырудың маңызы өте жоғары. Бұл заң Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы тапсырмаларды жүзеге асыру аясында үлкен рөл атқаратынына сенімдімін. «Кәсіподақтар туралы» заң жобасын дайындау мен оны еңбек ұжымдарында талқылау барысында біздің кәсіподақ айтарлықтай белсенділік танытты. Қайталап айтам, аталған заң жұ­мыс берушілер мен кәсіподақ ұйым­дарының жауапкершілігін арттырып, оның дамуы мен нығаюына жол ашады. «Мәңгілік Ел» болуға ниетті Отанымыздың еңбек ұжымдарында әлеуметтік тұрақтылықтың сақта­луы­на жаңа серпіліс беретініне еш шүбә келтірмеймін. Қандай ұйым болса да алға қойған мақсаты, айқын мін­деті, әсіресе жұрт қызмет­шісі саналатын кәсіподақ ұйымдары, тәуелсіздік тұғырын биіктетіп, мемлекет мерейін асыру, татулықтың тағылымын таныту, береке бастауы бірлік екенін түсініп, түйсіну деп білемін. 
жүктеу 52,66 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау