5. Шағымдану тәртібі
20. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді және шағым дайындауға көмекті осы Стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Комитет кеңсесінің қызметкері жүзеге асырады.
21. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда шағым Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 22 үй мекенжайы бойынша 8 (7172) 60-21-33 телефоны арқылы Министрліктің басшылығына жіберіледі. Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
22. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым Комитет төрағасының атына осы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген Комитеттің жұмыс кестесіне сәйкес осы Стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
23. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда мемлекеттік қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
24. Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолма-қол жұмыс күндері осы Стандарттың 1 және 21-тармақтарында көрсетілген мекенжайлар бойынша Комитет пен Министрліктің кеңселері арқылы қабылданады.
Шағым құзыретіне шағымда қойылған мәселелерді шешу кіретін лауазымды адамға жолданады.
Шағымда мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты ( жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда), пошталық мекенжайы, шағымды беру күні және шағымды берген мемлекеттік қызметті алушының қолы көрсетіледі.
Шағым беру кезінде әрекетіне әрекеті немесе әрекетсіздігі шағымданатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, аты-жөні, жүгіну себептері мен талаптары көрсетіледі.
25. Қабылданған шағым осы Стандарттың 1 және 21-тармақтарында көрсетілген мекенжайлар бойынша Комитет пен Министрліктің кеңселерінде тіркеледі. Шағымды берген мемлекеттік қызметті алушыға күні мен уақытын, шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын, сондай-ақ шағымды қабылдаған лауазымды адамның аты-жөнін көрсете отырып, талон немесе шағымның көшірмесін беру шағымды қабылдағанның дәлелі болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиісті ұйымдардың кеңселерінің лауазымды адамдарынан алуға болады.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қару тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
26. Өзге де пайдалы ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 11 кіреберіс, 729-кабинет, тел. 8 (7172) 74-22-69.
«Технологияларды, техникалық құрылғыларды және материалдарды
қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1 қосымша
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті
ТАЛОН
Кіріс № ____________________ құжатты қабылдау туралы
Құжатты қабылдаған:
________________________________________________
(Кеңсе маманының аты-жөні)
________________________________________________
(қолы)
«____» ____________ 20__ жыл
Байланыс телефондары: _______________
«Технологияларды, техникалық құрылғыларды және
материалдарды қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет
стандартына 2 қосымша
Кесте. Сапа мен тиімділік көрсеткішінің мәні
Сапа және тиімділік көрсеткіштері
|
Көрсеткіштің нормативтік мәні
|
Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні
|
Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1. Уақтылығы
|
1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі)
|
100
|
90
|
|
2. Сапасы
|
2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
90
|
85
|
|
3. Қол жетімділік
|
3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
90
|
87
|
|
3.2. Ақпаратқа электронды қол жеткізуге болатын қызметтер % -ы (үлесі)
|
|
|
|
4. Шағымдану үдерісі
|
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
80
|
70
|
|
5. Сыпайылық
|
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
90
|
78
|
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2012 жылғы
« »
№ қаулысымен
бекітілген
«Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын тіркеу»
мемлекеттік қызметтің стандарты
1. Жалпы ережелері
1. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетімен (бұдан әрі – Комитет) Астана қ., Орынбор көшесі, 8 үй, Министрліктер үйі, № 11 кіре беріс, 7-ші қабат, 730-шы бөлме мекен-жайы бойынша көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет 2002 жылғы 3 сәуірдегі «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-1 бабы негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – ТЖМ) www.emer.kz интернет-ресурсында орналастырылған немесе 8(7172) 74-22-08 және 8 (7172) 74-22-68 телефон нөмірлері арқылы ұсынылады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны қағаз жеткізгіште өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясына (бұдан әрі - декларация) тіркеу шифрін беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы негізделген жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы).
7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушымен осы стандарттың 11-ші тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған күннен бастап он бес күнтізбелік күн мерзімінде ұсынылады;
2) осы стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте тұрудың шекті уақыты отыз минутты құрайды;
3) Құжаттарды алу кезінде кезекте тұрудың шекті уақыты – он бес минут.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Комитеттің жұмыс уақыты: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі ас үзілісімен күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі. Сондай-ақ тұтынушылардың ыңғайлығы үшін рұқсат беру бюросында хаттарды қабылдауға арналған жәшік орнатылған. Хаттар күн сайын сағат 18.00-де алынады.
Комитетте мемлекеттік қызмет кезек тәртібінде, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз көрсетіледі.
10. Мемлекеттік қызмет ғимаратта көрсетіледі. Бөлменің кестесі: ғимаратқа кіру жеке кірісі бар, рұқсат беру бюросы беретін бір реттік рұқсат қағазы бойынша жүзеге асырылады. Бір реттік рұқсат қағазы тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғаның телефонмен тапсырысы бойынша рәсімделеді. Ғимаратта құқық тәртібін қолдау үшін тәулік бойы күзет бекеті, өрт автоматикасы жүйесі және басқа да қауіпсіздік шаралары бар. Кіреберіске кіру жолы физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін декларацияны екі данада мемлекеттік және орыс тілдерінде, қағаз жеткізгіште, сондай-ақ электрондық жеткізгіште жоба құрамында сараптама қорытындысымен бірге немесе жеке құжат түрінде ұсыну қажет.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы келесіні қамту қажет:
қауіпті затардың тізімі (соның ішінде өндірілген) және олардың сипаттамалары;
қауіпті өндірістік факторлар (әрбір фактор жеке-жеке; өзге факторлармен әрекет еткенде; қоршаған ортамен әрекет еткенде);
қауіпті өндірістік факторларды орналастыру туралы технологиялық мәліметтер;
қауіп пен тәуекелді талдау;
қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша техникалық шешімдер;
апаттық жағдайлардың пайда болу шарттарын талдау;
апаттық жағдайларда персоналды әрекет етуге даярлау;
авариялардың пайда болу мен дамуының мүмкін болатын көріністері;
аварияны жою жоспары (аварияны, төтенше жағдайларды құлақтандыру жүйесі; жәбірленушілерге көмек көрсету бойынша медициналық қамтамасыз ету).
Сараптамалық қорытынды келесіні қамту қажет:
сараптамалық қорытындының атауы;
кіріспе бөлім, ол сараптама жүргізу негіздемесін, сараптамалық ұйым туралы мәліметтерді, өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына аттестаттың болуы және мамандар туралы мәліметті қамтиды;
сараптамалық қорытындының әрекеті таралатын сараптама объектілерінің тізімі;
ұйым туралы мәліметтер;
сараптама мақсаты;
сараптама объектісіне байланысты сараптама кезінде қарастырылған құжаттар (жобалы, құрылымдық, пайдаланылатын, жөндеу, өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы), технологиялар, техникалық құрылғылар және материалдар туралы мәліметтер, сәйкестендіруге қажетті шифры, нөмірі немесе өзге ерекшелігі бар материалдардың көлемін көрсете отырып;
сараптама объектісіне қысқаша сипаттама және белгіленуі;
жүргізілген сараптама нәтижелері;
техникалық шешімдері мен шаралары бойынша ұсыныстарымен, негізделген қорытындысымен қорытынды бөлім;
сараптама кезінде пайдаланылған нормативтік құқықтық, техникалық және әдістемелік ұсынымдар тізімін, сынама актілерін қамтитын қосымша;
сараптама объектісін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келтіру бойынша келісілген және бекітілген ұйымдастырушылық-техникалық шаралар;
декларацияда көрсетілген ақпараттың толықтығы мен дұрыстығы, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер;
декларацияда көрсетілген, қауіпті өндірістік объектідегі авариялардың, инциденттердің қаупін талдау нәтижелерінің негізділігі туралы мәліметтер;
өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету бойынша әзірленген және/немесе жүзеге асырылған шаралардың жеткіліктілігі туралы мәліметтер.
Сараптамалық қорытындыға сараптамалық ұйымның басшысы қол қояды, тігілген беттердің санын көрсете отырып, сараптама ұйымының мөрімен бекітіледі .
12. Өтініш еркін нысанда жазылады. Бланкілерді толтыру қарастырылмаған.
13. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттарды осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекен-жай бойынша пошта арқылы жіберіледі немесе Комитеттің Кеңсесіне тапсырылады.
14. Құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, мемлекеттік қызметті алу күні көрсетіле отырып, құжатты қабылдау туралы талон беріледі.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі мемлекеттік қызметті алушыға немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға жеке өзі келгенде біреледі.
16. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздемесі осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық құрамының ұсынылмауы немесе дұрыс емес рәсімдеу болып табылады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Комитеттің мемлекеттік қызметті алушыға қатысты қызметі адамның конституциялық құқығы мен бостандығын сақтауға, қызметтік парызын өтеу кезінде заңдылықты сақтауға, сыпайылық, көрсетілетін қызмет туралы толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету ұстанымдарына негізделеді.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2 қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Комитет жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді және шағым дайындауға көмекті осы Стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Комитет кеңсесінің қызметкері жүзеге асырады.
21. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда шағым Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 22 үй мекенжайы бойынша 8 (7172) 60-21-33 телефоны арқылы Министрліктің басшылығына жіберіледі. Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
22. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым Комитет төрағасының атына осы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген Комитеттің жұмыс кестесіне сәйкес осы Стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
23. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда мемлекеттік қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
24. Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолма-қол жұмыс күндері осы Стандарттың 1 және 21-тармақтарында көрсетілген мекенжайлар бойынша Комитет пен Министрліктің кеңселері арқылы қабылданады.
Шағым құзыретіне шағымда қойылған мәселелерді шешу кіретін лауазымды адамға жолданады.
Шағымда мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты ( жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда), пошталық мекенжайы, шағымды беру күні және шағымды берген мемлекеттік қызметті алушының қолы көрсетіледі.
Шағым беру кезінде әрекетіне әрекеті немесе әрекетсіздігі шағымданатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, аты-жөні, жүгіну себептері мен талаптары көрсетіледі.
25. Қабылданған шағым осы Стандарттың 1 және 21-тармақтарында көрсетілген мекенжайлар бойынша Комитет пен Министрліктің кеңселерінде тіркеледі. Шағымды берген мемлекеттік қызметті алушыға күні мен уақытын, шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын, сондай-ақ шағымды қабылдаған лауазымды адамның аты-жөнін көрсете отырып, талон немесе шағымның көшірмесін беру шағымды қабылдағанның дәлелі болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиісті ұйымдардың кеңселерінің лауазымды адамдарынан алуға болады.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қару тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
26. Өзге де пайдалы ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 11 кіреберіс, 729-кабинет, тел. 8 (7172) 74-22-69.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
«Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 10 кіреберіс, 7-қабат, № 753 кабинет мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті (бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы № 48 Заңы 25-2-бабының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – ТЖМ) www.emer.kz интернет-ресурсында орналастырылған, сондай-ақ 8(7172) 74-22-35 телефон нөмірі арқылы ұсынылады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі қағаз тасығышта өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу аттестаты немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті алушы осы Стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – отыз жұмыс күні;
2) мемлекет қызметті алу үшін қажетті құжаттарды қабылдағанға дейін күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты – жиырма минут;
3) өтініш иесі жүгінген күні орнында көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең көп рұқсат берілген уақыты – жиырма минут;
4) мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты ұсыну мерзімі – хаттамалық шешім шығарған сәттен бастап бес жұмыс күні.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Комитеттің жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
10. Мемлекеттік қызмет Комитеттің ғимаратында көрсетіледі. Үй-жай режимі: ғимаратқа кіру жеке кіреберісі бар рұқсат беру бюросында берілетін бір реттік рұқсаттама арқылы жүзеге асырылады. Бір реттік рұқсаттама құжаттарды қабылдайтын лауазымды адамның телефон өтінімі арқылы ресімделеді. Ғимаратта құқық тәртібін қолдау үшін тәулік бойы күзет бекеті, өрт автоматикасы жүйесі және басқа да қауіпсіздік шаралары бар. Кіреберіске кіру жолы физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушылар Комитетке мынадай құжаттарды ұсынады:
1) заңды тұлғаның атауын, пошталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсете отырып, өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау бойынша ұйымды аккредиттеу туралы өтініш. Өтінішке мемлекеттік қызметті алушы қол қояды;
2) ұйым жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) ұйымды заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
4) ұйым мамандарының білімі туралы, мемлекеттік және (немесе) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердегі жұмыс стажы, сондай-ақ олардың арнайы оқыту курстарынан өткені туралы құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) ұйымға меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде тиесілі үй-жай туралы, жабдық туралы мәліметтер.
12. Өтініш еркін нысанда жазылады. Бланкілер толтыру көзделмеген.
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар осы Стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Комитеттің кеңсесіне тапсырылады немесе пошта арқылы жіберіледі.
14. Құжаттарды тапсырғаннан кейін мемлекеттік қызметі алушыға немесе сенімхат бойынша мемлекеттік қызметті алушының өкіліне мыналар:
1) қабылдаған күні;
2) өтінішті қабылдаған адамның телефон нөмірі;
3) өтінішті қабылдаған адамның қолы;
4) мемлекеттік қызметті ұсыну күні қойылған өтініштің көшірмесі беріледі.
15. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы хат аккредиттеу аттестатымен немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап өтініште көрсетілген мекенжайға пошта арқылы жіберіледі немесе мемлекеттік қызметті алушыға (сенімхат бойынша мемлекеттік қызметті алушының өкіліне) осы Стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Комитеттің кеңсесінде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткеннен кейін (мемлекеттік қызметті алушының өкілі мемлекеттік қызметті алушы қол қойған, Комитетте тиісті құжаттарды алу құқығына сенімхаттың түпнұсқасын көрсетеді) беріледі.
16. Мемлекеттік қызметті алушының осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбауы, сондай-ақ ұйымның штатында өрт қауіпсіздігі саласындағы жоғары білімі немесе өзге жоғары білімі және мемлекеттік және (немесе) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерде кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, арнайы оқыту курстарынан өткен үш маманнан кем болуы мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Комитеттің қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышты орындауда заңдылықты, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің ар-намыс кодексін сақтауға негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Осы мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Министрліктің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді және шағым дайындауға көмекті осы Стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Комитет кеңсесінің қызметкері жүзеге асырады.
21. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда шағым Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 22 үй мекенжайы бойынша 8 (7172) 60-21-33 телефоны арқылы Министрліктің басшылығына жіберіледі. Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
22. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым Комитет төрағасының атына осы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген Комитеттің жұмыс кестесіне сәйкес осы Стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
23. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда мемлекеттік қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
24. Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолма-қол жұмыс күндері осы Стандарттың 1 және 21-тармақтарында көрсетілген мекенжайлар бойынша Комитет пен Министрліктің кеңселері арқылы қабылданады.
Шағым құзыретіне шағымда қойылған мәселелерді шешу кіретін лауазымды адамға жолданады.
Шағымда мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда), пошталық мекенжайы, шағымды беру күні және шағымды берген мемлекеттік қызметті алушының қолы көрсетіледі.
Шағым беру кезінде әрекетіне әрекеті немесе әрекетсіздігі шағымданатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, аты-жөні, жүгіну себептері мен талаптары көрсетіледі.
25. Қабылданған шағым осы Стандарттың 1 және 21-тармақтарында көрсетілген мекенжайлар бойынша Комитет пен Министрліктің кеңселерінде тіркеледі. Шағымды берген мемлекеттік қызметті алушыға күні мен уақытын, шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын, сондай-ақ шағымды қабылдаған лауазымды адамның аты-жөнін көрсете отырып, талон немесе шағымның көшірмесін беру шағымды қабылдағанның дәлелі болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиісті ұйымдардың кеңселерінің лауазымды адамдарынан алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |