«Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадрлық резервiне қабылдау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадрлық резервіне қабылдау»



жүктеу 111,11 Kb.
Дата06.02.2018
өлшемі111,11 Kb.
#8848



Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы

29 қаңтардағы

№ 20

бұйрығына



2-қосымша
«Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадрлық резервiне қабылдау»

мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер


  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадрлық резервіне қабылдау» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет);

  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

  3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік және оның облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) www.egov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) «А» корпусының кадр резервіне іріктеуге қатысқан адамдардың құжаттарын қабылдау аяқталған сәттен бастап әңгімелесуді өткізгенге


дейін – 60 жұмыс күнi ішінде. Әңгімелесуді өткізу мерзімдерін
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты
жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) белгілейді;

2) құжаттарды портал арқылы тапсыру үшін күтуге рұқсат етілген ең ұзақ уақыт – 15 минут;

3) қызмет көрсетуге рұқсат етілген ең ұзақ уақыт – 30 минут.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық және/немесе қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесi – кадр резервіне алу туралы бұйрықтан үзінді.

Портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру нысаны: электрондық/қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат


9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүргізіледі;

2) портал – тәулік бойы, техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтінген жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүргізіледі).

9. Көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:



  1. осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуге қатысты туралы өтiнiш (бұдан әрі – өтініш);

  2. жеке куәлік (сәйкестендіру үшін қажет);

  3. бiлiмi туралы құжаттардың нотариат не жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған көшiрмелерi;

  4. нотариат немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған не заңнамада белгіленген өзге де тәртіппен расталған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
    2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «А» корпусының кадр резервіне үміткердің қызметтік тізімі (бұлан әрі – қызметтік тізімі);

  5. «А» корпусының кадр резервіне үміткерді ұсынған лауазымды адамның немесе ол жұмыс істейтін ұйымның бланкісінде ресімделген, қолы қойылған күні, үміткердің тегі, аты және әкесінің аты, оның кәсіби және жеке басының қасиеттері, танысу, қызметтес болу ұзақтығы мен жағдайлары жазылған мінездемесі көрсетілген ұсынымхат (кемінде біреу) (бұдан әрі – ұсынымхат). Ұсынымхаттың қолданылу мерзімі оған қол қойылған күнінен бастап үш айдан аспайды;

  6. өмірбаян;

  7. Ұлттық комиссияның шешімімен белгіленетін құжаттар.

Порталға жүгінген кезде:

  1. өтініштің электрондық көшірмесі;

  2. көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

  3. мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерден алуға мүмкіндігін қоспағанда қосымшасымен бірге жоғары білім туралы құжаттың, қызметтік тізілімінің электрондық көшірмелері

  4. еңбек қызметiн растайтын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құжаттардың электрондық көшiрмелерi;

  5. ұсынымхаттың электрондық көшірмесі;

  6. өмірбаянның электрондық көшірмесі.

Жеке басын куәландыратын құжаттар көрсетілетін қызметті алушы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электронды үкімет» шлюзі арқылы алады.

Порталда электронды өтінімді қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жалданады.



3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33а, телефоны: 8 (7172) 75-34-06.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымның қабылдануын растау оның шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.

Шағымда көрсетілетін қызметті алушы өз тегі мен аты-жөні (бар болса), пошталық адрес көрсете отырып, қол қояды.

Көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.



  1. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.kyzmet.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің мәртебесі жөніндегі ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

14. Көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-34-06, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

«Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадрлық резервiне қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша


Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне
іріктеуге қатысу туралы
өтініш

      Мен, _________________________________, ЖСН _______________


(тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) толығымен)

мені «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне


_____________________________________ іріктеуге қатысуға жіберуіңізді (бірінші санаттың бірінші немесе екінші тобы не екінші санаты көрсетіледі)
сұраймын.

Мен:


«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және «А» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстық іріктеу өткізу қағидаларымен танысқанымды, олармен келісетінімді және оларды орындауға міндеттенетінімді;

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарымен танысқанымды;

менің мемлекеттік қызметке тұруыма кедергі келтіретін, сондай-ақ «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үміткер ретінде маған кір келтіретін мәліметтер мен фактілердің жоқ екенін;

өзім ұсынған құжаттар мен мәліметтердің шынайы болып табылатынын, ал құжаттарда дәйекті ақпараттардың қамтылғанын;

менің мемлекеттік қызметке тұруыма кедергі келтіретін және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үміткер ретінде маған кір келтіретін мәліметтер мен фактілердің анықталуы мені «А» корпусының кадр резервіне іріктеуден оның кез келген кезеңінде шеттетуге, кадр резервінен шығаруға және мемлекеттік қызметті тоқтатуыма негіз болып табылатынын ұғынатынымды;

өзімнің көрінеу жалған ақпаратты ұсынған фактілерінің анықталуы мені «А» корпусының кадр резервіне іріктеуден оның кез келген кезеңінде шеттетуге, кадр резервінен шығаруға және мемлекеттік қызметті тоқтатуыма негіз болып табылатынын ұғынатынымды;

өзімнің жекелеген дербес деректерімнің (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), тұрғылықты жерім, қазіргі жұмыс орным, атқаратын лауазымым, «А» корпусының лауазымдар тобы және санаты) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің интернет-ресурсында және мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланатынымен келісетінімді мәлімдеймін.

Қоса беріліп отырған құжаттар:

1. _____________________________________________________________

2. _____________________________________________________________

3. _____________________________________________________________

4. _____________________________________________________________

5. _____________________________________________________________

6. _____________________________________________________________

7. _____________________________________________________________

Байланыс деректері:

Қаланың коды, телефон __________________________________________

Ұялы телефон __________________________________________________

Тұрғылықты жерінің мекенжайы (почталық мекенжайы):____________________________________________________

Тіркелген жерінің мекенжайы (тіркелуі): ____________________________

Электрондық мекенжайы:

________________________________________

_______________________________________________________________
            (қолы)           (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

«Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадрлық резервiне қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша
Нысан

                     «А» КОРПУСЫНЫҢ КАДР РЕЗЕРВІНЕ


                     КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

                          ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК


                КАНДИДАТА В КАДРОВЫЙ РЕЗЕРВ КОРПУСА «А»

_____________________________________________
               т.а.ә./ ф.и.о.

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3,5х4,5)

_____________________________________________
       лауазымы/должность, санаты/категория
           (болған жағдайда/при наличии)




ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения




2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)




3.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения




4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы/
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание




5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками




6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары/
Государственные награды, почетные звания




7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені/
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин




8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі/Вид взыскания, дата и основания его наложения




9.

Соңғы үш жылдағы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер үшін)/
Дата и результаты оценки за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (для административных государственных служащих)





ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/
должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения













_________________________________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата




_______________
күні/дата




Тексерілді/
Проверено _______________________________
                 қолы/подпись

_________________
күні/дата

мөрдін орны
место печати

     _______________________________________________________________
                         Персоналды басқару қызыметінің
                 (кадр қызметкерінің тегі, аты, акесінің аты
                        Фамилия, имя, отчество сотрудника
                службы управления персоналом (кадровой службы)

жүктеу 111,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау