Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы



жүктеу 278 Kb.
бет1/3
Дата11.02.2020
өлшемі278 Kb.
#28723
түріКодекс
  1   2   3

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) «Ұйымдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік қызмет стандарты;

2) «Технологияларды, техникалық құрылғыларды және материалдарды қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

3) «Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты;

4) «Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет стандарты;

5) «Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылатын отандық және импорт өндірісінің өрт техникасы мен өрт сөндіру құралдарына қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

6) «Шығарылатын өнімге ұйымдардың стандарттары жобаларын мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарымен келісу» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрі К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2012 жылғы

« »

№ қаулысымен



бекітілген

«Ұйымдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік қызметтің стандарты

1. Жалпы ережелері
1. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетімен (бұдан әрі – Комитет) Астана қ., Орынбор көшесі, 8 үй, Министрліктер үйі, № 11 кіре беріс, 7-қабат, 730-бөлме мекен-жайы бойынша көрсетіледі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет 2002 жылғы 3 сәуірдегі «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-13 бабы негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – ТЖМ) www.emer.kz интернет-ресурсында орналастырылған немесе 8(7172) 74-22-08 және 8 (7172) 74-22-68 телефон нөмірлері арқылы ұсынылады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына қағаз түрінде аттестат (бұдан әрі - аттестат) беру, немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы негізделген жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы).

7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушымен осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей ұсынылады;

2) осы стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте тұрудың шекті уақыты отыз минутты құрайды;

3) құжаттарды алу кезінде кезекте тұрудың шекті уақыты – он бес минут.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Комитеттің жұмыс уақыты: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі ас үзілісімен күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі. Сондай-ақ тұтынушылардың ыңғайлығы үшін рұқсат беру бюросында хаттарды қабылдауға арналған жәшік орнатылған. Хаттар күн сайын сағат 18.00-де алынады.

Комитетте мемлекеттік қызмет кезек тәртібінде, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз көрсетіледі.

10. Мемлекеттік қызмет ғимаратта көрсетіледі. Бөлменің кестесі: ғимаратқа кіру жеке кірісі бар, рұқсат беру бюросы беретін бір реттік рұқсат қағазы бойынша жүзеге асырылады. Бір реттік рұқсат қағазы тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғаның телефонмен тапсырысы бойынша рәсімделеді. Ғимаратта құқық тәртібін қолдау үшін тәулік бойы күзет бекеті, өрт автоматикасы жүйесі және басқа да қауіпсіздік шаралары бар. Кіреберіске кіру жолы физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы Комитетке өнеркәсіп саласын және жүзеге асырылатын қызметтің түрін көрсете отырып, ұйым жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесімен, ұйымның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесімен, ұйымның өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындымен қоса өтініш ұсынады.

Ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды келесіні қамту қажет:

сараптамалық қорытындының атауы;

кіріспе бөлім, ол сараптама жүргізу негіздемесін, сараптамалық ұйым туралы мәліметтерді, өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына аттестаттың болуы және мамандар туралы мәліметті қамтиды;

сараптамалық қорытындының әрекеті таралатын сараптама объектілерінің тізімі;

ұйым туралы мәліметтер;

сараптама мақсаты;

сараптама объектісіне байланысты сараптама кезінде қарастырылған құжаттар (жобалы, құрылымдық, пайдаланылатын, жөндеу, өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы), технологиялар, техникалық құрылғылар және материалдар туралы мәліметтер, сәйкестендіруге қажетті шифры, нөмірі немесе өзге ерекшелігі бар материалдардың көлемін көрсете отырып;

сараптама объектісіне қысқаша сипаттама және белгіленуі;

жүргізілген сараптама нәтижелері;

техникалық шешімдері мен шаралары бойынша ұсыныстарымен, негізделген қорытындысымен қорытынды бөлім;

сараптама кезінде пайдаланылған нормативтік құқықтық, техникалық және әдістемелік ұсынымдар тізімін, сынама актілерін қамтитын қосымша;

сараптама объектісін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келтіру бойынша келісілген және бекітілген ұйымдастырушылық-техникалық шаралар.

Ұйымдардың авариялық-құтқару жұмыстар жүргізу құқығына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды қосымша келесіні қамту қажет:

сараптама жүргізілетін салада авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізудегі құқықтық қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық база туралы мәліметтер;

аталған салада авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша әдістемелік материалдар, қызмет ішіндегі қарым-қатынасты реттейтін ішкі құжаттар, олардың Қазақситан Республикасы заңнамасына сәйкестігі туралы мәліметтер;

техникалық жабдықтау және оның аталған сала үшін қажеттілік нормаларына сәйкестігі туралы мәліметтер;

авариялық-құтқару жұмыстарын орындауға оқытылған және рұқсат етілген персонал туралы мәліметтер;

аталған салада авариялық-құтқару жұмыстарын жүргіу үшін штаттық құрылымы және оның жеткіліктілігі туралы мәлімаеттер;

Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, авариялық-құтқару қызметтерінің персоналын даярлау, біліктілігін көтермелеу және аттестаттауды ұйымдастыру, оны өздігінен жұмыс жасауға жіберу туралы мәліметтер.

Ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мамандарды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін көтермелеу құқығына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды қосымша келесіні қамту қажет:

нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік техникалық құжаттардың, оқыту-әдістемелік материалдардың, оқу құралдарының қорының болуы және құрамы, олардың сарапталынып отырған оқу түрлері үшін жеткіліктілігі туралы мәліметтер;

әрбір оқу түрі, мамандығы бойынша оқу жұмыс жоспарлары, олардың оқу бағдарламаларына сәйкестігі туралы мәліметтер;

оқыту сапасын бақылауды ұйымдастыру туралы мәліметтер;

материалдық база туралы мәліметтер: оқыту сыныптары (аудиториялар), олардың техникалық жабдықталуы, оның оқу үрдісін жүргізуге жеткіліктілігі, оқытылатындардың өндірістік іс-тәжірбесі үшін базаның болуы;

оқу ұйымының штатына кіретін оқытушылардың және/немесе оқытылатын пәнге сәйкес жоғары білімі бар мамандардың кәсіптілігі туралы мәліметтер. Олармен оқытылатын пәндер бойынша оқытуға келісім шарттардың болуы.

Сараптамалық қорытындыға сараптамалық ұйымның басшысы қол қояды, тігілген беттердің санын көрсете отырып, сараптама ұйымының мөрімен бекітіледі.

12. Өтініш еркін нысанда жазылады. Бланкілерді толтыру қарастырылмаған.

13. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттарды осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекен-жай бойынша пошта арқылы жіберіледі немесе Комитеттің Кеңсесіне тапсырылады.

14. Құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, мемлекеттік қызметті алу күні көрсетіле отырып, құжатты қабылдау туралы талон беріледі.

15. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі мемлекеттік қызметті алушыға немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға жеке өзі келгенде біреледі.

16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздемесі осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың ұсынылмауы, сондай-ақ ұйымның өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуі болып табылады.

3. Жұмыс қағидаттары
17. Комитеттің мемлекеттік қызметті алушыға қатысты қызметі адамның конституциялық құқығы мен бостандығын сақтауға, қызметтік парызын өтеу кезінде заңдылықты сақтауға, сыпайылық, көрсетілетін қызмет туралы толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету ұстанымдарына негізделеді.

4. Жұмыс нәтижелері


18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Комитет жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі
20. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді және шағым дайындауға көмекті осы Стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Комитет кеңсесінің қызметкері жүзеге асырады.

21. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда шағым Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 22 үй мекенжайы бойынша 8 (7172) 60-21-33 телефоны арқылы Министрліктің басшылығына жіберіледі. Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

22. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым Комитет төрағасының атына осы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген Комитеттің жұмыс кестесіне сәйкес осы Стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.

23. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда мемлекеттік қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

24. Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолма-қол жұмыс күндері осы Стандарттың 1 және 21-тармақтарында көрсетілген мекенжайлар бойынша Комитет пен Министрліктің кеңселері арқылы қабылданады.

Шағым құзыретіне шағымда қойылған мәселелерді шешу кіретін лауазымды адамға жолданады.

Шағымда мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты ( жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда), пошталық мекенжайы, шағымды беру күні және шағымды берген мемлекеттік қызметті алушының қолы көрсетіледі.

Шағым беру кезінде әрекетіне әрекеті немесе әрекетсіздігі шағымданатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, аты-жөні, жүгіну себептері мен талаптары көрсетіледі.

25. Қабылданған шағым осы Стандарттың 1 және 21-тармақтарында көрсетілген мекенжайлар бойынша Комитет пен Министрліктің кеңселерінде тіркеледі. Шағымды берген мемлекеттік қызметті алушыға күні мен уақытын, шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын, сондай-ақ шағымды қабылдаған лауазымды адамның аты-жөнін көрсете отырып, талон немесе шағымның көшірмесін беру шағымды қабылдағанның дәлелі болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиісті ұйымдардың кеңселерінің лауазымды адамдарынан алуға болады.

Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қару тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

26. Өзге де пайдалы ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 11 кіреберіс, 729-кабинет, тел. 8 (7172) 74-22-69.

«Ұйымдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар

жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік қызмет стандартына 1 қосымша

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті


                                  ТАЛОН
Кіріс № ____________________ құжатты қабылдау туралы
Құжатты қабылдаған:
________________________________________________
      (Кеңсе маманының аты-жөні)
________________________________________________
                (қолы)
«____» ____________ 20__ жыл
Байланыс телефондары: _______________

«Ұйымдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар

жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік қызмет стандартына 2 қосымша

Кесте. Сапа мен тиімділік көрсеткішінің мәні




Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі)

100


90





2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90

85




3. Қол жетімділік

3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90

87




3.2. Ақпаратқа электронды қол жеткізуге болатын қызметтер % -ы (үлесі)










4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

80

70




5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90

78




Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2012 жылғы

« »


№ қаулысымен

бекітілген

«Технологияларды, техникалық құрылғыларды және

материалдарды қолдануға рұқсат беру»

мемлекеттік қызметтің стандарты

1. Жалпы ережелері


1. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетімен (бұдан әрі – Комитет) Астана қ., Орынбор көшесі, 8 үй, Министрліктер үйі, № 11 кіре беріс, 7-ші қабат, 730-шы бөлме мекен-жайы бойынша көрсетіледі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет 2002 жылғы 3 сәуірдегі «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-10 бабы негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – ТЖМ) www.emer.kz интернет-ресурсында орналастырылған немесе 8(7172) 74-22-08 және 8 (7172) 74-22-68 телефон нөмірлері арқылы ұсынылады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны қағаз жеткізгіште технологияларды, техникалық құрылғыларды және материалдарды қолдануға рұқсат беру (бұдан әрі - рұқсат) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы негізделген жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы).

7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушымен осы стандарттың 11-ші тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған күннен бастап он бес жұмыс күні мерзімінде ұсынылады;

2) осы стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте тұрудың шекті уақыты отыз минутты құрайды;

3) Құжаттарды алу кезінде кезекте тұрудың шекті уақыты – он бес минут.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Комитеттің жұмыс уақыты: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі ас үзілісімен күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі. Сондай-ақ тұтынушылардың ыңғайлығы үшін рұқсат беру бюросында хаттарды қабылдауға арналған жәшік орнатылған. Хаттар күн сайын сағат 18.00-де алынады.

Комитетте мемлекеттік қызмет кезек тәртібінде, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз көрсетіледі.

10. Мемлекеттік қызмет ғимаратта көрсетіледі. Бөлменің кестесі: ғимаратқа кіру жеке кірісі бар, рұқсат беру бюросы беретін бір реттік рұқсат қағазы бойынша жүзеге асырылады. Бір реттік рұқсат қағазы тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғаның телефонмен тапсырысы бойынша рәсімделеді. Ғимаратта құқық тәртібін қолдау үшін тәулік бойы күзет бекеті, өрт автоматикасы жүйесі және басқа да қауіпсіздік шаралары бар. Кіреберіске кіру жолы физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы Комитетке технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындыны қоса бере отырып, технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды тағайындау және оларды қолдану саласы туралы қысқа ақпараты бар өтінішті беру қажет.

Технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды келесіні қамту қажет:

сараптамалық қорытындының атауы;

кіріспе бөлім, ол сараптама жүргізу негіздемесін, сараптамалық ұйым туралы мәліметтерді, өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына аттестаттың болуы және мамандар туралы мәліметті қамтиды;

сараптамалық қорытындының әрекеті таралатын сараптама объектілерінің тізімі;

ұйым туралы мәліметтер;

сараптама мақсаты;

сараптама объектісіне байланысты сараптама кезінде қарастырылған құжаттар (жобалы, құрылымдық, пайдаланылатын, жөндеу, өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы), технологиялар, техникалық құрылғылар және материалдар туралы мәліметтер, сәйкестендіруге қажетті шифры, нөмірі немесе өзге ерекшелігі бар материалдардың көлемін көрсете отырып;

сараптама объектісіне қысқаша сипаттама және белгіленуі;

жүргізілген сараптама нәтижелері;

техникалық шешімдері мен шаралары бойынша ұсыныстарымен, негізделген қорытындысымен қорытынды бөлім;

сараптама кезінде пайдаланылған нормативтік құқықтық, техникалық және әдістемелік ұсынымдар тізімін, сынама актілерін қамтитын қосымша;

сараптама объектісін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келтіру бойынша келісілген және бекітілген ұйымдастырушылық-техникалық шаралар;

зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың өндірістік персоналға, халыққа, қоршаған ортаға әсер ету мүмкіндігі, олардың пайдалану кезіндегі, авария, инциденттер кезінде зақымдау әсерінің деңгейі туралы мәлімет;

сараптама нәтижесінде алынған мәліметтердің Қазақстан Республикасында әрекет ететін нормаларға сәйкестігі туралы мәліметтер.

Технологиялардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды қосымша келесіні қамту қажет:

осы технология бойынша технологиялық үрдісті жүзеге асыру кезінде пайда болатын зиянды қауіпті өндірістік фактордар, олардың шекті мәні туралы мәліметтер;

зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың шекті мәндерінің Қазақстан Республикасында әрекет ететін нормативтік көрсеткіштерге сәйкестігі туралы мәліметтер;

зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың көрсеткіштерін рұқсат етілген деңгейге дейін жеткізуді қамтамасыз ететін техникалық шаралар, олардың сенімділік деңгейі туралы мәліметтер.

Техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды қосымша келесіні қамту қажет:

техникалық құрылғының жұмысы кезінде пайда болатын барлық зиянды және қауіпті факторлардың шекті көрсеткіштері туралы мәліметтер;

зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың көрсеткіштерін рұқсат етілген деңгейге дейін жеткізуді қамтамасыз ететін құрылымдық шешімдер, олардың сенімділік деңгейі туралы мәліметтер.

Материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды қосымша келесіні қамту қажет:

осы материалды қолдану кезінде пайда болатын зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың шекті көрсеткіштері туралы мәліметтер;

зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың көрсеткіштерін рұқсат етілген деңгейге дейін жеткізуді қамтамасыз ететін техникалық шешімдер, олардың сенімділік деңгейі туралы мәліметтер.

Сараптамалық қорытындыға сараптамалық ұйымның басшысы қол қояды, тігілген беттердің санын көрсете отырып, сараптама ұйымының мөрімен бекітіледі.

12. Өтініш еркін нысанда жазылады. Бланкілерді толтыру қарастырылмаған.

13. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттарды осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекен-жай бойынша пошта арқылы жіберіледі немесе Комитеттің Кеңсесіне тапсырылады.

14. Құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, мемлекеттік қызметті алу күні көрсетіле отырып, құжатты қабылдау туралы талон беріледі.

15. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі мемлекеттік қызметті алушыға немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға жеке өзі келгенде біреледі.

16. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздемесі осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық құрамының ұсынылмауы немесе дұрыс емес рәсімдеу болып табылады.

3. Жұмыс қағидаттары


17. Комитеттің мемлекеттік қызметті алушыларға қатысты қызметі адамның конституциялық құқығы мен бостандығын сақтауға, қызметтік парызын өтеу кезінде заңдылықты сақтауға, сыпайылық, көрсетілетін қызмет туралы толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету ұстанымдарына негізделеді.

4. Жұмыс нәтижелері


18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2 қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Комитет жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен бекітіледі.


жүктеу 278 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау