Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қару тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
26. Өзге де пайдалы ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 10 кіреберіс, 747-кабинет, тел. 8 (7172) 74-22-33.
«Өрт қауіпсіздігі
саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері
|
Көрсеткіш
тің норматив
тік мәні
|
Көрсет
кіштің келесі жылғы нысана
лы мәні
|
Көрсет
кіштің есептік жылда
ғы ағымдағы мәні
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1. Уақтылылығы
|
1.1. Құжат тапсырылған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)
|
|
|
|
2. Сапасы
|
2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
3. Қол жетімділік
|
3.1. Қызмет көрсету сапасы мен оның тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтің %-ы (үлесі)
|
|
|
|
4. Шағымдану үдерісі
|
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
5. Сыпайылық
|
5.1.Персоналдың сыпайылылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылатын
отандық және импорт өндірісінің өрт техникасы мен
өрт сөндіру құралдарына қорытынды беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 10 кіреберіс, 7-қабат, № 753 кабинет мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті (бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 16 қаулысымен бекітілген «Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің 286-тармағы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – ТЖМ) www.emer.kz интернет-ресурсында орналастырылған, сондай-ақ 8(7172) 74-22-35 телефон нөмірі арқылы ұсынылады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылатын отандық және импорт өндірісінің өрт техникасы мен өрт сөндіру құралдарына (бұдан әрі – өрт-техникалық өнім) қағаз тасығышта берілетін қорытынды немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті алушы осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – күнтізбелік он бес күн;
2) мемлекет қызметті алу үшін қажетті құжаттарды қабылдағанға дейін күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты – жиырма минут;
3) өтініш иесі жүгінген күні орнында көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең көп рұқсат берілген уақыты – жиырма минут.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Комитеттің жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Комитетте мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
10. Мемлекеттік қызмет Комитеттің ғимаратында көрсетіледі. Үй-жай режимі: ғимаратқа кіру жеке кіреберісі бар рұқсат беру бюросында берілетін бір реттік рұқсаттама арқылы жүзеге асырылады. Бір реттік рұқсаттама құжаттарды қабылдайтын лауазымды адамның телефон өтінімі арқылы ресімделеді. Ғимаратта құқық тәртібін қолдау үшін тәулік бойы күзет бекеті, өрт автоматикасы жүйесі және басқа да қауіпсіздік шаралары бар. Кіреберіске кіру жолы физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушылар Комитетке мынадай құжаттарды ұсынады:
1) заңды тұлғаның атауын, пошталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсете отырып, өрт-техникалық мақсаттағы өнімді қолдануға қорытынды беру туралы өтініш. Өтінішке мемлекеттік қызметті алушы қол қояды.
2) Қазақстан Республикасының аумағында қолдану үшін рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес жүргізілген өрт-техникалық өнімнің зертханалық сынақтары нәтижелерінің (хаттамаларының) түпнұсқалары немесе түпнұсқалардың нотариалды куәландырылған көшірмелері.
12. Өтініш еркін нысанда жазылады. Бланкілер толтыру көзделмеген.
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар осы Стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Комитет кеңсесіне тапсырылады немесе пошта арқылы жіберіледі.
14. Құжаттарды тапсырғаннан кейін мемлекеттік қызметі алушыға немесе сенімхат бойынша мемлекеттік қызметті алушының өкіліне мыналар:
1) қабылдаған күні;
2) өтінішті қабылдаған адамның телефон нөмірі;
3) өтінішті қабылдаған адамның қолы;
4) мемлекеттік қызметті ұсыну күні қойылған өтініштің көшірмесі беріледі.
15. Қорытынды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап өтініште көрсетілген мекенжайға пошта арқылы жіберіледі немесе мемлекеттік қызметті алушыға (мемлекеттік қызметті алушының өкіліне) осы Стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Комитеттің кеңсесінде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткеннен кейін (мемлекеттік қызметті алушының өкілі мемлекеттік қызметті алушы қол қойған, Комитетте тиісті құжаттарды алу құқығына сенімхаттың түпнұсқасын көрсетеді) беріледі.
16. Осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тиісінше ресімдемеу және олардың толық пакетін ұсынбау мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Комитеттің қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышты орындауда заңдылықты, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің ар-намыс кодексін сақтауға негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Осы мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Министрліктің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді және шағым дайындауға көмекті осы Стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Комитет кеңсесінің қызметкері жүзеге асырады.
21. ӨҚҚК қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) осы стандартқа 1-21. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда шағым Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 22 үй мекенжайы бойынша 8 (7172) 60-21-33 телефоны арқылы Министрліктің басшылығына жіберіледі. Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
22. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым Комитет төрағасының атына осы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген Комитеттің жұмыс кестесіне сәйкес осы Стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
23. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда мемлекеттік қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
24. Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолма-қол жұмыс күндері осы Стандарттың 1 және 21-тармақтарында көрсетілген мекенжайлар бойынша Комитет пен Министрліктің кеңселері арқылы қабылданады.
Шағым құзыретіне шағымда қойылған мәселелерді шешу кіретін лауазымды адамға жолданады.
Шағымда мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты ( жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда), пошталық мекенжайы, шағымды беру күні және шағымды берген мемлекеттік қызметті алушының қолы көрсетіледі.
Шағым беру кезінде әрекетіне әрекеті немесе әрекетсіздігі шағымданатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, аты-жөні, жүгіну себептері мен талаптары көрсетіледі.
25. Қабылданған шағым осы Стандарттың 1 және 21-тармақтарында көрсетілген мекенжайлар бойынша Комитет пен Министрліктің кеңселерінде тіркеледі. Шағымды берген мемлекеттік қызметті алушыға күні мен уақытын, шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын, сондай-ақ шағымды қабылдаған лауазымды адамның аты-жөнін көрсете отырып, талон немесе шағымның көшірмесін беру шағымды қабылдағанның дәлелі болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиісті ұйымдардың кеңселерінің лауазымды адамдарынан алуға болады.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қару тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
26. Өзге де пайдалы ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 10 кіреберіс, 749-кабинет, тел. 8 (7172) 74-22-35.
«Қазақстан Республикасының
аумағында іске асырылатын отандық
және импорт өндірісінің өрт техникасы мен
өрт сөндіру құралдарына қорытынды беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері
|
Көрсеткіш
тің норматив
тік мәні
|
Көрсет
кіштің келесі жылғы нысана
лы мәні
|
Көрсет
кіштің есептік жылда
ғы ағымдағы мәні
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1. Уақтылылығы
|
1.1. Құжат тапсырылған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)
|
|
|
|
2. Сапасы
|
2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
3. Қол жетімділік
|
3.1. Қызмет көрсету сапасы мен оның тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтің %-ы (үлесі)
|
|
|
|
4. Шағымдану үдерісі
|
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
5. Сыпайылық
|
5.1.Персоналдың сыпайылылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
«Шығарылатын өнімге ұйымдардың стандарттары жобаларын мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарымен келісу»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 10 кіреберіс, 7-қабат, № 753 кабинет мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті (бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінің 468-тармағы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – ТЖМ) www.emer.kz интернет-ресурсында орналастырылған, сондай-ақ 8(7172) 74-22-35 телефон нөмірі арқылы ұсынылады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі шығарылатын өнімге ұйым стандартының жобасына қол қою немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – күнтізбелік он бес күн;
2) мемлекет қызметті алу үшін қажетті құжаттарды қабылдағанға дейін күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты – жиырма минут;
3) өтініш иесі жүгінген күні орнында көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең көп рұқсат берілген уақыты – жиырма минут.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Комитеттің жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
10. Мемлекеттік қызмет Комитеттің ғимаратында көрсетіледі. Үй-жай режимі: ғимаратқа кіру жеке кіреберісі бар рұқсат беру бюросында берілетін бір реттік рұқсаттама арқылы жүзеге асырылады. Бір реттік рұқсаттама құжаттарды қабылдайтын лауазымды адамның телефон өтінімі арқылы ресімделеді. Ғимаратта құқық тәртібін қолдау үшін тәулік бойы күзет бекеті, өрт автоматикасы жүйесі және басқа да қауіпсіздік шаралары бар. Кіреберіске кіру жолы физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушылар Комитетке мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жеке немесе заңды тұлғаның атауын, пошталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсете отырып, шығарылатын өнімге ұйымдардың стандарттары жобаларын келісу туралы қысқаша ақпараты бар өтініш. Өтінішке мемлекеттік қызметті алушы немесе ұйым стандартын әзірлеуші қол қояды;
2) шығарылатын өнімге ұйымдардың стандарттарының жобалары мемлекеттік және орыс тілдерінде кемінде 4 данадан;
3) ұйымдардың стандарттарының жобаларында келтірілген, шығарылатын өнімнің өрт қауіптілігі көрсеткіштерін растайтын, Қазақстан Республикасының және Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің аккредиттелген сынақ зертханаларында аккредиттелген сынақ орталықтарында (зертханаларында) (орталықтарында) орындалған зертханалық сынақтар нәтижелерінің (хаттамаларының, актілерінің, қорытындыларының) түпнұсқалары немесе түпнұсқалардың нотариалды куәландырылған көшірмелері.
12. Өтініш еркін нысанда жазылады. Бланкілер толтыру көзделмеген.
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар осы Стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Комитеттің кеңсесіне тапсырылады немесе пошта арқылы жіберіледі.
14. Құжаттарды тапсырғаннан кейін мемлекеттік қызметі алушыға немесе сенімхат бойынша мемлекеттік қызметті алушының өкіліне мыналар:
1) қабылдаған күні;
2) өтінішті қабылдаған адамның телефон нөмірі;
3) өтінішті қабылдаған адамның қолы;
4) мемлекеттік қызметті ұсыну күні қойылған өтініштің көшірмесі беріледі.
15. Келісілген ұйым стандарты жобаларымен бірге келісу хаты немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап өтініште көрсетілген мекенжайға пошта арқылы жіберіледі немесе мемлекеттік қызметті алушыға (мемлекеттік қызметті алушының өкіліне) осы Стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Комитеттің кеңсесінде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткеннен кейін (мемлекеттік қызметті алушының өкілі мемлекеттік қызметті алушы қол қойған, Комитетте тиісті құжаттарды алу құқығына сенімхаттың түпнұсқасын көрсетеді) беріледі.
16. Мемлекеттік қызметті алушының осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетін ұсынбауы мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Комитеттің қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышты орындауда заңдылықты, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің ар-намыс кодексін сақтауға негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Осы мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Министрліктің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді және шағым дайындауға көмекті осы Стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Комитет кеңсесінің қызметкері жүзеге асырады.
21. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда шағым Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 22 үй мекенжайы бойынша 8 (7172) 60-21-33 телефоны арқылы Министрліктің басшылығына жіберіледі. Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
22. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым Комитет төрағасының атына осы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген Комитеттің жұмыс кестесіне сәйкес осы Стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
23. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда мемлекеттік қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
24. Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолма-қол жұмыс күндері осы Стандарттың 1 және 21-тармақтарында көрсетілген мекенжайлар бойынша Комитет пен Министрліктің кеңселері арқылы қабылданады.
Шағым құзыретіне шағымда қойылған мәселелерді шешу кіретін лауазымды адамға жолданады.
Шағымда мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты ( жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда), пошталық мекенжайы, шағымды беру күні және шағымды берген мемлекеттік қызметті алушының қолы көрсетіледі.
Шағым беру кезінде әрекетіне әрекеті немесе әрекетсіздігі шағымданатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, аты-жөні, жүгіну себептері мен талаптары көрсетіледі.
25. Қабылданған шағым осы Стандарттың 1 және 21-тармақтарында көрсетілген мекенжайлар бойынша Комитет пен Министрліктің кеңселерінде тіркеледі. Шағымды берген мемлекеттік қызметті алушыға күні мен уақытын, шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын, сондай-ақ шағымды қабылдаған лауазымды адамның аты-жөнін көрсете отырып, талон немесе шағымның көшірмесін беру шағымды қабылдағанның дәлелі болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиісті ұйымдардың кеңселерінің лауазымды адамдарынан алуға болады.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қару тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
26. Өзге де пайдалы ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 10 кіреберіс, 749-кабинет, тел. 8 (7172) 74-22-35.
«Шығарылатын өнімге
ұйымдардың стандарттары жобаларын мемлекеттік өртке қарсы қызмет
органдарымен келісу» мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Кесте. Сапа мен тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері
|
Көрсеткіштің нормативтік мәні
|
Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні
|
Көрсет-
кіштің есептік жылдағы ағымдағы мәні
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1. Уақтылылығы
|
1.1. Құжат тапсырылған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)
|
|
|
|
2. Сапасы
|
2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
3. Қол жетімділік
|
3.1. Қызмет көрсету сапасы мен оның тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтің %-ы (үлесі)
|
|
|
|
4. Шағымдану үдерісі
|
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
5. Сыпайылық
|
5.1.Персоналдың сыпайылылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |