Сабақ мақсаты: Металл өткізгіштердегі электр тогын және оның кедергісінің температураға тәуелділігін сипаттау. Ой қозғау



жүктеу 0,53 Mb.
Дата09.01.2022
өлшемі0,53 Mb.
#31851
түріСабақ
5 қмж

Сабақтың тақырыбы:

Металдардағы электр кедергісінің температураға тәуелділігі, асқын өткізгіштік


Сабақ мақсаты:

Металл өткізгіштердегі электр тогын және оның кедергісінің температураға тәуелділігін сипаттау.


Ой қозғау. Төмендегі суретке қараймыз, не байқадық ?

  • Ой қозғау. Төмендегі суретке қараймыз, не байқадық ?

Демонстрация


Тәжірибенің қорытындысы: Амперметрдің көрсеткіші өзгереді және спираль қызған сайын амперметр тізбектегі токтың азайғанын көрсетеді. Демек, қызғанда темір сымның кедергісі артады.

Кейбір таза металдардың кедергісі көп артады, ал қорытпаларда кедергі аз артады. Температура жоғарлағанда кедергісі өзгермейтін арнайы қорытпалар да бар. Оларға константан мен манганин жатады. Оларды эталондарды, реостаттар мен басқа да аспаптарды дайындауға пайдаланады.



Проблемалық сұрақ:

Қыздырғанда кедергінің өсу себебі не болуы мүмкін?

Өткізгіштің температурасы артқанда, кристалдық тордың түйінділеріндегі иондар тербелісі күшейеді. Нәтижесінде, электрондар иондармен жиірек соқтығысады. Бұл олардың өткізгіштегі бағытталған қозғалысына кедергі жасайды, сондықтан кедергі артып, ток кемиді.

Өткізгіш кедергісінің температураға тәуелділігі былай анықталады:

бұдан

.

Асқын өткізгіштік.


Асқын өткізгіштік деп таза металдардың және бірқатар қоспалардың кедергісінің абсолют нөлге жақын температураларда кенет нөлге дейін төмендеу құбылысын айтады.

Асқын өткізгіштің үлкен практикалық мәні бар. Асқын өткізгіштік күйінде тұйықталған өткізгіштегі ток күші кедергінің болмауы салдарынан шексіз ұзақ уақыт бойы сақталады. 1925 жылы мыс сақинамен жасалған тәжірибеде, тіпті 2,5 жыл өтсе де, сақинадағы ток күшінің ешқандай кемімегені байқалған.

Қазіргі таңда Күннің магнит өрісінен он мың есе күшті магнит өрісін беретін өте қуатты асқын өткізгішті электр - магниттер жасалған.

Электрқыздырғыш құралдар, қыздыру шамдары, қысқа тұйықталу, балқымалы сақтандырғыштар


Ең алғашқы электр шамдар, осы уақытқа дейін пайдаланылып жүрген, қыздыру шамдары болып табылады.

Олардың жарық көзі адам көзінің қабылдауына

оптималды болса да, олардың елеулі кемшілігі бар: жуық шамамен олардың 95% энергиясы жылуға айналады, ал 5% ғана жарық көзінің үлесіне қалады. Лодыгин ең бірінші болып шамға вольфрам сымын қолданды және қыздырғыш сымды спираль пішінде орауды ұсынды. Ол ең бірінші шамнан ауаны сорып алды, сөйтіп ол шамның қолдану мерзімін көп есеге арттырды. Лодыгиннің тағы

бір жаңалығы шамды инертті газға толтырып, қолдану мерзімін арттыруға бағытталды.



1876 жылы 23 - ші наурызда П. Н. Яблочков(1847 - 1894) дүние жүзінде бірінші болып электр шамын жасауға патент алды. Орыстың электротехнигі П. Н. Яблочков «Яблочков шамы» деп аталатын электр доғалы шам жасады. Мұндай шамдар 1878 жылы Париждің алаңдары мен көшелерінде орнатылды, ал кейін Москва мен Петербургте пайда болды. Яблочков шамын Европада оның замандастары «орыстың жарық көзі» деп атаса, ал Ресейде «орыстың күні» деп атады.

Қыздыру шамының құрылысы

Қысқа тұйықталу дегеніміз – тізбектің ток көзінің кедергісі өте аз өткізгішпен тұйықталуы.

Балқымалы сақтандырғыштар

Қысқа тұйықталу кезінде қауіпті жағдайлар болдырмау үшін электр тізбегін ажыратып жіберуге арналған құралдар балқымалы сақтандырғыштар деп аталады.

Сақтандырғыштардың міндеті – ток күші рұқсат етілген шамадан кенет артып кеткенде, бірден электр тізбегін ажыратып жіберу.

Түсіндіріңіз:

Қысқа тұйықталу қалай пайда болады және оның алдын алу жолдары қандай?


жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау