«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



жүктеу 92,2 Kb.
Дата07.02.2018
өлшемі92,2 Kb.
#8954



Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы

29 қаңтардағы

№ 20


бұйрығына

3-қосымша


«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



  1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы: «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау»


(бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» жедел басқару құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) www.egov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 2 (екі) ай ішінде;

2) құжаттар топтамасын портал арқылы тапсырған кезде кезекте күтуге рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуге рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және/немесе қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары


(магистратура, докторантура) бойынша білім алушылардың қатарына алу туралы бұйрықтан жазбаша түрдегі үзінді.

Портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру нысаны: электрондық/қағаз түрінде.


  1. Мемлекеттік қызмет магистратура үшін жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын игерген және докторантура үшін – «магистр» академиялық дәрежесі бар Қазақстан Республикасының азаматтарына тегін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

  2. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат
9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүргізіледі;

2) портал – тәулік бойы, техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтінген жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүргізіледі).


  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

1) көрсетілетін қызметтi беруші басшысының атына еркін нысандағы өтініш;

2) қосымшасымен бірге жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;

3) шетелдік азаматтар үшін жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

Қазақстан Республикасы азаматтар үшін жеке куәлік (сәйкестендіру үшін қажет);

4) келесі бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат көшірмесі (болған жағдайда):

TOEFL (Test of English as a Foreign language, шекті балл – IPT 677-нің кемінде 560, PBT 677-нің кемінде 560, IBT 120-ның кемінде 83);

IELTS (International English Language Testing System, шекті балл – кемінде 6.0);

Gründbaustein DaF (шекті балл – С 1);

Deutsche Sprachprüfung für den Hochschulzugang (DSH, шекті балл – С 1);

Diplome d’Etudes en Langue français (DELF, шекті балл – В 2);

Diplome Approfondi de Langue français (DALF, шекті балл – С 1);

Test de connaisances de français (TCF, шекті балл – кемінде 400);

5) кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдарға);

6) 3х4 сантиметр көлемдегi алты фотосурет;

7) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қаңтардағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 6697 болып тіркелген денсаулық жағадйы туралы анықтама (бұдан әрі – денсаулық жағдайы туралы анықтама);

8) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет санатын және өтілін көрсете отырып, жұмыс орнынан анықтама;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның басшысы не оны алмастырушы адам қол қойған жолдама;

10) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі
(бар болған жағдайда);

11) докторантураға түскен кезде болжамды отандық немесе шетелдік консультантпен келісілген болжамды диссертациялық зерттеудің негіздемесі.

Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен қоса тексеріп салыстыру үшін түпнұсқалары беріледі. Түпнұсқалары тексеріп салыстырылғаннан кейін қайтарылады.

Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы


№ 8 бұйрығымен бекітілген және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 14 ақпандағы
№ 5135 болып тіркелген Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесіне сәйкес нострификациялануы тиіс. Шет тілінде берілетін құжаттардың нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тілдерінде аудармасы болуы тиіс.

Қазақстан Республикасы азаматтардың порталға жүгінген кезде:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

2) мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерден алуға мүмкіндігін қоспағанда қосымшасымен бірге жоғары білім туралы құжаттың электрондық көшірмесі;

3) келесі бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың электрондық көшірмесі (болған жағдайда):

TOEFL (Test of English as a Foreign language, шекті балл – IPT 677-нің кемінде 560, PBT 677-нің кемінде 560, IBT 120-ның кемінде 83);

IELTS (International English Language Testing System, шекті балл –
кемінде 6.0);

Gründbaustein DaF (шекті балл – С 1);

Deutsche Sprachprüfung für den Hochschulzugang (DSH, шекті балл – С 1);

Diplome d’Etudes en Langue français (DELF, шекті балл – В 2);

Diplome Approfondi de Langue français (DALF, шекті балл – С 1);

Test de connaisances de français (TCF, шекті балл – кемінде 400);

4) мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерден алуға мүмкіндігін қоспағанда кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын электрондық құжат (еңбек өтілі бар адамдарға);

5) электрондық нысанында 3х4 сантиметр көлемдегi алты фотосурет;

6) денсаулық жағдайы туралы анықтама электрондық нысанында;

7) мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерден алуға мүмкіндігін қоспағанда көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет санатын және өтілін көрсете отырып, жұмыс орнынан электрондық анықтама;

8) мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерден алуға мүмкіндігін қоспағанда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның басшысы не оны алмастырушы адам қол қойған жолдама электрондық түрінде;

9) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі электрондық түрінде (бар болған жағдайда);

10) докторантураға түскен кезде болжамды отандық немесе шетелдік консультантпен келісілген болжамды диссертациялық зерттеудің негіздемесі электрондық түрінде.

Жеке басын куәландыратын, қосымшасымен бірге жоғары білім туралы, кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет санатын және өтілін көрсете отырып, жұмыс орнынан анықтама, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның басшысы не оны алмастырушы адам қол қойған жолдама құжаттарын көрсетілетін қызметті алушы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электронды үкімет» шлюзі арқылы алады.

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының
4) тармақшасында көрсетілген құжат ұсынылмаған жағдайда, шет тілі бойынша қабылдау емтихандары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
19 қаңтардағы № 109 қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдануды растау күні мен уақыты, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген қызмет берушімен берілген талон болып табылады.

Порталда электронды өтінімді қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жалданады.

3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33а, телефоны: 8 (7172) 75-34-06.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымның қабылдануын растау оның шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.

Шағымда көрсетілетін қызметті алушы өз тегі мен аты-жөні (бар болса), пошталық адрес көрсете отырып, қол қояды.

Көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.


  1. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.kyzmet.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.



13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің мәртебесі жөніндегі ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

14. Көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-34-06, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
жүктеу 92,2 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау