"Б" корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі, 120008, Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, №124 үй, анықтама үшін телефондары: 8 (7242) 23-00-18, 23-02-44, факс 23-06-80, e-mail: asel.almatova@energo.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:
1. Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің Қармақшы ауданы және Байқоңыр қаласы бойынша мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы (С-О-4 санаты, 1 бірлік, индекс №06-1). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 123 257 теңгеден 166 564 теңгеге дейін (экологиялық коэфициентті есепке алмағанда).
Негізгі функционалдық міндеттері: Бөлімнің қызметіне басшылық ету және ұйымдастыру; құзыреті шегінде белгіленген тәртіпте бекітілген жоспарлар, кестелер, ұсыныстар және басқа құжаттар негізінде табиғат пайдаланушылармен экологиялық заңнамалардың сақталуына тексерістерді жүзеге асыру; құзыреті шегінде тексеріс нәтижесі бойынша актілер жасау, орын алған бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама шығару; құзыреті шегінде әкімшілік істерді қозғау және қарау; шығындарды есептеу және экономикалық бағасын ұсыну; кінәлі тұлғаларды әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы материалдарды тиісті органдарға жолдау; қоршаған ортаның жағдайына әсер тигізетін табиғатты қорғау және өзге объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі жұмыс және мемлекеттік комиссиялардың жұмысына қатысу; мемлекеттік экологиялық бақылау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік-әдістемелік құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу; құзыреті шегінде белгіленген тәртіпте бекітілген жоспарлар мен кестелердің және басқа да заңды негіздерде Комитеттің аумақтық органдарын тексеруді ұйымдастыру және оларға қатысу; белгіленген тәртіпте Департамент мүддесін сотта, сондай-ақ басқа ұйымдарда ұсыну, соның ішінде қажетті құжаттардың дайындалуын қамтамасыз ету; Комитет басшылығының тапсырмалары мен бақылаудағы тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалуын ұйымдастыру; департамент құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; құзыреті шегінде басқа да қызметтерді жүзеге асыру.
Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Құқық (құқықтану немесе халықаралық құқық немесе құқық қорғау қызметі), жаратылыстану ғылымдары (экология), қоршаған ортаны инженерлік қорғау (инженер-эколог), техникалық ғылымдар және технологиялар (геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау немесе тау-кен ісі) мамандықтары бойынша жоғары білім.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, В-4, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, В-4, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;
4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары;
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, Қазақстан Республикасының Жер кодексі, Қазақстан Республикасының Су кодексі, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі және нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу талаптары;
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Ішкі конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының (бұдан әрі-Қағида) 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттар ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Қызылорда облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 120008, Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, №124 ғимаратта қабылданады.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн конкурс комиссиясы ішкі конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды жүзеге асырады.
Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарайды.
Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін екі жұмыс күн ішінде олардың тиiстi «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi мен конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.
Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.
Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Кандидаттардың кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау кезiнде конкурс комиссиясы бiлiктiлiк талаптарына және тиiстi бос лауазымның лауазымдық нұсқаулығына сүйенедi.
Үміткерлермен әңгімелесу «Қызылорда облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 120008, Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, №124 ғимаратында өтеді.
Әңгімелесу өткiзілгеннен кейiн екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізілетін қорытынды отырыста конкурс комиссиясы кандидаттарды берген құжаттары, өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады.
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағиданың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Қағиданың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
«Қызылорда облысы бойынша экология департаменті»
республикалық мемлекеттік мекемесінің конкурстық комиссиясы
Достарыңызбен бөлісу: |