Ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру



жүктеу 65,8 Kb.
Дата29.05.2018
өлшемі65,8 Kb.
#18183
түріКонкурс

Мемлекеттік әкімшілік бос лауазымға орналасуға Шемонаиха ауданы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру
«Шемонаиха ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 071800, ШҚО Шемонаиха қ., Советский көшесі, 59, 217 кабинет, анықтама телефоны: 8 (72332) 3-31-64, e-mail: b.segizbaeva@akimvko.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Шемонаиха ауданы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:
«Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кенті әкімінің аппараты» ММ кенттік инфрақұрылым бөлімінің басшысы, Е-G-2 санаты - 1 бірлік, еңбек еткен жылдарына байланысты лауазымдық еңбекақысы 92 443 теңгеден 124 923 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарының басқару құжаттарының, барлық деңгейдегі әкімдердің шешімдері, өкімдері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау. Аудандық ішкі саясат бөлімімен (жастар жұмысын ұйымдастыру, ақпараттық-насихат топтары, жастар бағдарламасын жүзеге асыру, патриоттық тәрбие беру, үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық ұйымдармен, діни конфессиялармен жұмыс, әлеуметтік сауалнама жүргізу), аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімімен жұмыс. Жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін жоспарлау, шығын жоспарын даярлау және бекіту. Коммуналдық меншікке берілген нысандар бойынша жұмыс жүргізу. Коммуналдық тұрғын үй шаруашылығы, коммуналдық меншік сұрақтарымен жұмыс (мемлекеттік тұрғын үй қорының есептілігі бойынша жұмыс, қоғамдық көлік қозғалысының мәселелері, жолаушылар тасымалдау транспорттық құралдарының бекітілген қозғалыс кестесінің сақталуын бақылау, жолдардың техниклық жағдайын зерттеу жұмыстарына қатысу, нысандардың қыс жағдайындағы жұмысқа дайындығы). Кенттің көрнекі безендіру жұмыстарын ұйымдастыру, тіл саясатын жүзеге асыру. Санитарлық тазалық және абаттандыру бойынша жұмыстарды бақылау (орындауды қадағалау, санитарлық тазалық айлығы, көгалдандыру, абаттандыру, «таза бейсенбі» өткізу, жинақ ақпараттарын дайындау). Ұйымдастырылмаған сауданың алдын алу және тағайындалмаған орындарда сатуды жою бойынша тексеріс рейдтерін өткізуді ұйымдастыру. Тұрғындардың есебі, жер ресурстары, құс және мал басына қатысты мәселелерде жетекшілік жасау. Үй шаруашылықтарын және шаруа қожалықтарын электрондық - шаруашылықты есепке алуды жүргізуге басшылық жасау. Кешірім жасалғандармен жұмыс. Күштік құрылымдармен (прокуратура, сот, АІІБ) хат алмасу. Жемқорлыққа және қылмыстылыққа қарсы күрес жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыру. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, оралмандармен, шағын және орта бизнес кәсіпорындарымен, кәсіпкерлермен жұмыс (даму, әлеуметтік серіктестік, меморандумдар). Кент тұрғындарымен ақпараттық сипаттағы анықтамалар бойынша, мүлікті бағалау басқармасымен, нотариустармен, әділет басқармасымен, аудандық ішкі істер бөлімінің көші-қон полиция бөлімімен, және т.б жұмыс. Азаматтардың жергілікті қоғамдастығының жиналыстарын ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.



Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші сержанттар құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Шемонаиха ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не b.segizbaeva@akimvko.gov.kz электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондықүкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар мемлекеттік органның және уәкілетті органның Интернет-ресурсында конкурс өткізілетіні туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептелетін 3 жұмыс күн ішінде ШҚО, Шемонаиха қ., Советский к., 59, №217 кабинетке ұсынылуы қажет.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Шемонаиха ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.



Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Егер конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссия шешімімен келіспеген жағдайда олар Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне 5 жұмыс күн ішінде шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешіміне шағымды келесі мекен-жайға жолдауға болады: ШҚО, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік (Независимости) даңғылы, 4.

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының негізінде өткізіледі.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының2-қосымшасы

Нысан
__________________________


(мемлекеттік орган)

Өтініш
     

Мені___________________________________________________________


____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуконкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттікәкімшілік лауазымынаорналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, оларменкелісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:


____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

     


Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________
________                         ____________________________________
  (қолы)                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
жүктеу 65,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау