Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасы Астана 2015 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ»



жүктеу 3,63 Mb.
бет11/16
Дата14.11.2017
өлшемі3,63 Mb.
#422
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үйі

Баланың өзі мен өзінің жағдайы туралы ұғымдарын кеңейту. Өзін-өзі танудағы іс-әрекетін мадақтау.

Баланың туысқандық қарым-қатынастарға баулу.

Балалардың отбасы бейнеленген суреттерді қарау, отбасы мүшелерін, олардың іс-әрекеті мен өзара қарым-қатынастарын атай білу дағдыларын қалыптастыру.

Заттық әлем

Балаларды заттық әлеммен және олармен өзара әрекет түрлерімен танысуға баулу. Таяу маңдағы қоршаған заттарды ажырату және атын атау білігін жетілдіру.

Балалардың:

- таныс емес заттардың қолданылуы;

- қоршаған заттардың, олар құрылған материалдардың, құрылымдардың арасындағы өзара байланыстар;

- ұлттық киімдердің, олардың әшекейлерінің жасалуы;

- жеңіл көлік пен жүк көлігінің әр түрлері;

- жүгі мен сипатына байланысты машина құрылысы;

- машина кузовын әр түрлі жүктерді тасымалдау үшін бейімдеу;

- ересектердің құрылыстағы еңбегі;

- құрылысшы мамандығы туралы, құрылыстағы көліктердің түрлері туралы білімдерін қалыптастыру.

Адамдарға олардың еңбегі үшін алғыс білдіру және еңбек нәтижелеріне сыйластықпен қарау сезіміне тәрбиелеу.

Әр түрлі мамандық адамдары туралы ұғымдарын кеңейту.

Балабақша қызметкерлерінің еңбегі туралы және ересектердің еңбегі мен еңбек әрекеттері туралы білімдерін жетілдіру.

Адамның тұрғын-жайы (үй, киіз үй) туралы білімдерін жетілдіру.

Балабақша, мектеп, ересектердің жұмысы туралы ұғымдарын жетілдіру.

Қалалар мен қалашықтардың атаулары, олардың ерекшеліктері, қала мен ауыл өмірінің ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту.

Армия, өз отанымызды қорғау туралы білімдерін қалыптастыру. Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы туралы білімдерін, астана көріністері бейнеленген фотосуреттер мен альбомдарды пайдаланып қалыптастыру.

Балаларды мемлекеттік мерекелерге қатысуға баулу. Мемлекеттік рәміздер (ту, елтаңба, әнұран) туралы білімдерін қалыптастыру. Өз елінің рәміздеріне сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.

Көліктің алуан түрлері, жол бөліктері (өту бөлігі мен жүргінші жолы) туралы білімдерін қалыптастыру.

Бағдаршам белгісі, көшедегі жүріс-тұрыс ережелері, өту кезіндегі ережелер туралы білімдерін қалыптастыру.


Күтілетін нәтижелер:

- заттарды үлгісі мен аталған саны бойынша санайды, заттарды қайта санайды, санды реті мен қорытынды саны бойынша атайды, «Барлығы қанша?» сұрағына жауап береді; заттардың екі тобын салыстырады, теңдікті екі тәсілмен анықтайды;

- 3, 4, 5-ке дейін реті бойынша заттарды қайта санау, реттік сан есімдерді атайды, «Нешінші?», «Реті бойынша қайсысы?» сұрақтарына жауап береді;

- беске дейін сандарды біледі және атайды;

- тәулік бөліктерін ажырату және атау;

- геометриялық пішіндерді таниды және атайды;

- берілген бағытты бағдарлай алады;

- құрылыс бөлшектерін ажыратып, атайды;

- құрылыс материалдары бөлшектерін конструктивтік қасиеттерін ескере отырып пайдаланады;

- тік бұрышты бетшені жартысынан бүктеу;

- өлі табиғат нысандарын атап, ажыратады;

- бірқатар табиғат құбылыстарын; табиғат пен ауа райындағы мерзімдік өзгерістерді атайды, ажыратады;

- ағаштардың, бұтақтардың, шөптесін өсімдіктердің, гүлдердің, жидектердің, саңырауқұлақтардың, жемістер мен көкөністердің, үй және жабайы өсімдіктердің 3-4 түрін атайды және ажыратады;

- жануарлар мен өсімдіктерге күтім жасаудың қарапайым дағдыларын игереді;

- отбасы мүшелерін, олардың әрекеттері мен өзара қарым-қатынастарын атайды;

- бір заттың көптүрлілігіне бағдарлана отырып, заттар мен нысандарды олардың қолданылуы бойынша бөле біледі;

- ересектердің еңбегі, олардың еңбек әрекеттері туралы біледі;

- өзінің Республикасы, өз елінің мемлекеттік рәміздері туралы біледі;

- түрлі көлік түрлерін, жол бөліктерін және көшеден дұрыс өтуді біледі.
ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Жиынтық


Балалардың жиынтық сапасы бойынша әр түрлі заттардан тұратындығы туралы ұғымдарын жетілдіру.

Осы заттардың сыңарларын қою негізінде салыстырып, теңдігін немесе теңсіздігін анықтау іскерліне жаттықтыруды жалғастыру.

Сан және есептеу

Балаларды 5 ке дейін санауға үйрету, заттарды үлгісі бойынша және аталған саны бойынша санауға, сандарды тәртібі бойынша атауға және қорытынды санды атауға, «Барлығы қанша?» сұрағына жауап беруге үйрету. Теңдік және теңсіздік туралы ұғымдарды беру, заттардың екі тобын салыстыруды үйретуді жалғастыру.

Теңдікті кем топқа үстемелей отырып немесе артық топтан бір затты алып тастай отырып, екі тәсілмен орнатуға, «Қанша еді?», «Қаншасы қалды?» сұрақтарына жауап беруге үйрету. Ойын жағдайындағы және тұрмыстағы әр түрлі заттардың тепе-тең санын анықтау, топтарды салыстыру негізінде сандық мәндерді дұрыс талдап қорыта білуді дамыту. Мәселен үстелді жабдықтау кезінде, «мына жерде төрт ыдыс, төрт қасық, төрт табақша, барлық заттар төртеуден, тепе-тең». Заттардың саны олардың құрамы, олардың арасындағы арақашықтыққа жән олардың орналасу пішіндері туралы ұғымдарды бекіту.

Беске дейінгі сандар туралы ұғымдарын, оларды атай білуін бекіту.

Беске дейін тура және кері санап жаттығу.

Әр түрлі сезім мүшелерінің көмегімен санау дағдысын дамыту (көру, есту, иіс сезу).

Көлем

Беске дейінгі заттарды шамасы, ұзындығы, биіктігі, ені, жуандығы бойынша салыстыруын бекіту. Көбею және азаю тәсілдерін пайдалану, заттардың сөздермен орналасу тәртібін белгілеуге үйрету.



Екі белгісі бойынша заттарды салыстыру дағдысын қалыптастыруды жалғастыру. Арнайы ұйымдастырылған жағдайда ұзынырақ (қысқарақ), жоғары (төмен), кең (тар), жуан (жіңішке) заттарды табу білігін дамыту. Мектепке дейінгі балалардың көз өлшемін дамыту.

Екі затты үшінші – шартты өлшем көмегімен салыстыруға жаттықтыру.

Геометриялық пішіндер

Шеңбер, шаршы және төртбұрыш, үшбұрыш сияқты геометриялық пішіндерді ажырату және дұрыс атауын бекіту.

Геометриялық пішіндерді сипау және көру жолымен қарастыру.

Геометриялық пішіндер әр түрлі өлшемде және әр түрлі түсте болатындығы туралы ұғымдарды қалыптастыру.

Геометриялық денелер, текше, шар, цилиндр жөніндегі білімдерін бекіту, оларды ажырату және атауды үйрету.

Заттарды геометриялық фигуралардың пішінімен ара қатынасын белгілеу, мәселен, доп – шар, бокал-цилиндр және т.б.

Кеңістікті бағдарлау

Алға, артқа, сол жақтан, оң жақтан, жоғары, төмен бағыттарды анықтай алуын жетілдіру.

Алға, артқа, солға, оңға берілген бағыттарда қозғалуын дамыту.

Уақытты бағдарлау

Тәулік бөліктері туралы ұғымдарын кеңейтуді, оларды атау кезіндегі дұрыс жүйелілікті сақтауға үйрету

Кеше, бүгін, ертең ұғымдарымен таныстыру. Таяу күндердегі атаулардың жүйелілігін атауға үйрету: «Кеше аптаның қай күні болды?», «Бүгін қандай күн?», «Ертең қандай күн болады?», әр түрлі оқиғалар негізінде: біз кеше не істедік; бүгін не істейміз, ертең не істейміз. Нақты мысалдарда «жылдам», «баяу» ұғымдарын ашу.

Бөлімнің негізгі бағыттары бойынша бағдарламалық материалдарды ойын жағдайында және тұрмыста бекіту.
Құрастыру

Құрылыс материалынан құрастыру

Ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан ғимарат құрастыра білуін жетілдіру.

Құрылыстың негізгі бөліктерін ажырату және оларды шамасы мен пішіні бойынша айқындау, оларды кеңістікте орналастыру дағдыларын қалыптастыру.

Құрылысты өзгерту, оларды қайта құрастыру, бір бөлшекті екіншісімен алмастыру шеберлігін дамыту.

Ұжымдық құрастыру шеберлігін қалыптастыру.

Балалардың:

- құрылыс бөлшектерін ажырату және атау, олардың құрылымдық қасиеттерін ескере отырып, пайдалану;

- жеке және ұжымдық іс-әрекет дағдыларын бекіту, құрылысты жалпы оймен біріктіру;

- құрдастар арасында міндеттемелерді бөлісу;

- қағаздан орамдар, жиектер, кесектер жасау;

- бөлшектерді өзара желімдеу, композиция құрастыру;

- әр түрлі «пластик» типіндегі үлгілер жасау;

- дамыту, қағаздан «оригами» (кораблик) типі бойынша қарапайым пішіндер жасау дағдыларын бекіту.

Табиғи және қалдық материалдардан құрастыру

Балаларды табиғи материалдардан (қорапшалар, жайғыштар) зат даярлауға үйрету. Бөліктерді біріктіру үшін желімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру. Шығармашылық елестетуді дамыту, көрнекілікке сүйене отырып зат жасау.

Конструктор бөліктерінен құрастыру

Конструктормен ойын үшін ғимарат құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Бөлшектерді бекіту тәсілдері мен ғимарат жасау туралы білімдерін жетілдіру.


Экология негіздері

Өлі табиғат заттары мен құбылыстары

Өлі табиғат нысандары туралы балалардың білімдерін бекіту.

Табиғаттағы маусымдық өзгерістер

Көктемгі, қысқы табиғатты бақылау, олардың қарапайым өзгерістерін бақылау дағдыларын дамыту.

Балалардың назарын көктемдегі адамдар әрекетіне аудару дағдысын қалыптастыру.

Табиғаттағы, табиғат күнтізбесіндегі маусымдық өзгерістерді бақылау нәтижелері туралы дағдыларын жетілдіру.

Өсімдік әлемі

Балабақша аумағы мен таяу маңдағы өсімдіктер туралы білімдерін, оларды ажырату және атауын бекітуді жалғастыру.

Ағаштар мен бұталардың үш-төрт түрін, атау және ажырату дағдыларын бекіту.

Ағаштар мен гүлдердің бөліктерін атау дағдыларын бекіту.

Өсімдіктер, олардың жылдың көктем мезгіліндегі тіршілігі, шөптесін өсімдіктердің 3-4 түрі, жидектер, саңырауқұлақтар туралы білімдерін қалыптастыру. Ормандағы, саябақтағы, бақшадағы, баудағы, егістіктегі бірқатар өсімдіктердің өсу орындары туралы ұғымдарын қалыптастыру.

Пияз бен шөп, олардың бөлме жағдайларында өсуі туралы білімдерін қалыптастыру.

Өсімдік әлеміне мұқият және қамқор қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіру.

Жануарлар әлемі

Үй жануарлары мен жабайы жануарларды атау және ажыратуын бекіту. Балаларды жанды нысандарға және табиғат бұрышындағы өсімдіктерге күтім жасауға баулу дағдыларын жетілдіру.

Жануарлардың көктемдегі, жаздағы өмірі туралы ұғымдарын жетілдіру.

Жәндіктердің бірқатар түрлері, олардың тіршілік әрекеті туралы ұғымдарын кеңейту.

Бірқатар жорғалаушылар туралы ұғымдарын қалыптастыру, суда және жер бетінде тіршілік ететіндер туралы білімдерін бекіту.

Табиғаттағы тәртіп ережелері

Табиғаттағы тәртіп ережелерімен таныстыруды жалғастыру және балаларды тірі табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға күтім жасауға, ерікті көмек көрсетуге баулу.
Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үйі

Отбасы туралы, отбасының ересек мүшелерінің еңбегі туралы білімдерін жетілдіру. Отбасының ересек және кіші мүшелеріне сыйластықпен және қамқорлықпен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу. Отбасындағы сүйікті адамдары, отбасылық мерекелері, дәстүрлері туралы өз бетінше әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру. Балалардың отбасылық мерекелер мен салтанаттарға даярлыққа қатысу ниетін дамыту.

Ойын жағдаяттарында отбасы бөлмелерін орналастыру: жиһаз қою, ыдыстарды орналастыру, отбасылық қатынастарды және отбасындағы ересектер еңбегін сипаттайтын ойын әрекеттерін орындау.

Заттық әлем

Қоршаған заттар, олардың қасиеттері бағыты туралы ұғымдарын кеңейту.

Материалды ескере отырып заттар мен нысандарды іріктеу, топтастыру, тану білігін қалыптастыру.

Балаларды ұлттық киімді даярлаумен, тұрмыс заттары мен әшекейлерді даярлаумен ары қарай таныстыруды жалғастыру.

Ойыншықтарға, кітапқа, ыдысқа мұқият қатынас жасау дағдыларын тәрбиелеу.

Байланыс және қозғалыс құралдары

Қозғалыс ортасын ескере отырып көлік құралдарын тану және атау дағдыларын қалыптастыру. Әр түрлі көлік құралдары мен оларды басқаратын адамдар туралы білімдерін жетілдіру.

Көлікпен жұмыс істейтін адамдарға сыйластықпен қатынас жасауға тәрбиелеу.

Ересектердің еңбегі

Ересектер еңбегі туралы ұғымдарын жетілдіру. Ауыл шаруашылығындағы ересектер еңбегі туралы білімдерді қалыптастыру.

Ауылшаруашылығы жұмысшылары еңбегінің мәні (қала мен ауыл байланысы) туралы дағдыларын қалыптастыру. Балабақша қызметкерлерінің еңбегі туралы білімдерін бекіту, оған сыйластықпен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

Астық өңдеу еңбегі туралы білімдерін қалыптастыру, нанға және азық түлік өнімдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Менің отаным – Қазақстан

Қазақстан Республикасы туралы, әр түрлі ұлт өкілдері туралы ұғымдарын фотосуреттерді, халық өмірі туралы картиналарды, ұлттық сәндік өнер бойынша альбомдарды, тұрмыстық заттар мен ұлттық стильде жасалған киімдерді пайдалана отырып қалыптастыру.

Қазақстан армиясы туралы ұғымдарын байыту. Қазақстан мәдениетіне баулу. Халқымыздың музыкалық аспабы-домбыра туралы білімдерін қалыптастыру.

Жол қозғалысы ережелері

Бағдаршам белгісі, көшедегі жүріс-тұрыс ережелері, көшеден өту кезіндегі ережелер туралы дағдыларын жетілдіру.

Жаяу жүргіншілер үшін ережелер, «Жаяу жүргінші өткелі» жол белгісі туралы білімдерін қалыптастыру.

Балалардың:

- ізденгіштік эксперименттік іс-әрекеті қарапайым тәжірибелер мен сараптауларды жүргізу;

- қарапайым себептік-салдарлық байланыстарды орнату;

- заттарды белгілі жүйелілікте орналастыру, олардың сапалары мен қасиеттері туралы;

- бастаған ісін аяғына дейін жеткізу дағдыларын қалыптастыру.

Қарапайым тәжірибелерді жүргізуге қызығушылық пен назар аударуға тәрбиелеу.


Күтілетін нәтижелер:

- 5-ке дейінгі сандарды ретімен және керісінше санайды;

- заттардың екі тобын салыстырады, екі тәсілмен, яғни кем топқа үстемелей отырып немесе көлемді топтан бір затты алып тастай отырып теңдікті орнатады, «Қанша еді?», «Қанша қалды?» сұрақтарына жауап береді;

- әр түрлі шамадағы 5 затты кему және арту тәртібімен орналастыра отырып салыстырады;

- геометриялық пішіндер мен денені бағдарламаға сәйкес таниды және атайды;

- өзіне қатысты белгілі бір заттың орналасуын анықтайды және сөзбен белгілейді;

- тәулік бөлігін дұрыс жүйелілікте атайды және ажырата біледі;

- өзіне қатысты кеңістіктегі заттардың: жоғары-төмен, алдында-артында орналасуын анықтайды;

- заттарды, олардың қасиеттерін, көлік қозғалыс құралдарын, ұлттық музыкалық аспаптарды атайды;

- көшедегі, табиғаттағы қарапайым тәртіп ережелерін; әр түрлі мәселелерді іс-әрекет көмегімен шешу тәсілдерін қолданады, қарапайым себептік-салдарлық байланыстарды орнатады;

- топтағы заттар санын есептеу негізінде салыстырады, екі затты шамасы бойынша бір-бірінің үстіне қою немесе қатар қою негізінде салыстырады;

- заттарды салыстырады, есептеу негізінде қарапайым математикалық ұғымдарды қолданады, көшедегі жол қозғалысы ережелерін біледі;

- тапсырмаға сәйкес құрылысты қайта құрастырады;

- қағаз бетін көлемді пішіндерге қайта өзгертеді;

- құрылысты талдау: оның негізгі бөліктерін айқындайды, шамасы мен пішіні бойынша ажыратады, бір-біріне қатысты осы бөліктердің кеңістіктікте орналасуын анықтайды;

- жұмыс орнындағы тәртіпке қолдау көрсетеді;

- заттарды атау және ажыратады, олардың өлшемін, түсін, пішінін анықтайды, олардың қандай материалдан жасалғанын анықтайды, оларды топтастырады;

- көліктің әралуан түрлерін таниды және атайды;

- бірқатар мамандықтардың атауын, мазмұны мен мәнін біледі;

- кез-келген заттың адам еңбегімен жасалғанын біледі;

- өз елінің, туған қаласының (ауылының) атауын біледі;

- өз елінің мемлекеттік рәміздерін атау және ажыратады;

- армияның қажеттілігін біледі;

- көшеден өту ережелерін, бірқатар жол белгілерін, бағдаршам белгісін біледі;

- қарапайым зерттеуге қызығушылық пен құштарлық танытады;

- әр алуан іс-әрекеттер көмегімен түрлі мәселелерді шешеді, тәсілдерін табады, қарапайым себептік-салдарлық байланыстарды орнатады;

- өсімдіктердің өсуі үшін қажетті бірқатар жағдайларды біледі;

- үй жануарлары мен жабайы жануарлардың, қыстайтын және ұшып кететін құстардың, жәндіктердің 3-4 түрін атап, ажыратады;

- табиғи жағдайлардағы жануарлардың тіршілігі туралы түсінігі болады;

- табиғаттағы қарапайым тәртіп ережелерін біледі;

- табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың қарапайым дағдыларын игереді.
«Шығармашылық» білім беру саласы

«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны:

- сурет салу;

- мүсіндеу;

- жапсыру;

- музыка ұйымдастырылған оқу әрекеттерінде іске асырылады.

Мақсаты: эстетикалық талғамның болуын қарастыратын шығармашылық дағдыларын дамыту.

Міндеттері:

- қажетті тәсілдер мен әдістерді пайдалана отырып сурет салу, мүсіндеу, жапсыру дағдыларын жетілдіру;

- күрделі заттардың бөліктерінің орналасуын дұрыс беру және оларды көлемі бойынша салыстыру іскерліктерін қалыптастыру;

- эстетикалық талғамға тәрбиелеу, бейнелеу және музыка өнеріне қызығушылық таныту.
І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ

Сурет салу

Заттық сурет салу

Үлгі бойынша және түсті елестету бойынша, олардың өзіне тән ерекшеліктерін: пішінін, пропорциясын және заттар мен олардың бөліктерінің орналасуын ескере отырып, сурет салу дағдыларын қалыптастыру.

Бірнеше біртектес заттардың көлеміндегі айырмашылықтарды ажырата білуін дамыту.

Бейнелеу материалдары мен аспаптарының қасиеттері туралы білімдерді қалыптастыру.

Бейнелеу техникасы дағдыларын дамыту: қаламды пайдалану, сурет салғышты пайдалану, сурет салу кезінде дұрыс отыру дағдысын дамыту.

Сурет салудағы техникалық дағдыларды нығайту: суреттерді бояу, қаламмен тек қана бір бағытта – жоғарыдан төмен қарай немесе сол жақтан оң жаққа қарай, контур шегінен шығармай бояу қажет.

Мазмұнды сурет салу

Күзгі жапырақтары бар ағаштың, үйдің, ағаштағы алманың суреттерін бақылау негізінде суретін салу дағдыларын қалыптастыру.

Балаларды заттардың бейнелерін, жануарлар пішінін, табиғат құбылыстарын, таныс ертегілердің оқиғаларын тұжырымдауға үйрету. Негізгі түрлері мен олардың реңктері туралы білімдерін жетілдіру, оларды қағаз бетінде салу тәсілдері туралы білімдерін жетілдіру.

Қағаз бетінде заттарды орналастыру дағдыларын қалыптастыру. Заттар мен нысандардың көлемін ескере отырып сурет салу дағдыларын қалыптастыру.

Қоршаған шынайы әлем құбылыстары мен заттарын, үлгі бойынша ертегі кейіпкерлерін бейнелеу және заттардың олардың бөліктері мен түстерінің орналасуын, пішінін, пропорциясын ескере отырып ұсыну тәсілдерін пайдалану дағдыларын жетілдіру.

Сәндік сурет салу

Геометриялық пішіндерден тұратын және жолақтағы өсімдік өрнектері мен халықтық өнер сарыны бойынша салу дағдыларын қалыптастыру. Ою-өрнектер мен пішіндерді бірінен кейін бірін салатын бірізділік дағдыларын жетілдіру.

Екі түрлі элемент кезектесіп, элементтері ырғақты қайталанған, симметриялылығы, элементтердің бірізділігі сақталып , тура және ирек сызықты өрнек пішіндері ескеріле отырып жазықтықта орналастырылған қазақы ою-өрнек элементтерімен танысу.

Тура және ирек сызықтары үйлестіріп құрастырылған дымков таңбаларының элементтері туралы білімдерін қалыптастыру.

Сурет салудың техникалық дағдыларын нығайту: бояғыштың ұшымен сурет салу, жақпаларды ырғақты жағу, штрихтарды пішіні бойынша түсіру, қылқаламмен тұтастай кең сызықтарды жүргізу, ал жіңішке сызықтарды, нүктелерді қылқаламның теріс жағымен немесе түктің ұшымен жүргізу.

Қазақ ою-өрнектеріне тән ашық түстерді, атап айтқанда таңқурай түсін, жасыл, қара, ақ, сұр, қызыл түстерді пайдалану дағдыларын қалыптастыру.

Ойы бойынша сурет салу
Мүсіндеу

Заттық мүсіндеу

-әр түрлі пішіндегі және көлемдегі таныс заттарды үлгісі мен елестетуі бойынша ол заттың өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру;

-екі бөліктен тұратын заттарды мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру, саусақ пен алақан қозғалыстарын пайдалана отырып пропорцияларды сақтау;

-адам пішінін мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру;

-мүсіндеудің әр түрлі тәсілдерін пайдалана отырып ермексаз кесектерінен мүсіндеу және бейнелер жасау;

-заттарды толық пішіні алынғанға дейін немесе жайылған пішінінің жиектері иілгенге дейін сығымдау.

Алақан арасында тура және домалақтау қозғалыстармен домалақтарды жаза отырып, бөліктерді біріктіру біліктіліктерін жетілдіру.

Мазмұнды мүсіндеу

Балалардың көлемді пішіндер мен қарапайым композицияларды мүсіндеуге қызығушылығын тәрбиелеу.

Сәндік мүсіндеу

Балаларды тұрмыстық заттар мен бейнелі ойыншықтарды мүсіндеп жасауға баулу.

Халықтық ойыншықтарды мазмұны бойынша үлгілер құру туралы білімдерін қалыптастыру. Балаларды халық шеберлері еңбегімен таныстыру, саздан жасалған халықтық бұйымдардың түрлері бойынша ыдыстарды мүсіндеп жасауға үйрету.
Жапсыру

Заттық жапсыру

-қайшыны пайдалану дағдыларын: жолақтарды тікбұрыштарға кесу; шаршыларды үшбұрыштарға келтіру; дөңгелек және сопақша пішінді қию, шаршы мен үшбұрыштағы бұрыштарды кесу дағдыларын қалыптастыру;

-элементтерді орналастыру және желімдеу дағдыларын қалыптастыру, алдымен қағаз бетінде заттардың бейнесін құрастырып, одан кейін оларды ересектердің көмегімен желімдейді. Желімді мұқият жағып қол сүлгіні қолдану іскерлігін дамыту.

Мазмұнды жапсыру

Барынша күрделі заттарды, жануарлар пішінін бейнелеу, заттарды қағаз бетінде орналастыру дағдыларын қалыптастыру. Композицияны құрастыру кезінде заттар мен нысандардың шамасы бойынша арақатынасын ескеру.

Дөңгелектерді және сопақша пішіндерді қию дағдыларын жетілдіру. Тар жолақтарды көлденеңінен қию, шаршыдағы бұрыштарды қию білігін бекіту.

Сәндік жапсыру

Геометриялық пішіндерден ою-өрнектерді және жолақтағы өсімдік өрнектерін халықтық өнер түрлері бойынша бірізділігін ескере отырып құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерімен кілемдегі жапсырумен таныстыру.
Күтілетін нәтижелер:

- үлгі және елестету бойынша заттарды, гүлдерді, көкөністерді, жемістерді, ойыншықтарды, кейбір жануарлар мен адамның пішіндерін бейнелейді;

- гуашпен, акварельмен, түрлі-түсті қарындаштармен жұмыс істейді;

- дөңгелекке, сопаққа, шаршыға, тікбұрышқа, жолаққа оюлар салады;

- қылқаламның басымен сурет сала алады, тұтас қылқаламмен және қылдың басымен немесе қылқаламның артқы ұшымен дақтар, пішіні бойынша сызықтар салады;

- пропорцияны сақтап, екі бөліктен тұратын заттарды мүсіндей біледі;

- мүсіндеудің әртүрлі тәсілдерін қолдану;

- саздан жасалға халықтық бұйымдар бойынша ыдысты мүсіндейді;

- тікбұрыштың диагоналы бойынша жолақтар кеседі, шаршыларды үшбұрыштарға кеседі, дөңғелек және сопақ пішінді ою, шаршы мен үшбұрыштың бұрыштарын кеседі;

- заттардың көлемі мен олардың бірізділігін ескере отырып, композициялар жасайды.


ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Сурет салу

Заттық сурет салу

Заттардың бейнелерін үлгісі бойынша және елестетуі бойынша олардың өзіне тән ерекшеліктерін, пішінін, пропорциясы мен заттардың бөліктерінің орналасуын, түсін ескере отырып бейнелеу дағдыларын жетілдіру.

Жануарлардың барынша күрделі пішіндері мен заттарды бейнелеу шеберлігін бекіту. Жануарларды бейнелеу кезінде, күрделі заттарды бейнелеу кезінде суретте дене бөліктерінің орналасуын бере білу дағдыларын қалыптастыру, бұл кезде симметриялы бөліктерді және олардың көлемі бойынша арақатынасын ескеру.

Сурет салудың техникалық дағдыларын нығайту.

Суретте ашық түстерді пайдалану.

Мазмұнды сурет салу

Мазмұнды композиция салу, заттарды қағаз бетіне тұтастай орналастыру дағдыларын дамыту.

Заттарды, адам мен жануарлардың пішіндерін, қоршаған шынайы әлем құбылыстарын, ертегі оқиғаларын үлгі мен елестетуі бойынша пішінін, пропорциясын және заттардың, олардың бөліктерінің орналасуын, түсін ескере отырып бейнелеу дағдыларын жетілдіру.

Жидектердің, гүлдердің, жапырақтардың, ағаштардың суретін олардың орналасу ерекшеліктерін ескере отырып салу, жануарларды қозғалу сипатында бейнелеу суретін салу дағдыларын жетілдіру.

Сурет салудың техникалық дағдыларын бекіту.

Сәндік сурет салу

Дөңгелек және сопақша пішіндегі ою-өрнекті құрастыру, ұлттық ою-өрнектерді қазақы ою-өрнектердің элементтерін пайдалану дағдыларын жетілдіру.

Пішінін ескере отырып ою-өрнекті орналастыру, элементтер бірізділігін олардың арасындағы арақашықтықтарды сақтау, екі, үш элементерді түсі мен пішіні бойынша кезектестіру дағдыларын қалыптастыру.

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерімен – ыдыстарды безендірумен таныстыру.

Қазақ халқының ою-өрнектеріне тән таңқурай түсті, жасыл, қара, ақ, сұр, қызыл түстерді пайдалану білігін қалыптастыру.

Сурет салудың техникалық дағдыларын нығайту.

Ойы бойынша сурет салу


жүктеу 3,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау